- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
20Билет
– Қазақ әдебиетіне 1960 жылдары тегеурінді, қуатты толқын келіп қосылды. Суреткерлік жаңа сапа, соны көркемдік тәсілдер, әлемдік әдеби үрдістермен үндесу жайы сол кезден бастап айтыла бастаған секілді. Осы орайда не дер едіңіз?
– Түптеп келгенде, әдебиетіміздің тарихында ғана емес, жалпы рухани өміріміздің тарихында өз үні, өз қолтаңбасы бар «алпысыншы» жылғылар қазақ көркем сөзі мен көркем өнеріне ерекше екпін ала келгені ақиқат. Ол туралы көп айтылып, көп жазылған. ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті жайлы сөз бола қалса, кешегі классикалық мұраларымызды қайыра жаңғыртқан, іргемізді кеңейтіп, үнімізді асқақтатқан іргелі кезеңдердің, атап айтқанда, Латын Америкасы феномені, Жапонның соғыстан соңғы әдебиеті, батыстың интеллектуалды әдебиеті, т.т. секілді әлемдік көркемсөзге серпін берген, ой мен сөз еркіндігіне қанат бітірген «алпысыншы жылдардың» да аталары ақиқат. Алпысыншы жылғылар дегенде еске Сталиннің әруағымен алысып жүріп, ой мен сөзімізге еркіндік берген Хрущев, Хрущевтың «жылымық кезеңі» еріксіз еске түседі. Осы тұста кешегі халық жауының баласы Айтматов, баяғы Шәмілдің жоғын іздеген Ғамзатов, орыс деревнясының қасіретін жазатын Распутин, орыстың еркін поэзиясына ендеген Евтушенко секілді біздің әдебиетке де сондай тегеурінді буын келді. Олардың өкілдері қазір классиктерге айналды. Олар – кешегі Одақты басқарған Әнуарлар мен Олжастар, Алматы төрінде мүсін боп тұрған Мұқағалилар, арамыздан кеткен Қадыр, Тұманбай, Сағи, Жұмекен, Төлеген, Фариза Оңғарсынова, Қалихан Ысқақов, Сәкен Жүнісов, Сайын Мұратбеков, Асқар Сүлейменов, Зейнолла Серікқалиев, Рымғали Нұрғалиев, Дүкенбай Досжанов, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбеков сынды біртуарлар әдебиетімізді биікке көтергені рас… Айта берсек, бұл тізімді жалғай беруге болады. Әрі-беріден соң, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Оразбек Сәрсенбаев, Әнес Сараев, Бексұлтан Нұржекеұлы, Төлен Әбдіков, Кәдірбек Сегізбаев, менің үзеңгілестерім – Сағат, Жарасқан, Кеңшілік, Жұматай, Сайлаубек, Әділбек, арамызда жүрген Күләш, Иранбек, Тынымбай, Смағұлдар да осы алпысыншы жылғылардың соңғы өкілдері емес пе?! Бұл буын – қазақ қоғамында ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан өзгеріс-жаңалықтардың бәрін тереңдете зерттеп, танып, соны қазақтың топырағына әкеп еккен жаңашыл буын. Жазушылар одағы олардың қанаттануына ерекше жағдай жасады… Қаламгерлердің өз ішіндегі айтыс-тартыс қай кезде де болған, бүгін де жоқ емес, ертең жойылып кетеді деп тағы айта алмаймыз. Бірін бірі мойындауы қиын, бірін бірі тануы ауыр суреткерлік мінез тұлғаларға тән. Сондықтан да бұған түсіністікпен қарау керек…
