- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
Сырбай Мәуленов
1960-1990 жылдардағы әдебиет
«Оқыдым өлеңіңді ақын Сырбай,
Кейбіреу сын жазыпты құр ұғалмай.
Тілдің тілі, жүректің нәзік қылы,
Шертілсін әр уақытта, міне осылай.
Жүректі жырмен жуып, шайқа Сырдай,
Халқыңа жан сырыңды айт осылай.
Соғыстың қазанында қайнап келген,
Жас ақын жарқырай бер жай тасындай.
Иса Байзақов
Ұлы Отан соғыс ардагері. Абай атындағы Алматы мемлекеттін университетін 1973 жылы бітірген. 1943 — 1950 жылдары Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болып істеді. Тұнғыш өлені Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдерім" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қазыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеуі де 1979 жыл). "Жанбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981 жыл); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар жоғары бағаланды. 1958 жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы. 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 жылдары "Таңдамалы шығармалары", "Алтың тасқын" 1 т. 1981, "Өлендері" 2 т., 1983 жыл; "Өлендерім", 3 т., 1984 жылы жарияланады.
Сен мені ұнатасың, Мен сені ұнатамын. Кетпеген балалығы, Кейпіңді ұнатамын. Сен мені ойладың ба?..
10-билет.
1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
Қазақтың бұл тұстағы тарихи романында тарихтың әр кезеңінде өмір сүрген ұлы тұлғалардың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін негізге ала суреттеу дәстүрі қалыптасты. Сәбит Мұқановтың Шоқан Уәлихановқа арналған «Аққан жұлдыз» (1967-1969), Ж. Молдағалиевтің Ыбырай Алтынсарин туралы «Алғашқы қоңырау» (1978), Д.Әбілевтің «Сұлтанмахмұт» (1965-1971), С. Жүнісовтің «Ақан сері» (1971-1978), 3. Ақышевтің «Жаяу
Мұса» (1981) романдары әдебиет тарихында елеулі мән-мағынаға ие болған туындылар. Бұлардың бәрі де ғұмырнамалық мәліметтер негізінде жазылған. Қоғам өмірінде анық ізі қалған оқиғаларды іріктей отырып, нақты заман кейіпкерінің қыры мен сырын ашуға ұмтылады. Алайда көркемдік ізденістері жағынан олар бір келкі емес. Олардың ішінде ұзын сонар баяндауларға, тарихи оқиғаларды тізбелеуге құрылған, характерлік мінездеуден гөрі әңгімелеп түсіндіруге тырысқан туындылар да кездеседі. Дегенмен, тарих сырын тануға, қазақ халқының ұлы тұлғалары жайлы мәлімет алуға пайдалы еңбектер болғаны даусыз.
Сәбит Шоқан өмірі жайлы деректерді көп жинап, ол туралы пьеса да, ғылыми еңбек те жазған жазушы. Ал, романды ол үш том етіп, кең көлемде жоспарлаған. Онда Шоқанның ата-бабасы, ол дүниеге келмей тұрған кездегі қазақ тарихына қатысты мәліметтер де мол қамтылады. Оның балалық, жастық шағын, оқып, қоғамдық іске араласуын тәптіштеп ұзақ суреттейді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының жиілеуіне байланысты оқиғалар, патшалық Ресейдің ел билеу жүйесіне кіруі, оған қатысты адамдар тағдыры жайлы мәліметтер де мол. Қазақтың ел билеуші жаңа қауымы Есеней, Шорман, Зілқара, Шыңғыстардың өзара байланысы, ортасы, орыс әкімдері Драгомиров, Сперанский, Курагин, Потанин, Госфорт, т. б. жайында да әңгімеленген. Шоқан осы ортадан білім алып өседі, оған ХІХ ғасырдағы орыстың демократтық ағымының әсері тиеді. Сонымен бірге жинақтаудың жетіспеуі, ұзақ-ұзақ баяндаулар романның елеулі олқылығы ретінде көзге түседі. Роман сүйегіне сіңіспей тұрған оқиғалар да баршылық.
Осындай үлгідегі ізденіс Жайсаңбек Молдағалиевтің Ыбырай Алтынсарин жайындағы романында да байқалады. Онда Ыбырайдың өмірі мен қызметі қазақ даласында жаңа типті мектеп ашу, осы жолдағы қиыншылдықтар, ел өміріндегі әділетсіздікке араласу, қазақ жеріне алғашқы қоныс аударушылардың келуі мәселелері төңірегінен көрінеді. Ыбырайдың жары Айғаныс, інісі Күдері, дала батырлары Аю мен Тұрсынбай, саудагер Исфахан, Сұлу Фатен, поп Иохим, дуан басы Яков Петрович сияқты адамдар жап-жақсы мінез-құлқымен көрінеді.
