- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
Түркологиялық зерттеулер бойынша түркі тілдерінің барлық топтарына тән морфологиялық орақтықтар мынадай болып келеді:
а) морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Олай болатын себебі – типологиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.
Сөздің морфологиялық құрылымы үш элементтен: түбір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді: 1. Тек қана түбірден құралған сөз; 2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз; 3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.
б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдерінде зат есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категориясы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелдікті білдіретін конструкциялар жүйесі бар. 3) абстракт көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың бір шама нақты мәнді білдіруі; 4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар екені; 6) атау тұлғаның көп мәнділігі; 7) шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырайы мәнін беретіндігі.Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері олардың аглютинативтік қасиетінен туындайды. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады, ал грамматикалық мағынаны білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады. Түбір морфема сөздің түпкі бөлшегі ретінде құрылысы, мағынасы жағынан әрі қарай бөлшектеуге келмесе, көмекші морфемалар өз алдына жеке тұрып, ешбір мағына білдірмейді, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әртүрлі қосымша грамматикалық мағына үстейді1.Егер дауысты дыбысты ‘Г’, дауыссыз дыбысты ‘С’ әріптерімен белгілесек, түркілік түбірлер дыбыстық құрамы тұрғысынан бір буынды (Г, СГ, ГС, СГС, ГСС, СГСС) немесе екі буынды (СГСГ, ГСГ, ГССГ, СГССГ), ал негіздер түбірге сөзжасам жұрнақтарының үстемеленуіне байланысты көпбуынды болуы мүмкін. Мысалы, Г: Көне түркіескерткiштері тiлiнде ö түбiрiнен тараған бiрнеше түбiр-негiздер ұшырасады: ö → ög → ögüt «кеңес, үгіт » , ö → ög → ögle «талқылау»); ö → ök → ökün «өкін» . ГС: түрк*ad→adγïr «жеребец ; СГ:ba «байлау» ;СГС:buz «бұзу» ГСС: ört«өрт» СГСС: jurt«жер, ел, отан.Г.Рамстедт алтай тілдеріндегі қосымшаларды екі топқа бөледі:
суффикстер (о бастан-ақ тек қана қосымша болып келе жатқандар)
аффикстер (дербес сөздің өзгерісі нәтижесінде қалыптасқан қосымшалар)
5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
Түркі тілдері алтаистика және түркология бағыттындағы зерттеулерде дәстүрлі түрде алтай тілдері семьясы құрамында қарастырылады.Түркі тілдерінің саны ғылыми әдебиеттерде әр түрлі көрсетіледі. Мәселен, КСРО ҒА тарапынан 1966 жылы жарық көрген ұжымдық монографияда 23 тірі түркі тілі, ал А.А. Реформатскийдің 1967 жылғы «Тілтануға кіріспесінде» ( Реформатский А.А. Введение в языковедение. М., 1967; М.1996.-536стр.) түркі тілдерінен 25 тірі, 7 өлі тіл көрсетіледі.
Түркі тілдері - түркология ғылымының зерттеу нысаны болып табылады.
Түркология – түркітектес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. рухани, мәдени құндылықтарын зерттейтін сүбелі ғылым саласы.. Түркітану ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында шығыстанудан іргесін ажыратып, дербес ғылым саласы ретінде қалыптасады2.Түркі тілдері жайлы жазылған тұңғыш түркологиялық еңбек Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі. ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи- салыстырмалы әдісті негізге алған, түркі тілдері мен диалектілерінің негізгілерінен мысалдар келтірілген тұңғыш еңбек. Мұнда М.Қашқари 29 түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді. ХІ ғасырда өмір сүрген филолог-түркітанушы М.Қашқаридың мұрасын түркітану ғылымының бастауы, қайнар көзі саналады.
Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің бірі – «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) латын әліпбиімен қыпшақтар (куман) тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктер жинағы164 беттен тұрады. Шығармада құман тілінің қысқаша грамматикасы, қыпшақ сөздерінің жіктелу кестесі, септелу үлгісі берілген. Аталған орта ғасырлық түркі тілдері жайлы жазылған шығармалар қазіргі түркі тілдерінің даму жолын анықтауда ерекше маңызға ие тарихи қайнар көздер болып табылады.
ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер негізінен Ресей Ғылым Академиясы тарапынан жүргізілді. Бұл кезеңде түркі халықтарының көне дәуірлердегі, орта ғасырдағы жазба мұраларын зерттеуге ерекше ден қойылды. Мәселен, Г.Ю.Клапрот (1801-1809 жж.) «Бабыр-наме», «Кодекс Куманикус» жайында зерттеулер жүргізсе, Х.Д.Френ Әбілғазының шығармаларын алғаш жариялайды. В.В.Радлов Орхон-Енисей ескерткіштерінің, ұйғыр, манихей, араб жазулы түркі мұраларын оқу, аудару, тілін зерттеу мәселелерімен айналысып, Л.Э.Лазарев Махмуд Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының тілін зерттейді. Г.С.Саблуков Әбілғазының «Шаджра-и-түрк» еңбегін және «Құранды» орыс тіліне аударумен шұғылданады. ХІХ ғасырда өнімді еңбек еткен түркітану тарихында ерекше орын алатын ғалымдардың бірі – В.В.Радлов (1837-1918). Түркітану ғылымын «жаңа сатыға көтерген» В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты (1893-1911) салыстырмалы тарихи негізде жазылған сөздігі алтай, қазақ, қырғыз, хакас, ұйғыр тілдерінің материалдарын қамтиды. Ғалымның «Образцы народной литературы тюркских племен» деген көлемді еңбегінің (7 том) 3-томында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтелдер, дастандар, аңыз, ертегілер т.б.) берілген. В.В.Радловтың «Құдатғу білік», «Алтын яруқ» ескерткіштерінің тілі жөнінде айтқан пікірлері, зерттеу нәтижелері де өте құнды.ХІХ ғасырда түркітану ғылымының жаңа сатыға көтерілуі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылуымен де байланысты болды. Орхон-Енисей руникалық жазу үлгілерін оқуға деген орыс ғалымдарының да, шетелдік ғалымдардың да тарапынан болған талпыныстардың бәрі сәтсіз аяқталды. Тек 1893 жылы (желтоқсан) ғана Дания ғалымы В.Томсен құпия жазу таңбаларының дыбыстық мәнін дұрыс ажыратып, ескерткіштердің түркі халықтарының мұрасы екенін анықтап шықты. В.В.Радловтың шәкірті – П.М.Мелиоранский (1868-1906) қазақ тілінің алғашқы грамматикасын жазушылардың бірі (Краткая грамматика казах-киргизского языка) (1894). Ғалымның негізгі ғылыми бағытының бір қыры түркілердің көне мұраларын зерттеу болды. Алғашқы түркологиялық еңбектер (түркі тілдері жайлы) ХІ ғасырда Орта Азияда, Египетте, Қыпшақ даласында жазылды. Бұл еңбектер түркітану ғылымының бастау-көзі болып табылады.
Түркітану ғылымының қалыптасып, дамуына Ресей патшалығының жүргізген отарлау саясаты тікелей ықпал етті. ХҮІІІ ғасырда түркологиялық зерттулер нақты шаралар негізінде жүргізіліп, түркі тілдері бойынша мол деректер жиналды, еңбектер жарық көрді, татарша, қалмақша мектептер ашылып, араб шрифтімен баспахана ұйымдастырылды. ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер жүргізуде Ресей Ғылым Академиясы жетекші орында болды. Жоғары оқу орындарында түркі тілдерінен дәрістер оқытылды. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылды. Қазақ тілі бойынша бірнеше грамматикалар мен сөздіктер жарияланды. ХХ ғасырда түркітану ғылымы жан-жақты дамып, әрқырынан зерттелді.
