Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеттин жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
572.49 Кб
Скачать

14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

“Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

АРкім өзі оқыған бір ангімесі не повестине тоқтала кетсін......

14 /1 Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отыр.Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық ғылыми мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.  Бұл мәселе тек ғылымдық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан айрықша қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан әдебиеттің басқа жанрларының ішкі түрі, нақыштары тарамдала зерттеліп жатқан уақытта сол игі істі жүзеге асырып отырған сын жанрының өзі тасада қалып қоюы орынсыз болар еді. Оның да басқа жанрлар сияқты өзіне тән творчестволық, ғылыми проблемалары, тарихы бар.  Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең - қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі. Екінші кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Үшінші кезең - қазақ әдебиет сынының өсіп -өркендеу дәуірі.  Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиетану ғылымы дүниеге келген әр бір көркем туындының идеясын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті. Әдеби сынның туу, қалыптасу проблемалары тек творчестволық қана емес, саяси әлеуметтік мәселелермен де байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді.  Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келді.Көркемдік даму мен эстетикалық талап - талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір - бірінің ілгері- кейінділігіне қарамастан өзара байланысты. Көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай болмақ деген мәселеге келген де, екі себеп бар. Атап айтқанда, субъективтік және объективтік себептерге тоқталып өткен жөн.  Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді. Сынның кейде әлеуметтік, кейде эстетикалық таңдауларға ден қоюының өзі де әдебиеттің қамтыған өмір шындығына белгілі дәрежеде тәуелді болатын кезін естен шығармау қажет.  Субъективті себепті сөз еткендер, ең алдымен сыншының білім деңгейі мен эстетикалық талғамының мол - аздығын еске алу қажет. Қай кез болмасын, әдебиеттің өрлеу кезінде де, оның кейде көркемдік жағынан да, қоғамдық пікірді ұйымдастыру жағынан да биік деңгейден табылмай қалатын шағында да сыншының білім - парасаты мен эстетикалық талғамы санаттан шығып қалған емес. . Мұның өзі сын дәрежесін аңғаруға қажетті субъективтік себеп  Екінші, объективтік себеп - көбіне әдебиеттің жалпы дәрежесіне тәуелді. Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көркем бейнелер жасау, типтік жағдайларды көрініспен суреттеу, тіл байлығын игеру, оқырманды ілгері ұмтылдыратын эстетикалық идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейден табылып жатса, онда сынның өресі биік болғаны. Сыншы әрқашан көркемдік дамудың кезеңді асуларында ойын өрбітуге қажетті дәлеледерді әдебиеттің күнделікті шындығынан ала отырып, келешекте шығар биіктерді бағдарлайды, әдебиеттің өркендер арнасын анықтайды.  Қазақ әдебиетінің даму жолдарын саралауда әдеби сынның рөлі айрықша. Қазақтың әдеби сыны кемелденіп келеді. Көркем творчествоның қандай келелі мәселелері мен нәзік құбылыстары болмасын, қазіргі әдеби сынымыз тексеруге де, тұжырымды түрде қорытуғы да әзір. Дегенмен, әдеби сынның шешілмей жатқан түйіндері баршылық. Сын мәселелерін мерзімді және ғылыми басыламдар көтермей жүр десек, шындықты аттап кеткендік болар еді. Керісінше, жарияланып жатқан материалдар баршылық.Оларда, көбіне, әдеби сынның алдында тұрған міндеттер мен кемшіліктер төңірегінде ғана әңгімеленіп жүр де, оның өзіндік ерекшеліктері, методологиялық және ішкі құрылымдық жақтарына тереңдей алмай келеді.  Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға талпынып жатқан елеулі еңбектер жарық көріп жатыр. Бұлардың ішінде, қазақ әдебиеті сынының тарихын көп жылдардан бері үзбей зерттеп келе жатқан белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің еңбегін атаған жөн. 

15-билет

1. Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағыпрозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. А.Байтұрсынов эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман),ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов осы негізде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” романға емес, ұзақ әңгімеге, сондай-ақ М.Әуезовтің “Оқыған азамат” әңгімесін Повесть үлгісіне жақын келеді деп қорытады. Ж.Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т.б. Повестьтері үздік көркем туындылар.

Очеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы» деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет.

Очерктің басты үш түрі: портреттік очерк; проблемалық очерк; жолсапар очерк;

Осылардың ішінен жолсапар очеркке тоқталсақ, жолсапар очерк – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б. Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді». Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар. Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы».

2. Д.Исабеков – шығармаларында өз халқының кемшілігін көріп, аяусыз сынай алған батыл жазушы. Ұлттық характерді ашу дегеніміз – сол ұлттың қасіретін, қарекет, тіршілігін, тағдырын бүркелемей сыртқа шығару. Автор осынау аса қиын, аса маңызды күрделі мәселеге өзінің көркем туындылары арқылы жауап іздеуді мұрат тұтқан. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді. «Бекет», «Гауһартас», «Сүйекші», «Мазасыз күндер», «Дермене», «Пері мен періште», «Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі» повестері. «Д.Исабеков шығармаларындағы психологизмнің көріну тәсілдері». Зерттеу нысанына алынып отырған суреткердің адамгершілік-парасаттылық сияқты мәселелерді көтерген шығармаларынан байқалатын басты ерекшелік – адамның ішкі әлемін, рухани сырын айқын аңғарту. Осыдан бастау алып, жалғасын тауып жататын жаңалықтың бірі – жазушы қаламынан туған көптеген шығармаларға тән тамаша нәзіктік, сазды сыршылдық, әдемі әуездік. Жазушы шығармашылығындағы кейіпкер психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, дене қозғалысы, психологиялық пейзаж, параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзіндік таным, түс көру, сандырақтау, күлкі, жылау, сыр ашу және т.б. арқылы жүзеге асып жатады. «Пері мен періште» повесіндегі Құлахмет ағайдың Сафураға алған біз өкше туфлиі, Нәзікетке арнаған қызыл лентасы мен жинаған ірі-ірі қып-қызыл алмалары да деталь қызметін атқарады. Қызыл лента Нәзікеттің бұрымына арналған. Қазақ отбасындағы бұрымды кішкентай қыздың қызыл алмадай өсіп келе жатқандығының белгісі. Қызыл түс – әдеміліктің, қызғалдақтай балғындықтың символы. Жазушы Құлахметтің көңіліне қуаныш орнатқан кішкентай ғана ботақанын өз отбасында, әке - шешесі қасында, қызғалдақтай өсіп келе жатқан періште көңілді Нәзікетті біз өкшелі Сафурадай шешесінің жұлып алып кетуін деталь дәлдігімен бере білген. Авторлық таным тұрғысынан біз өкшелі туфлидің өзін деталь ретінде алып, оны біздиген Сафура характерімен психологиялық параллелизмде суреттейді.

Д.Исабековтің «Мазасыз күндер» повесіндегі: «Әйел кеткен соң есімде елес болып қалған нәрсе  оның оттай жанған шырайлы жүзі мен жалт еткен жанары ғана болды. «Ол жанар –аптабы қайтпаған өмірді жырлап тұрды. Ол жанар  қазаны төңкеріліп, қасығы сынған ішкі бір дүниенің шама-шарқын баян етіп тұрды», - деген жолдар [8, 50] кейіпкердің бір қарағанына осынша терең мәнді сыйдыра білген қаламгердің әйел психологиясының білгірі екенін тағы бір аңғартса керек.

Көз жанарының түрлі сипаты арқылы адамның ішкі дүниесінде болып жатқан түрліше психологиялық хал-күйді таныту арқылы жазушы кейіпкерлерінің образдарын тереңдете ашып көрсетеді. Ал, «Сүйекші» повесінде жазушы сүйекшінің барлық ауыр тұрмысын бір сәттік көзқарасы арқылы аңғарта білген. Адам мен қарым-қатынас, әңгімелесу үстінде өзгенің бет-әлпетінен тек сол сәттегі эмоциялық сезімді, көңіл-күйді ғана емес, оның бүкіл ғұмырынан сыр шертер нәзік нюанстарды аңғара алатынын сезімталдықпен паш ете білген.

