
- •1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •2. Т.Жароковтің эпикалық шығармалары
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •"Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •20Билет
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
№ 1 билет
1-сұрақ. Кеңес әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Осы дәуір әдебиетінің басты ерекшелігі - жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы. Жаңа туындылардың көбеюі, әдеби процестің ұлғаюы негізінде әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да қарқынды дамыды. Әдебиет жанрларының барлық түрі тең дамып, олардың тұрақты кадрлары қалыптасты. Жаңаша күшпен толыққан ұлт әдебиетінде талантты топ өкілдері өз шығармашылығымен әдебиетті байытты.
Зерттеуде одақ және дүниежүзі көлемінде мойындалған ұлт әдебиетінің көркемдік эстетикалық табыстары, оның өз дәуірімен байланысы кең қарастырылған. Еркіндік, бостандықты аңсаған ұлт әдебиетінің халықтық сипатына көңіл аударылады. Осы талаптардың барлығы да "Қазақстан - 2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекеттік бағдарламалармен толық үндеседі.
Кітаптың құрылымы "60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия", "Проза", "Драматургия", "Сын мен әдебиеттану" атты жанрлық шолу тараулармен бірге "І.Есенберлин", "Х.Ерғалиев", "Ж.Молдағалиев", "С.Мауленов", "ТАхтанов", "Ә.Нүрпейісов", "Қ.Мұхамеджанов", "Ғ.Қайырбеков, "С.Жүнісов", "М.Мақатаев" "Қадыр Мырза-Әли", "Т.Молдағалиев", "Ә.Кекілбаев", "М.Мағауин", "Қ.Ысқақов", "Ш.Мұртаза" сынды сол дәуірде үздік табыстарымен көзге түскен ақын-жазушылардың шығармашылық портреттерінен тұрады. Бұл тараулардағы материалдарды осы дәуірдегі "Әдеби байланыстар", "Қытай және Монғолия қазақтарының әдебиеті", "Орыс тілді қазақ әдебиеті" сынды тараулар толықтырады. "60-80 жылдардағы әдеби өмір шежіресі", "60-80 жылдардағы қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші" де кітаптың мазмұнын көтере түседі.
Кіріспеде 60-80 жылдардағы әдеби процестің даму тенденциясы әдебиеттің көрнекті туындылары негізінде көрсетілген. Қазақ әдебиеті тарихының даму жолдарының ерекшеліктері, әдебиетке жасалған биліктің әр қилы ықпалы, заман мен қоғам, адам арасындағы байланыс сабақтастырыла қаралған.
Поэзия жанрына арналған тарау өз ішінен лирика, поэма болып екіге бөлініп зерттелді. Лириканың заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда ұшқарылық танытқаны, көркемдік деңгейі жағынан жаңа сапаға көтерілгендігі зерттеуде жете айтылды. Эпикалық жанрдың өсу, өркендеу жолы тегіс болмағандығы, оның себеп-салдары да сөз болады. Қазіргі қазақ поэзиясының тарихтағы орны анықталып, ғылыми тұрғыдан баға беріледі. Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Х.Ерғалиев, А.Шамкенов, Т.Әбдірахманова, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, Қ.Жұмағалиев секілді ақындардың сүбелі поэмалары қазақ поэзиясының табысы ретінде көрсетілді.
Проза жанрының жедел өркендеуі көрнекті жазушылардың шығармаларымен айқындалды. Прозаның өзі өз ішінен әңгіме, повесть, роман (тарихи және осы заман романы) жанрлары бойынша зерттелді. Әңгіме жанрына қомақты үлес қосқан Т.Әлімқұлов, О.Бөкеев, Т.Нұрмағамбетов, Д.Исабеков т.б. жазушылардың шығармалары зерттеу нысанына алынды.
Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан", Ә.Шәріповтің "Партизан қызы", Н.Ғабдуллиннің "Кестелі орамал", Б.Соқпақбаевтың "Қолқабыс", С.Шәймерденовтің "Мезгіл", Т.Әлімқұловтың "Көк қаршыға", Қ.Жұмаділовтің "Көкейкесті", М. Мағауиннің "Қара қыз", Т.Нұрмағамбетовтың "Он төрт жасар жігіт" т.б. жазушылардың шығармаларымен повесть жанрының негізгі белгілері анықталған.
"Осы заман романдары" тарауында қазіргі өмір туралы шығармалар бүгінгі күн тұрғысынан лайықты бағасын алды. Ә.Нұршайықов, Т.Ахтанов, З.ПІашкин, З.Қабдолов, Қ.Жұмаділов, Б.Нұржекеев, Д.Исабеков, Д.Досжановтардың осы заман тақырыбындағы романдарына жіті талдау жасалды. Тарихи романдардың көшбасшысы саналған І.Есенберлиннің "Қаһар" романынан бастап, М.Мағауиннің "Аласапыран", Ә.Әлімжановтың "Жаушы", С.Сматаевтың "Елім-ай", Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" т.б. романдарды зерттеу барысында олардың көркемдік ізденістері жөнінде тың тұжырымдар ұсынылған.
Бұл тұста қазақ драматургиясы дәстүрлі жолын ары қарай жалғастырып, сол дәуірдің талап-талғамынан туған құнды шығармаларымен толыққандығы да зерттеуде жете айтылды. Тарихи тақырыпқа жазылған Ш.Мұртаза, О.Бодықов және бүгінгі күн өмірінен алынған Т.Ахтанов, С.Жүнісов пьесалары зерттелді. О.Бөкей, Д.Исабеков, Н.Оразалин, А.Сүлейменов, С.Балғабаевтардың пьесаларында әлеуметтік құбылыстарды зерттеудегі шығармашылық батылдық пен философиялық топшылаулар кездесетіні, оқиға мен тартыс ұйымдастыруда, бейне сомдауда өткенді қайталамайтын, жаңаша, өзгеше бір ізденіс үрдістері байқалатыны да баса айтылған.
Әдеби сын мен әдебиеттанудың мәселелеріне заман талабына сай жаңа пайымдаулар жасалып, тың пікірлер білдірілген. Бұл саладағы ізденістің өнімді болғандығы нақты мысалдармен көрсетілген. Шығармалары әлем тілдеріне аударылып, ұлттық әдебиетке қомақты үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармашылық өміріне жеке-жеке тараулар арналды. Әрбір қаламгердің көркемдік ізденістері шығармаларға талдау жасау негізінде айқындалды. Олардың ұлттық мұрамызға қосқан үлесі сарапталып, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны анықталды.
Ұжымдық зерттеуді жасауға қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері қатысқан. (10 томдық «қазақ әдебиетінің тарихы» 9 том)
2- сұрақ. Оянған өлке - роман.
Оянған өлке - Ғабит Мүсіреповтің 1953 жылы жарыққа шыққан қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 цандарында жарияланып, 1953 жылы роман жеке кітап болып шығады. Ал романның жалғасы ретінде «Жат қолында» романы арада отыз жыл салып жарыққа шықты.
Екі кітаптан тұратын романда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік,экономикалық хал – ахуалы, барша тұрмыс – тіршілігі,Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң — 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан – жақты терең суреттеледі. Романда қазақ өмірінің сол кездегі тарихы да, әлеуметтік тұрғысы да, этика мен эстетика да, әдет – ғұрыптық, салт – санасы да үлкен суреткердің ой елегінен өтіп, бейнелі көрініс тапқан. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейдіСонымен қатар романда қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерлерінен айрылған,мұқтаждыққа ұшыраған,жұттың кесапатына душар болған,малдарын қырып алған шаруалардың күйзелісін көрсеткен.Мұның себептеріне көшпелі мал шаруашылығына кезектесіп келетін жұттың ауыр зардаптары,ХІХ ғасырдың соңына қарай отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруашылықтарына мөлшерден тыс ауыр салықтардың салынуы,құнарлы жерлерін жаппай тартып алуыдың үдей түсуі жатады.Қоныс аударушы орыстар мен қазақтардың достық қарым –қатынасын шебер бейнелеп көрсеткен.
Шығарма кейіпкерлері
Игілік - паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді.
Сандыбай – шебер. Он саусағыынан өнер тамады. Ағаштан түйме түйеді. Өзі айтқандай он саусағы алтын. Шеберлігімен елге танылған. Игіліктің ақ үйін салып берген де осы.
Жұман – мал бағумен ғана шұғылданатын ескіліктің адамы.
"Жат қолында" романы
Ғ. Мүсіреповтің көлемді соңғы туындысы - "Жат қолында" романы оқырман қауымынан жақсы бағасын алған. роман "Оянған өлкенің" заңды жалғасы. сондағы оқиғалар ілгері дамыған. сонымен бірге жаңа дәуірдің жаңа адамдарын, қазақ қоғамының нағыз оянған шағын - екі ғасыр аралығы мен жиырмасыншы ғасырдың бас кезін қамтыған дербес шығармадай әсері барын да айтқан жөн.
Көркем әдебиет те - адамзат қауымы тәрізді, биігі мен ойысы, тереңі мен тайызы бар тірі организм. Еңсесі биік, қолтаңбасы бөлеккейбір шығармалар көп жүкті көтеріп, бүкіл әдебиет әлпетін өзгеше таныттырады. Тап бүгінгі көркем әдебиетімізге көз салсақ, "Жат қолында" романы осы пікірімізді дәлелдей түседі. Олай дейтін себебіміз: біріншіден, жаңа романда қазақ тарихының ұзақ дәуірі, үлкен белесі терең, ауқымды алынып, оның қоғамдық, әлеуметтік мән-жайы шыншыл қаламмен ашып көрсетіледі; екіншіден, жалпы роман жанрының әрі қарай дами түскенін аңғарамыз.
"Жат қолында" романында өткен ғасыр аяғынан кейінгі ұзақ заман хикаясы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты характерле, бейнелі суреттер, мінез-құлықтар бар.
Ескінің өшіп,жаңаның өсіп келе жатқан заманында күрескерлік дәрежеге жеткен Кенжеғарадай қажырлы жан, бас кейіпкермен танысамыз.
Игілік бидің баласы Кенжеғара былай мінезделеді: "... Игілікке тартқан сом денелі, еңселі, кең иықты, көрнекті жігіт болып келеді. Алымды да шалымды ұтқыр жігіт болатын. Заман қалай құбылса да Кенжеғараны алдай да алмас, адастыра да алмас". Бірақ Кенжеғара бейнесі әрі қарай басқаша сомдалып, басқа арнаға түсе береді. Романның өне бойынан оның қалыптасу, ер жету жолын көріп отырамыз. "Ауылнайға хатшы болып, жұртқа пайдамды тигізсем" дейтін Кенжеғара болыс болған соң: "Игілік жолы маған емес, мен ол сүрлеумен жүре алмаймын". Оқығаны, ойлағаны бар жас жігіт әділет іздейді. романның соңғы бөлімінде Кенжеғара - саяси күрескер, қоғам қайраткері.
"Жат қолында" романы алғашқы кітаптың жалғасы болуымен қатар өз тарапынан мол жаңалық әкелген шығарма да. "Жат қолындағының" ерекшелігі сол - біріншіден, шығарманың материалы да, тақырыбы да, қойып отырған проблемасы да өзгеше. Екіншіден, жаңа кейіпкерлері баршылық. соған сәйкес көркемдік-идеялық диапазоны да кеңейген. жанрында да жаңа сипат пайда болған. Үшіншіден, роман объектісі енді Қарағанды регионымен ғана шектелмейді. Суреттеу ауқымы әлдеқайда кеңейген. Шығармада бүкіл Россия қала берді, барша адамзат тағдырымен сабақтас проблемалар қозғалады. (Бекбергенов М. "Ғ. Мүсіреповтің прозасы")
3-сұрақ.
КАЗАНБАЕВА А.З.,Караганды мемлекетік университеті, Казахстан М.МАҚАТАЕВ ЛИРИКАСЫ ТІЛІНІҢ КӨРКЕМДІГІ
Жетпiсiншi жылдар поэзиясына зер салатын болсақ, сол таланттарымыздың санаулысының бiрi де бiрегейi, лирикалық асыл сезiмнiң жыршысы болған Мұқағали Мақатаев едi.“Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын” деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Оның бойындағы асқақ азаматтық әуенмен қатар өрбiген биiк рухты әрбiр шығамасын оқыған сайын түйсiнiп, сезiне түсемiз.
Халықтың бай ауыз әдебиетiмен сусындаған, Абай поэзия-сын жетiк меңгерген, Қасымды жатқа оқыған, Әбдiлдәнi өзiнiң ұстазы санаған Мұқағали ешкiмге ұқсамайтын, образды сөз өрнектерiмен ерекшеленедi. Олай болса, образды сөйлемдер ақын лирикасының көркемдiгiн, мағыналылығын, шынайылы-ғын, жаңалығын көрсетедi.
Кең дүние, төсiңдi аш, мен келемiн,
Алынбаған ақым бар сенде менiң.
Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенiм,
Бура бұлттар бусанып терлегенiм,
– деп ақын өзi айтқандай, сонау биiкке самғаған қазақ жырының өлең өлкесiне сыршыл да шыншыл поэзиясымен айқайлап келiп едi. Ақын лирикасынан үнемi табиғатпен, өзi өмiр сүрiп отырған қоғаммен, өмiрдегi болып жатқан сан қилы оқиғалармен тонның iшкi бауындай қабысып жатқан, оқырманын ойлантуға, сендi-руге мәжбүр ететiн ерекше байланысты байқаймыз. Ақын өлеңдерiн оқығанда тағы бiр байқайтын ерекшелiгiмiз сөзбен суреттелген өмiр, тiршiлiк құбылыстары тұтас бiр картинадай өтiп жатады. Осы тұтас картина ұтымды, оралымды, көркем әрi шебер қолданылған тiл нақышы арқылы көрiнiс бередi. М.Мақатаев өзiнiң тiлiн, стилдiк бояуын қалыптастырған ақын деп айтуымызға әбден болады.
Шығарма тiлiнiң көркемдiгi суреткердiң сөздi аз-көп қолдануында емес, әр сөздiң орнын тауып көркем жұмсай бiлуiнде. Ақын сөздi қиыстырып, тиiстi жерiнде ұтымды қолданып қана қоймай, ойдың түсiнiктiлiгiн, айқындылығын, дәлдiгiн беру үшiн сөз мағынасын сан жаққа құбылтып жұмсайды.
Мәселен, “Ақ кимешек көрiнсе сенi көрем, Ақ кимешек жоғалса ненi көрем”, “Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!”, “Қарқ қылмай тұрса да қара нанға, Қара қамба құт едi балаларға”, “Сенбеймiн әкең өлдi дегенге мен, Себебi ол үйiмiзден тiрi аттанған”, “Шаруасы шайқалған шағын үйдiң, Шаңырағына шаншылдық уық болып”... тiзбектелiп кете беретiн өлең жолдары бар қазаққа таныс төл ұғым. Осы өлең жолдарынан ақын ойының шыншылдығын байқап, жалпы халыққа түсiнiктi қарапайым ғана тiлiмен жеткiзгенiн көремiз. Мұқағали өз өлеңдерiнде сөз аясын кеңейтiп, бейнелегiш-көркемдегiш тәсiлдердi шебер пайдаланып, олардың эмоционалды-экспрессивтiк бояуын арттырды.
Ақын өзi өмiр сүрiп отырған қоғамдағы алуан түрлi көрiнiстердi лирикалық шығармасы арқылы оқырманына жеткiзедi. Мына бiр ақиқатқа көзiмiз жеткен, яғни адамның бойында, мiнез-құлқында, iс-әрекетiнде, тағдырында жақсы мен жаман араласып, пендешiлiк, арамдық, көрсеқызарлық, жауыздық, қараниеттiлiк, екiжүздiлiк одан басқа да толып жатқан түрлi зымияндықты бiлдiретiн ұғымдарды ақын өткiр де уытты жырларымен жоғалтуға ұмтылады. Сонымен қатар өмiрдегi жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, адалдық пен арамдықты, өмiр мен өлiм сияқты кереғар ұғымдарды көркем тiлiмен айшықтап, суреттеп бередi.
ІІІ. Ақын көзiмен көрiп, көңiлiне түйгендерiн ештемеге қарамастан жалтақсыз айтып, өзiнiң де өзгенiң де айыбын жасырмай, бетке басып ашық жеткiзе алды. “Айтып өткен ақында арман бар ма, жүрегiнiң түбiне кiр жасырмай” – деп армансыз ақтарылып айтып кеттi. Өзiнiң азаматтық үнiмен өмiрдiң ащы шындығын өткiрлiкпен айтты. Мұқағали Мақатаев таланты қазақ поэзиясында қашан да биiктен көрiнедi, ол қазақ лирикасының кең төрiнде өзiнiң “менiн” танытты.
Ақын өзiнiң 14 ақпан 1976 жылы жазған күнделiгiнде: “...Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Менiң қымбатты достарым! Егер шынымен менiң өмiрбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрiн түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Менi өз өлеңдерiмнен бөлiп қарамауларыңызды өтiнемiн. Естерiңiзде болсын, менiң өлеңiм жеке тұрғанда түк те емес. Бiрiктiрiп қарағанда ол поэма iспеттi. Басы және аяғы бар. Сонымен, достар, бүкiл менiң жазғаным бар-жоғы бiр ғана бүтiн поэма. Адамның өмiрi мен өлiмi, қасiретi мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар барлық өлеңiмдi жинап, бiр жинаққа топтастырып көрiңдершi. Естерiңде болсын, әрбiр өлеңiм өз орнында тұрсын. Яғни, жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетiне көңiл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер менi сонан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!” [4:41] – деп жазған болатын. Ақын поэзияны зерттеу керектiгiн баса айтып, өзiне де өзiнiң өлеңiне де аса жауаптылықпен қарайды. Жырла-рының басқа жүректерге сәуле түсiретiнiн және осылардың бәрi адам өмiрi туралы тұтас поэма екенiн оқырманына ескертiп отырады. Ақын өзiнiң жырына әдiл баға бере отырып, ертеңгi күнi менiң өмiрiмдi, творчествомды зерттемек болсаңдар мынаған көңiл аударыңдар деп өзi айтып кеттi.
Мұқағали лирикасының лингвистикалық табиғатын қарастырғанда назар аударатынымыз - оның халық тiлiнiң байлығын, оның мүмкiншiлiктерiн қаншалықты пайдаланғанын, әдеби тiлiмiздiң дамуына қосқан үлесiн, өзiндiк қолтаңбасы мен өрнегiне айрықша мән береміз. Жекелеген суреткердiң жазу мәнерi мен стилiн өзгелерден даралап тұратын өзiндiк, авторлық қолданыстардың қызметi екенi белгiлi. М. Мақатаевтың жалпыхалықтық қолданыстағы сөздердi қолданумен қатар жеке авторлық қолданыстарды /окказионализмдердi/ қолданғанын да байқаймыз.
ІV. Қорытынды. М.Мақатаевтың поэтикалық тiлi ешкiмге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді, сөз құдiретi арқылы ақын көрiктi, әсем, сұлу сөз-бейнелер жасап, әрбiр сөздi ойнатып _дам_н. Сөз-бейнелерiнiң көрiктiлiгi, әсемдiгi, сұлулығы, мағыналылығы, айқындылығы – ол қолданған айшықтау-көрiктеу құралдарының негiзiнде жатыр. Троптың барлық түрiн керектi жерiнде таңдап жұмсап, қазақ лексикологиясының сөз байлығына мол үлес қосып, өзiндiк сөз саптаудағы қолтаңбасын танытады. Ақын лирикалық шығармаларында мәтiн iшiнде контекстiк антонимдер, көп мағыналы сөздер, бiр-бiрiнен асырмалатып берiлген синонимдер арқылы адам мен оның жеке басындағы сан-қилы өзгерiстердi, қоғамдағы алуан түрлi оқиғаларды, табиғат құбылысындағы құпияларды байланыстыра отырып ашып бередi. Сонымен бiрге фразеологизмдердiң жаңа авторлық құрылымдарын жасап, олардың бейне жасаудағы және оны ашудағы стильдiк қызметiн айқындайды. Ақын лирикасындағы стильдiк құралдардың бәрi де образдылыққа /бейнелiлiкке/ қызмет етiп тұрғандығын әр өлеңiн оқыған сайын көрiнiп отырады. Мұқағали Мақатаев өзiнiң лирикасының тiлi арқылы қазақ поэзиясына, қазақ тiлiнiң лексикалық қазынасының баюына, одан әрi дамуына үлкен жаңалық қосқандығы белгiлi болды.
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде:
«Мен өзім жайында мынаны айтам:
мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...»
деп жазған екен.
Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. .
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») жорналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділдә Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: «мен жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұндасамын.Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» немесе «тіпті де мен еместі «Мен» дегенім... өзгенің жан–сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін» дейді. Мұқағали шығармашылығының негізі «өзін – өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.
Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды ( Тауды өстім, Тау бір аңыз т.б.). Мысалы «Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған».
Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар: «Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсын-ау, қайран жеңген». Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: «О , Муза, маған алыс сөреңді бер, Ғайыптан кел де, мені демеп жібер».
Ол Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырың жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.
Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің «Қош, махаббат» жинағына (1988) әр жылдары жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже», әңгімелері,«Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы қазақ поэзиясы» атты әдеби сын еңбектерінде О. Сүлейменов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзағалиев,Ж. Нәжімеденов, С. Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия, туралы ой толғайды. Ақынның көз тірісінде 3 аударма кітабы (У. Уитмен, «Шөп жапырақтары» (1969); У. Шекспир, «Сонеттер» (1970); Д. Алегерьи, «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімі (1971) ),8 жыр жинағы («Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұыйқтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976) ) жарық көрді. У. Уитмен, У. Шекспир,
Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды.
Ақын өз шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген. Мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, олардың кейбіреуін мынандай етіп жіктедім:
1. Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат» және т.б. Бұл шығармалардың ішінен маған ұнаған «Махаббат» өлеңін сіздерге оқып бергім келеді.
Құмартасың жете алмай,
Қайғырасың сағынып.
Қыл көпірден өте алмай
Қиыласың табынып.
Жүрегіңді бос етіп,
Жүдеп жүріп сүйерсің.
Өзіңе өзің қас етіп,
Өз отыңа күйерсің.
Өзіңе бал,басқаға у,
Сезімдіге ең қымбат:
Қайғы, сүю, құмарту-
Ең бірінші махаббат.
Менің ойымша бұл өлең жолдары алғашқы махаббатқа арналған және бұл махаббаттың сәтсіздікке ұшырағандығын көрсетеді.
2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат» және т.б.
3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат» және т.б.
4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.
5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б. Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Сонымен қатар өздеріңіз білесіз Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.
М.Мақатаев туралы көптеген ақындар,зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұжекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі тәлейі алда.Мұқағали- өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті. «Алатау, ассалаумағалейкум!» деген өлеңінде :
- Шаруа-ата секілденіп, өміріңді сарып қып,
Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып,
Аман – есен жатырмысың, айналайын жарықтық! - дейтін жан тебіренісі бар. Осындағы «жарықтық» сөзінін кезінде жаман пиғыл көргендер де болған. Алайда тауды кәриядай әулиеге айналдырып тұрған да сол сөз ғой.»
Қорыта келе айтарымыз. «Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз.
Қарасаева Салтанат С.
№ 2 билет.
1-сұрақ. Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының сюжеттік құрылымын берерде Аман арқылы сол кездегі елдің жағдайын көрсетеді. Осыдан шығарманың өн бойында Аманның тіршілігі әңгіме болады. «Атылған оқ» бөлімінде Аманның елге жаны ашығыш екенін байқаймыз. Оған «Аманның қабағы салыңқы, ауыр отыр. Столында түтеленген қағаздар көп. Бәрі ауылдан түскен арыздар. Арыз сайын кемі бір қиянат, ұрлық не зорлық бар. Біреуді біреу, көзі тайса, ұрлап, әлі жетсе, зорлап жатқан тәрзді. Аман оқиды да күрсінеді. Биыл күрсінуден көз ашқан жоқ...Жасы жиырма мен отыздың арасында болса да, отыз бен қырықтың арасындағы жігітке ұқсайды». Оның ақылының толысып келе жатқанын әр оқиғаның барысында автор беріп отырады. «Аман ойланып қалды. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер дауынан үлкен ештеме жоқ. Бұл үшеуі екі адамның ғана емес, екі рулы елдің дауы. Малқар сияқты нәннің қолындағы келінін айрыпы алу, Малқармен қоса, бүкіл сол рудың намысын қоздырады. Одан қорқып совет заңынан теңді, әділет жолынан шығуға Аман қорланады. Елге келіп, мемлекет ісіне тастай береді қазекең. Кеспесе, шешілмейтін ескі түйін. Аман беріп кетпе жігіт емес, жас та болса, қарияша толғанды біраз».Сонымен қатар, оның аңғақұмар қасиеті бар. «Қыс күндері бұнда аңшылар келе алмайды, кереғар. Жылқы қостап шыққан кезде жылқышылар ғана там-тұмдап аңшылық етеді. Аңқұмар Аман: «Қысты күні жылқышылардың қосында жатып, тым құраса, бірере жұма аң аулап қайтар ма еді!...» деп келеді...» Бұл үзінді айтқан ойымызға дәлел болып отыр.
Әрі ол өз ортасының білімді адамы. «... «Народный университет на дому» журналдардағы лекцияларды тапжылмай, күн ұзын оқығанда тоймайды, талмайды. Кешке оқуға шам жоқ... Мысалды осы ортаның өзінен алып, өзі шешіп бергенде, жолдастары ұстазындай тыңдап, ұйып қалады...» Міне айғағы.Намысшыл. «Бұл – Аман. Тұтқында отыр. Қолында - «Народный университет на домудың» бір номері. Қоғамтану лекциясын оқып отыр. Бұрын астық сарайы болған осы кішкентай тұтқын үйге енгізіп жібергенде, ол бір шыңырауға түсіп кеткендей сезінді. Кең даладан келіп, қапас қамауға бірінші рет тұтқиылдан түскен жастың көңілі торға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл-ойға ырық бермеді. Тұла бойын намыс кернеп, қызарып, булығып, «жазығым не?» - деген бір сұраққа жауап таба алмай сенделумен болды».«Ұят-ары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді». Бұл автордың Аманның ар-ұятының көркемдігін жеткізіп тұр.«Аман былтыр келгенде, бәрінің басын қосып, былай деген: «... Жатақ болып алдыңдар. Енді үй-қораларынңды түзеп, поселке тәртібіне көше беру креек. Мойынсеріктің пайдалы екенін көрдіңдер. Енді серіктіктің бұдан да пайдалы түріне көшу керек... орталық қор жасаңда. Жұмыс көлігін, өндіріс құралдарын ортаға салыңдар. Сонда еңбек өнімі де, дәулеттерің де арта түседі... Қазына жәрдемі алдымен сендерге беріледі...» Бұл үзіндіден Аманның ұйымдастырғыш қабілетін, сондай-ақ, оның халықты өзіне қарата алатын жан екенін байқаймзы. Тағы да, үзіндіні оқысақ, назар аударатын бір тұсы бар: оның алға ұмтылғысы келетіні, дамып-өркендеу оның тілегі.Міне, осындай Аманның тағы да қыр-сыры көп. Бұл – Ғабиденнің авторлық тұлғасының жемісі. Бір ғана Аманның тағдыры арқылы бүкіл өңірдің хал-ахуалын, ішіндегі талай оқиғаларды бір-бірімен ұштастыра беру де автордың шеберлігі. Аманның көркемдік бейнесін, болмысын осы роман арқылы танысып, білдік.
2-сұрақ. Әбділда шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында. Ақын еңбектері әуелі қысқа, көбінше саяси лирикадан басталады да, кейін лирикалық толғауларға, лирика сарыны мол романтикалық поэмаларға да ауысады.Осы жолдағы ақынның көрнекті табыстарымен қатар айқын кемшілік, қайшылықтары да болды. Ескілікті тақырыптарға жазған "Мерген", "Кілемшілер туралы ертек" деген поэмаларында социалистік реализм үлгісінде жазылатын поэмалардан басқарақ, жалпылаған сарындар бар. Ескі күй, ескі аңызды тамашалау басым. Сынсыз тамашалау сарыны үстемірек болады.Отан соғысы кезінде жазылған "Толғау" атты үлкен жыры Әбділданың өз Отанын барынша сүйген, шыншыл, терең сезімді, көркем өрнекті ақын екендігін танытады.Әбділда тек қазақ тарихының көлемінен ғана тақырып алмайды. Советтік қазақ поэзиясына ол кіргізген интернационалдық ақындық мәдениет, іздену ернектері де бар. Қазақ оқушысына Гейненің, Шевченконың, Пушкиннің, Лермонтов шығармаларының нәр-нақыстарын әкеледі. Осы аталған классиктердің кейбір шығармаларын аударумен қатар, ақын оларды өзінің сыршылдық өлеңдерінің, толғауларының және кейбір поэмаларының ("Екі жаһан", "Тарас") ішіне Гейне, Шевченко образдарын және Горький, Фурмановқа арналған ой-сезімдерін кіргізіп отырады.Бұл алуандас ақындық ізденулер Әбділданың өнімді жолға, мәдениетті поэзия жолына беттегенін көрсетеді. Бұл — қазақ әдебиетін жаңа үлгіге бастаймын деген талап.Осылайша, Әбділда, бір жағынан, Ұлы Октябрь жаңғыртқан өз халқының советтік дәуіріндегі жаңа тарих шындығынан бағыт, қуат алады. Жыл санап өнер арттырып, жазушылық мәдениетіне терең бойлап, қазақ совет поэзиясына қызықты жемістер беріп келеді. Әбділда талантты және өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі деп саналады.
