Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

64.Eкініші жалпықазақ съезі.

Алашорда үкіметі.1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан ясыБөксейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының 6 облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы, жер мәселесі; земство туралы; халық ағарту ісі туралы; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; Бүкілресейлік мұсылман съезі туралы және Қазақ саяси партиясын құру туралы. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саями маңызы жағынан ұлттық автономия жер мәселесі мен құрылтай жиналысына дайындық мәселесі бірінші кезекте өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезд қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана. Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандитаттын 78 депутат деп сайлады. Олардың арасында қазақ газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық либералдық көсемдері Бөкейханов, Байтұрсынов, аймақтардан А. Ермеков, Х. Ғаппасов, Досмухамедовтар, М. Тынышбаев, М. Шоқай, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болды. Жалпы Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі Алаш қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды.Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.

65. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз..

1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3процент болды.

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм»саясатын енгізді.Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғанудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді.Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлары астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді,ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауға көбейтуге,Қызыл Армияны,жұмысшыларды азық-түлік қамтамасыз етуге,ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді. «Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда»әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру,оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды.1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария,Жетісу облыстары, жүргізді. Азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918жылы шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен т.б. өкілдер Алаш Орданың қарулы кұштерін құру жөніндегі келіссөздер жүргізді.

1918жылы тамызда Семей қаласының құрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. 1920 жылдың жазына қарай негізгі магистральда көпірлер, жол шаруашылығы, байланыс жерлері қалпына келтірілді. 1920жылдың аяғына таман республика өнеркәсібінде 162 кәсіп орын жұмыс істеді. Қазақстанды қалпына келтіру барысында 1500-ге тарта ұсақ мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындары болса, бұлардан тек қана ондаған зауыт- фабрика, кеніш, шахта, мұнай кәсіпшілігі, көміркен орындары ғана жұмыс істеді. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі өте төмен болды, шикізат пен отын жетіспеді. Азық-түлік, отын тапқыншылығы қатты байқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]