Д.Исабековтің  «Гауһар тас» повесіндегі Салтанаттың бойындағы керемет назды да биязды қылығын хас жазушыға тән шеберлікпен бере біледі. Бұл тұрғыда кейіпкердің болмысын ішкі-сыртқы бірлікте суреттей отырып, аса дарынды суреткер екендігін танытады. Жаңа келін болып түскен Салтанаттың ерекше жаратылысын, нәзік табиғатын, ұлттық психологияға тән портретін мінездеуде ашық сипатталады. Ұлттық психологиялық портретті Салтанаттың ұлттық жақсы қасиеттерді бойына мол жинақтаған жан иесі екенін жан-жағына қараған ибалы  көз жанарын суреттеу арқылы ұқтырады.

Д.Исабековтің «Гауһар тасындағы» ерлі–зайыпты Ыбыш пен Салтанаттың екі түрлі болмысы да осы күлкіге байланысты ашылады. Бақытты күлкі ойнаған әсем еріндерінің ар жағынан көрінген аппақ әсем тістері төгіле кететін ақ маржан секілді тізіле қалған. «Сөз соңын оның сыңғырлаған күлкісі көміп кетті. Әдемі күлкі, ерке күлкі». Оның бұл сөзі мен күлкісінде еріне деген жарасымды әжуа, жеңіл ғана байқалмас наз жатыр еді. Салтанатта   реніш те, зіл де жоқ, керісінше, нәзік әйелдің қатал еріне деген таңырқауы, сонымен бірге нәзік құрмет пен нәзік сезім жатыр. Адамның адамгершілік қасиетін анықтауда, оның рухани байлығын биік азаматтық тұрғыда түсіндіруде махаббат тақырыбының ерекше маңызы бар. Адамның ескірмейтін, тозбайтын осы бір мөлдір сезімін жазушы жете зерттей отырып, жас келіншектің нәзік жүрегінің лүпілін оқырманға сездірту арқылы өмірге құлшындыратын өршіл сезім күйін тап басады. Күйеуінің тоң мойын тұйық мінезін Салтанат тек күлкіге айналдырып, әзілге жеңдіріп жүреді. Өзінің еркін де ерке жаратылысына сай «барлығы да жақсылыққа қарай өзгереді» деп сенеді. Жалпы Д.Исабеков шығармаларында күлкінің кейіпкер психологиясын ашудағы орны ерекше екенін атап айтқан жөн. Дулат Исабековтің стильдік бір ерекшелігі – шығарма экспозизициясында келеңсіз, сүреңсіз табиғат көріністерін кейіпкерлерінің ауыр тағдырымен психологиялық паралелизм арқылы қатарластыра алуында. Жазушының «Тіршілік» атты повесінде шал мен кемпірі – екеуі бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатса да, бір-біріне деген жылылық сезілмейді. Екеуі өмір бақи бірге тұрса да әрқайсысының өз алдына жеке-жеке жалғызсырап өткен пенде ғұмырларын аңғаруға болады. Молдарәсілдің өз әлемі өзінде. Өмірінің мәнін, сәнін келтіріп, адам ретіндегі бар тілегінен туған бір қуанышы – көкнәр. Мазасыз, жалғызсыраған тірлігінің емі де осы көкнәрмен өлшенетіндей.

3. Асқар Сүлейменов (29.12.1938, Шолаққорған елді-мекеніСозақ ауданыОңтүстік Қазақстан облысы – 15.5.1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы,драматург. “Парасат падишасы” (1998), “Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері. А.СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ  СЫНШЫЛЫҚ ЭТИКАСЫ

