Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар 21 26 дейын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.56 Кб
Скачать
  1. Менеджменттегі коммуникация түсінігі, түрлері

Ұйымның мақсатқа жетуін жеңілдету үшін басшылар атқаратын істердің барлығы ақпаратпен тиімді алмасуды қажет етеді. Егер адамдар ақпаратпен алмаса алмайтын болса, олар бірге жұмыс істей алмайтындығы, мақсаттарды тұжырымдап, оған жете алмайтындығы түсінікті. Алайда коммуникация біздің ойымызды өзге тұлғаға түсінікті ету үшін қажет өзара тәуелді қадамдардан тұратын күрделі процесс. Ақпаратпен алмасу басқару қызметінің барлық негізгі түрлеріне кіретіндіктен коммуникацияны байланыстырушы процесс деп атаймыз.

Коммуникация - бұл оның негізінде басшы тиімді шешім қабылдау үшін қажет ақпарат алатын ақпаратпен алмасу. Коммуникациялар былайша жіктеледі:

  1. сыртқы - ұйым өзінің сыртқы ортасын құраушылармен коммуникация жасау үшін түрлі құралдарды пайдаланады. Іс жүзіндегі және потенциалды тұтынушылармен олар жарнама және тауарды нарыққа жылжытудың өзге де бағдарламаларының көмегімен хабарласады. Жұртшылықпен қатынас өрісінде басты назар жергілікті, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ұйымның белгілі бейнесін, имиджін жасауға аударылады. Ұйымдар мемлекеттік реттеуге бағынып, түрлі есептіліктерді толтыруға міндетті. Бұл ұйымның сыртқы ортаның жағдайлары мен факторларына жауап қайтару тәсілдерінің кейбір мысалдары ғана.

  2. ішкі:

а) тік - ақпарат ұйымның бір деңгейінен екіншісіне ауысады:

  • төмендейтін коммуникация - мұндай жолмен ұйымның бағынышты деңгейлеріне ағымдық міндеттер, нақты мақсаттар және т.б. хабарланады;

  • жоғарылайтын коммуникация - өнімділікке біршама әсер етуі мүмкін, себебі төменгі деңгейдегілер тікелей жұмысты атқарушылар болып табылады. Сондай-ақ мұндай коммуникация жоғарыдағыларды төменгі деңгейлерде не болып жатқандығы туралы хабарландырушы қызметін де атқарады. Осындай жолмен басшылық ағымдағы немесе туындайын деп отырған мәселелер жайлы біле алады. Осылайша ақпаратпен алмасу әдетте есеп беру, ұсыныс, түсіндірме хат нысанында жүзеге асырылады.

б) көлденең - ұйым бөлімшелерінің арасында ақпарат алмасу. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттерді үйлестіру үшін қажет. Ұйым өзара байланысқан элементтердің жүйесі болғандықтан, басшылық осы элементтер бірлесе жұмыс істеп, ұйымды қажетті бағытқа жетелеуін қамтамасыз етуі тиіс. Көлденең коммуникациялардың тағы бір артықшылығы тең құқықты қатынастарды қалыптастыру болып табылады.

в) бейресми - сыбыстарды тарату арқылы.

  1. Бұқаралық коммуникацияның реттеуші функциясының рөлі

Бұқаралық коммуникация–ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық (праволық) нормаларды және тағыда сол сияқтытехникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.[1]Капиталистік қоғамда бұқаралық коммуникацияның негізгі міндеті адамдарды сол қоғамда орныққан әлеуметтік қатынастарға сай тәрбиелеу.

Бұқаралық коммуникация құралдары мұнда ең алдымен буржуазиялық ой-пікірдің стандартын мойындатуға, адамның сыншылдық қабілетін жоюға бағытталған насихат құралы, бір үлгіге келтірілген стандарты әрекеттер, мінез-құлық пен талғам жиынтықтарына көндіру құралы болып табылған.

Социализм тұсында мүлдем басқаша жағдайлар туады, өйткені мұнда қоғам алдына жеке адам мен коллектив мүдделерін үйлесімді ұштастыру мақсаты қойылады (Ұжым және жеке адам). Мұндағы бұқаралық коммуникация құралдарының негізгі міндеті жеке адамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, оның белсенді өмір позициясын қалыптастыру, дүниеге ғылыми көзқарасты тарату. Бұл аталған айырмашылықтардан келіп бұқаралық коммуникация құралдарына ғылыми талдау жасау жолдары мен әдістеріндегі айырмашылықтар шығады.

Батыс социологтері мен әлеуметтанушы психологтерінің көпшілігінің іс-қимыл мақсаты ең ал- дымен бұқаралық коммуникация құралдарының аудиторияға тигізетін әсерін зерттеу, насихаттың ықпалымен адамдар сенімінің өзгеру дәрежесін анықтау.

Социалистік қоғам жағдайларында зерттеудің негізгі міндеті аудиторияның құрамын, талап-тілектерімен мұқтаждықтар жиынтығын олардың жүзеге асуын бұқаралық коммуникация құралдарымен қанағаттандыру дәрежесін анықтау болып табылады.

Билеті № 24