Тәжібаевтың алғашқы өлендері баспасөз беттерінде 1927 жылдан жариялана бастады, тұңғыш жыр жинағы «Жаңа ырғақ» 1934 ж. жарыққа шықты. Алғаш кенес саясатын қолдап науқандық өлең-поэмалар («Құлғара», «Айдалған бай», т.б.) жазған Тәжібаев біртіндеп сыршыл, лирик ақын ретінде танылды. Көркем туындылары кезінде қатаң сыналып, әкімшіл-әміршіл қоғамның қысымына ұшырағанына қарамастан, ақын туындыларында социалистік реализмнің қасаң принциптеріне мойын-сұнбаушылық байқалды. Оның «Алтын ай», «Меруерт моншақ тіземіз», «Құшағыма кірді күнім» атты өлендері жастық сезім күйлерін шынайы бейнелеуімен құнды. Тәжібаевтың өленді заман шындығына бағыттауы, лирик, сыршылдығы мен жыр мазмұнын байыта түсуі, авторлық ұстанымының айқындығы, ақындық ізденістері нәтижесінде өміршең өлеңдері дүниеге келді. Ақын өзі монолог жайында «Монологқа ғашықпын. Егер мен поэзия майданында зәредей ғана салмағым болса, еміс-еміс қана есті сөз айта алар болсам әлсіз де болса адам сезіміне дарытқан болсам, осы монологқа қарыздармын» дайді. Монологтың айрықша үлгісін оның «Айнабұлақ» (1936), «Сырдария» (1936) өлендерінен көруге болады. «Сырдария» — табиғатты сүйген адамның сыршылдық үні, адамзаттың отансүйгіштік сезімін жырлаудағы жаңа белес болса, «Айнабұлақ» — сыршылдықты эпикалық үрдіске жалғаған суреткерлік үлгісі, адам еңбегі жайлы толғаныс. Тәжібаевтың лирика мен эпика жанрларын ұштастыра отырып, «Оркестр» (1935), «Құтқару» (1935,1936, 1939), «Екіжиһан» (1938) атты алғашқы поэмаларын жазды. 40-жылдары Тәжібаевтың халықтық аңыздар мен мифтік сюжеттер негізінде жазылған «Мерген», «Толағай», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу», «Күй атасы», «Абыл», т.б. біршама поэмаларды дүниеге әкелді. Бұл туындыларында ақын шартты символды бейнелер арқылы зұлымдық пен адалдықтың, ерлік пен ездіктің, адамгершілік пен жауыздықтың күресін суреттеді. Сол арқылы халық бойындағы ерлік пен қайсар мінезді, азаматтық тұрақтылық пен адамдардың жаңа өмір жолындағы күресін, қиыншылықтарын бейнеледі. Ол еңбек адамының ішкі сырын ашуға («Қарлығаш», «Блокноттан»), балалар психологиясына бойлауға («Май, алақай», «Бес түлік жыры») ұмтылды. Халықтар достығы мен азаттық жолындағы күрес оқиғаларына («Ақын дауысы», «Грузия», «Арыс халқына») үн қосты. Осы кезеңде дүниеге келген ақын туындыларынан тақырыптық кендікті, әр тараптағы үздіксіз ізденістерді тануға болады («Шын жүректен» (1949), «Сүйген жүректер» (1951). 50-жылдардың орта түсынан Тәжібаевтың шығармаларының жаңа кезеңі басталды. Оның лирик, өлеңдері мен поэмаларында адам мен заман туралы толғаныстары сыршылдықпен бейнеленді. Қоғам мен адам арақатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін филосфиялық сырға толы туындылары негізінде танытты. Мұндай ақындық ізденістер «Адам», «Темірші», «Портреттер» поэмаларында, «Гүлден дала» (1953), «Аралдар» (1958), «Жастық жылдар» (1962), «Кешеден бүгінге» (1964), «Жартас» (1967), «Көне қоңырау» (1973; ҚР Мемлекеттік сыйлығының 1974), «Жаңа өрімдер» (1975), «Құрдастар» (1977), «Толағай» (1978), т.б. жинақтарында көрініс тапты. Тәжібаевтың қоғамдағы келеңсіздіктер мен адам психологиясының бұзылуын өткір сынап-шенейтін сатир, шығармалар да жазды. Ақын ұғымыңдағы адам өз заманының биік мұраттарын бойына дарытқан тұлға саналса, сол адамзат жүріп өткен жолдың бұралаңсыз, түзу болуы, адамдық қасиеттердің саудаға салынбауы басты мақсат, өмірдегі жүріп өткен жолында адамдық атына сай болуы тиіс деген ойларын ол «Жол туралы», «Жатыр жолдар алдымда бұрандаған» атты өлеңдерінде түйіндейді. Ақын кейіпкерлері адам сырын, оның жан диалектикасын өмірдің тарихи-философиялық мазмұнымен, уақыт қызметімен ұштастырады. 40-жылдардан бастап Тәжібаевтың драматургия жанрына қалам тартып, пьесалар жаза бастады. Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез», «Біз де қазақпыз» (кейін «Халқым туралы аңыз») атты аңыздық, мифтік сюжетке құрылған драммалық пьесалары кеңестік идеологиядан ауытқу деп танылып, «символист қателері» үшін ақын қуғынға ұшырады. Бұл туындылар БК(б)П ОК-нің «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы (26.8. 1946) негізінде сынға ілікті. 1964 жылы оның «Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шықты. Бұл еңбекте «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес» (алғаш «Гүлден, дала» деген атпен басылған), «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драматургиялық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған. Оның «Өмір және поэзия» (1960), «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1971) атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған. Ол «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1-т., 1975) атты зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, соңғы басылымның редакциясын басқарған. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде (1976) Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, т.б. әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Жаданның хаттары» (1980), «Хаттар сөйлегенде» (1980), «Өмір мен ерлік» (1985) атты сын, 294 эссе, прозалық кітаптарыңда әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.
Әбділданың 34-жылдарға шейінгі ақындық шығармалары "Жаңа ырғақ" атты жинаққа топталған. Бұндағы өлеңдердің саналық, тақырыптық, мазмұн жағы жас ақынның өмір тартыстан алған жанды әсерін танытады. Совет жасының, жас өнерпаздың қызулы екпіні мен іздену жолдарын көрсетеді. Бұл жинаққа кірген "Айдалған бай", "Үлес үстінде" деген өлеңдері қазақ аулында болған тап тартысты, өмірдегі әр алуан өзгерістерді суреттейді. 1928 жылдарда саясаттық, шаруашылық маңызы зор оқиға - байларды конфискациялау жүреді. Ел кедейін ғасырлар бойы қанаумен озбырлық етіп келген топтардан советтенген ауыл тап тартысы арқылы арыла бастайды. Бұл сияқты ірі әлеуметтік шараның арқасында ауылдың кедей-батырақтарының саяси санасы бұрынғыдан да ашылып, сенімді күш есебінде мемлекеттік құрылысқа белсене қатысып, майданға шығады. Ел еңбекшілерінің санасы күнделікті тап тартысы үстінде айқын дамып, өсе бастайды. Қазақ аулында болған сондайлық екі түрлі революциялық жаңалықтар жас ақын Әбділданың әдеби майданға шығуындағы ой-өрісін айқындаған жағдайдың бірі болды. Ауылдағы бұл жаңалықтарды жасауды үлкен қызулы екпінмен, өткір саяси жырлармен құптап, қостап қарсы алады. Үгіттік екпіні зор, шыншыл жалыны мол, жалынынан от ұшқындағандай саяси, өткір үгіт жырлар туғызады. Ақын қазақ еңбекшілерінің барлық қанаушылар тобына арналған, лағынетке толы жиренішін танытады. Конфискеленген бай, шонжарларға арнаған қарғыстай қатал жырында:
Сұр жыландар, бұлар елді шаққандар,
Күні кеше ақ патшаға жаққандар.
Шекпен киіп,
Шен тағынып,
Көп жағынып,
Езілген тап, еңбекші елді сатқандар, –
деп, ғасырлар бойы ата-тегімен елді сатқан, еңбекті қанағандарды, революция дұшпандарын табалайды.
1928 жылғы жазылған "Үлес үстінде" деген өлеңінде Әбділда кешегі батырақтардың айдалған бай мүліктеріне ие болып, енді ұйымдасқан, жаңа қоғамдық тарих дәуірін бастаған күндерін суреттейді. Бұрынғы жалшылардың енді бас қосып, ұйымдасуына басшылық етіп жүрген Жайлаубектей коммунистің белсенділік қайратын сүйсінумен жырлайды. Жаңа ауылда партия басшылығын дұрыс жүргізе бастаған саналы қайраткер ақынның қадірлейтін досы, тілеулесі есебінде бейнеленеді."Кімге кім" атты өлеңінде Әбділда ендігі ел тіршілігі еңбек майданында, жаңа сапалы зор майданда екенін үлкен сеніммен, мол қызумен жырлайды. Сол еңбек жаңа тарих асатын жолды нұсқайды:
Әне асатын асқар бел,
Әне сулы жаңа көл,
Қозғалды ауыл, бет бұрды,
"Бәрекелді" дескендей.
