- •1Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Табылған аймақтары
- •Қазақстан жерінде
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13.Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •19.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •20.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •22.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •24. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27.Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •28.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •30.XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп,қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетініңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •34.XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •35.XVII – XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке хан – мемлекет қайраткері,реформатор,дипломат.
- •36.XVII-XVIII ғ.1-ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Бұланты шайқасы
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •44.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз
- •45.1822-1824 Жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •46. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •48. Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелерін көрсетіңіз.
- •50.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін анықтаңыз.
- •56.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •57. 1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •58. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның тарихи шешімдері.
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •61. А.Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •64.Eкініші жалпықазақ съезі.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы
- •68.1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •70.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз
- •71. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз
- •72. 1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •73. 1931-1933Жж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •74.Хх ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз.
- •75.1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •77.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жылғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •80. 1965-1985 Жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •81. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84.Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •85.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •86.Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •89.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •96.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
Әбу Насыр әл-Фараби (870— 950) — қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.)Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. еңбектері бар.Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне “Алжебрге түсініктеме”, “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын” жатқызуға болады. Арифметика саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, физика саласында “Вакуум туралы”, медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “Музыканың ұлы кітабы” еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.
Қожа Ахмет Йассауи (870 – 950 ж.) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған – жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш. Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Халық арасында Қожа Ахмет Йассауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп. Соның бірінде оның 63 жасқа келгеннен кейін, өзінің пайғамбар жасынан асып, мына жарық дүниені көруін асылық санап, жер астынан мекен жасатып, қалған ғұмырын қылуетте өткізді делінеді. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан атлып, басына ХІV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қожа Ахмет Йасауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрк дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.
Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