Жазушы Асқар Сүлейменов әуел  баста әдеби  қауымға  сыншы ретінде  танылған. Өзінің  алғашқы сыни еңбектерінде  ол  жекелеген жазушылардың  шығармашылығы жайында  сараптама мақалалар  жазды. Сыншы қаламынан туған Ә.Нұрпейісов, Т.Әлімқұлов, Т.Ахтанов т.б  жайлы сыни  мақалалар осыған  дәлел бола алады. Сыншының  алғашқы мақалаларына тән  ерекшелік-ол  әрбір  жазушының  қолтаңбалық ерекшелігін  дөп басып, еңбектері  талданып  отырған суреткердің  ішкі  шығармашылық иірімдеріне  тереңдеп  ене білу. Сондай  мақаланың  бірі  шебер жазушы Тәкен Әлімқұлов  әңгімелері  жайлы  жазылған «Тәкеннің шаңқанбоздары» деп аталады. А.Сүлейменовтың сыни  мақалаларының  бәрі де көркем, шешен  тілмен жазылған. Ол оның  бір  қолтаңбалық ерекшеліктері. Оның  сыни  мақалалары сын жанрларының ішіндегі «эссе»  жанрына жатады. «Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры» [1, 67 б.]. Әдебиеттегі эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.А.Сүлейменовтың «Тәкеннің  шаңқанбоздары» атты эссесі   еркін  көркемдік стильде жазылған. Эссе Т.Әлімқұловтың «Саржайлау», «Көкқаршыға» әңгімелері  жайында болады.   «Көкқаршыға»- Ақан  сері  жайлы  әңгіме. Сыншы  кейіпкер  Ақанға «қараңғы аспанға  қарсы  шапқан  арыстан -өнер  иесі» деп баға  береді. Т.Әлімқұлов-өнер  иелері  жайлы қаузап  жазған, аса  білімді  білгірлікпен  жаған  суреткер. Оған  дәлел  ретінде  жазушы шығармашылық әлемінде  сомдалған  Махамбет, Тәттімбет, Ақан сері, Сейтек  сынды образдарды келтіруге  болады. Сыншы  жазушы  шеберлігін  осы қырынан  келіп  қарастыруға  тырысады. Екінші  әңгіме «Саржайлау атақты  күйші  Тәттібет  жайлы. Сыншы  Т.Әлімқұлов  әңгімесіндегі кейбір  тілдік шеберлік  тұстарын  М.Әуезовтің «Абай  жолымен» салыстыратыны  бар. Бұл  салыстыру жәй  емес болса керек. Т. Әлімқұловтай аса  стилист  жазушыны М.Әуезовпен салыстыру ол бүгінде поэтикалық  заңдылық  болып көрінеді. Кезінде  Абай  жайлы «Жұмбақ жан» атты зерттеу  еңбек жазған Т.Әлімқұлов өзі  шығармашылық  тұрғыдан жұмбақ жанға айналып отырған  тұлға. Осы  орайда  сонау 60-жылдары  жас сыншы А.Сүлейменовтың Т.Әлімқұловтың суреткерлік құпия лабораториясына  үңілуі  құптарлық  білгірлік  қадам деп білеміз. А.Сүлейменовтың сыншылық  жолдағы  ірі бір туындылары М.Әуезовтің 80 жылдық юбилейіне  арнап  жазған «Болмыспен  бетпе-бет» атты  мақаласы. Сыншы метафоралық шешен  тілмен М.Әуезов  шығарашылығының  болмасына  үңіледі [2, 117 б.]. Автор  жазушыны «тұлпар тұяқ  сияқты  бір  жұп  қабырғасы  артық  суреткер. Айдар-кекілін жаңа заманның желі тарап, айдын қасқасын жаңа  заман  ашқан  суреткер...» [2, 266 б],- деп  әспеттейді. Автор М.Әуезов  драмалық шығармаларын  Горький, Брехт, Дюрренмат, Сартр туындыларымен салыстыра  отырып қатар  қояды. Бұл  жерде  ол, әсіресе, жазушының «Дос- Бедел дос» атты  шығармасын жоғары бағалайды. М.Әуезов  прозасын Л.Толстой, Э.Хемингуэй дүниелерімен салыстырады. Сыншы М.