- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
25 Билет!
1. Тоқаш Бердияров 1925 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысының Келес ауданында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты – Торқысбек. Торқысбек бала жастай жетім өседі. Келес ауданы Ташкентпен шекаралас. Ақын жырында әр қырынан өрнектелетін Келес өзені қазақ-өзбек – екі елге бірдей телағыс. Кешегі Кеңес кезеңінде шекара болмағаны мәлім. Керек болса Алаш ардақтылары жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары Түрікстан мұхтариятын Ташкенде ойластырған. 1920-1924 жыл арасында тіршілік еткен бұл саяси құрылым – күллі түрік дүниесін қамтымақ еді. Кеңестік империя түбіне жетті. Астыртын хат жазып И.В.Сталинге жағынып «күйлеген» өзіміздің қазақ азаматтары. Бүгінгі саяси сатқындар секілді ол кезде де опасыздар болған. Ол кездегідей саяси сатқындар, ұлт опасыздары бүгін де бар арамызда. Өз қолыңды өзің кесесің бе?! Отызыншы жылдары (1932-33ж.) қазақ даласын аштық қармағаны мәлім. Бірде И.В.Сталиннен, бірде Ф.И.Галощекиннен көріп жүрген бұл аштықтың да себепкері – өзіміздің қазақ қайраткері болып шықты. Саяси мотив – И.В.Сталинге жағыну. Ә.Әбішевтің «Шерлі шежіре» (Алматы. «Шабыт» баспасы 1995 ж. 195-201 беттер.) аталатын мемуарлық шығармасын оқыған адам оның басы-қасында Тұрар Рысқұловтың тұрғанын танып біледі, жарияланған қосымша материалдармен егжей-тегжейіне жетеді. Қасірет әкелген кісі қайраткер саналады.
«Біреуге еліктеп жазуды өз басым о бастан-ақ оншалықты ұнатыңқырамаймын. Қаншама күшті ақын болса да, ол бізге өлең жазып беруден аулақ. Ал, жақсы шығарма ой туындатуы мүмкін. Абзалы, дарынды ақынның сәтті шыққан өнегелі еңбегінен, оңтайы келсе одан да асыра жазу дұрыс-ау деп топшылаймын. Бұл үшін әрине, шеберлік, үлкен талант керек.» – деп жазады ақын. Өлеңге көзқарасы, әдебиеттегі ұстанымы дерлік. Расында Тоқаң ешкімге еліктемейтін. Әбділда Тәжібаевты алдына ұстап сыйлайтыны болушы еді. Оған арнап өлең де жазған ғой. Бірақ, соншалықты Әбділда ақынға да еліктеп солықтады деп айта алмаймын.
Асқар таулар ақша бұлтқа бөленген,
Биіктігі мақталады өлеңмен.
Көктен көлбеп түспес болар биіктік,
Шын биіктік басталады төменнен.-дейді ақын.
Тоқаш Бердияровтың өлеңдегі ұстанымы осы болатын. Өлеңдері қарапайым, қарапайым бола тұра күрделі. Қарапайым болатыны – өлең өмірдің қарапайым көрінісін суреттеуден басталып, әрі қарай арналанып жөнеледі. Өлеңді поэзияға айналдыратын – деталь, штрих болса, оны Тоқаң өмірдің өзінен алады. Тұрмыстық детальдар, этнографиялық көріністер өлеңінде самсап жүреді. Кейде өлең емес, этнография кітабын оқығандай болатыныңыз бар. Өлеңі толы өмір көрінісі. Тіпті детальдарға дейін тұрмыстан алынған. Оны айтасыз образды өлеңдеріне баламаны да тұрмыстық суреттерден алады. Бейне өмірді көркемөнерге айналдыратын Биағаң Майлин секілді. Тоқаш өлеңдері өте нақты. Нақты өлеңді әдетте прозаизм иектейтіні болады. Ал Тоқаш өлеңдері одан дін аман. Нақты бола тұра нақышты. Баяндаудан бойын аулақ салады. Өлеңді әдемі киіндіреді. Әдемі киінген өлең қарапайым болмысымен әдебиетке айналып сүйіндіреді. Ойсыз өлең жазып көрген емес.