Шаншылған туда бір жұлдыз,
Шұбырған соған жалғыз із,
Сол ізбен ел көшеді! –
деумен ақын енді өз елінің тарихы жаңғырғанда социалистік құрылыстың мол қарқынды, ұлы бағытымен даму арқылы жаңғыратынын зор сеніммен жыр етеді."Құлғара", "Трактор күйімен" деген жырларында Әбділда белсене қайрат етіп, ұлы наныммен жаңа өмірді қалаушылардың образдарын береді. "Құлғара" атты поэма ауылдан шығып үлкен табысқа жеткен, мамандық білім алған қазақ жалшысының өсу жолын сипаттайды. Әуелгі жастық шағын, жігіттік кезін Құлғара құм кешуде, аш-жалаңаш тірлікте, Саурамбай дейтін байдың қойын бағып, ауыртпалықпен өткізеді. Кейін Жүсіпбай дейтін коммунистің бастауымен Құлғара фабрика-завод мектебіне түсіп, маман-машинист болып шығады. Осы жылдардағы ақын тақырыбының екінші бір мол саласы - өндіріс. Әбділданың ақындық қиялын бұл кезеңде өзіне ең көп тартқан өндіріс майданы, бірінші бесжылдықтың бірінші гиганты Түркістан-Сібір теміржолы. Жолдың бітуіне, соның ісінің алғашқы жылдар мүлтіксіз, мінсіз, өнімді болып кетуіне арналған өлеңдер жазылды. Жолдың салынуына арналған алғашқы өлеңдері: "Қарсы алғанда", "Айнабұлақ" деген шығармалар болады.
Жазық дала жанданды,
Жарқырап қатты ағын сел,
Жыбырлап мынау қарсы алған,
Жан-тәнімен еңбекші ел! –
деп, ақын жаңа жолдың ел игілігіне бастайтын жол екенін қазақ еңбекшілерінің шат күйімен қарсы алады. Бұл жолдың салынуына Отанмен бірге зор қуаныш еткен ақын да көп өлең жазады. Сол өлеңдер ішінде Әбділданың "Айнабұлақ" атты толғау жырынан үлкен сапа танылады. "Айнабұлақ" станциясы Турксиб шойын жолының екі жағы түйіскен күндегі үлкен мерекеге куә болған жер еді. Ақын әуелі "Айнабұлақтың" бұрынғы күйін еске алады. Ол – шөл кешу, еңбек елі үшін өгейлікте болған, тұл тарихтың көп ғасырлық меңіреу куәсі болған орын еді. Енді сол Айнабұлақ - дүлей мекен емес, жаңа дәуірдің жаңа ұрпақтарының ырыс мекені.
Тап кеше Алатауға ағылып қол,
Асқардың асуынан салмаққа жол.
Гулетіп еңбек күйін дабылдатып,
Әндетіп, аршындатып төгілді мол, –
дейді .
Ақын совет адамдарының өр қайратын, жеңімпаз күресін шексіз шаттықпен мадақтайды. Бұл өлең мазмұны жағынан да, көркемдік күші жағынан да көрнекті шығарманың бірі болып саналады. Өлеңнің күйлілік құрылысы, тіл келісімі – нақты. Өлеңнің зор мазмұнына түрі де сай келіп, көркем, әсем тұтастық тудырады. Қазақ совет поэзиясындағы сол дәуірдегі өндірістік жаңа қарқын, сапаның кесек түйілген, шебер қорытындысының бірі Әбділданың осы "Айнабұлақ" өлеңі деуге болады.Өндіріс тақырыбындағы Әбділда жырларының бір тобы темір жолдағы, немесе Қарсақбай сияқты еңбектің мол қазанындағы олқылықтарды өткір тілмен, шын жігермен шенеп-мінеуіне арналады. Совет азаматтарын саналы жігермен қайрап, намысқа шақырады. "Олқылыққа орын жоқ", "Жуытпа" деген өлеңдер осы соңғы сарыннан туған шығармалар болады. Ақын Москваны жырлау, Қазақстанның онжылдық мерекесін жыр ету арқылы, жалпы одақтық және халықаралық уақиғаларды, тақырыптарды қамтып отырады. Бұл ретте Әбділда Горький, Маяковский бастаған Бүкілодақтық пролетариат поэзиясының ұлы отандық сарынына әрдайым үн қосып отырады.
1934 жылдарға дейін жазылған Әбділда өлеңдерінде үгіттік мотивтер басым болды. Әбділданың бұл өткен кезеңдеріндегі шығармалары шыншылдығымен, өткір қырағылығымен әсерлі болғанмен де, әлі тереңдеген жоқ еді. Нақтылы лирикаға да бойлай қоймайды. Шығармаларының үгіттік құны бағалы болғанмен, әлі ақындық түр жағынан, өнерлі үлгі, өрнек туғызу жағынан көбінесе бірыңғай, сыңаржақ, жұқалаң келеді. Бұл дәуірдегі Әбділда әлі ақындық жаңалықтар іздену жағынан үлкен мәдениетті орыс ақындарынан, әсіресе орыстың, Европаның классик поэзиясынан көп өнеге алмаған және ізденіп жүрген күнделікті өмір, құрылыс тартысына барлық бой мен ой-қуатын бір ғана екпінмен жұмсап жүрген жас ақын болады. Әлі өлеңнің түрінде, тіл байлығында, теңеу, бейнелеу сипаттарында ысылған шеберлікке жетпеген жастық жүреді. Бірақ барынша шыншыл, еңбек еліменен, сүйікті Отанымен өзінің бар сезімін, жан тынысын, азаматтық, ақындық тағдырын нық байланыстырып, шын туыстырған ақын, сол қызу жанды жалынның өзімен де совет оқушысына сүйікті бола алады.1934-1935 жылдардан бастап Әбділданың жазушылық, ақындық іздену жолдары кеңейеді. Бір жағынан, ізденіп, оқып тереңдейді. Екінші жағынан, ақындық өнері де шеберленіп, дами түседі. Әсіресе, қазақ әдебиетінен тыс, орыстың европалық өнерлі классик поэзиясына ден қойып тереңдеп, солардан үлгі ала бастайды. Осылай оқып, өсу арқылы жаңа сапаға, екінші кезеңге ауыса бастайды. Енді шығармаларында ақынның өзіндік жаңаша, жекелік стилі айқындала береді. Сол ерекшелігінің айқын бір бітімі Әбділданың сыршыл, лирик ақын болуымен байланысты. Осы лирика жанрын қазақ поэзиясында мәдениетті, әсерлі, көркем түрге ауыстыруы жолында Әбділданың орны өзгеше. Соңғы 12-13 жыл бойында Әбділданың ізденуі, өсуі жан-жақты, әр алуан болумен қатар, лирикалық үлгі-өрнек, сарын-саз оның өскелеңдеген ақындық тұлғасының негізгі қасиеті есепті боп, үнемі сақталып отырады.Көркем, күйлі құралған ұсақ сыршыл өлеңдермен қатар, Әбділда соңғы он жылдар ішінде поэмалар жазады. Бұлардың бір тобы – "Олқылық", "Екі жаһан", "Құтқару", "Оркестр", "Толғау" алуандас бүгінгі тақырыпқа арналған шығармалар. Поэмаларының екінші бір тобы – қазақ халқының фольклоры – ескілігіне, ауыз, аңыз әңгімелеріне сүйенген көне тақырыпты: "Абыл", "Аққу", "Толғау", "Мерген", "Кілемшілер туралы ертек" тәрізді шығармалар болады.Осы соңғы кезеңде Әбділда драматургияға көп зер салып, бір топ ескілі-жаңалы тақырыптарға пьесалар жазады. Бұлары "Жомарттың кілемі", "Көтерілген күмбез" және Шахметпен1 бірге жазған пьеса "Мәншүк".Осындай бір жанрлы кең, көп тақырыпты шығармалар тудыру аралығында Әбділданың ерекше қадір тұтып, көңіл аударатын Украинаның классик ақыны Тарас Шевченко туралы да "Тарас" атты дастан-драма (кіші драма) жазады. Сол Тарас жырын еске алып, Батыс Украинадағы халық қызы Катерина туралы саналы толғау түрінде тың тақырыпты поэма жазады.Осымен соңғы кезеңдегі Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады. Біз, бұдан кейінгі тексеруді, осы үш салаға жеке-жеке тоқтап, ақынның табысы мен кемшіліктерін, елеулі қайшылықтарын талдауға арнаймыз.