Біздіңше, кеңес кезінде сыңаржақ қаралған ұлттық мәселеге әлі де айырықша көңіл бөлініп отыруға тиіс. Бұл жолда азды-көпті алған ғибратымыз да баршылық. Соған көз салып отырсақ, қатеге ұрынбаймыз. Бай тәжірибенің бір қайнар көзі - көркем әдебиет, халқымыздың рухани қазынасы. Мол материал — 60-90 жылдары ұлт азаттығы тақырыбын батыл да жанжақты көтерген тарихи туындыларда жинақталған. Бұл тарихи кезеңнің басым бөлігінде социалистік реализм әдісі үстемдік еткеніне қарамастан, көп шығармалар сыншылдық рухта, ел дамуының көкейкесті, өткір проблемаларын алға тартты. Халық құрметіне бөленген ірі жазушыларымыз Ілияс Есенберлин, Софы Сматаев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және Қабдеш Жұмаділовтардың тәуелсіздік жолындағы күрестің тарихи тауқыметін жазған шығармаларына назар аударғым келеді. Олар көтерген ұлттық проблемалар бүгінгі күндері де маңызын жойған жоқ…
Қазақ әдебиеті жалпы дүрмектен қалыспай, ұлт өмірінің пісуі жеткен
мәселелеріне алдымен ден қойды. Оның себебі, әдебиеттің өз жаратылыс-болмысындағы қасиетіне, елдің елдігі туралы жауапты ойларға берілуге тиісті міндетіне ғана байланысты емес-ті.Кешегі Ұлы Отан соғысында, майдан мен тылда ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткен қазақтың ұлттық санасы бұрын болып көрмеген дәрежеде өсті. Қазақ солдаты сағынған еліне «Уа, дариға – алтын бесік туған жер» (Қасым) деп оралса, осы отаншыл әуен әдебиетіміздің ұлттық ажарын аша түсті.
Ұлт-азаттық идеясын, ұлттық рух көріністерін өзекті тақырыбы еткен тарихи роман 70 жылдардағы әдеби дамудың жетекші жанрына айналды. Олардың көрнектілері жұртшылыққа кеңінен мәлім. Бұлар - Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты роман трилогиясы (1976), Әнуар Әлімжановтың «Жаушы» (1974), Софы Сматаевтың «Елім-ай» (1980, 1988), Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» (1983) романдары.
Аталған шығармалардың жазылуы, жариялануы жайының өзі де арнайы тоқтала кетуді тілейді.
Әдебиеттің халыққа ықпалы басқа идеологиялық салалардан әлде қайда өтімді екенін ескере отырып, коммунистік басшылық тарих сақынасынан кете-кеткенінше көркем сөз дамуын белгілбір шеңберде ұстауға тырысты.
Жоғары биліктің өте-мөте жіті бақылайтыны, барынша тізгіндеуге тырысатыны – ұлттық тақырып еді. Ұлттық сананың өсуінен ұдайы сескенетіні, ол түптің түбінде қызыл империяның ыдырауына әкеп соқтыртуы мүмкін деп хауіптенетін. Халықтар достығына іріткі салады деген желеумен ұлт-азаттық қозғалысы тарихының жазылуын қалайда тежеуге, мүлт кетті дегендерін істен алғысыз етіп сынап мінеп, қайсыбірін туратып, не кітап дүкендері мен кітапханалардың сөресінен алдыртып тастайтын.
Тоталитаризмнің әбжылан көзі әсіресе Қазақстанға көп қадалатын. 1951 жылы «Правда» газетінде «Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланың, одан бұрын да, кейін идеология мәселелері бойынша қабылданған қаулы-қарарлардың салқыны әрдайым сезіліп тұратын. Бір кездердегідей қазақтың игі жақсыларын ату, итжеккенге айдау практикасы қайталанбаса да, 70-80 жылдары ұлт қаһармандарын дәріптеушілерді қызметтен қуу, ұлтшыл атандырып артына қалжуыр байлау тоқтатылған жоқ.
«Қаһар» романының бас кейіпкері – феодалдық-монархиялық қозғалыстың көсемі саналатын Кенесары хан. Осы фактінің өзі ғана шығарманы шұқшия оқуға, қатаң сын тезіне салуға мықты себеп болды.