Әуезовтің қазақ ұлтының  болмысындағы  оның тарих, мәдениет, әдибиет  сынды  салаларындағы  олар  орнын өзінше  анықтап көрсеткісі  келеді. Онысы табысты шыққан. Бір ғана «Әуезовтің  қасында  Ғабеңнен, Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтен басқаның бәрі  оқушы» деген пікірінің  өзі  үлкен салмаққа  ие  болып көрінеді. Бұлай  ой-пірік  айту  үшін де  рухани  тәуекелге  бару  керек  екені түсінікті.  Дәл осы  сарындас  мақаланы  автор Ғ.Мүсіреповтің  70 жылдығына  орай  «Өлшеніп  өнер тартылса...» атты  тақырыппен  жазды. Жазушыны сыншы қазақ  совет әдебиетінің  кексе  гвардиясы  деп  таниды. ҒМүсірепов ерекшелігі  ретінде  сыншы  оның  аз  жазатыны, сөзге аса үлкен  жауапкершілікпен қарайтынын айтады.  Жазушының  бұл ерекшелігін сыншы: «көлігі-сөз, өзі- сөзге көлік» деп афторизмдік қалыппен тұжырымдайды. Жазушы шығармалығының көрсеткіші ретінде «Тулаған толқында», «Боранды түн»,  «Ұлпан»,  «Ақан сері-Ақтоқты» атты шығармалары  аталады. Сыншы  жазушы тіліне  байланысты  сөз – сылқым, сөз-қаңтар, сөз-семсер, сөз –сиқыр, саңлақ сөз, сөзмер деген тіркестерді  пайдаланады. Сыншы жазушының тіл ерекшелігін «сөзді  рәсуа етпейтін» суреткер деп  білдіреді. Тағы да: «Ғ.Мүсіреповтің жазу  машығында тіл – дәмін татар, құлақ-әуезін естір, көз –көркін  көрер байырғылық бар» [3, 269 б] ,- деп саралайды. «Түр туралы бірер сөз» - А. Сүлейменовтің  алғашқы кезендегі  шоқтықты  әдеби  теориялық  еңбегі. Өзінің  ауқымына, сипатына  қарай бұл туындыны  жазушының әдеби-бағдарламалық  дүниесі  деуге  келеді. Мақала  тықырыбы  жалпылама, ауқымды болғанымен, автордың көздеген нысанасы ол –баяндау  стилі. Автор «баяндау прозаның бас  құралы» дейді. Бірақ бұл  тұжырымын  қатып қалған күйде деп  түсінбейді. Оны мақала барысында автордың өзі де  өз тұжырымына  қарсы келіп  байқатады. Автор «баяндау шеберліктің бірден-бір проблемасы емес. Бастыларының бірі ғана»,- деп тұжырымдайды. Баяндай стилінің ерекшеліктерін зерделегенде, автор сол баяндау түрлерін (мен, ол) туғызған дәуір сипатын тануға ұмтылады. Ол үшін автор Гомер, Толстой, Әуезов заманын, дәуірін нысана етіп алады. Яғни, автор көркем проза тарихында негізгі дамудың ірі үш сатысы деп осы үш авторды үлгі, нысана етіп алғанға ұқсайды.Автор, жалпы, «менің» ХІХ ғасырда көрнекті боп көрінуін музыкамен байланыстырады. «Музыка ең алдымен – мен». Не: «Қалай болғанда да Дидро Руссо шығармалары Бах пен Гендельге жақын, немесе музыкасындағы осынау екі Асқардың немересі болмаса да жиеншары сияқты» [3, 131 б.]. Бұл А.Сүлейменовтың қызық тұжырымының негізі де жоқ емес сияқты. Бұл автордың әлемдік әдебиет тарихына баяндау түрі (мен, ол) тұрғысынан талдау жасауы. Бұл жерден біз жас жазушының әлемдік әдебиет, эстетикалық мәнін, тарихи қаңқасын жетік меңгеріп үлгергенін байқаймыз. Бұл бір әдеби шолу, этюдер секілді. Ал, енді шығарма-эсседегі (туынды жанры жағынан – эссе) тағы бір көрнекті толқын –осы әлем әдебиеті қатарындағы қазақ прозасының күй-жайы.Жалпы алғанда, А.