Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vsee_bilety_25.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆

54. Жағдаяттық тапсырма: Жақын досыңыз туған күніне шақырды. Қандай сыйлық әзірлейсіз және қандай тілек айтасыз?

Сыйлыктын багасы манызды емес, магынасы манызды. Сондыктан мен оган оз1не кажетт1 сыйлыкты тартамын. Ден1не саулык, басына амандык т1лей отырып, Егеменд1 ел1м1зд1н адал азаматы, келешекте жаксы маман иес1 болуынды, онелегел1 де узак гумыр кешу1нд1 т1лейм1н.

Билет 19

55. «Уақыт – алтыннан қымбат» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Ең алдымен «уақыт» сөзіне тоқталғым келеді. Уақыт – адамға екінші рет берілмейтін баға жетпес құндылық. Сол себепті де халқымызда уақытты алтыннға теңеп жатады. Мен уақытымды барынша бос қалдырмауға тырысып бағамын. Өйткені «менің уақытым» алтыннан да қымбат. Сондықтан да аптаның әр күнін мен пайтдалы жұмыстар жасау арқыла өткіземен.Менің бос уақытым тен аптаның демалыс күндерінде ғана және де ол уақытымды басқа өткізбеу үшін мен ол уақытымды көбінесе достарым мен жануяма бөлемін.

56. «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем) Қазіргі таңда көптеген адамдар көрегенділік, ақылдылық деген адамға қажетті қасиеттерді ұмыт қалдырып бара жатқан секілді болып көренеді. Адам адаммен таныспас бұрын жүріс-тұрысына, істеген істеріне, ең алдымен киіміне назар аударады. Жаксы киінсе, "мына адам өте зиялы, ақылғөй" шығар деп ойлайды, ал үсті басына бар жоғын киген адамды, "бейшара, дымы жок, оган қоса ақылы да жок" шыгар деп ойлайды. Бірақта адамды бір көрген бойда танып білу мүмкін емес. Ақылды ма ол кісі, жоқ па? Сол адаммен сөйлесіп, сұхбаттасып болганнан кейін ғана оның қандай тұлға екенін анықтауға болады. Осы орайда менің есіме бір мақалдың келіп тұрғаны. "Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады"- деген дәл айтылған. Сөз соңында айтарым, сәнді қолдан жасауға, киімді сатып алуға болады, бірақ ақылды емес! Осыны ұмыт қалдырмайық!

57Жағдаяттық тапсырма: Сіз өз қалауыңыз бойынша жұмыс таба алмадыңыз. Сізге мұғалімдік жұмысты ұсынды. Қандай шешім қабылдайсыз?. Менің ойымша мен ондай мүмкідіктен бас тартпас едім.Өйткені,мұғалім – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

Билет 20

58. «Дені саудың - жаны сау» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.Дені саудың – жаны сау.Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек,Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес, «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек.

59. «Бәсекеге қабілетті болу – заман талабы» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Баланың ақылы, ой- сезімі мұғалімнің ерік-жігері, таусылмас мол қажыры мен сабыры, еңбекқорлығы арқасында жетіледі.Төрткүл дүниедегі кез-келген үлкенді-кішілі ұлттардың ұйытқысы болар тұлғалы азаматтарының барлығы ең алдымен ана тілін ардақтауға, ана тілін сақтауға баса назар аударған. Демек, мемлекетіміздің Ата Заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге, іс-қағаздарын жүргізуге міндетті. Тілге деген құрметті дамытуда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағын беретін мұғалімдерге түсетін жүктің салмағы ауыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру тектік қорымызды сақтаудың алғы шарты. Сондықтан бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты – зерделі, білімді, адамгершілігі мол, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін, жас ұрпақты тәрбиелеу.

60Жағдаяттық тапсырма: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар істер атқарылды. Қандай? Айтып беріңіз. Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.Он бес жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

Билет 21

61. «Замандас келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. . Жалпы адам баласының мінезі жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі-өнеге білетіндігінен. Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буыннан бастау керек. Ал жас жеткіншекті тәрбиелеу – оның келешектегі жүріп өтетін жолын тәрбиелеу. Әр азаматтың ең бірінші, аса маңызды қоғамдық қызметі, қасиетті борышы – жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру.

62. «Маған ұнайтын өнер жұлдызы» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Роза Рымбаеваның өнерде жүргеніне 35 жыл толды. Осы аралықта елімізден бөлек, көршілес Ресейдің өзінде жыл сайын есеп беру кешін өткізетін оған көпшілігі «талдырмаш болғанымен, таланты таңдай қағуға тұрарлық», «қазақтың Примадоннасы» деп баға береді. Расында, ол тек жанды дауыста концерт беріп, өзге әріптестеріне әрдайым үлгі көрсетіп келеді. Өмірде де кездескен түрлі қиындыққа қарамастан, екі ұлын өсіріп, Тасқынның ағасынан қалған қос қызды да ел қатарына қосты. Әйтсе де, ол бұның барлығын қалыпты құбылыс деп санап, бұл туралы былай деп қысқа қайырады: «менімен тағдырлас қазақ әйелдері аз емес, солардың бірі ғанамын, «қыз – қырық шырақты» деген…

Жағдаяттық тапсырма: Семестрді аяқтап, қысқы демалысқа шықтыңыз. Ата - анаңыз бен бауырларыңызға, сыныптастарыңызға студенттік өмір туралы не айтар едіңіз?

Жалпы университет туралы айтып берем.