«Ақан сері» романы да қазақ әдебиетінің озық туындыларының қатарына кіреді. Мұнда да беймезгіл заманда өмір кешкен өнер адамының жан дүниесі жарқын бейнеленген. Ол үлкен өнер иесі есебінде әрқашан халық ішінде көрініп, оның өмір азабын жеңілдетуші, рухани демеуші боп көрінеді. Сұлулықты сүйе білген Ақанның әндері де, өлең-жыры да, ол кешкен серілік өмір де сол сұлулықтың нышаны. Қанша қысым, қастандық жасалса да, сұлулық, өнер өлмейді. Ақан да кейінгі ұрпаққа өлмейтін өмір қалдырды.
Сәкен романы бүкіл рухымен бізге осыны ұғындырады. Оның махаббатына, Құлагеріне, қыран құс, алғыр итіне дейін оған қатысты өмір шындығын бейнелеуге жазушы мол оқиғалар тізбегін пайдаланған. Негізгі тұлға Ақан романда көп жақсы қасиеттерімен есте қалады. Әнші, алғыр ақын, айтыс өнерінің тапқыры ол жамандық атаулыны тіліп айтатын сөз өнерімен де, достыққа, сыйластық-құрметке құмар үлкен жүректі парасатымен де көп ортасынан биік тұрады. Жазушы оның атақты әндерінің шығу жайларын, Ұрқиямен, Ақтоқтымен, Қадишамен махаббатын әсерлі суреттеген. Ақанның анасы Жаңыл, Әлібек батыр паң Нұрмағамбет, Батыраш, Саққұлақ, Сүлеймен сияқты сол дәуірдің білікті адамдарының бейнелері де есте қаларлықтай боп шыққан. Романның ажарлы тілі де сері туралы романға лайық көркем, бейнелі. туындылар
Осы қатарда өнер адамдарының өміріне арналған тағы бір топ деп – З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» О.Сәрсенбаевтың «Шамшырақ»,
А.Тоқмағамбетовтің «Жыр күмбезі» романдарын да атау орынды. Оларда Мұсаның, Нартай Бекежановтың, Базар жыраудың және басқа сыр сүлейлерінің өмірі мен еңбегі суреттеледі. Көркемдік ізденістері мен табыстары біркелкі болмаса да, олардан дәуір суреті мен өнер шындығы мол көрінеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, той өткізу, қонақ күту салты кең танылады.
Жеке қайраткерлерге арналған шығармалар легінде Қ.Сәрсекеевтің «Қызыл жалау» (1979-1983) Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» (1978-1980), «Жұлдызды көпір» (1987) атты романдарының да көрнекті орны бар.
«Қоғабай» романы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аманкелді Имановтың жастық шағы мен көтеріліске басшы болған кезін суреттеуге арналған. Роман оқиғасы қазақ жеріндегі қоғамдық-әлеуметтік күрестердің фонында дамиды. Аманкелді жас кезінде ел билеушілер тарапынан жәбір көріп өседі де, кейін төменгі тап мүддесі жолында күрескер боп шығады. Ал, Шерхан романдары Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсенді қатысқан революционер Тұрар Рысқұловтың өмірі мен еңбегін суреттеуге құрылған. Тұрар XX ғасырдың басындағы әлеуметтік өзгеріс дәуірінің үлкен қайраткері. Ол орнатысқан өкімет кейін күштеу мен зорлаудың билігіне айналып кеткенмен (өзі де сол өкімет қолынан қаза тапты ғой), оған тілектестер халықтың азаттығын, теңдігін идеал тұтқаны даусыз. Сондықтан Тұрардың, тағы сол сияқты социалистік революцияны қолдаған қайраткерлер еңбегі тарих алдында айрықша бағалауға тұратын, бірақ ақталмаған, ауыр еңбек. Тұрарлар жолы – кездейсоқ емес, әлеуметтік теңсіздіктің сырын терең түсініп, соны шешуге ұмтылған саналы күрескерлер жолы. Шерхан романда әуелде әкесі Рысқұлдың өз кезіндегі әділетсіздікке қарсы күресі арқылы Тұрарларға ой салған идеяның түп-төркінін ашады. Қоғамдық даму бағдарына қоса жас Тұрардың жүрегіне түскен жара оны үлкен қайраткерлікке дайындайды.
