- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
Тартыс пен мінез – драматургия жанрының ең негiзгi өзегі. Драмалық шығармадағы тартыс - қарама-қарсы ниеттегi қаһармандар бойындағы iшкi және сыртқы әрекеттерiмен тығыз байланысты. Кез-келген драмалық шығармада тартыс пен мінез қызметi солғын болса, ол – шығарма көркемдiгiн төмендетуге апаратыны белгілі. Мінез мәселесiн ашуда да әр суреткердiң амалы әр түрлi.
Драмадағы жағдай – кең ұғым. Қаһармандары өмiр сүрiп отырған қоғамның тынысы, ортаның жай-жапсары, заманының ағысы, кейiпкерлерiнiң атқаратын iс-әрекетi – барлығы осы жағдайға байланысты дамиды.
А. Байтұрсынұлы: ”Тартыстың өзi басты-басты үш тарау болып бөлiнедi: 1) мерт, яки әлектектi тартыс [трагедия], 2) сергелдең, яки азапты тартыс [драма], 3) арамтер, яки әурешiлiк [комедия]. Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сөз қу тiлдi болса, қулықты деп аталады; қисыны қызық болса, күлдiргi тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы деп аталады.
....Айтыс-тартыс сындар әдебиетiнiң бiр сөзi…Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. …айтыс-тартыста уақиғаны бiреудiң айтқанынан естiп бiлемiз. Көзбен көрiп те бiлемiз. Асылында, айтыс-тартыс iшкi ғалам мен тысқы ғаламның түйiскенiн көрсететiн сөз түрi” [2,448],- деп драматургия жанрының түрлерiне алғашқылардың бiрi болып түсiнiктеме беріп, тұжырым жасаса, М. Әуезов: “Драматургиядағы конфликт мәселесi - пьесаның жанрлық белгiсiн көрсететiн шешушi элементтердiң бiрi… драматургияның негiзгi компонентi. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгi жалғыз осы конфликт” [3, 361] ,- деп атап өткен болатын. Р. Нұрғали: “Драматургия–қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың басында әлеуметтік – қоғамдық факторлардың ықпалы мен ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жаңа жанрлық форма. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне әсер еткен негізгі дәстүрдің бірі – халықтың сан ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры” [4, 470], - дейді.
Жалпы қазақ және шетел филология ғылымында драмалық шығармадағы тартыс пен мінез жайында жазылған ғылыми еңбектер қатары көп [5]. (Шапауов Әліби Қабыкенұлы, «ДРАМАДАҒЫ ДӘСТҮР, Сәкен Жүнісов – драматург» Павлодар – 2004).
2. «Қан мен терде» - ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқы.
Міне осынау дәуірдің әдебиетте көркем суретін салмақшы болған Нұрпейісов неге иек артып, нені үлгі тұту керек еді. Осы жерде алдымен бір кездегі жас Михаил Шолохов еске түседі. Ол өзінің «Тыныќ Дон» секілді ұлы туындысына кірерде, оның көз алдына эпопеяның ең керемет үлгісі ретінде Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы тұрғаны тәрізді, жас Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясына кірісерде, көз алдына тарихи – революциялық эпопеяның оңды үлгісі ретінде Михаил Шолоховтың ұлы туындысы «Тынық Дон» тұруы және сол үлгіні Нұрпейісовтің ақылымен де, жүрегімен де қабылдап өнеге тұтуы бақыт боп табылған.
«Тынық Донның» қаһарманы –Дон казагі Григорий Мелехов, «Қан мен тердің» қаһарманы – балықшы Еламан. Оларды туыстастыратын – тағдыр. Екеуі де шырғалаңнан шындық іздеп шарқ ұрушылар, екеуі де халық ортасынан шыққандар. Бірақ бірін-бірі қайталау емес. Әрқайсысы өзді-өзі .
Еламан образы – типтенген жиындық образ. Еламан сықылды көңіл көзі болатын-ды. Тәңірберген, Кәлен, Ақбала образдары да шындыққа сай көркем дәлелдемемен, психологиялық тереңдікпен Шолоховша мінезделген. Мұның сыры неде? Мұның сыры Шолохов шеберлігінің құпия сырын терең түсінуде. Және дисертатсиясында былай деген Еламанды жазушы кезінде “Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіне ұқсас екендігі айтқан болатын”.
«Қан мен тер» геройлары – кәдігулі қазақтар, малшылар, балықшылар, Нұрпейісовтің жерлестері, ағайын – жұрты.
