- •Биотехнологияның анықтамасы.
- •Фитобиотехнология неге негізделеді
- •Зообиотехнология биотехнологияның дербес тармағы ретінде
- •Бт негізгі даму бағыттары
- •Вирустарды культивирлеу
- •Биотехнологиядағы вирусология
- •Биотехнологиялық өндірістегі микроорганизмдер
- •Патогенді микроағзалар деген не
- •Продуцент деген не, продуцентке қойылатын талаптар
- •Сут өнім-ң биотехнологиясы
- •Ферментация үрдісі деген не
- •Экологиялық биотехнология
- •Топырақта кездесетін микроағзаларды атаңыз
- •Биоремедиация үрдісі деген не
- •26. Мұнайдан ақуыз алу.
- •32. Наубай ашытқылары.
- •33. Бактериялар және цианобактериялар.
- •41. Балдырларды биотехнологияда қолдану.
- •44. Биотехнологиядағы қарапайымдар.
- •46. Ашытқылар, түрлері.
- •47. Пеницилдер мен аспергилдер.
- •48. Жыртқыш және паразиттік саңырауқұлақтар ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресте.
- •49. Саңырауқұлақтар қолданылатын рециклизация әдісі.
- •50)Ауыл шарушылык осимдиктеринин биотехнологиясы
- •51. Өсімдіктер биотехнология негізгі мәселесі.
- •52)Каллус дегенимиз
- •53)Осимдиктерди клондау
- •54)Мал шаруашылыгындагы бт
- •56) Жануарларды клондау
- •Фитобиотехнология неге негізделеді?
- •Зообиотехнология биотехнологияның дербес тармағы ретінде
51. Өсімдіктер биотехнология негізгі мәселесі.
Өсімдіктер биотехнология негізгі мәселесі-биопроцесін қарқындануы био-қ агенттерін және ондағы жүйелердің жағдайын көтеру, құралдарды жетілдіру өн.де аналитикалық химияда, мед.да, биологияда
52)Каллус дегенимиз
Каллюс, каллус (лат. callus - жуан тері, құс) - меристемадағы тірі жасушалардың бөліну мен өсу жолы арқылы пайда болған өсімдіктің сыртқы қабатының дөмбікшіген ұлпасы. Өсімдіктің кез келген мүшесінде өсіп шыға алады. Каллюс деп құс басқан дене мен елеуіш тәрізді түтікшелерді айтады.
53)Осимдиктерди клондау
Клондық микрокөбейту –өсімдіктерді іn vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбейту. Пайда болған клон өсімдіктер бастапқы өсімдікпен генетикалық жағынан бірдей болады. Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Оның ішінде ең маңыздыларының көбею коэффициенттері өте жоғары және өсімдіктерді вирустармен патогендік микроорганизмдерден тазарту. Клондық микрокөбейту әдістері іn vitro жағдайында қолтық бүршік мерисистемаларын өсіруге және басқа экспланттардан өсіруге негізделген.
Жасанды тұқым деп- даму кезеңдері бірдей жасанды қабықшалармен қапталған, эмбриоидтарды айтады. Қабықшалар эмбриоидтарды және ұзақ уақыт аралығында тіршлік қабілетін сақтауын қамтамасыз етеді.
Бірінші типтегі өсімдіктер тұтас өсімдікте бұрыннан бар меристемаларды (сабақтың ұшы, қолтық және бұйыққан бүршіктерін) активтендіру арқылы алынған. Меристемадан пайда болған бұл өсімдікттер генетикалық жағынан ата-аналық формаларымен бірдей, себебі меристемалар көпшілік жағдайда генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Өсімдіктің екінші типі бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуын индукциялау арқылы алынады.
Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты. Бұл әдіс қымбат және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан ол әзірше селекциялық жұмыстарда қолданылады және басқа жолдармен көбеймейтін өсімдіктерді көбейту үшін пайдаланылады. Сонымен бірге бұл әдіс лабороториялық деңгейінде екі жарым мыңдай өсімдік түрлеріне дайындалған, ал өндірістік технология ретінде біртіндеп өріс алып келеді.
Көп қолданылатын термин in vitro өсімдіктің клондық микроклондалуы. Каллусты түзетін бір өсімдіктің ре-сы арқ.іске асуы. Ол қоректік ортада цитокиндер және ауксиндер пропорционалды катынаста өзгерген болады. Біріншілік каллуссы алу үшін келген өсімдік жасушасын және ұлпасын пайдалануға болады. Қоректік ортаға көшу оты түзу ауксинді міндетті түрде цитокинді ендіреді. Клондау арқылы өсімдік жаңа сорттарын керекті және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін алуға болады
54)Мал шаруашылыгындагы бт
Мал шаруашылығы биотехнологиясын – молекулалық жəне жасушалық
биотехнология əдістерін қолданып, генотипін «түзету» арқылы қарқынды өсіп-
жетіле алатын, резистенттілігі мен өнімділік қасиеттері жоғары малдарды шығару
тəсілдерін зерттейтін ғылым деп айтуға болады.
Малдардың биотехнологиялық қорларын танып, оларды іске асыру
мақсатында мал шаруашылығында молекулалық биотехнология, жасушалық жəне
көбею биотехнологиялары пайдаланылады.
Көбею биотехнологиясы деп – малдың генетикалық потенциалдарын арттыру
мақсатында асыл тұқымды малдардан көп ұрпақтар алудың қорларын (ресурстарын)
ұтымды пайдалану əдістері айтылады.
Көбею биотехнологиясы мал шаруашылығында өз төлінен көбеюін
қамтамасыз етіп, асылдандыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Көбею биотехнологиясы əдістерін қолдана отырып біздер популяция
құрамына əсер ете аламыз.
Көбею биотехнологиясының зерттеу аясы ретінде малдардың көбею
қабілеттіліктері алынатын болса, зерттеу зерзаты ретінде:
1. Гипоталамус, гипофиз бен гонадалар арасындағы өзара əрекеттілік
нəтижесінде көбею гормондары арқылы мал ағзасында көрініс беретін гормональді
статусы.
2. Көбею мүшелерінің морфологиялық жəне физиологиялық жағдайы бола алады.