Билет 22

64. «Сәлем – сөз анасы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Сәлем беру – адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу дегенді білдіред. Ислам дегеннің өзі сол есендік, татулық, бейбітшілікті бүтіндеуден туады. «Ассалаумағалайкум» деген сөз «Сізге есен-саулық, тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Ал «Уағалайкум ассалам» болса, «Маған тілеген есен-саулық, жақсылықты сізге де тілеймін» дегенді білдіреді. Сәлем беру – сүннет болса, алу – парыз. Сәлемдесу – батыс елдерінде көбінесе «Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш, қайырлы түн!» болып келеді. Француздар сәнді қалпақтарын көтере бас изесіп, немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік ілтипатын білдіреді. Қазақ халқы сәлемдесуге үлкен мән берген. «Әдептен құр қалмассың, Үлкенге сәлем бергенің» деп ақын Ақтан Керейұлы (ХХғ.) айтқандай, сәлем беруді мәні терең әдептілік деп санаған.. Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» деп баға берген.

65. «Біздің университет» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет[2], Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар. Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығының лауреаттары, ғылым кандидаттары, доценттер барлығы 1678 оқытушы жұмыс істейді. 2011 жылдың шілде айынан бастап ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов болып табылады. Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар. Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерт­теу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын. 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті.

66Жағдаяттық тапсырма: Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш ел екенін дәлелдеңіз. Бiзде конституция бойынша демократиялык елимиз.

Билет 23

67. «Отбасы және ұлттық дәстүрлер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. әңгімелеңіз Қазақ халқының отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері болған.  Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді баланың кішкентай кезінен іздестіре бастайды. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынған.

Сүйінші- қуанышты хабар әкелген адамға берілетін сыйлық. Өмірге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды. Сол кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.Сыбаға - қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кeзінде ауыл адамдары біp-біріне сыбаға берген. Сыбаға алған үй әкелген cыбағағa көршілерін, жақын туыcтарын шақырaды. Көбінесе отау үйдің aдамдары қаpa шаңырaққа немесе жасы үлкен адамдаpға cыбағa береді.

68. «Салауатты өмір салтын қалай қалыптастыруға болады?» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мынадай әрекеттер мен талаптарды орындау керек: - жеке және қоғамдық гигиена;- дене шынықтыру

организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;- күн тәртібін тиімді пайдалану;- дұрыс және уақтылы тамақтану;- жұкпа аурулардың алдын алу;- тән ауруларынан сақтандыру;- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;- жыныс гигиенасы;- экологиялық жағдайды ескеру.

Өз денсаулығымызға зиян келтіретін әрекеттерді жасамасақ, салауатты өмір салты, яғни жоғарыдағы қағидаларды ұстансак, деніміз, рухымыз сау болад

69. Жағдаяттық тапсырма: Туристерге Қазақстанның қай жерінде демалуға кеңес берер едіңіз? Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы өз сұлулығымен таңқалдырады. Бұл табиғи ескерткіштердің рекреациялық потенциалы өте жоғары.  Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Көл суы көптеген ауруларға ем. Шыңдары көкпен астасқан, құздары шатқалға ұласқан Iле Алатауы жоталарының қойнауы - табиғат ананың бағасы жетпес сыйлығы. Мұнда Ттамаша табиғат жаратылыстары Алма-арасан, Ақсай, Түрген шатқалдары, Маралсай орналасқан.

Билет 24

70. «ҚР – ндағы демографиялық мәселелер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. . Қазір демографиялық мәселелер біздің еліміз үшін өте маңызды. Кеңес Одағы орнаған кезде қазақ халқының демографиялық әлеуеті өте жоғары болатын. Сол кезде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болатын. Бүгінде көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды, оның 11 миллионы қазақ.

Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанға бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен.

71. «Ұзақ өмір сүру үшін не істеу керек?» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Ал әлем елдерінің арасында орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша Жапония 82,12 жаспен алдыңғы орында келеді. Мамандар өмір сүру ұзақтығының төмен болуының негізгі себептерін ерте өлім-жітімге, мүгедектікке әкеліп соқтыратын аурулардың пайда болуымен түсіндіреді. Осы орайда жыл өткен сайын түрлі аурудың «жасарып» бара жатқаны да мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені қай ауру түрі болсын адамдар өмірін қысқартуға елеулі әсерін тигізеді. Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр! 

72Жағдаяттық тапсырма: Мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты. Дәлелдеңіз. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы  буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік щеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай игілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Билет 25

73. «ҚР-нда отбасын әлеуметтік қорғау» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. 2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіміне қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетін отбасы күні енгізілді.. Еліміздегі әрбір отбасының жағдайы жақсы болса мемлекет те дамып нығаяды, халықтың әл-ауқаты артадыСонымен қатар, отбасы маңызды әлеуметтік бірлік ретінде Заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында-1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады; 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрi мiндетi; 3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi деп атап көрсетілген. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мықты қоғам құрудағы әйелдердің рөліне аса маңыз берілген.Отан - отбасынан басталады, әйел отбасының тірегі, ендеше, мемлекеттің де тірегі болып саналады

74. «Білім - асыл қазына» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем).Кітап білімнің қайнар көзі. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр.

75. Жағдаяттық тапсырма: Көрмеге келген шет елдік қонақтар киіз үй туралы білгісі келеді. Не айтар едіңіз? Киіз үй – көшпелі халықтар үшін қолайлы баспана болып табылады. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдардан бері пайдаланып келеді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің құрылысы кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді бірнеше негізгі бөліктерден тұрады. Сыртынан жабатын киізді – «туырлық» деп атайды. Туырлық ақ немесе қоңыр болуы мүмкін. Бұл киіз басылған қой терісінің түсіне байланысты. Осы сыртқы келбетіне қарай ақ үй, қоңыр үй деп атайды. Киіз үйдің бөліктері сәмбі талынан жасалады. Халық арасында сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал, деп те атайды. Киіз үйді жасайтын шеберді «үйші» дейді. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]