аталмыш романдағы Тәңірберген образы болса, басында бала жігіт кезінде әлі жамандықпен ауызданбаған, ешкімге зияны жоқ, биязы ғана жас мырза сияқты еді.3. 229 Ол бар мінезін жүре келе ашады. өз табының мақсатын көздеген тартыс, күресте қатал, мейірімсіз, арам, айлалы жігіттің ой-санасында, сезім-сезігінде ара-кідік ар-ұят, ұждан және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттері де ұшқындап қояды сол кезде оның айнала дүниеге ақынша романтикалы көз жанарымен қарайтына бар. Ал өз табының күйрегініне көзі жеткен кезде Тәңірберген өз қатарынан бір мойын озық парасаттылық танытады. Ол заман заңы жөнінде философиялық ой түйеді. Ұзақ күрестің нәтижесінде Еламан өз табының жеңетініне сенсе, Тәңірберген өз табының жеңілетінін түсініп торығады.Тәңірберген образы бұл кейіпкерлерге ұқсайды, бірақ ерекшеліктері де бар. Себебі, әр жазушы бұл оқиғаны, кейіпкерлерін, әр түрлі етіп көрсетеді, шеберліктері де болып келеді. Тәңірберген сырт көзге бұл ауылдың мал жаны мен ісі жоқ кісі секілденіп, бойын аулақ салып жүрген мен түптеп келгенде мал қамын мына екі ағасынан артықырақ ойлайтын жігіт.
Ал романдағы Ақбала образы басында Анна Каренина секілді, бірде «Тынық Дондағы» Аксинья секілді бірден оқушы назарын аударды. Өзінің сүйкімді қасиеттерімен, сұлу, таза сезімімен сүйсіндірген ол ақыры оқушының көңілінен шықпай, кірбің түсіреді. Әрине, ол жиреніш емес, аяныш тудыратын хал – деп М±ќаметжан Ќаратаев пікір білдірген екен.4 Иє,оқушы қанша тілектес болса да, Ақбала жүрек әмірімен қоғам заңының арасындағы шытырман қайшылықтан шыға алмады, қате үстіне қате жасады, оны өзі бір мезет Еламан алдында мойындады. Бірақ оның Еламан жоқта Тәңірбергенге тайып тұруы тек «махаббат» әмірімен ақталмаса керек. Бұл тұс Ақбаланың бастан алғау-талғау сүйіспеншілігінен адамгершілігі үстем болуға тиіс тұс еді. Ақыры ол осының тауқыметін тартып күйкі күйге душар болды. Сонымен, баста жақсы образ бара-бара солғын тартты. Ақбала тағдыры аянышты болғанымен, трагедиялы қалып ала алмады. Ақбаланың Еламан алдында өз қылығына өкінуі, ұзын сары Әнуарға тиіп, оның жетім балаларын асырауы әйел бақытсыздығын аз да болса жұқартқандай.
«Қан мен Тер» трилогиясында Арал, Шалқар, Ақтөбе аудандарындағы революциялық дәуірдің өмір құбылыстары суреттелген.
Әбдіжәміл Нұрпейісов қаламгерлік қажыры мен қайсарлығына таңданбасқа болмайды. Демек, «Қан мен Тер» романы қазақ өмірінің тіршілігін сомдаған, қазақ әдебиетіндегі ең құнды да таусылмас қазыналы еңбек деп ауыз толтыра айта аларымыз анық.
3. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды.
14-билет.
3-сұрақ.Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 — 1983 жж.)
Дүниеге келгені: 1935 ж. қарашаның 28 (1935—11—28) (75 жыл), Қошалақ ауылы, Құрманғазы ауданы, Атырау облысы. Қайтыс болғаны: 1983 ж. қаңтардың 22.
Мансабы: ақын, жазушы.
Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері..
Өмірбаяны
1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Ашақ деген жерде дүниеге келген.
Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін.
1956–59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқыған. Содан кейін «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Баспалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж. Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды.
Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А. Вознесенскийдің, Е. Евтушенконың, Н. Хикмет пен Ә. Файзи шығармаларын аударған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен, негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды.
2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.
Шығармалары Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында Жүмекеннің өлеңдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып жүрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді: «Балауса» (1961), «Сыбызғы сыры» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, үмытуға болмайды» (1965), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мен туған күн» (1972), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым, саган айтам» (1970), «Қызғалдақ жайлы баллада» (1971), «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977) «Темірқазық» (1981), «Менің топырағым» (1985) кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы (1996–1997), «Мен — тамырмын» дастандар (2001), «Қасірет пен қайсарлық» (2001), «Жүмекен» (2002), «Жаңғырық» (2003). 1967 жылы «Жоқ, үмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шетел тіліне аударылған