Тоқаш Бердияровтың ақындығы асылы суреткерліктен бастау алады. Ақындық сапарының алғашқы кезеңінде:
Жас бала қолын сермеп «өк» деп еді,
Жұп-жуас доңғалақтар дөңгеледі.
Астымда гүл аралас жасыл пішен,
Үстімде тұр мөлдіреп көк әлемі. («Дала көрінісі») – деп те өлеңдеткен ол. Кәдімгі ауылдың қарапайым шаруақор тіршілігі. Лирикалық кейіпкер ырдуан арбада ырғалып бара жатқандай. Көзі – көкте, көңілі – көкке айналған әсем әлемде. Өзіміз көріп өскен, бастан кешіп ержеткен ауыл көрінісі. Алайда ақындық қиял соны суретке малындырып өлеңге айналдырып отыр емес пе?! Ақындық көздің жәй көзден артықшылығы да міне осында!
Даланың бұраң қаққан шалғындары,
«Тиме» деп тентек желге жалынады.
Мақта терген қыздардың әсем әні
Құлаққа еміс-еміс шалынады.
2. Бақытты өмір сүруден абы ройлы өмір сүру әлдеқайда қиын. Сондықтан да, ол әлдеқайда биік мұрат. Бұл – Марал Сқақбаев шығармаларының концепциялық алтын арқауы. Егер біз оларды тұтастай алғанда, әдемі өріліп, бірақ әлі түгелдей біте қоймаған көз жауын алар көрікті өрмекке баласақ, оны керіп тұрған алтын қазықтың біреуі – әлеуметтік оптимизм де, екіншісі – рухани максимализм екендігін байқар едік. Бұл өрмектің өзегі – дүние жаратылғаннан жалғасып келе жатса да, әлі кемеліне келіп болмаған жалпы адами болмыс та, арқауы – сол ортақ зама налар тізбегінде әрдайым өз кеңістігінде өркен жайып, өз өрісі мен өрнегін тауып, өркендейтін нақты ұлттық тарихи шындық. Бұл ретте айтпай кету айып болатын және бір жайсаң туындылар: “Ғашық болып көрме ген келіншек” пен “Кезек дүние”. Осы екеуінің әр сөйлем, әр тармағы Адам, Табиғат, Махаббат деп аталар үш құдіреттің теңдессіз сұлулығы мен тұңғиық мәнділігін аттаған сайын ұқтырып, айтқан сайын мойындатып отырады.
Әйел мен еркек – Жарату шының өзінен бастап, барша мыздың басымызды қатырған және қатыра беретін, сезімімізді нәрлендіріп, ойымызды ұшқыр лайтын ең басты “философиялық қайрақ тас”. Ол екеуін, ұқпай тұрып, ештеңені ұғу мүмкін емес. Әлемнің бар дүлдүлдері аянбай зерделеген бұл арнадан адам таңғаларлық жаңалық табамын деу күпірліктей көрінер. Марал, бірақ, тапқан. Шын махаббаттың құдіретін кейіпкерлерін басқа түгілі дұрыстап тұрып бір сүйістірмей-ақ артық қиырман-шиырманға салмай-ақ, екінің бірінің басында бола беретін “курорт құпиясы” ауқымында қарастыра отырып, асқан пәктік пен тазалық қалпында айнытпай жеткізе алған. “Жигулидегі” “Адамата” мен автобустағы “Хауана” Тағдыр дейтін Ібілісті есеңгірете еңсеріп, аспандағы пейіште емес, іргеміздегі Ыстық көлдің жалғасындағы лыпалы-лыпасыз айдай жұрттың алдында талтүсте талмаурай табысып, атымен басқа өмірге басқаша тағдырға көшуге бел байлайды. Адам жан бүкпесінің көп шиырланбаған тереңдеріне барып бойлай білген сүңгуір суреткерлік зерде анайы таптаурын көрінетін сюжеттен ешкімнің қолына түсіп көрмеген мөлдір меруерттей поэ зия тауып бере алған. Психо логиялық талдаудың тереңдігі мен лирикалық шынайылық құйма алтыннан шын қас зергер соққандай айтып жеткізе алмас. Құнды бұйым сомдаған. Ғашық тардың табыспасқа қақысы жоқ. Шын ғашықтардан басқалар шын құрбандыққа бара алмайды. Шын ғашықтардан басқалар шын ерлікке тәуекел ете алмай ды. Шын ғашықтардан басқалар шын бақытқа жете алмайды. Шын махаббат – періштелердің емес, ет пен сүйектен жаралған әйел мен еркектің ең басты сыбағасы. Барлық тақсірет сол сыбағасын тағдырдың тәлкегіне, нәпсінің аярлығына тәрк етіп алудан басталады. Тазалық пен сұлулық та, әділдік те, бақыт та тек махаббат бар жерде бар. Оған көзіңізді жеткізгіңіз келсе, ырсия сөйлеп, жымсия күліп жүріп адам туралы айтылған-айтылмаған, айтылар-айтылмас ақиқаттың бәріне қанығып үлгерген осы бір қазақ жазушысының әлгі бір хикаятын оқып шығыңыз.