Сүлейменовтің бұл сыни мақаласы өзінің шын мәнісінде теориялық тереңдігімен, жүйелілігімен ерекшеленеді. Әдебиетке енді араласқан жас сыншыда ондай кәсібиліктің жоғарғы үлгілі дәрежесінің  болуы оның сыншылық шеберлігін анықтайды. Шындап кегенде, бұл жерде жас сыншының ұтары оның көтеріп тұрған нақты проблемасында да емес. А.Сүлейменовті мазалап тұрған тек баяндау проблемасы емес және қазақ әдебиетінің сол кезеңдегі тұмсығы тіреліп тұрған мәселе де сол баяндау мәнері емес еді. Әңгіме басқада. Әңгіме тұтас алғанда қазақ әдебиетінің, соның ішінде Әуезов кезеңінен кейін заман талабына сай жаңа прозаның төбе көрсете алмауында еді. Бұл кезең сондай дағдарыстың тұсы болатын. А.Сүлейменов мақаласы сол үлкен дағдарысты сезген, өлі тыныштықты бұзған дүние болатын. Сондықтан да, оның әдебиет өмірінде елеулі оқиға туғызып пікірталас нысанына айналуы заңдылық еді. Ол дағдарыстың бір ұшығы әрине тек М.Әуезов феноменінде емес, М.Әуезовтен кейінгі әдебиетіміздегі (М.Әуезов деген 20-40 жылдардағы әдеби құбылыс қой) белең алған жұтаңдық, ортанқол дүниелердің әдебиет авангардына айналуы да ғана емес, сонымен бірге алашордашылар әдебиетінің, соның ішінде, әрине, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың жабық қараңғыда қалып, әдеби айналымнан түсіп қалғанында болатын. Ж.Аймаутовсыз қазақ прозасы қандай өңсіз, солғын тартады десеңізші?! Ж.Аймаутов – қазақ прозасының кемеңгер реформаторы емес пе? Егер «Бақытсыз Жамал»,  «Қартқожа» сол кезде әдеби айналымда жүрсе А.Сүлейменов шығармасы дәл осы қалпында жазылар ма еді? Осындай дәстүр жалғастығы үзілген әдебиеттегі жартыкештік халді А.Сүлейменов іштей де, сырттай да сезе білген. Соның әсерінен оның эссе соңындағы риторикалық сұрақтары туындайды. Олар: «Мүмкін, тіпті, біз үйренген композиция проза алдындағы бүгінгі міндет, талап қасында қысаң шығар?» – дегені.  «Біз үйренген композиция» қайсы композиция? Ол белгілі социалистік реализм әдісімен қалыптасқан дүниелер. Немесе: «Мүмкін көп-көп роман, повестердің сұрқылтайлығы көркемдік саяздығына, тілдік бишаралығына қоса архитектониканың жарым жандығына, жартыкештігіне, июге келе бермейтін доғалдығына қатысты шығар». Міне, бұл сол кезең тұсындағы шала-жансар прозаның халі. Оның сырқатына, ауру жеріне автор дәл диагноз қойып отырған жоқ па? Бұл пікірдің басқа авторларды айтпағанның өзінде, М.Әуезовтің  «Абай жолы» эпопеясының соңғы кітаптарындағы айқын көрінуге тиісті болған және социалистік реализ әдісінің шалықтарына да қатысы бар. Жалпы, А.Сүлейменов шығармасын келте түрде мақала деймін, эссе деуміздің себебі, ол бір тар шебердегі тақырыпты қозғамайды. Шығарма жан-жақты, сан қырлы мәселелер қозғауымен көзге түседі. Олар: әлем әдебиетіне түр тұрғысынан шолу, Хемингуэй феномені туралы пікірлер, қазақ әдебиетіндегі дағдарыс, қазақ прозасының техникасы, қазақ әдеби сыны, дәуір сипаты деген мәселелер. Әлем әдебиетіне түр тұрғысынан шолу жасау деген жас сыншы үшін оңай шаруа емес.А.