1972 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде сыншы Зейнолла Серікқалиевтің «Тарихи шындық бұрмаланбасын» деген көлемді мақаласы жарияланды. «Алмас қылыш» романына қазақ хандығының құрылуын «таптық күрес» принципі тұрғысынан көрсете алмаған деген ауыр кінә тағылды[1]. Сол 1972 жылдың аяқ шенінде «Литературная газетада» СОКП Орталық Комитетінің ірі идеологы А.Яковлев «Против антиисторизма» деген мақаласында «Қаһар» романын Кенесары хан қозғалысын жөні жоқ мадақтағаны үшін сынға алды.
«Социалистік Қазақстан» газеті ол кездерде Қазақстан КП Орталық Комитетінің органы саналатын. Бұл мақаланың жариялануы кездейсоқ емес-ті. Сол себепті А.Яковлев мақаласын былайша қорытады:
«Надо ли доказывать, что всякая гиперболизация в подобных делах может стать одной из отправных точек для оживления националистических предрассудков! Правомерно поэтому, что эти проявления получили соответствующую оценку со стороны партийных организаций республик»[2].
Шовинизм «қорыққанға қос көрінеді» дегендейін, тіпті ұлтшылдықты жоқ жерден тіміскілеп іздейтін. 1976 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің Мәскеудің тікелей нұсқауы бойынша қабылдаған «О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы туралы» қаулысы – осының айқын бір дәлелі. Олжас Сүлейменовті сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамет Қонаев арашаға түсіп қорғап қалса да, тіпті министр етіп жоғарылатып жіберсе де, баспа қызметкерлері ұлтшыл атанып, бірінен соң бірі ертелі-кеш нан табатын жұмыстарынан айырылып жатты…
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясы міне, осындай идеологиялық орасан қысым жағдайында, «Аз и Я» кітабы туралы қаулы қабылданған 1976 жылы жарық көрді. Қазақ оқырманы жабыла оқып жылы қабылдаған шығарманың дүниеге келуі ізденгіш еңбекқор жазушыға үлкен абырой әперді. Оның бірқатар ұлттық проблемалрды өткір қоя білген тәуекелшіл ерлігіне қол соқты. Мұны тек жазушының жеке басының тәуекелшіл мінезімен түсіндіру жеткіліксіз. Есенберлин кітаптарының көп кедергіге ұшырамай жарыққа шығуына елде ұлттық сананын өсуі, партияның өз қатарында еліміз бастан кешкен қияметқайымдарға реалистік, тарихилық тұрғыдан қарайтын саяси жағынан шыңдалған ұлтжанды кадрлардың қалыптасу факторы аз рөл атқарған жоқ.
«Көшпенділер» — монументалды, сүйекті шығарма, Тұтас сюжетті туындыға жатпайтындықтан жанры — роман-хроника. Алайда роман-трилогияның жазылу реті бұл жолы өзгеше қалыптасты. Хроникалық сипаты яки шежірелік дәйектілігі сақталмады. Әуелі трилогияның «Қаһар» атты «1969) үшінші кітабы, сонсоң «Алмас қылыш» (1971, бірінші кітабы), бұдан кейін «Жанталас» (1973, ортаңғы, екінші кітап) жарияланды. Аз уақыттан соң ұлттық идеямен арқауланған осы шығармалар бас құрап, үштомдық «Көшпенділер» трилогиясы атанды.
Мұны жайдан-жай еске алып отырғанымыз жоқ. Ұлттық тақырып «Қаһар» романының басты бағыты, идеялық сөлі болғандықтан, оқиғасы кейіндер өтсе де, оның өзінен соң жазылған,әңгімені әріден бастайтын туындыларға әсері айырықша болды.
Есенберлиннің жазу мәнерінде цензуралық қысым туғызған бір ерекшелігі, шығармасына екіұшты, қайшылық жәйттерді саналы түрде сыналап енгізіп отыратын. Кеңестік кездің ресми қасаң қағидаларын көбіне публицистикалық тәсілде келтіретін де, негізгі ұлтжанды ойларын шығармасының көркемдік кестесін тоқу үстінде жүзеге асыратын.
