Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).

Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының ортасы мен екінші жартысында түркі тілді тайпалар Орта Азия мен қазіргі Қазақстан аумағында, Оңтүстік Сібірде, төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказда Түрік қағанаты, Шығыс түрік қағанаты, Батыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Ұйғыр қағанаты тәрізді ірі мемлекеттерді құрғаны, Енисей қырғыздарының, қарлұқтардың, қимақтар, оғыздардың да мемлекеттік жүйедегі бірлестіктері болғандығы тарихтан белгілі1. Бұл кезең түркі тілдері даму тарихында көне түркі дәуірі деп аталады. Ұлы дала мәдениетін бүкіл әлемге паш еткен «көктүріктер өзінің бастау негізін, түркілік тамырын, тіпті мемлекет құрудың жөн-жоба, дәстүрін хундардан алса»3, көне түркілер тілі қазіргі түркі халықтары тілінің негізгі арнасы болып табылады.

Көне түркі дәуірінің алтай, хун дәуірлерінен басты айырмашылығы: көне түркілер өздері жайлы мол жазба мұра қалдыруында және көне түркі дәуірінің таза түркілік дәуір ретінде қарастырылуында.

Көне түркі дәуірінің баға жетпес мұрасы Орхон-Енисей ескерткіштері сырының ашылуы түркітану ғылымына үлкен бетбұрыс әкеліп, оның бағыт-бағдарын анықтап қана қойған жоқ, көшпелі дала мәдениетін бүкіл әлемге танытты. Орхон-Енисей жазбалары қазіргі және орта түркі тілдері мен түркілік тектіл арасын жалғастырушы бірден-бір лингвистикалық дерек болып табылады.

Адамзат өркениетінің рухани-мәдени құндылықтарының бірі – Орхон-Енисей ойма жазуларының тілі ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бері түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасының алтын арқауы, фонетикалық жүйесі мен грамматикалық конструкциясының, лексикалық қорының өзіндік даму үрдісін, ерекшеліктерінің деңгейін, олардың өзара туыстық қатысын белгілеудің негізгі критериі болып келеді. Қазіргі таңда Монғолиядан, Сібір мен Азиядан хронологиялық жағынан әртүрлі мерзімді қамтитын 200-ге тарта түркі ойма жазулары анықталды.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі бір-біріне өте жақын болғанымен, өзара диалектілік ерекшеліктер де айқын аңғарылады. Мұндай ерекшеліктер фонетикалық, лексикалық және кейбір грамматикалық ауытқулардан көрінеді4.

Зерттеушілер көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі өзгешеліктердің бірнеше себебін көрсетеді: арадағы уақыттың алшақтығы (ХІІІ ғасыр), сол кездегі мемлекет құрамындағы түркі ру-тайпалары (түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, қыпшақ, оғыз, тардұш, тоғызоғұз, оноқ т.б.) тілдерінің бір орнында өзгермей тұрмауы; сол тілдердің өзара айырмашылықтарыныңболуы; ескерткіштер жазуы емлесі негізінен консонантты принципке сүйенуі; ескерткіштерді күні бүгінге дейін оқып-аударып келе жатқан зерттеушілердің өз тұсынан қосып, алғандарының аз еместігі5.

Көне түркі жазба мұраларының тілі жайлы оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік ерекшеліктері туралы С.Е.Маловтың, А.Н.Кононовтың, И.А.Батмановтың, Ғ.Айдаровтың, А.Аманжоловтың т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жазылған.

Көне түркі дәуірінде қазіргі түркі халықтары ата-бабаларының тілдері өзіндік ерекшеліктерімен айқын ажыратыла бастаған. Мамандар осы дәуірдегі тілді й тілі (оғыздар мен қыпшақтардың тілі), д тілі (ұйғырлардың тілі), з тілі (қырғыздардың тілі) деп топтастырады7.

Көне түркі тілінің сөздік қорындағы көптеген сөздердің қазіргі қазақ тілі лексикасында сол күйінде ешқандай тұлғалық, семантикалық өзгерістерге түспей қолданылуы (аз, бай, бар, бір, боз, бөрі, кісі, түн, күн, құл, күң т.б.), сондай-ақ көне тіліне тән дыбыс сәйкестіктерінің қазақ тілінің өз ішінде кездесуі – ғ, г ~ й (жүгір ~ жүйрік, соғым ~ сойым); т ~ д (түзу ~ дүзу); д ~ й (аяқтау ~ адақтау); с ~ ш (сама ~ шәме, сыла ~ шыла); и ~ з (игі ~ ізгі); д ~ з (бед+ер ~ без+ек) т.б., олардың екі варианты да бір мағынада қолданылып, бірі әдеби тілде, енді бірі диалектілік ерекшеліктерде қолданылуы немесе екеуі де әдеби тілде қолданыла отырып, мағыналық жағынан сараланып екі ұғымды бірдіруі қазақ тілі де басқа түркі тілдері сияқты өз негізін көне түркі тілінен алғандығының айқын дәлелі6.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]