Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор гр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

34. Радлов пен Корштың классификациясы

Түркі тілдері біршама толық қамтылған классификациялар қатарына 1882 жылы жасалған В.В.Радловтың жіктеуі жатады.

В.В.Радлов түркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктері негізінде оларды төрт топқа бөліп көрсетеді: Шығыс топ (сібір тілдері), Батыс топ (қазақ, қырғыз, башқұрт, Батыс Сібір, Волга татарларының тілі); Орта Азия тобы (өзбек, ұйғыр); Оңтүстік топ (түрікмен, әзірбайжан, қырым татарларының говорлары). В.В.Радлов классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс тобына жатады.

Ғалым өз жіктеуінде түркі тілдеріндегі б ~ п, ш ~ ж, т ~ д, қ ~ ғ, к ~ г, дж ~ д, ч ~ ш, ч ~ ц, ө ~ ү, о ~ у дыбыс алмасуларына, басқа фонетикалық заңдылықтарға сүйенеді.

Түркітануда ерекше аталатын классификациялардың бірі – Ф.Корштың классификациясы. Бұл жіктеудің алғашқы классификациядан басты айырмашылығы тек фонетикалық ерекшеліктерге ғана емес ортақ лексиканың морфологиялық құрылымына да назар аударуында. Ғалым түркі тілдерін жіктеуде ғ ~ у сәйкестігі, сөз соңындағы немесе сөз ортасындағы ғ, г элизиясын, есімшенің -р тұлғасының қолданылу/қолданылмауын негізге ала отырып төрт топқа бөліп қарастырады: 1. Солтүстік топ (алтай, қырғыз, қарашай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т.б.);

2. Батыс топ (түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен т.б.);

3. Шығыс топ (Орхон ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр, шағатай, половец, қарағас т.б.);

4. Аралас топ (якут, чуваш т.б.). Ф.Корш классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Солтүстік тобына жатады.

Өз жіктеуінде Ф.Е. Корш географиялық ыңғайға қоса, тілдердің кейбір фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерді де басшылыққа алады. В.В. Радлов жіктеуінде қазақ тілі батыс группа тілдері тобына қосылса, Ф.Е. Корш жіктеуінде ол солтүстік топтың ішінде қарастырылған. Ф.Е. Корш өзінің «Классификация турецких племен по языкам» (1910) деп аталатын еңбегінде түркі тілдерін солтүстік, батыс, шығыс, аралас деп IV топқа бөледі. Академик Ф.Е. Корштың классификациясы түркі тілдерінің әрі фонетикалық, әрі морфологиялық ерекшеліктеріне негізделіп жасалған. Ол топтастырудың фонетикалық белгісі ретінде [ғ],[г], дыбыстарының екі түрлі қолданылу ерекшелігіне сүйенген: 1) ашық дауысты дыбыстардан кейін [ғ] және [у] дыбыстарының орын алмасу мүмкіндігі (тағ~тау); 2) қосымшалардың басында не қысаң дауыстыдан кейін сөз соңында [г], [ғ] дыбыстарының қолданылуы не қолданылмауы (-ған>-ан; қалған>қалан, сарығ>сары). Морфологиялық ерекшелігі ретінде: а) көсемшенің    [-а], [-е], [-и] формасы мен қалып етістігінің тіркесуі арқылы осы шақтық мағына беруін; ә) есімшенің [-р] формасының қолданылуын (келурмен) негіз еткен. Осы екі белгіге (фонетикалық, морфологиялық) сүйене отырып, Ф.Е. Корш түркі тілдерін төрт топқа бөлген. I. Солтүстік топ. Түркі тілдерінің бұл тобына алтай (ойрат), қырғыз, қарашай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т.б. тілдерді енгізген. Бұл топтағы түркі тілдері тағ сөзінің соңындағы [ғ] дыбысын [у] дыбысына алмастырып (тау), осының негізінде созылыңқы айтумен ерекшеленеді. Яғни тағ~тау~тоо (қырғызша) ~ туу (чувашша). Бұл топтағы тілдерде қосымшалар басындағы [ғ] дыбысы сақталынған (қалған, қалан емес), бірақ түбір соңында қысаң дауыстыдан соң [ғ] түсіріліп айтылады (сарығ орнына сары). Осы шақтық мағына көсемшенің -а//-е, -й қосымшалары мен қалып етістігі арқылы жасалатын аналитикалық формамен (келе турурмен) беріледі. II. Батыс топ. Түркі тілінің бұл тобына автор түрікмен, түрік, әзірбайжан, гагауыз т.б. тілдерді енгізген. Бұл топқа енген тілдер қосымша басындағы [ғ] дыбысын жоғалтқан (қалан, қалған емес) болса да, сөз соңындағы [ғ] дыбысын (тау орнына тағ) сақтап қалған. Сондай-ақ, қысаң дауысты дыбыстардан соң түбір соңындағы [ғ] сақталынбаған (сары). Осы шақ мағынасы – [р] аффиксінің қосылуы арқылы жасалады. ІІІ. Шығыс топ. Бұл топқа автор көне орхон, көне ұйғыр, шағатай, қыпшақ (половец), қарағас т.б. тілдерді қосады. Бұл тілдерде сөз соңында [ғ] дыбысы сақталып (тағ), қосымшалары [ғ]-дан басталады (қалған); сөз соңындағы қысаң дауыстылардан кейін де [ғ] қолданылады (сарығ). Осы шақ мағынасы [р] қосымшасы арқылы беріледі (келүрмен) т.б. ІV. Аралас топ. Бұл топқа автор жоғарыдағы тілдермен байланысы жоқ якут, чуваш және Орта Азияның кей тілдерін жатқызған. В.В. Радлов пен Ф.Е. Корштың классификациясы түркі тілдерін классификация жасаушы өзінен кейінгі ғалымдарға тигізген ықпалы қанша мол болса, кемшілігі де аз болған жоқ. Мысалы, В.В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің фонетикалық ерекшелігіне негізделсе де, ол ерекшеліктер толық көрсетілмеді. Батыс топтың негізгі ерекшелігі ретіңде сөз басында [қ], [к], [т] дыбыстарының қолданылуы және [с], [з], [ш] дыбыстарының буын талғамауы көрсетілген. Бірақ бұл қасиет тек батыс тобындағы тілдерге ғана емес, басқа топтарға (оңтүстік, Орта Азиядағы тілдерге де) тән қасиет. Сондай-ақ, [о], [е] дыбыстарының сөздің бірінші буынында қолданылуы, Орта Азия түркі тілдері тобының және сонымен бірге, оңтүстік түркі тілдерінің ерекшелігі деп берілген. Ф.Е. Корш ұстанған принцип те түркі тілдерінің ерекшеліктерін толық қамти алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]