Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать

84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі

Сын есімнің тарихи қалыптасу тұлғалары адъективтену құбылысымен тікелей байланысты.

Түркітанушы ғалымдар сын есімдердің сөз табы ретінде ҮІ-ҮІІІ ғасырлардан бұрын қалыптаса бастағанын және әлі де даму үстінде екендігін айтады. Тіліміздегі жатаған, тебеген, алаған, береген сияқты өткен шақтық есімше мәнін беретін етістіктер, сондай-ақ қызу, жүдеу, бітеу, көсеу сияқты қимыл есімдері сын есімге айналған. Мұндай сөздер өздерінің бұрынғы есімше және қимыл есімі мәндерін жоғалтпаған, олардың аффикстері де етістіктер құрамында сол қызметте (есімше, қимыл есімі) жұмсалады. Мұндай сөздер лексикалық мағынасына және қолданылу ерекшеліктеріне қарай сын есімге тән мағынаға ие болып, сын есімге тән қызметте жұмсалып кеткен.Етістіктермен үндес, мағыналас, тұлғалас сын есімдер қатарына жарамсақ, жағымпаз, бұралқы, жинақы, оралғы, суық т.б. сөздерді жатқызуға болады. Адъективация процесі күрделі сын есімдер құрамынан айқын көрінеді:

- соңғы компоненті есімше тұлғалы етістік: қанішер, қаныпезер;

- ашық райлы етістік: қырып сал, алып қаш (алыпқашпа әңгіме), етек басты (етек басты әйел), күн қақты;

- бірыңғай мәнде айтылатын етістіктер тіркесі: ұрдажық;

- зат есім мен зат есімнің бірігуі: тасбауыр, сужүрек, безбүйрек, желаяқ, өркөкірек;

- сын есім мен зат есім бірігуі: арамтамақ, ақкөңіл, кеңпейіл, ашкөз.

85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары

Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Махмұд Қашқари. М.Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып екі топқа бөледі: Қашқардан жоғарғы Шыңға дейінгі аумақты мекендеуші тайпалар тілі және Румға дейінгі жерлерді мекендеуші тайпалар тілі1. Түркі тілдері біршама толық қамтылған классификациялар қатарына 1882 жылы жасалған В.В.Радловтың жіктеуі жатады. В.В.Радловтүркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктері негізінде оларды төрт топқа бөліп көрсетеді: Шығыс топ (сібір тілдері), Батыс топ (қазақ, қырғыз, башқұрт, Батыс Сібір, Волга татарларының тілі); Орта Азия тобы (өзбек, ұйғыр); Оңтүстік топ (түрікмен, әзірбайжан, қырым татарларының говорлары). В.В.Радлов классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс тобына жатады. Ғалым өз жіктеуінде түркі тілдеріндегі б ~ п, ш ~ ж, т ~ д, қ ~ ғ, к ~ г, дж ~ д, ч ~ ш, ч ~ ц, ө ~ ү, о ~ у дыбыс алмасуларына, басқа фонетикалық заңдылықтарға сүйенеді Түркітануда ерекше аталатын классификациялардың бірі – Ф.Корштың классификациясы. Бұл жіктеудің алғашқы классификациядан басты айырмашылығы тек фонетикалық ерекшеліктерге ғана емес ортақ лексиканың морфологиялық құрылымына да назар аударуында. Ғалым түркі тілдерін жіктеуде ғ ~ у сәйкестігі, сөз соңындағы немесе сөз ортасындағы ғ, г элизиясын, есімшенің -р тұлғасының қолданылу/қолданылмауын негізге ала отырып төрт топқа бөліп қарастырады: 1. Солтүстік топ (алтай, қырғыз, қарашай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т.б.); 2. Батыс топ (түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен т.б.); 3. Шығыс топ (Орхон ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр, шағатай, половец, қарағас т.б.); 4. Аралас топ (якут, чуваш т.б.). Ф.Корш классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Солтүстік тобына жатады. А.Н.Самойлович түркі тілдерін алты топқа жіктеудің негізгі шарты ретінде аяқ, бол, қалған, сары, тау, тоғыз сөздерінің фонетикалық және морфологиялық өзгерістеріне сүйенеді:

1. Р-тобы немесе бұлғар, чуваш тобы (көне бұлғар тілі, чуваш тілі): ура, рул, тау / ту, қалан, сарм, тохар;

2. Д-ұйғыр немесе солтүстік- шығыс тілдері: тоқуз, пол, тағ, сариғ, қылған. Аяқ сөзінің тұлғалық өзгерістеріне қатысты іштей үш топшаға бөледі: Д-топшасы (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, тофалар, салар тілдері): адақ «аяқ»; Т-топшасы (якут тілі): атақ «аяқ»; З-топшасы (сары ұйғыр, шор, хакас тілдері) азақ «аяқ»;

3. Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы: тоғуз, айақ, бул/бол, тау, сары, қалған. Монғол шапқыншылығына дейін қалыптасқан тілдер (алтай, қырғыз, телеуіт, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт), монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдер (қазақ, ноғай) деп іштей екі топшаға бөледі;

4. Тағлық тобы. Шағатай немесе оңтүстік-шығыс тобы (шығыс Түркістанда тұратын түркілердің тілі): тоқуз, айақ, тағ, қалған, сарық, бол;

5. Тағлы-тобы. Қыпшақ-түрікмен немесе орта топ (Хорезм өзбектерінің тілі): аяқ, доқуз, бол, қалған, сары, тағ;

6. Ол-тобы. Түрікмен немесе оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік, гагауз тілдері): айақ, доқуз, ол, дағ, сары, қалан.

Түркі тілдерін топтастыруда өзіндік із қалдырған ғалымдар қатарына В.А.Богородицкийде жатады (1933 ж.). В.А.Богородицкий фонетикалық ерекшеліктермен қатар географиялық-аумақтық белгілерді де негізге ала отырып, түркі тілдерін жеті топқа бөледі: солтүстік батыс топ (якут, тува, қарағас тілдері); хакас тобы (хакас тілі); алтай тобы (алтай тілі); Батыс Сібір тобы (чұлым, Барабин, Тобыл, Түмен татарларының тілдері); Волга және Орал бойындағы татар, башқұрттардың тілдері; Орта Азия тобы (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек тілдері); Оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрік, түрікмен тілдері)2. Қазақ тілі В.А.Богородицкий классификациясы бойынша Орта Азия тобына енеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]