Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Қазақстан жерінде

Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б

10. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы "Күлтегін" жазбаларында біршама жақсы жазылған. Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]