- •6. Жағдаяттық тапсырма: Сізге топ басшысы болу туралы ұсыныс жасалды. Не істейсіз?
- •9. Жағдаяттық тапсырма: Топ болып театрға бару туралы шешім қабылдадыңыздар. Қандай киім үлгісін таңдайсыз?
- •12. Жағдаяттық тапсырма: Студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасайсыз. Қандай киім үлгісін таңдайсыз?
- •18. Жағдаяттық тапсырма: Жастар мәселесі туралы форумға қатысасыз. Қазіргі жастардың қандай мәселесін көтерер едіңіз?
- •27.Жағдаяттық тапсырма: Еліміздегі ауру және мүгедек балаларға қол ұшын беру үшін қандай шаралар ұйымдастырар едіңіз?
- •54. Жағдаяттық тапсырма: Жақын досыңыз туған күніне шақырды. Қандай сыйлық әзірлейсіз және қандай тілек айтасыз?
27.Жағдаяттық тапсырма: Еліміздегі ауру және мүгедек балаларға қол ұшын беру үшін қандай шаралар ұйымдастырар едіңіз?
Жылдан жылға Мүгедек және де ауру балаларға арналған көптеген бағдарламалар жасалып тұрады. Мен болсам, арнайы қауымдастықты ұыйымдастырып, арнайы емхана мен оңалту орталықтарың ашып, арнайы қор ашып, шетел инвесторларды іздеп, шетел компаниялармен бірге жұмыс істер едім.
Билет 10
28. «Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Қазір демографиялық мәселелер біздің еліміз үшін өте маңызды. Кеңес Одағы орнаған кезде қазақ халқының демографиялық әлеуеті өте жоғары болатын. Сол кезде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болатын. Бүгінде көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды, оның 11 миллионы қазақ.
Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанға бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен.
29. «Менің туған жерім» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Мен Қазақстан Республиқасында тудым.Қазақстан- тәуелсіз,әр бос мемлекет! Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері өмір суреді.Менің Отанымның тарихы өте бай. Қазақстанда көп деген ғажапты әдемі жерлер бар. мысалы; Алтай,Бурабай, Жонғар Алатау, Улытау және т,б, Қазақстанда пайдалы қазбалар өте көп болып саналады, тағы да көлдер,өзендер бар. Менің Отаным бүкіл әлемде жер аумағымен тоғызыншы орынды тапқан екен. Тәуелсіздік алған куннен бастап менің Отаным жақсы дамып келе жатыр.Мен Отанымды өте қатты сүйемін
30,Жағдаяттық тапсырма: Басқа оқу орнында оқитын замандастарыңыз сіздің университетіңіз туралы білгісі келеді. Өз білім ошағыңыз туралы айтып беріңіз. Мен Л,Н Гумилев атындағы ЕҰУ-да оқимын. ол бұрында ЦИСИ деп аталды.ол 1996 жылы құрылды. Менің университетім Отанымның астанасында орналасқан. Университтетімнің құрылыс дизайны көз таңғалдырар үлгімен салынған. Зәулім-зәулім құрылыстар аспанға жетерлей. Оның сырты ғана әдемі емес, іші де көз жылытады. Университет мұғалімдері түгелдей жоғары кфалификациялы, компетентті адамдар. Мұнда көптеген Нобель сыйлығының лауреаттары дәрістер оқиды. Университет студенттері әр жерлерден жиналған. Мұнда оқып жүріп әртүрлі қазақ диалектерін байқадым. Мен өз білім ошағымды өте мақтан етемін. Мұнда оқып жүргеніме айтарықтай қуаныштымын.
