
- •6. Жағдаяттық тапсырма: Сізге топ басшысы болу туралы ұсыныс жасалды. Не істейсіз?
- •9. Жағдаяттық тапсырма: Топ болып театрға бару туралы шешім қабылдадыңыздар. Қандай киім үлгісін таңдайсыз?
- •12. Жағдаяттық тапсырма: Студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасайсыз. Қандай киім үлгісін таңдайсыз?
- •18. Жағдаяттық тапсырма: Жастар мәселесі туралы форумға қатысасыз. Қазіргі жастардың қандай мәселесін көтерер едіңіз?
- •27.Жағдаяттық тапсырма: Еліміздегі ауру және мүгедек балаларға қол ұшын беру үшін қандай шаралар ұйымдастырар едіңіз?
- •54. Жағдаяттық тапсырма: Жақын досыңыз туған күніне шақырды. Қандай сыйлық әзірлейсіз және қандай тілек айтасыз?
18. Жағдаяттық тапсырма: Жастар мәселесі туралы форумға қатысасыз. Қазіргі жастардың қандай мәселесін көтерер едіңіз?
Жастарымыздын ен басты мәселесі ол әлеуметтік мәселе.Әлуметтік мәселе дегеніміз ол :жастар бір бірімен тіріге аз сөйлеседі онын себебі ғаламтордын және жаңа технологиялардын теріс әсер еткені.Тағы бір мәселелердін бірі ол арақты ішкендері және темекіні тартуы
Билет 7
19. «ҚР-нда отбасын әлеуметтік қорғау» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. Жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда аударымының мөлшеріне қарай қосымша қорғаудың шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйесі республикада жоқ. Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоспағанда, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен
20. «Мен өз отбасымды қалай құрметтеймін?» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі.
21,Жағдаяттық тапсырма: Тәуелсіздік күніне орай кеш ұйымдастырдыңыз. Тәуелсіздіктің жетістіктері туралы ойыңызбен кешті ашыңыз. Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 21 жыл толып отыр. Қазақстан- бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.
Билет 8
22. «Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі ретінде тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Нарықтық жағдайда ипотекалық несие беру тұрғын үй саласына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, банктердің тиімді де табысты жұмыс істеуіне, құрылыс кешендерінің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тұрғын үй қаласының құнын арзандату үшін отандық құрылыс индустриясын барынша дамыту, қымбат тұратын шетелдік құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құрастырымдары мен инженерлік жабдықтарын пайдалануды азайту бағыты белгіленді. Тұрғын үйлердің негізгі сапасы – оның көріктілігі деңгейінің осы заманғы пайдаланушылардың талаптарына сай келуі. «Қолжетімді баспана-2020» жаңа бағдарламасы жылжымайтын мүлік нарығындағы баспана жетіспеушілігін төмендетуге және отандық құрылыс индустриясын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
23. «Мен үлгі тұтатын тұлға» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Мен үшін ұлы тұлға НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Елбасымыз расында да қайталанбас қасиетті ,дара тұлға. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды, қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізді, елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Нұрсұлтан Әбішұлы еуразиялық тарихи-мәдени және рухани кеңістіктегі осыған дейін ешкімнің қолы жетпеген деңгейлерден Қазақстанның өз орынын жеңіп алуына мүмкіндік әперіп,Шығыс пен Батыс жүйесінде жалпы адамзаттық құндылықтарды тереңнен пайымдауымызға жаңа күш берді. Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады. Елбасымыздың өмір жолынан үлгі ала отырып Отанымызды, халқты сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиеленеміз.
24,Жағдаяттық тапсырма: Шетелдік досыңыз Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасында бейнеленген суреттердің мағынасы туралы білгісі келеді. Қалай түсіндірер едіңіз?
Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері − Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі.. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табыладыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың, еңбектің және материалдық ырыстың белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз.
Билет 9
25«Халықтық қолөнер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. Қолөнер - біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз. Ол-бірнеше ғылымдардың дамуы-нан пайда болған өнер туындылары. Қазіргі кезде қазақ қолөнері қарқынды дамып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде. Қазіргі заманғы суретшілер мен қолөнер шеберлері тері, ағаш сүйек өңдеуде ескі технологияларды меңгеріп, қайта заңдастыруда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр.
26.«Отаншылдық – ұлы сезім» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем) Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Көптеген елдерде отаншылдық халықтың өз ұлтының тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланыстырылды. Отанға деген сүйіспеншілік қасиетін кеңейтіп, оған нәсіл мен тек, дін мен тілдің бірлігі, мәдениет пен тағдыр ортақтығы, мемлекет ортақтығы мен мақсаттар бірлігі секілді қасиеттерді қосты. Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде «қазақстандық патриотизм» үғымы қалыптаса бастады. Отаншылдық сана - халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін ,тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондьқтан елдегі тәлім-тәрбие, идеология мен ақпарат жүйесі ел тұрғындарының бойында өзін республиканың толық азаматы ретінде сезіну көңіл-күйін қалыптастыруы керек. Отаншылдық, елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады.