- •1Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Табылған аймақтары
- •Қазақстан жерінде
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13.Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •19.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •20.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •22.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •24. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27.Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •28.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •30.XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп,қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетініңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •34.XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •35.XVII – XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке хан – мемлекет қайраткері,реформатор,дипломат.
- •36.XVII-XVIII ғ.1-ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Бұланты шайқасы
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •44.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз
- •45.1822-1824 Жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •46. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •48. Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелерін көрсетіңіз.
- •50.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін анықтаңыз.
- •56.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •57. 1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •58. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның тарихи шешімдері.
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •61. А.Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •64.Eкініші жалпықазақ съезі.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы
- •68.1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •70.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз
- •71. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз
- •72. 1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •73. 1931-1933Жж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •74.Хх ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз.
- •75.1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •77.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жылғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •80. 1965-1985 Жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •81. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84.Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •85.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •86.Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •89.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •96.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
45.1822-1824 Жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