Билет 11
31. «Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңізАдам – құдіреттілігіне ой жете бермейтін аса күрделі жаратылыс. Адамның амалы мен тәсілі мың сан. Ол – бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба білетін кемеңгер. Оның ішкі жан-дүниесінің рухани күші мен сыры әлі түгел ашылмаған. Мінез – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын айна-қатесіз елестетер шарайна. Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Көркем мінез деп әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Адамның санасы мен болмысына сіңген ғұмырлық құбылыс – әдептілік, ұят, намыс, маңғаздық – мінездің мәйегі, қасиеттілік тұғыры. Адам қай кезде, қай жаста, қандай қызмет атқарса да мемлекеттік міндетті, азаматтық парызды мүлтіксіз атқаруда пәрменді рухани күш. Сондықтан еліміздің болашағы жастар да әдептілікке, ұяттылыққа, намыстылыққа, маңғаздылыққа баса назар аударғаны жөн.
32. «Мен өз елімді мақтаныш етемін» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем).Менің Отаным – Қазақстан! Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Біздің ел-еркін адамдар елі.Қазақстан жері таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле алатауы,Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр . Сонымен қатар еліміздің ұлан –байтақ даласында есепсіз байлықтар бар, жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар өте көп. Қазақстан жерінде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт көп.Олар бейбіт,тату өмір сүреді. Біздің Қазақстанда әдемі,көрікті қалалар өте көп. Олар Азия мен Еуропаның қалаларынан қалмайды. Біздің еліміздің Бас қаласы- Астана қаласы. Астанада Елордамыз бар. Астанада биік, сымбатты ғимраттар бой көтерген.Мен Қазақстанда тұрып жатқаныма қуаныштымын.Қазақстанды өте жақсы көремін.Біздің ел тәуелсіз,гүлденген мемлекет! Біз бай елде тұрамыз. Мен өз елімді мақтан етемін!
33,Жағдаяттық тапсырма: Студент болғандықтан сіз бірінші рет анаңыздан алыстап, өз бетіңізше өмір сүріп жатырсыз. Анаңызға, оның аялы алақаны мен шексіз қамқорлығына деген сағынышыңызды қалай жеткізер едіңіз?
Билет 12
34. «Замандас келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Тұлға болу дегеніміз – жауапты болу деген сөз, яғни өмірде ата-ананың, Отанның алдында жауапкершілікті сезініп, өз ісіңе мұқият болу деген сөз. Ол үшін ағынмен жүзе бермей, белсенді болу қажет. Өзіңнің көздеген мақсатың, алға қойған межең болуға тиіс. Сол межені алуға күш-жігеріңді жұмылдырып, қайрат көрсетуің керек.Кәсіпқой болу деген сөз – өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік істі таңдай білу. Және оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру керек. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі.Патриот болу – өз Отаныңды шың жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей, нағыз патриот бола алмайсың.
35. «Табиғатты қорғау – басты парыз » тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. 36. Жағдаяттық тапсырма: Астананы көрмеген танысыңыз Астана келбеті туралы сұрады. Күннен күнге көркейіп жатқан Астанамызды қалай сипаттар едіңіз? Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клубмекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Қаланың назар аударарлық орындары Сулы-Жасыл бульвар — Астана орталығындағы жаңа көше. Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек — Астананың басты символы. Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат. Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы
Билет 13
37. «Уақыт - алтыннан да қымбат» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!
38. «Білімді мыңды жығар» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Қазірде көптеген нәрселер білімді қажет етеді. Осындай жерде біздің ойымызға қазақтың керемет асыл мақалы "Білімді мыңды жығар " есімізге түседі. "Білімді" сөзінің өзі - адамның ақыл-ойының жоғары деңгейде екенін білдіреді. Ертеде қазақ халқында білімді ойының, ұшқыр тілінің арқасында тұтас халықты аузына қаратқан Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би секілді ғұлама, білімді тұлғалар болған. Одан беріде Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев және т.б секілді мыңды аузына қаратпаса да, халқы үшін мыңға татитын ұлы тұлғаларды айтмақ та болады." Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар "мақалы осыдан қалған. Менің пікірім бойынша білімді болу адамға ең қажет нәрсе. Себебі жоғарыда айтып өткендей қазірде білім сапасына сұраныс жоғары. Білімді адам өз болашағын қамтамасыз ете алады.
