Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

3. Көлік техникасына ағымды жөндеу жұмысын ұйымдастыру әдісін таңдау

Автомобильді ағымдық жөндеу деп күрделі жөндеуге дейінгі пайдалану кезінде орын алатын ақаулықтарды жоюды айтады. Ағымдық жөндеудің құрамына ақау алған бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды қалпына мен алдмастыру, сондай-ақ осы кезде жасалынатын қажетті бақылау-диагностикалық, монтажды-демонтаждық, реттеу және цехтық жұмыстары жатады.

Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарының құрамына автомобильдегі ақау алған механизмдер мен тораптарды жаңасына алмастыру, олардағы бұзылған бөлшектерді жөнделгеніне ауыстыру, сондай-ақ жекелеген бөлшектерді жөндеп, оларды орнатылатын жеріне келтіру жұмыстары кіреді.

Автомобильді жөндеудің бастапқы және ақырғы операцияларына бөлшектеу мен құрастыру жұмыстары жатады. Күрделі жөндеудің жалпы еңбек сыйымдылығының 11% бөлшектеу процесі құрайды. Сапалы және мұқият бөлшектеу бөлшектердің сақталуын арттырып, әрі қарай атқарылатын операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендетеді.

Ағымдық жөндеу көлеміндегі бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына моторды, алдыңғы және артқы мостыларды, беріліс қорабын, радиаторды және тіркісті алмастыру және т.б. жатады. Көптеген жұмыстар эстакадаларда, көтергіштерде, стенділерде агрегаттарды алып-салуға арналған домкарттардың және арнайы құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

Агрегаттарды құрастыру. Бөлшектер жөнделгеннен кейін сол ажыратылған стенділер мен құрылғыларға қайта келеді.

Құрастырылғаннан кейін агрегаттар диагностикалау мен обкаткалауға жіберіледі.

Агрегаттық жұмыстардың құрамына моторды, беріліс қорабын, рульдік басқаруды, жетекші және жетектегі мостыларды және басқа да автомобильден күрделі жөндеу үшін ажыратылған агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу-құрастыру, жуу, диагностикалау, реттеу және бақылау операциялары кіреді.

Кесте 2 - Базалық және негізгі бөлшектердің мысалдары

Агрегат Базалық бөлшектер Негізгі бөлшектер

Мотор мен тіркіс Цилиндрлер блогы Блок головкасы, иінді білік, маховик, бөлгіш білік, картер тіркіс

Беріліс қорабы Беріліс қорабының картері Жоғарғы қақпақ, ұзартқыш, жетекші, жетектегі және аралық біліктер

Жетекші мост Жетекші мост картері Жартылай кожухы, редуктор картері, подшипниктер стаканы, дифференциал чашка сы, доңғалақ күпшегі, тежеу барабаны немеес дискісі, алдыңғы жетекші мостының бұрылу жұдырықшасы

Автобус

кабинасы,

кузовы Кабина қаңқасы, кузов негізінің қаңқасы Тірегіш, есіктер, жүк салғыш қақпағы, еден кожухы

Элетротехникалық жұмыстар ағымдық жөндеу постыларымен қатар электротехникалық учаскелерде (цехтарда) орындалады. Цехатарда автомобильден ажыратылған ақаулықтары ТБ көлемінде жойылатын элетржабдықтарының приборларын жөндеп, сынайды.

Отын аппаратураларының цехтық жұмыстарының негізгі түрлеріне бақылау-диагностикалық, реттеу және жөндецу жұмыстары жатады.

24 Емтихан билеті

1. Автокөлік жылжымалы құрамын техникалық пайдалану және жөндеу жүйесі мен түрлері.

Автомобильдерді техникалық пайдаланудың негізгі мақсаты берілген пайдалану шарттарындағы автомобильдің жұмыс істеу қабілетін сақтауға кететін шығындарды азайту болып табылады.

Жөндеудің үш түрі қарастырылады. Олар: қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулер және күрделі  немесе толық жөндеулер.

Қалпына келтіру  жөндеулері – негізгі құралдардың ұзақ уақыт бойы қызмет істемей тұруына байланысты болатын жөндеулердің ерекше түрі.

Ағымдағы жөндеу – бұл қолдану процесс кезінде  негізгі құралдардың істен шығуына байланысты жасалатын ұсақ жөндеулер.Ұсақ жөндеулер кезінде жекелеген бөлшектер ауыстырылады, әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Күрделі немесе толық жөндеулер – бұл негізгі  құралдардың толығымен қайта жөндеуді қарастырады, оның барлық ескірген бөлшектері толығымен ауыстырылып, жөнделген қалпы бастапқы қалпына жақын болуы тиіс.

2. Автомобильді техникалық баптау сапасы

Техникалық баптау сапасы. Механизмдерді дер кезінде майлап, тексермеу және реттемеу, бекітпелерді дер кезінде тартып бырамау тозудың апаттық жағжайға дейінгі күрт тездеіне, автомобильдің тиімділік және жылдамдық сапаларының нашарлауына апарып соғады.

3. Көлік техникасы жұмысының өзіндік құнын кеміту оның сақталуымен тығыз байланысты. Соның ішінде автомобильді жылы ғимаратта сақтау. Жылы ғимараттарда орналасқан тұрақта қоймалық сипатқа ие болады, онда техникалық баптау және жөндеу жұмыстыры қарастырылмайды. Сондықтан мұндай сақтау орындарында жылыту жүйесіне, желдету мен жарықтандыруға көп талап қойылмайды, мұның өзі оның пайдалану құны мен аппараттары және қондырғылары құнын азайтып экономикалық жағынан үнемді болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]