Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер

Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс, туыстас тілдер дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау үшін қолданылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдіс түркі тілдеріне Еуропа және орыс ғалымдарының еңбектері арқылы ене бастады (т.б.) дегенімізбен, түркі топырағында салыстырмалы-тарихи әдіс ХІ ғасырда-ақ қолданылған М.Қашқари өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында бірнеше түркі тілдерінің деректерін салыстыра отырып отызға жуық тұлғалық өзгерістерді көрсетеді11.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудың басты шарты салыстырылатын туыстас тілдердің әр деңгейдегі (фонема, морфема, лексема т.б.) сәйкестіктері анықталуы қажет. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеу негізінен екі түрлі: ретроспективті (қазіргі күйінен көнеге қарай) және проспективті (көнеден жаңаға қарай) бағытта жүргізіледі

Ареалдық лингвистиканың мақсат-міндеттері аясына: тілдік құбылыстардың таралу шегін изоглосстар шоғыры негізінде анықтау арқылы тілдер мен диалектілердің шет-шекарасын географиялық картаға түсіру; тілдік одақтардың және тектілдің диалектілерінің таралу ареалын анықтау;

Лингвистикалық география ─ ареалдық лингвистикада қолданылатын басты әдіс болып саналады. Лингвистикалық география әдісі тілдік контактының, басқаша айтқанда тілдердің өзара қарым-қатынасының нәтижелерін табуға және ол нәтижелерді тектілдік реконструкцияларды түзетуде, жөндеуде қолдануға мүмкіндік береді

Реконструкция тәсілі ─ салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі.

Реконструкция (лат. re- жаңғырту мәніндегі қосымша, constructio – құру) - тілдік құбылыстар мен формалардың тіл дамуының бұрынғы кезеңдері мен тектілдік күйіне тән түр-тұрпатын, әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарын қайта жаңғырту үшін жеке тілдердің өз ішінде, тілдер тобы мен семьяларының арасында қолданылатын тәсілдер жиынтығы. ‘Реконструкцияда көзделетін түпкі мақсат, негізгі мүдде ─ тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістерді ашып көрсете отырып, олардың бастапқы негіз тілге-тектілге қатысын айқындау; тіл деңгейлерін (диахрондық фонология, морфология, лексикология, синтаксис) тарихи сипаттау; тілдің эволюциялық дамуының жалпы теориясын жасау сияқты жалпы лингвистикалық проблемалардың шешімін табу болып табылады

Көне жазба дәстүрі бар тілдерді зерттеу үшін тиімді саналатын филологиялық әдіс – ішкі реконструкция әдістемесінің бір түрі. Ол көбінесе тарихи жазба ескерткіштердің хронологиялық шектеулігіне байланысты тіл тарихын зерттеуде қолданылады. Әйтседе, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын көне жазба мұралары бар тілдер үшін архетиптердің хронологиясы мен кеңістіктегі таралу шегін біршама нақты анықтау үшін филологиялық әдіске салыстырмалы-генетикалық зерттеулер де жүгінеді. Мысалы, үндіеуропа тілдерінің әртүрлі топтары үшін санскрит, көнепарсы және авест тілдерінде жазылған мәтіндерді талдаудың маңызы зор’

Лексика-семантикалық реконструкция әдісі – лексикалық өрістің құрылым-құрылысын және тілдің жазба тарихы барысында онда жүретін өзгерістерді айқындау үшін қолданылатын амал-тәсілдер жиынтығы. Ең бастыларына лексикалық бірліктерді дистрибуттық және компоненттік талдау, лексеманың әртүрлі кезеңдердегі қалып-күйін салыстыру амалдары жатады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]