39,Жағдаяттық тапсырма: Тобыңызда мемлекеттік грантты иеленген, бірақ айлап сабаққа келмейтін студент бар. Оған қандай кеңес берер едіңіз? Иә, біздің группада айлап сабаққа келмеитін, бірақ ЖОО грантпен түскен студенттер бар. Оларға айтар ең бірінші кеңесім "Сабақтың оның өміріндегі маңыздылығы және ата - анасының оған деген сенімі". Қазіргі біздің заманымызда жалқаулық жастар бойында басымырақ. Сол себепті сабақтан кешігу немесе сабаққа бармау - жалқаулықтың белгісі. Мысалы, біздің университетте 33 рет сабақтан қалған адам, автоматты түрде оқудан шығарылады. Бұл дегеніміз ата- ана үмітін жерге таптау, ата-ананың күн-көріс қаражатына қол сұғу. Қазіргі кезде ата- ана рөлі жастар санасында басымырақ. Ата - ана тәрбиесіне сусындап өскен жастың бойында адамгершілік мол, жалқаулықтың аз болатыны даусыз. Сондықтан ата -аналар өз балаларын жалқаулықтан жиренуге тәрбиелеу керек. Қорыта айтқанда, менің сабақтан көп қалған жастарға айтарым: "ата-ананы тыңдау, білімнің маңыздылығын ұғыну".
Билет 14
40. «Дені саудың - жаны сау» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады.
41. «Отбасы – баға жетпес құндылық» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). 7 қыркүйек - Отбасы күні. Былтыр ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісі отбасы күні мерекесі болып белгіленген болатын. Отбасы - адамзат баласының баға жетпес қасиетті құндылығы. Ұрпаққа берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні от басы, ошақ қасында қалыптасады. «Тәрбие - табалдырықтан басталады» дейді бабаларымыз. «Отбасы - кішкентай мемлекет» деп жатады үлкендер. Сондықтан да отбасы талайды қанаттандырған киелі шаңырақ.
Сол себепті де елімізде отбасы мерекесі күні белгіленуінің өзіндік маңызы бар. Еліміздің түкпір-түкпірінде отбасы құндылықтарын паш етуге арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетілуде.
42,Жағдаяттық тапсырма: Шетелде оқитын досыңыз сол жақта қалғысы келеді. Қандай кеңес берер едіңіз? Құрметті достым, шетелде аман –сау жүр, туған жерді ешқашан ұмытпа. шЕтелдік достарын көп достарын болсын, сен оларға туған елің туралы насихат жаса, елінің мақтанышы бол.
Билет 15
43. «Ауру - астан» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы тамақтану факторына тікелей байланысты. Сондай-ақ, чипсы, сағыз, чупа-чупс, шоколад сынды тәттілерді ең көп жейтіндер – балалар мен жастар. Олардың да құрамында денсаулыққа зиянды заттар баршылық. Әсіресе, балалар құмартатын «Nesquik», «Snikers», «Orbit», «Coca-cola»-ның құрамында химиялық қоспалар өте көп.
Адам тәулігіне 5 рет тамақтануы тиіс, – дейді диетолог-дәрігерлер. Әр тамақтанғанда ас мөлшері 200 грамнан аспай, яғни, адам ас ішкенде тоя жемей, тек қарынның ашқаны басылғандай мөлшерде ғана тамақтануы тиіс. Әрі кешкі сағат 6-7-ден кейін мүлде ас ішпеу керек ,Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған сүт, айран, құрт, май сияқты өнімдерді қолданып, төл сусынымыз шұбат, қымыз ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі.
44. «Туризм – табыс көзі» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Туризм – мемлекеттің жарнамасы. Ол әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленеді. Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады. Сондықтан да елімізде бұл саланы дамыту кезек күттірмес мәселелер қатарына қосылған-ды. Бұл - шартты сауал.
