Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vsee_bilety_25.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.34 Кб
Скачать

Билет 1

1. «Сәлем-сөз анасы » тақырыбы туралы әңгімелеңіз.Сәлем беру – адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу дегенді білдіред. Ислам дегеннің өзі сол есендік, татулық, бейбітшілікті бүтіндеуден туады. «Ассалаумағалайкум» деген сөз «Сізге есен-саулық, тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Ал «Уағалайкум ассалам» болса, «Маған тілеген есен-саулық, жақсылықты сізге де тілеймін» дегенді білдіреді. Сәлем беру – сүннет болса, алу – парыз. Сәлемдесу – батыс елдерінде көбінесе «Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш, қайырлы түн!» болып келеді. Француздар сәнді қалпақтарын көтере бас изесіп, немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік ілтипатын білдіреді. Қазақ халқы сәлемдесуге үлкен мән берген. «Әдептен құр қалмассың, Үлкенге сәлем бергенің» деп ақын Ақтан Керейұлы (ХХғ.) айтқандай, сәлем беруді мәні терең әдептілік деп санаған.. Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» деп баға берген.

2. «Жұмыс пен баспана – тіршілік көзі» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем).Себебі жұмысы бар болса, ондай адам қаражат табады, өзін қоғамның толық бір мүшесі ретінде сезініп, күллі отбасы мүшелерін асырайды, басында баспанасы болса, тұрмыстың қалған қажеттіліктерінің бәрін бірте-бірте өзі реттеп алады. Статистика мәліметтеріне жүгінсек, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі алдыңғы жылдары 7,3 пайыз болса, өткен жылы 5,3 пайызға дейін төмендеген екен. Өткен жылы барлық облыстарда жүргізілген «Жұмыспен қамту - 2020» пилоттық бағдарламасы үш бағытта жүзеге асырылды. Жер-жерде оған бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне бақылау жасайтын комиссия құрылды. Шағын несие аламын дегендерге кәсіпкерлік жұмыстың қыр-сыры үйретіліп, арнайы семинарлар өткізілсе, өнім өндіретін және халыққа қызмет көрсететін саламен айналысатындарға шағын несие бөлу қарастырылды. Елбасы бастамасымен жүзеге асқалы отырған «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы жастарды тек үймен ғана қамтамасыз етіп қоймай, халық-тың көптеген әлеуметтік-экономикалық, рухани, мәдени, демографиялық мә-селелерін шешеді

3. Жағдаяттық тапсырма: Шетелге бару мүмкіндігі туды. Дайындықты неден бастайсыз?Шетелде бару мүмкіндік болса біріншіден мен баратын мемлекет тұралы білетын едім. Ауа райға қарап киим тандау керек. Табиғатты қарайдын болсақ спорт киимді жолжыкке салу керек. Екіншіден жолжыкке ең керекті ңәрселерді салар едім. Бара жатқанда аз заттарды салу керек ойткені қайтарда сыйлықтар әкелу керек. Ол қазақтардын дәстүрі деп айтуға болады. Кетердін алдыңда кужаттарды және ақшаны тексеру керек . сол кезде ғана шетелде қарай жылжуға болад.

Билет 2

4. «Хакім Абай философиясы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай арнайы философиялық еңбек жазбаса да, оның адамға, дүниеге терең көзқарастары болған. «Хәкім» ұстаз, ойшыл дегенді білдіретін араб сөзі, ол Абай сияқты тұтас халыққа рухани көсем, дүниенің сырын таныған кемеңгер тұлғаларға қолданылады. Абайдың барлық өлеңдерінде оның қоғам, әлеумет жайлы ойлары қортындыланған. Ал қара сөздерінде оның поэзиясындағы ойлар тереңдей түскен. Абайдың ойынша, ондай болу үшін адам жүрек, қайрат, ақылды қатар ұстауы қажет. Жүрек - адамдарды жақсы көру, мейірлену үшін, қайрат – мақсатыңа талмай жету үшін, ақыл болса адамды, өмірді тану үшін керек Хәкім Абай үшін бүкіл дүние, жалпы жаратылыс адамшылыққа, келісімге құрылуы тиіс. Бұл қазақ ойшылының гуманизмі. Тұлғаның хәкім болуы үшін білім, ой сияқты қасиеттерімен бірге осындай үлкен адамгершілік те қажет

5. «Қазақ халқының қолөнері» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем).Қолөнер - біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз. Ол-бірнеше ғылымдардың дамуы-нан пайда болған өнер туындылары. Қазіргі кезде қазақ қолөнері қарқынды дамып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде. Қазіргі заманғы суретшілер мен қолөнер шеберлері тері, ағаш сүйек өңдеуде ескі технологияларды меңгеріп, қайта заңдастыруда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр. 

6. Жағдаяттық тапсырма: Сізге топ басшысы болу туралы ұсыныс жасалды. Не істейсіз?

Билет 3

7. «Қазақ театр және кино өнері» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған. Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.Қазақ әндеріне келсек, Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер. Бүгінде ән өнері тақырыптық жағынан да, жанрлық жағынан да айрықша дамыды. Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады. Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері – классикалық өнердің үлгілері Қазақ киносы 20 ғасырда 30 жыл дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді.

8. «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем).Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді..Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады

9. Жағдаяттық тапсырма: Топ болып театрға бару туралы шешім қабылдадыңыздар. Қандай киім үлгісін таңдайсыз?

Билет 4

10. «Отбасы және ұлттық дәстүрлер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз Қазақ халқының отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері болған.  Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді баланың кішкентай кезінен іздестіре бастайды. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынған.

Сүйінші- қуанышты хабар әкелген адамға берілетін сыйлық. Өмірге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды. Сол кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.Сыбаға - қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кeзінде ауыл адамдары біp-біріне сыбаға берген. Сыбаға алған үй әкелген cыбағағa көршілерін, жақын туыcтарын шақырaды. Көбінесе отау үйдің aдамдары қаpa шаңырaққа немесе жасы үлкен адамдаpға cыбағa береді.

11. «Мемлекеттік тілді білу – әрбір азаматтың борышы» тақырыбына пікіріңізді жазыңыз (10 сөйлем). Тіл- халықтың негізі, мемлекеттің тірегі. Мемлекеттік тілді білу өмір қажеттілігіне айналды.Біздің ауданымызда тіл үйрену үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік қызметшілерге және қазақ тілін үйренуге тілек білдірген кез- келген азаматқа мемлекеттік тілді сапалы оқыту- бүгінгі күннің талабы. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ана тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілде оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Осы жетістіктермен тоқталмай, Қазақстанның барлық азаматтары бір ауыздан қазақ тілін білуі абзал. Қазақ тілі — бай тіл, өзінің көпқырлығымен ерекшеленген бұл тілде Абай шығармашылық еткен. Әрбір ұлттың өзіндігі оның ойының қалпы мен өмірге деген көзқарасымен айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]