«Қызыл жебе» – тарихи оқиғалар легін эпикалық кеңдікпен суреттеуге құрылған шығарма. Онда суреттелетін өмір шындығы қатысушылардың дараланған характерін аша білу шеберлігімен ұласып, нанымды жолмен дамиды. Кеудесін ешкімге бастырғысы келмейтін Рысқұлдың Түлкібас, Жетісу жеріндегі өмірі, оның азаматтық ерлігін көрсетер негіз болса, Тұрар сахнаға шыққан кездің оқиғасы жас адамның саналы күрес жолында шыңдалуын дәлелді ашады. Оның революция тұсындағы, орнату, оны нығайту жолындағы еңбектері романда жан-жақты бейнеленген. Әсіресе, жазушы Тұрарды ұлт қайраткері ретінде жақсы көрсете білген. Оның революциялық оқиғалардың бәрінен қазақтың ұлттық мүддесіне, жалпы Түркістандағы мұсылман халықтары пайдасына қызмет етер ой-пікірлерді таңдауы, шовинистік, кертартпа отаршылдық көзқарастарға қарсы күресі осыны аңғартады. Оқырман осы саясаттың отаршылдық пиғылдан арылмаған өкіметке тиіп жатқанын, оның аяғы есепсіз кетпейтінін сезеді. Бұл романның үлкен табысы.
Бұл дәуірде тарихи адамдар өмірінен алынып жазылған шығармалар ішінде Д. Әбілевтің «Ақын арманы», «Арман жолында» (кейін «Сұлтанмахмұт» деген атпен трилогия болып басылған) атты романдарының көркемдік табыстары аз емес. Бұл романдарын автор XX ғасыр басындағы қазақ халқының ағартушы-демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен еңбегіне арнаған. Романның сюжеттік желісі Сұлтанмахмұттың жас кезінен бастап, басынан өткен тарихи кезеңнің негізгі суреттеріне құрылады. Онда сол тұстағы қазақ қоғамының даму қиыншылықтары мен қайшылықтары, ел өмірінің шындық әлеуметтік революциялар әсерімен ақынның демократтық көзқарасының қалыптасуы нанымды бейнеленген. Сондай ортада басты қаһарманның жанды бейнесі аталады. Қашанда шыншыл, әділет үшін күресуші, өктемдікке жаны қас, ел тағдырын жеке адам мүддесінен жоғары қоя білген Сұлтанмахұт бейнесі – романның айрықша атап айтар табысы.
Сұлтанмахмұт өміріне қатысты оқиғаларды іріктеп ала білуде де, оның заманының қайшылықты сырларын ашуда да, ақын шығармашылығына арқау болған әлеуметтік шындықты көркем бейнелеуде де Диқан шеберлігі ерекше танылады. Романда Сұлтанмахмұт шығармаларының туу жағдайлары, оның ой-сезімнің күрделі сыры сайрап жатыр. Ақынның ізденімпаздығын, сол жолда алған бетінен қайтпайтын қайсарлықты, өлеңдерінде «Оқып адам болу», «Жарық күнде сәуле қуу» идеясының тууын жазушы ақын өмірінің нақты деректеріне сүйене, оның шығармаларындағы ойларды көркем бейнелеу арқылы ашып берген. Сұлтанмахмұт өмір сүрген ортаның сырын, әділетсіздікке негізделген қоғамның ішкі мазмұнын автор Жарқынбай, Әбунүсіп, Майсор, Ақкірпік сияқты бейнелер арқылы көрсетеді. Олар қоғам дамуының әр кезеңінде туып, бірінің әрекетін бірі жалғастырған феодалдық тіршіліктің қорғаушылары. Жауынгер ақынның халықпен байланысы, әділет үшін күресі, көбінесе, осы типтермен қақтығыс үстінде суреттеледі.
«Сұлтанмахмұт» – ақын туралы роман. Сондықтан онда халықтық өнерге, махаббат, жастық сезім әсерлеріне көбірек көңіл бөлінеді. Акынның Мәликеге деген сезімі, биік мұратты махаббаты – шығарманың ең бір қызықты оқылатын беттері. Сұлтанмахмұт маңында жаңашыл жастар өсіп келе жатқаны да оқырманды оптимистік сенімге бөлейді. Романға М.Әуезовтің Абай туралы шығармасының әсері тиген. Ол өзінің реалистік байсалдылығымен, характерлерінің шыншылдығымен, Сұлтанмахмұт өмір сүрген ортаны аша білуімен, ақынның ағартушылық демократиялық көзқарасын таныта алуымен қазақ әдебиетіндегі өнер адамдары туралы романдар легінде елеулі орын алады.