45 Жағдаяттық тапсырма: Сіз бай кәсіпкерсіз. Кімдерге немесе қандай саланы дамытуға қол ұшын берер едіңіз? Егер мен бай кәсіптер болсам, алдымен кедейлерге немесе жетімдерге қайырымдылық жасар едім,және де бұдан басқа жас кәсіпкерлерге бизнес жөнінде кеңес тегін берер едім. Жұмысшыларыма жақсы сыйақы беремін.
Билет 16
46. «Хакім Абай философиясы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай арнайы философиялық еңбекжазбаса да, оның адамға, дүниеге терең көзқарастары болған. «Хәкім» ұстаз, ойшыл дегенді білдіретін араб сөзі, ол Абай сияқты тұтас халыққа рухани көсем, дүниенің сырын таныған кемеңгер тұлғаларға қолданылады. Абайдың барлық өлеңдерінде оның қоғам, әлеумет жайлы ойлары қортындыланған. Ал қара сөздерінде оның поэзиясындағы ойлар тереңдей түскен. Абайдың ойынша, ондай болу үшін адам жүрек, қайрат, ақылды қатар ұстауы қажет. Жүрек - адамдарды жақсы көру, мейірлену үшін, қайрат – мақсатыңа талмай жету үшін, ақыл болса адамды, өмірді тану үшін керек Хәкім Абай үшін бүкіл дүние, жалпы жаратылыс адамшылыққа, келісімге құрылуы тиіс. Бұл қазақ ойшылының гуманизмі. Тұлғаның хәкім болуы үшін білім, ой сияқты қасиеттерімен бірге осындай үлкен адамгершілік те қажет
47. «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Айгерім де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Мадина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.
48 Жағдаяттық тапсырма: ЭКСПО – 2017 көрмесіне келетін шетелдік қонақтарға қандай кәдесыйлықтар ұсынуға болады деп ойлайсыз? ЭКспо 2017 көрмесіне шетелден клеген қонақтарға кітаптар, шапан, домбыра, сувенирлер, қамшы кәдесыйлықтарды сыйлауға болады. Қазақ халқының дәстүрі бойынша ұлттық тағамдардан аыуз тигізеді. Қонақ шақырып ұлттық ойын шарыстарды көрсетуге болады. Астананың қызықты көрінікті ғимараттарын көрсету үшін экскурсия жасауға болады.
Билет 17
49. «Күй атасы - Құрманғазы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Қазақ классикалық музыка өнеріндегі аса көрнекті тұлғалардың бірі - Құрманғазы Сағырбайұлы. Оны "Күй атасы" деп атайды. Атақты күйші бұрынғы Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде туған. Бұл аймақ күй өнері тараған орта. Құрманғазы күйшілігімен бірге қайраткер де болған. «Кішкентай» Ақжелең Балбырауын, «Қайран шешем», «Серпер, , сияқты күйлері халыққа кеңінен танымал.. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген ол Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды өзінің мирасқорларын жинайды. Құрманғазының ең белгілі, халық арасына кең тараған күйлері: "Сарыарқа" және "Адай. Алматыдағы ұлттық консерватория, музыкалық мектепте, ірі қалалардағы көшелер күй атасының есімімен аталады.
50. «Еліміздің экологиясы» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем).Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі. Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
51,Жағдаяттық тапсырма: Ата-анаңыз сізге қаржылай көмекті үнемі көрсете алмайды. Қаржы мәселесін қалай шешер едіңіз?Мен қаржы жөнінде қиындық көрсем. Алдымен ата-ананың берген ақшасын үнемдер едім, жастарға арналған жұмысқа тұрар едім,өзім түрлі қолдан әшекейлерді өзім жасап пайда табамын.
Билет 18
52. «Қазақ театр және кино өнері» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған. Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.Қазақ әндеріне келсек, Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер. Бүгінде ән өнері тақырыптық жағынан да, жанрлық жағынан да айрықша дамыды. Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады. Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері – классикалық өнердің үлгілері Қазақ киносы 20 ғасырда 30 жыл дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді.
53. «Қазақстандағы көрікті жерлер» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем)Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