Әбділданың лирикалық шығармаларына келсек, олар 1936, 1939 жылдарда басылған "Таңдамалы өлеңдер" жинақтарына және 1942 жылы шыққан "Перне" жинағына кіреді. Соңғы кезде, ең соңғы жылдарда жазылған лирикалық шығармаларынан Әбділда жаңа бір жинақ топтап, әзірлеп жүр. Лирикалық қысқа шығармаларының бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі "Сырдариядан" басталады деуге болады. Бұл - ақынның өзі туған өлке, өзеніне, Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр. Бұл өлеңде Әбділда орыс, Украина және Европа ақындары: Пушкин, Шевченко, Гейне сияқты ұлы классик және шебер лирик ақындардың үлгісін алады. Солардың құлақ күйіне өзінің туған топырағынан сезімтал үн қосады. Осы шығармасының совет ақыны үшін ерекше ұнамды, орынды бір ерекшелігі – Әбділда мұнда құр сарыншыл, драмашыл сезім ішіне өзінің ортасынан жырылып, жекеше шомып кетпейді. Жаңағы классик ақындардың лирикасында ұдайы жүретін реалистік пейзаж, өмірмен нық қабысқан шыншылдық және әсіресе бағалысы, әлеуметтік, өмірлік сарын ұдайы араласып отырады. Ақын өзі Шевченкодан үлгі алғандай, Сыр суы да Днепрдің энергия қуатын беріп отырған жаңа сапасын тапсын дейді. Осы Днепрден өнеге алсын, советтік заманда, ұлы құрылыс дәуірінде өзгере жаңғырып жасасын дегенді програмдық талап етіп қояды. Бұл – лирик ақын үшін, оның революциялық мүдде-мұратын танытатын зор негізгі стильдік мәселе. Социалистік реализм стилінің сыршыл шығарма ішіндегі айқын өткен стилі боп сезіледі.Жалғыз-ақ, ақынның бір ғана дәл баспаған жаңсақтығын айтуға болады. Днепр Шевченконың бесігіндей болғанда, Гейнеге Рейн өзені әрдайым шабыт бергенде, Пушкин үшін Әбділданың ұлы орыс классигі үзбей жырлайтын Неваны шабыт арнасы етіп алмай, Еділді атауы ойдағыдай дәл шықпайды. Қонымды емес.Сыршылдық шығармалардың Әбділда тудырған көркем өрнектері көп деуге болады. Бұған "Тараспен әңгіме", "Елден сәлем", "Күзет әні", "Ат үстінде", "Келіншекпен кеңес", "Қойшы жыры", "Достық жыры" және үлкен көркемдікпен қоса әлеуметтік сана-сезімін терең танытатын ірі күйлі нақысты әpi толғаулы "Оркестрді" қосуға болады. Лирикалық шығармалардың соңғы бір кезеңінде, Әбділда ақындығының бұл жанрда үлкен шыншылдық және шын шеберлікке жеткен сатысын танытатын жетім балалық шақты толғаған өлеңі болады.
3-сұрақ. Күләш Ахметова
Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.[2]
Шығармалары
Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975
Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977
Жапырақ - жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979
Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981
Бұлақтағы жұл дыз дар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982
Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984
Ләйлектер қайтып келгенде. (орыс тілінде). Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985
Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987
Наурыз нүры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991
Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996
Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997 Бақ. «Атамұра», 2006
Құт. «Дәуір», 2006 Махаббат. «Дәуір», 2006.[1][3]
Жетпейтиндей бір нәрсе көркем ойға,
Ақындардың теңеуі келте, майда.
Беатриче бар, бірақ оның сұлу
образын жасайтын Данте қайда?
Арулар бар, аз емес күшти ұлдар да,
Көзден ұшқан бағынған ұшқындарға.
Сұлу әйел сүрінген тасты сүйіп
Өлмес өлең туғызған Пушкин бар ма?
Орын берді ойынан Жахан оған
Адам бар ма есімін атамаған.
Балқадиша кеткенде өлең жазған
Бар ма бүгін баяғы Ақан ағам?!
Сол жігіттер жоқ бүгин сүйе алатын,
Сүйгені үшін өмірін қия алатын.
Қорланамын көргенде кей жігіттің
Қорландарға жасаған қиянатын!
“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?
Қағылуы махаббат қанатының,
Жаныңызға жабырқап баратыным.
Байқалмай ма сізге осы,
Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.
Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп
Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?
Өртенемін жаныма жалын кіріп,
Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..
Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,
Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.
Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,
Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…”
3-билет.
1.ХХғасырдың 60-шы жыл-ғы драма жанрының дамуы
20 ғасырдың 60 — 70 жылдары драматургия еліміз өміріндегі елеулі әлеуметтік мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ драматургиясына өз қолтаңбалары бар Қ.Мұқамеджанов, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев, Т.Ахтанов, С.Аянбеков, С.Жүнісов, Ә.Тарази (Ә.Әшімов), т.б. бір топ драматургтер келіп қосылды. Драматургияның басқа жанрларымен бірге комедиялық шығармалар театр репертуарларынан берік орын алды. Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті”, “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек”, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай!”, “Ой, жігіттер-ай!”, Ахтановтың “Сәуле”, Әбішевтің “Армандастар”, “Нұрлы жаңбыр”, Хұсаиновтың “Сырымбет саласында”, Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Таразидің “Күлмейтін комедия”, т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды.
Қ.Мұхамеджанов пьесалары адам мінезінің, іс-әрекетінің күлкілі жақтарын алып суреттеуге құрылады. Күлкінің ар жағында ойдан құбылысты әшкерелеу сарыны жатады. «Бөлтірік бөрік астынданың» бас кейіпкері Сапар – жылпос, опасыз, өмірді алдау мен арбауға құрып үйренген адам. Ол ауылда әйелі бола тұрып, қалада үйленеді. Автор осыны әшкерелейді. Оны «Бөрік астындағы бөлтірік» деген. Қала қыздарының қазақ тілін білмеуін күлкі етеді. Ал, «Құдағи келіпті» пьесасында ағылшын отбасындағы тіршілігін суреттеп отырып, қаланың тоғышар, сәнқұмар әйелдеріне еліктеген сауатсыз ауыл әйелі Айжанның қызын күйеуінен айырып алмақ болған ісі мен қылығын күлкі етеді. «Қуырдақ дайын» пьесасында Ережеп, Жақан сияқты өмірде өз орны жоқ, әркімге сүйеніп күн көрген мүсәпір адамдардың майысқақ жұрттың бәріне жақсы көрінуге тырысқан қылықтарын суреттеуді көздеген. Бәрі де күлкіге арқау боларлық дүниелер. Автордың үш пьесасы да кезінде театр сахналарынан көрсетілді. Алайда драмалық тартыстың әлсіздігінен, үлкен қоғамдық мәні бар қақтығыс тудыра алмаған пьесалар сюжеті ұсақ-түйекті әңгімелеу сатысында қалып қояды. Сапар - күн көрістің ғана адамы. Ол қасқыр болатындай зұлым сияқты емес. Бірақ ол қасқыр болуға дайындалып келе жатқан бөлтірік деп суреттеледі. Бірақ бөлтіріктерді тудырып жатқан құбылыстың табиғатын іздеу, табу, әшкерелеу көрінбейді. Соңғы екі пьесада да жеңіл күлкімен қанағаттанып сол күлкіні, ұнамсыздықты тудырып жатқан жағдайды тану, әшкерелеу жайы ашылмай қалады. Мұндай кемшіліктер Қ. Сатыбалдин, С.Адамбеков комедияларына да тән. «Махаббат машақатында» ол тентек баланың қылығын көрсетіп оның кінәсін анасына артады. «Қабаған итте» саудагерлікті сынайды. Алайда осы қоғамдық ұнамсыз құбылыстардың түп төркінін тану жетіспейді.
2. Ғафу Қайырбековтің лирикасы
Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.
1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды. Көптеген әндердің өлеңін жазған.