Сүлейменовтің сын мақалалары жоғарыда айтқанымыздай сол кездегі бәртоға әдеби ортаға үлкен серпіліс, қазғалыс әкелген. Сыншы шығармаларына пікір білдіруші атақты сыншы З.Серіққалиев мақала туралы «жұртшылық назарын бірден аударды» деп жазады. Және шығарма құндылығын байқататын мынадай ой-пікір білдіреді: «Көркем прозаның түрі, тәсілі туралы бұлай мәселе көтеріліп, пікір таласының басталуы қазақ әдебиеті тарихындағы тұнғыш рет байқалып отырған құбылыс» [4]. Автордың да көздегені осы.Бұл жазушының сол кездегі сын жанрының кемшін тұстарын дөп басуы. Қазақ сыны ол кезде орыс әдеби сынының көзсіз көшірушісіне, “штамп” сынға айналған-тын. Бұл сонау 30 жылдардағы тұрпайы социалогиялық сыннан бастау алған құбылыс еді. А.Сүлейменов шығармасының әдеби ортаға серпіліс әкелуі де оның сол көшіруші сынға мойынсұнбай, дайын трафареттік формадан қашып, тың сүрлеумен жүруінде еді. Автордың «Түр туралы бірер сөз» атты эссесі жазушының алғашқы кезеңдегі жан-жақты сұлу, көркем жазылған дүниесі. Шығарма ойлылығымен, жан-жақтылығымен көзге түседі. Көтеріп отырған мәселесінің ауқымдылығы , тартымдылығы заман талабын, әдебиет әлемінің жанды жерлерін дөп басқыш қасиетін көрсетеді. Және де, жоғарыда ескертіп өткеніміздей, осы шығармадан биік интеллект пен сұлу көркемдіктің тізгінін қатар ұстаған, болышақ осында йәдемі қалыптағы жазушының кейпін анық таимыз. Сыншы шығармасы, жоғарыда айтып кеткеніміздей, өзінің көтеріп отырған проблемасымен, дауымен құнды. Сыншы қазақ әдебиетінің, соның ішінде қазақ прозасының үлкен өзгеріс алдында тұрғанын түйсікпен сезетіндей көңіл-күй танытады. Бұл – «алпысыншы жылғырар» әкелетін ірі әдеби құбылыс. Соның ішінде, әрине, прозалық жаңалық құбылыс бар. Сыншы ең бірінші нені іздейді? Түр. Иә жазушы жаңа түр іздейді. Іргеде ХХ ғасырдың 60 жылдары тұрды. Заман ауысты. Дуние өзгерді. Жаңа ұрпақ тарих сахнасына шықты. Жаңа ұрпақ жаңа көзқарастар әкелу керек. Олар үшін өткен заман пошымы ескірді. Енді жаңа заманға лайықты түр керек. Қазақ прозасы даосндай үлкен өзгеріс, жаңалық табалдырығын аттағылы тұрған болатын. М.Бахтин айтпақшы: «Жаңа көркемдік таным түрлері өте баяу, ғасырлар бойы пісіп-жетіледі, ал, дәуір болса жаңа түрдің жарыққа шығуын тек қолайлы сәттер туғызады»,- деген еді Ө. Қырғызбаев [5, 27 б.] Сыншының сын мақалалары сан алуан мәселелерді байыпты қозғауымен ерекшеленеді. Олар: әлем әдебиетінің тәжірибесінен оқырманын хабардар етіп отыру, әлемдік өнер тұлғаларының творчествосы туралы танымдық пікірлерді орынды келтіріп, мақала мазмұнын байыту, қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, әр кезеңдегі тенденциялар, қазақ поэзиясының техникасы, өлеңдегі жаңа мазмұн, түр, поэзиядағы ой, образ, музыкамен байланыстылық, тағы басқа жайлар. «Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді» деген пікірінің көрінісін көркемдік, әсемдік категорияларынан іздейді. А.Сүлейменовтың сыни мақалаларынан әсемдік пен бейнелілік, сыншылық пен шешендік қатар көрініс беріп жатады.

16-билет.