Сонда бұл дүниенің кейбір диуаналар айтқандай кәззап дүние емес, сен әділ болсаң, ол да әділ, сен сұлу болсаң, ол да сұлу бола алатын кезек дүние екенін ұға аласыз. “Кезек дүниенің” кейіпкері бір кездегі туған табиғатқа деген шектен шыға құштарлығының салдары нан оның көзсіз ғашығынан жү рек жұтқан жендетіне айнала жаздайды. Сол көзсіз құштар лық тан тек құз басынан құрдым ға кетердей хәлге түскен қиямет сағатында ғана бас тартып үлгереді. Қанша ащы болса да, өз қатесін өзі мойындап үлгерген адам ғана бұл дүниеден қия наттың құрбаны болса да, құлы болмай кете алады. Ажал алдында аңшы Балташ бақыт пен ләззат қуып жүріп, абыройдан айырылып қала жаздағанын бір-ақ ұқты. Өлексеге айналарыңда өз көзіңді шұқитын жексұрын қарақұс әркімнің өз көкірегінің түкпірінде жатқан болып шықты.
Қысқасы, Марал Сқақбаев – қазіргі аламан-асыр ғасырдың шындығынан баяғы әлімсақта-ақ жүрек тызылдатқан, жер үстіндегі пенделер тіршіліктерінен пейіш тегі періштелердің өзінің жүй кесін шымырлатқан әрі мәңгілік, әрі мазасыз сауалдарға тұшымды жауаптар іздеп жүрген тарлан талант. Тарғыл шыңдардан сам ғай қанат қаққан тарлан бүркіт тің көрінген өлексеге қонбай тыны сияқты ол да кез келген тақырыпқа ұрынбайды. Сол тым кірпияз әдеби талғамы мен шек тен шыға бойға сіңген суреткер лік максимализм оны әліге дейін өзінің талантына лайық танымалдыққа ие ете қойған жоқ.
Олай болатыны – өмір мен өнерді өзіндей толғап, өзіндей бағамдай алатындар бүгінгі әдебиеттің жазармандарында да, оқырмандарында да некен-саяқ.
Оқасы жоқ, “жас өспей ме, жарлы байымай ма?” демей ме?! Төрелігін уақыт өзі айта жатар. Оған дейін, Марал дос, көргізер жарықты көре бер! Жеткізер биікке жете бер! Қанатыңды кең жайып, самғай түс, сабазым! (Әбіш Кекілбаевтың пікірі)
3. Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» атты драмалық дастаны – өлеңмен жазылған төрт көріністі пьеса. Оқырман бұл жерде Әбекеңнің ақындық шабыты мен философиялық толғаныстарынан нәр алады. Осынау аса құнды драмалық шығарма Фридрих Геббельдің (1813-1863) «Нибелунгілер» трилогиясына ұқсас. Автор бұл шығармасында өзінің арман-мүддесін, халқымыздың тағдырын, ғасырлар бойғы мақсат-тілегін Абылай бейнесі арқылы берген.
«Абылай хан» драмасы туралы Роза Мұқанованың мақаласы бар. Онда жазушы Кекілбаев тілінің шеберлігін, тарихи тұлғаларды ерекше сомдайтындығын көрсетеді.
Д.Рамазанұлы өзінің мақалаларында Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» драмасын сынға алады. Ол кісінің пікірінше: Кекілбаев тарихи шындықты дұрыс сипаттай алмаған деп көрсетеді.
Жалпы алғанда «Абылай хан» драмасы Әбілмансұрдың жоңғар батыры Шарыштын басын алып, хан атануы жайлы. Ерлігі, батырлығы сипатталады.
