Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.

Түркі тілдеріне тарихи тұрғыдан, яғни қалыптасу кезеңіне байланысты классификация жасаған ғалым – С.Е.Малов. Ғылым «Қай тілде көне элемент көбірек сақталса, сол тіл көне тіл болып есептеледі»1 деген қағиданы негізге ала отырып, көне белгі ретінде рт, лт, нт тіркестерінің түбір мен қосымша морфема жігінде қолданылуын (алты «алды», келті «келді», барты «барды», апта «онда» т.б.), ежелгі түркі жазбаларында кеңінен қолданылатын ғ/г дауыссыздарының сақталуы (тағ «тау», сарығ «сары» т.б.) көрсетеді2.

Аталған белгілердің сақталу деңгейіне байланысты түркі тілдерін төрт топқа бөледі:

1. Ең көне түркі тілдер (бұлғар, сары ұйғыр, чуваш, якут тілдері);

2. Көне түркі тілдері: (оғыз (көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің тілі), тофалар, тува, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, хакас, шор тілдері);

3. Жаңа түркі тілдері (әзірбайжан, гагауз, құманды, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік, түрікмен, Шығыс Тұркістандағы ұйғырлар тілдері);

4. Ең жаңа түркі тілдері (башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ойрат, ноғай, татар, чуваш, якут тілдері).

Бұл классификация бойынша қыпшақ тобындағы тілдер, оның ішінде қазақ тілі де ХІҮ, ХҮ ғасырларда ғана қалыптасқан ең жас тілдер қатарына жатқызылады.

Түркі тілдеріне генеалогиялық тұрғыдан жасалған классификациялардың ішіндегі барлық түркі тілдері және олардың басты фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктері толық қамтылған, қазіргі түркі тілдерінің даму жолы мен өзара туыстық деңгейін айқын көрсететін әрі көпшілік мамандар тарапынан мойындалған классификация – Н.А.Баскаковтың жіктеуі. Сондықтан қазіргі таңдағы түркі тілдерінің тарихи грамматикасы пән, түркі тілдерінің тарихына байланысты зерттеулер осы классификацияны негізге алады.

Н.А.Баскаков классификациясының өзге жіктеулерден басты айырмашылығы – тілдік ерекшеліктермен қатар тарихи принципке сүйенуінде, яғни тілді сол тілде сөйлеуші халық тарихымен бірлікте қарастыруында.

Ғалым түркі тілдерін үлкен екі бұтаққа бөледі: Батыс хун тілдері және Шығыс хун тілдері. Батыс хун тілдерін төрт топқа бөліп қарастырады.

І. Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері: екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы; сөз соңында ротацизм құбылысының орнығуы (з ~ р); с дауыссызының й ~ ж ~ дж ~ ч дыбыстарына өзгеруі; д ~ т ~ з ~ й дыбыстарының р дыбысына ауысуы; ламдаизм құбылысының орын алуы (ш ~ с ~ л) т.б.

ІІ. Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы; сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы т.б. Грамматикалық ерекшеліктері: ілік септігінің -ын//-иң, табыс септігінің -ның//-ниң, -ны//-ни, -и тұлғаларының қолданылуы; барыс септігінің формасының, І жақ жіктік жалғауының көпше түрінің толық құрамымен бірге -ие қосымшасының болуы; есімшенің -мыш//-миш тұлғасының, қалау райдың -си тұлғасының болуы, т.б.

Оғыз тобы іштей үш топшаға бөлінеді:

1. Оғыз-түрікмен топшасы (орта ғасырлық оғыздар тілі, түрікмендер тілі, түрхмен тілі);

2. Оғыз-бұлғар топшасы (көне печенек, торк, берендей, ковуй тілдері, гагауз, балқан түріктерінің тілдері);

3. Оғыз-селжүк топшасы (көне селжүк, көне османтүріктерінің тілдері, әзірбайжан, түрік тілдері).

ІІІ. Қыпшақ тобы үшке бөлінеді: 1. Қыпшақ-половец топшасы (көне половецтер, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілдері); 2. Қыпшақ-бұлғар топшасы (батыс Алтын Орда әдеби тілі, татар, башқұрт тілдері); 3. Қыпшақ-ноғай топшасы (қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі). Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі.

ІҮ. Қарлұқ тобы (Қараханидтер мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі, шағатай, көне өзбек тілдері және ұйғыр, өзбек тілдері). Фонетикалық ерекшеліктері: дауыстылар алтыдан тоғызға дейін болуы; п, т, қ дыбыстарының сөз ортасында қолданылмауы; сөз соңында ғ, г, қ, к дыбыстарының сақталуы. Грамматикалық ерекшелігі: жинақтық сан есімдерінің -ағу//-егу тұлғасында қолданылуы; қимыл есімдерінің -ғу//-гу формасының да кездесуі. Қарлұқ тобындағы тілдердің лексикалық қоры араб, парсы элементтерінің молдығымен ерекшеленеді.

Шығыс хун тілдері екі топтан тұрады. І. Ұйғыр-оғыз тобының басты айырмашылығы: сөз ортасында й дыбысы д, т, з дыбыстарына, сөз соңында т, д дыбыстарына ауысады; сөз соңында ғ, г дыбыстары сақталады. Іштей үш топшаға бөлінеді: 1. Ұйғыр-тува (тукюй) тілдері (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, қарағас тілдері). Фонетикалық ерекшеліктері: сөз ортасында т ~ з ~ й дыбыстарының орнына у дыбысы қолданылады; сөз соңындағы д, й дыбыстары т дыбысына өзгереді; сөз соңында ғ, г дыбыстары, түбір мен қосымша жігінде лт, рт тіркестері сақталады. Грамматикалық ерекшелігі: есімшенің -ар//-ер тұлғаларының орнына -ұр//-үр, -ыр//-ер тұлғасы, шартты райдың -сар//-сер тұлғалары қолданылады. 2. Якут тілдерінің тобына тек якут тілі ғана енеді. Басты ерекшеліктері: сөз ортасында д, з, й дыбыстары е дыбысына өзгереді. 3. Хакас тілдері екі топшаға бөлінеді: а) хакас тілі, шор тілінің иоран диалектісі, сары ұйғыр тілі, татар тілінің чулым, камасин диалектілері енеді; б) шор тілінің қосуан диалектісі, алтай тілінің сарлық диалектісі кіреді. Басты ерекшеліктері: сөз ортасында т ~ д ~ й дыбыстары з дыбысына, сөз соңындағы й дыбысы с ~ з дыбыстарына, сөз басындағы й ~ ж ~ дж ~ д ~ с дыбыстары ч, н, ң дыбыстарына өзгереді.

ІІ. Қырғыз-қыпшақ тілдеріне көне қырғыз, қазіргі қырғыз және алтай тілдері енеді. Негізгі фонетикалық белгілері: сегіз толық дауысты, алты не сегіз екінші дәрежелі созылыңқы дауыстылардың болуы; ерін үндестігінің жақсы сақталуы1.

Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы түркі тілдерінің ерекшеліктеріне, сол тілде сөйлеуші халықтардың тарихи даму жолына сәйкес келеді. Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы бойынша қазақ тілі Батыс хун тілдерінің Қыпшақ тобына, оның ішінде Қыпшақ-ноғай топшасына енеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]