- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
Мен - қазақпын поэмасы
Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.[1] "Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.
Жұбан Молдағалиев шығармашылығы
"Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. "Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді.1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді.
Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.
Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі:
«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,
Шабыттың шырқап биік ыршуындай,
Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп,
ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде А. С. Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ ССР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.[2]
Сел поэмасы
Алатау баурайы Тәңір сыйлаған таңғажайып табиғатымен, биік шың-құздарымен ежелден ертегідей бір ғажайып өлке ғой. Тау қойнауларында толып жатқан көлдер мен мұздақтар бар. Ауа райына байланысты көлдердің тасып, мұздақтардың еруі бұрыннан келе жатқан құбылыс. Тасқын-сел әр замандарда, әр жылдарда қайталанып, жойқын апаттар тоқтамаған. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында дүниежүзінде жоқ жойқын тау қопарылысы арқылы Медеуде мықты плотина – алып бөгесін салынып, сел-цунамиға мәңгілік тосқауыл қойылды. КСРО-ның әлемге әйгілі ғалымдармен ақылдасып, білгір мамандармен кеңесіп, селге қарсы қаһармандық идеясын көтеріп, құрылыс-қалқан салдырған кемеңгер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев еді. Димекеңнің сел-цунамиға қарсы ерлігі мен тәуекелін атақты ақын «Мен қазақпын» толғау жырының авторы Жұбан Молдағалиев өз шығармасында жеріне жеткізе дәріптеп суреттеді. Өйткені Жұбанның өзі жүрек жұтқан батыр, елін, жерін және ұлтын басын бәйгеге тігіп жырлаған айбарлы ақын еді. «Мен Қазақпын» поэмасы «Менің Қазақстаным» әні сияқты ұлт рухын көтерген «ұран жыр» болатын. Сол кездегі ұлт көсемі Қонаевты шығарма-кейіпкері етіп, Ж.Молдағалиев «Сел» атты керемет поэмасын жазды. 1975 жылы бұл шығарма жеке кітап болып шықты. Оқиғаның басы-қасында болған болуы керек, ақын поэманың бас жағында «кім көрген мұндай жойқынды, кім бөгер мұндай тасқынды» деп тебіренеді.
Апатты жағдайды, ауыр ахуалды ай, күніне дейін дәл айтып, оқиғаны шілденің 15-і, жексенбі күнінен бастайды. Содан соң кішкене шегініс жасап, селге қарсы бұрын жасалған құрылыс бөгесін жөнінде толғанады. Жыр жолдарында ашық көрінбесе де Димекеңнің бейнесі елестейді:
Тартысып тілсіз жауменен,
Тірілер үшін талықтың.
Тасқынды бөгеп тауменен,
Дәуірдің күшін таныттың, – деген жыр жолдарында кемеңгер бейнесі келісті суреттеледі. Әсіресе, «Тасқынды бөгеп тауменен» деген жыр жолы ерекше әсерлі. Өйткені тауда жарылыс жасау оңай болмаған. Қуатты дәрімен қопарылыс жасаған кезде Алматыда жер сілікініп, қала қирайды, қара түтін басып, шаһар түншығады деп қарсы шыққандар халықты үрейлендірген еді. Мұны білетін ақын поэманың бір жерінде былай деп толғайды.
Қаймықпай қарсы бедел, сын, қаһардан,
Осылар бөгет соққан, шың қопарған.
Мың күндік мың кісілік зор жұмысты
Секундта атқарғандар шын қаһарман.