Он екі жасар Ғафу ауылға тақау жердегі Ащыкөлдің жағасында ойнап жүріп, тып-тыныш тұнып жатқан құм үстіне шыбықпен шын сырын жазып көрсе, онысы кәдімгідей өлең жолдарының басын құрағанда жадында жатталып қалған. Кейін сол жырына «Туған жердің ақ шағаласы», - деп ат қойған. Туған Торғайы, Қазақстаны жайындағы болашақ жыр арнасы осыдан бастау алған.
Ақын баланың «Ана қуаты» деп аталатын алғашқы өлеңі аудандық «Социалды ауыл» газетіне 1941 жылдың қаһарлы айларының алғашқы күндерінде басылыпты. Ол кез шыныда да тылдағы адам айтқысыз ауыр еңбек пен алып ерлік салмағы әйелдер иығына түгелдей түскен, ошақ оттары өшсе де отан жұлдызы сөне көрмесін деп жан ұшырған ана ел қуатына айналып, адам анасы, Отан Ана дейтін екі ұғым бір-бірімен біте қайнаған кез болатын.
Өз бойындағы осындай ақындық құбылысты соғыс жылдары тылда шыңдай түскен Ғ.Қайырбеков оны кейін: Иә, бірінші өлең аты «Ақ шағала» болатын. Еркіндік атты жыр ғой ол. Енді ғана мән беріп отырмын. Ол кезде ол санадан тыс істелген ғажайып еді. Адамға еркіндіктен артық бола ма? Еркіндік – көзіңе алғаш құс болып елестейді екен. Сөйтіп менің бірінші кейіпкерім – еркіндік болды. Азаттық құсы- шағала болды.
Екінші кейіпкерім- Ана болатын. Кейін менің өмір бойымдағы жырларымның негізі Ана болды»(101),- деп тебірене еске алған болатын.
1952 жылы Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық инстиутын бітірген ол «Жазушы» баспасында, жазушылар одағында, «Жұлдыз» журналында ұзақ жылдар бойы жемсіті еңбек етеді. Ақын қай қызметте де болмасын өзінің творчестволық өсу- өркендеу жағын назардан тыс қалдырған емес.
Поэзия өлкесінде өзіндік үнімен ерте танылған Ғ.Қайырбековтың 1964 жылы шыққан «Таңдамасына» дейін де өлеңдер жинағы оқырманын көп күттірмей үсті-үсті басылып жатты.
3. Жазушы Сайын Мұратбеков прозасы те әуелі КазГУ-дің журналистика факультетіне емтихан тапсырған. Оқуға түсе алмаған соң, ауылға барғысы келмеген жас жеткіншек Құрманғазы атындағы консерваторияның сценарий бөліміне оқуға түседі. Бұл жолда болашақ жазушыны бүгінгі қазақтың сахна өнерінің майталмандары Асанәлі Әшімов, Райымбек Сейтметов, Фарида Шәріпова, Оспанхан Әубәкіровпен табыстырады.
Консерваторияның өнер факультеті өзінің қолы емес екенін сезінген жас талапкердің күндіз-түні қолына алғаны қаламы мен қағазы болады. Тастақ жақта пәтер жалдап жататын төрт жігіттің үшеуінің ермегі роль жаттау, сценарий бойынша дайындалу болса, болашақ жазушы тумбочкасын теріс қаратып алып, этюд жазуға кіріседі екен. Сабақтан қала берген уақытында олар өздерінің шығармашылықтарын қызу талқыға салатын еді. Олар деп отырғанымыз: Асанәлі Әшімов, Райымбек Сейтметов, Мақай Нұртасов және Сайын Мұратбеков. Үшеуінің тірлігі бір төбе де, Сайын Мұратбековтің тіршілігі бір төбе. Қызу талқылаулар басталған осындай кештің бірінде Сайын аға өзінің жазған «Менің қарындасым» атты шығармасын достарына оқып береді. Шығарманың мазмұны, жылы лиризмге толы шығарма Асанәлі мен Мақай досына қатты ұнаса керек, олар жазушыға бұл шығармасын газетке бастыруын өтінеді.
Әуелі «Менің қарындасымды» алып, Сайын аға «Лениншіл жастың» есігін қағады. «Бір жұмадан соң, хабарын айтам» деген әдебиет және өнер бөлімінде отырған кісінің жауабы бір жұмада емес, екі-үш жұмаға созылады. Ақырында қайта-қайта келгіштеп, әңгімесінің жағдайын сұрап, мазасын ала берген мұның әрекеті ұнамаса керек, әлгі кісі жазушының бетін қайтарып тастайды.
Осылайша, «Лениншіл жастан» жолы болмаған «Менің қарындасымды» алып, «Әдебиет және искусство» журналына алып келеді. Мұнда да әңгіменің жолы болмайды. Жолы болмайды дегенге, «Менің қарындасым» мүлдем атаусыз қалды деуге де келмес. «Әдебиет және искусство» журналында жатқан әңгімесінің тағдыры журнал арқылы шешілмесе де, Жазушылар одағында өткен жас-ақын жазушылардың республикалық семинар-кеңесінде бағы ашылады. Жиналыстың екінші күнінде сөз алған жазушы Тахауи Ахтанов өз баяндамасының бір тұсында «Менің қарындасым» туралы жылы лебізін білдірсін. Жиналысқа қатысып, шет жақта отырған жазушыға бұл лебіз мүлдем күтпеген оқиға болғаны рас. Тахауи Ахтанов өз сөзінде: «Бізде шағын жанр-әңгімені жаңа форма, тың тақырыппен байыта отырып, оны жоғары деңгейге көтерудің ізгі нышандары байқалуда.
Сайын ағаның шығармаларының ішінде ерекше көңілге әсер ететіндерінің бірі – «Райгүл». Жазушының көзі тірісінде берген сұхбаттарының бірінде «Райгүлдің» оқиғасы белгілі сықақшы Оспанхан Әубәкіровтің басынан кешкен жайт екендігі туралы айтылған еді. Оспанхан аға қаладан ауылға барған сәтінде, әкесі оның көрші ауылдағы бір танысының үйіне соға кетуін өтінеді. Әкесінің өтінішін екі еткісі келмеген Оспанхан аға сол танысының үйінен қызын көріп, ұнатып қалады. Әкесінің де ойы Оспанханды әлгі жекжатының қызына қосу болса керек. Колхоз жұмысында белсенді жұмыс атқарып жүрген бойжеткен сықақшының бетін қайтарып жіберсе керек. Осы әңгімені қызыға айтып отырғанын естіп, Сайын аға Оспанхан Әубәкіровтен қолқалап сұрап алады. Осы оқиғаның желісімен «Райгүл» дүниеге келіпті. «Райгүл» дүниеге келген жылы жазушының дүниеге келген нәрестесіне де ауылдағы апалары Райгүл деп есім береді. Бұл туралы қаламгердің жары Мәриям апай айтқан естеліктердің бірінен оқыған едік.
Жазушының шығармаларының көбі елде жүргенінде жазылды. Әрбір кейіпкері ауылдағы қарапайым тірлік иесінен, ауылдастардың өмірінен ойып алынғандай көрінеді. Ол жазушының ауылдасы ғана емес, әрбір қазақтың басынан кешіп жатқан жайттар екені белгілі.
Өмірінің соңында Сайын аға «Мұң жапырақ» атты повестін аяқтамақ болыпты. Аталмыш шығарманың шағын үзіндісін бір журналға жариялағанымен, бұл дүние ол кісінің көңілінен шыға қоймаған соң, жыртып тастапты. «Мұң жапырақты» жақсы шықпаған соң, отқа өртеп жіберіп, қайта жазбақ та болған екен. Ағаның бұл арманы орындалмай, ішінде кетті. Тіршіліктің қым-қуыт уақытында жазуға мүмкіндігі болмады. Енді жазамын деп жүрген шағында, айықпас дертке шалдығып, төсекке таңылды. Жүзінде мейірім шуағы есіп тұратын, ұстамды, сабырлы Сайын ағаның әрбір шығармаларынан қаламгердің өзі көз алдымызға келеді.
4-билет