«Алмас қылыш» қазақ хандығының ХУ ғасырда қайтадан пайда болуы тарихына арналған. Романның эпилогынан мынадай мақала стилінде жазылған сөздерді оқимыз. «Сана сезімі өсіп, тап тартысы күшейген сайын, халық бұрынғыдай хандардың, толып жатқан батыр, би сұлтандардың алмас қылышы болудан бас тарта берген…Және өз еркімен Россияға қосылу…көшпенді көкжал халықтың шығыстан келген қауіп- қатерінің ұлы қорғаны болды»[3].
Эпилог тап тартысын, ұлы орыс халқымен достықты насихаттайды. Мемлекеттік тәуелсіздіктен өз еркімен бас тарту, Ресейге өз еркімен қосылу идеясын қолпаштайды. Ал, романның идеялық-көркемдік концепциясы «оңаша отау» тігу идеясын дәріптейді. «Алмас қылыш» — халық. Қазақ халқы. Оның күш-қуатын Дешті қыпшақтың ханы Әбілқайыр дұрыс пайдаланғанда бұрынғы Алаш Орданың жерін негізінен қайтарып алып еді. Кейіндер диктаторлық ауруы асқынып, өзін қарауындағы қазақ руларына қарсы қойып алды. Нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалыс өрті лап ете түсті. Қазақ руларының басым көпшілігі тәуелсіздік туын көтерді. Дербес Қазақ хандығы яки мемлекеті құрылды.
Жазушы «Алмас қылыш» романының жарым-жартысын Әбілқайыр ханды дендеген ауруының себеп-себептерін ашуға арнайды. Хан, төрелердің қарауындағы қазақ руларының мұң-мұқтажымен есептеспеген тәкаппарлығын, әділетсіздігін, істеген сансыз жауыздықтарын әшкерелейді. Ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күш, тамырларына үңіледі. Оның экономикалық себептерін қазады. Халықтың тарихтағы шешуші рөлін көрсетуге зер салады. Хан өзі билеп отырған Дешті қыпшақ жұртына ауыр салық салуымен қоймай, әскер-жасақтарының күшімен қазақ ауылдарын тонауға көшеді. Жәнібек сұлтан қырға шыққан сайын кезіктіретін мына бір эпизод сол кездегі типті жағдай есепті суреттеледі.
Жәнібек бір сапардан оралып келе жатып «Әбілқайыр ләшкерлері шауып кеткен бір ауылдың үстінен шыққан. Шаңырағы күйрей жерге түскен үйлер…Ұлдары сойылға жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар…
Жәнібекті таныған ақсақал:
«- Шырағым, Жәнібек,- деген,- Бөтен елдерді шабуға жігіттеріңді бермедіңдер, мерзімінде алым-салықты төлемедіңдер деп ханның аш бөрілері ауылымызды шауып кетті. Еділ бойында да көрген күніміз осындай болатын. Құтқара көр енді бізді бұл қорлықтан!
- Қалай құтқарам?- деген Жәнібек.
- Әбілқайырдан бізді бөліп ал,- деп жауап қайырған қарт.- Өзгенің жер-суына қызықпайтын, өз елін жат жұрттай акыр алым-салық салмайтын жеке шаңырақ көтер.»[4]
Әбілқайыр тобыр санайтын қазақ ұлт-азаттық қозғалысы[5] осылай төменнен бас алады. Есенберлиннің және бір табысы, ол Шыңғысхан төре, сұлтандарының тарихи қатесін, өздерін ақсүйек санап, қарауындғы қазақты түгел қараға жатқызған шектен тыс дандайсуын, менмен өркөкіректігін көрсете білгендігінде дер едік. «Ханның ұғымы бойынша бұл ипрамдарды (тобырды – Ш.Е.) сұлтандар басқарады. Тек сол сұлтандармен тіл тапса болғаны. Сондықтан Әбілқайыр Орда маңына қазақтың Қаптағай, Бөрібай, Қарақожа секілді ерлігі үшін әр ру аттарын ұран ғып көтерген аңғал батырлардан көрі, өзі тәрізді дәулеті шалқыған сұлтан, әмір, хакімдерді жинайтын».[6]
2) Б.Нұржекеев
