Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар 21 26 дейын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.56 Кб
Скачать

Билеті № 22

  1. Іскерлік коммуникацияның коммуникативтік формасы

Қарым-қатынас  адамдардың  өзара әрекеттестік   және  өзара  қатынас жасауының  ерекше  формасы.С.И. Ожегов сөздігінде  қарым-қатынас  ұғымы   өзара  келісім,  іскерлік  және  достық  байланыс  арқылы анықталады.  Нақты  әлеуметтанулық, психологиялық,  педагогикалық  зерттеулерде қарым-қатынас   ұғымы өзара   әрекеттестік, байланыс  ұғымдарымен  жақын  мағынада  қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас  контексінде   өзара әрекеттесуді,  қатынасты  тиімді  жүзеге  асырудың  тәсілдері,  дағдылары, құралдары, адамның  қабілеті   мен  қасиеттері  жүйесінде  қарастырылады. Қазіргі  кезде   қатынас  мәселесін  философия, психология, әлеуметтану,  этика, психолингвистика — осы  сияқты, саладағы ғылымдар  әр жақты  зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева іс-әрекет  пен қарым-қатынас  өзара байланысты,  сонымен қатар өзбетті  деп тұжырымдайды, М.С. Каган қарым-қатынасты  адамның   іс-әрекетінің   бір түрі,  құрлым мен  атрибутына тән деп  қарастырады. М.В.Соковин адамның  қарым-қатынасын  коммуникативті  іс-әрекет, қатынас, өзара  түсіну  және  өзара  әсер ретінде қарастырады.

  1. Ұйымдағы коммуникациялық кедергілер және коммуникацияны жетілдіру тәсілдері

Ұйымдық коммуникация кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да, қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.

1 Ақпараттың бұрмалануы. Кәсіпорынның ішінде мәлеметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым- қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біркуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін.

2 Ақпараттың асыптасуы. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз мәліметтерді өңдеуге әуестенеді.

3 Ұйымның құрылымының қанағатсыз болуы. Басшының қойылған міндетті жоспарлау және жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді

Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болуды, ол мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару ірекетінің белсенділігі арттыруылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай ақ мәлімет алу үшін қазіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс.

Ұйымдағы коммунияны жетілдіру әдістері:

1 Ақпараттық ағымдарды реттеу. Мында қабылдап алушы жақтың басшысы келіп түскен ақпаратқа байланысты қалай шешім қабылдайтынына байланысты. Басшы сапалы ақпаратты бағалай білуі тиіс.

2 Кері байланыс жүйесін жетілдіру.Кері байланыс өте маңызды, өткені оның өзі сіздің алған хабарыңыздың нақтылығын анықтауыңыздыға мүмкіндік береді. Басшылар тараынан берілген хабарға қатысты кері байланыс болса жеке адамдар арасында мәлімет алу тиімді болады

3 Басқарушылық шаралар. Бұл тәсілде барлық іс-әрекет басшыға байланысты. Басшы ақпаратты төменне ала алады, сол бойынша өзі шешім қабылдай алады немесе сол ұйымда жұмыс атқаратын мамандарды шақырып, мәселені бірге талқылап шешім қабылдайды.Яғни бұл жерде өндірістік жұмыс нәтижесі басшының қабылдаған шешімінде.

4 Ұсыныстар жинау жүйесін қалыптастыру.

5 Казіргі кезеңгі ақпараттық технологияларды қолдану.

6 Ақпараттық бюлетендернемесе газеттер шығару.

3 жауап жок

Билеті № 23