
- •1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •4) Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері
- •5)Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
- •17. Етістіктің етіс категориясы тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •18. Сингормонизм заңдылығы, буын және екпін
- •19. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын реконструкция тәсілі
- •20. Түркі тілдеріндегі еріндік дауыстылардың сәйкестігі
- •2. Ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
- •3. Ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
- •4. Ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
- •5. Ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
- •26. Етістіктің көсемше тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Радлов пен Корштың классификациясы
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Ретроспективті және проспективті бағыттар
- •37. Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің қазақ тілінің тарихын зерттеудегі маңызы.
- •38. Түркологиялық зерттеулерде тарихи-салыстырмалы, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың маңызы.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы» туралы түсінік.
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в. А. Богородицкийдің, а. Н. Самойловичтің, и. Рамстедтің классификациялары
- •42) Үстеу және оның қосымшалары
- •43) Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: с.Е.Маловтың және н.А.Баскаковтың классификациялары.
- •44) Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері.
- •3. Көне түркі дәуірі (V-х ғ. Аралығы).
- •4. Орта түркі дәуірі (х-хv ғ. Аралығы)
- •6. Ең жаңа дәуір (хх ғ. Басынан бастап бүгінге дейін)
- •45. Есімдік және оның түрлерінің тарихи қалыптасуы
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
- •56. Түбірлер мен қосымшалардың синкретизм жүйесі
- •61 Сұрақ. Орхон-Енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер
- •62 Сұрақ. Фонетикалық заңдылықтыр, буын және екпін
- •63 Сұрақ. Сөз құрылысының агглютинацияғабайланысты ерекшелігі
- •64 Сұрақ. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы
- •65. Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
- •73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі.
- •75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция).
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •85. М. Қашқаридың, в. В. Радловтың, ф. КОрштың, а. Н. Самойловичтің, в. А. Богородицкийдің классификациялары
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені |
Басылым: төртінші |
1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
Қазіргі түркі тілдерінің вокализмдер жүйесінің жалпы сипаты ортақ болғанымен әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, жалпытүркілік баба тілдің вокализмдер жүйесіне сәйкес жаңғыртылған түркі тілдерінің дауыстылар жүйесі шартты түрде төрт топқа бөлініп қарастырылады:1) оғыздық тип –бірінші дәрежелі созылыңқы дауыстылардың және дифтонг, полидифтонг дыбыстардың, қысқа дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе; 2) алтайлық тип - екінші дәрежелі созылыңқылар мен қысаң дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе;3) қыпшақтық типі - созылыңқы дауыстылар мен өте қысқа дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе ; 4) тува-тофалар типі- екінші дәрежелі созылыңқы дауыстылар мен қысқа дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе.Ескерткіштер тіліндегі дауысты дыбыстардың қазақ тіліндегі өзгерістері төмендегідей дыбыс сәйкестіктері кешенін құрайды.
1. a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;
2.a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;
3. a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈onï «оны», ol «ол»;
4. e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»;
5.e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *žä → jeme ≈ žäne «және»;
6. ï ≈ a сәйкестiгi: *ïγ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγaš «ағаш»;
7 .ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈*žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;
8. ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;
2) Қазақ тілінің дауыстылар жүйесі және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дауысты дыбыстардың артикуляциялық жiктелiсi. Көне түркi тiлi дауыстылар жүйесiнiң құрамын толық сақтаған қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi вокализмдер жүйесi аздаған артикуляциялық ерекшелiктерi бар 8-9 дауыстыдан тұрады. Салыстырсақ:
Орхон, Енисей, Талас, ескi қыпшақ ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дауысты дыбыстардың артикуляциялық жiктелiсi, құрамы
№ Тiлдер |
Жасалуы |
Тiлдiк қатар |
||||||||
ашық |
жартылай ашық |
қысаң |
жартылай қысаң |
Тiл алды |
Тiл ортасы |
Тiл арты |
||||
езу |
Ерiн |
езу |
Ерiн |
езу |
ерiн |
|||||
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi |
А е |
о ö |
ï i u ü |
|
i е |
Ü ö |
|
|
а ï |
u о |
Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлi |
А е о ö |
|
i ï u ü |
|
i е |
Ü ö |
|
|
a ï |
u о |
Қазақ тiлi |
А ä е о ö |
|
i ï u ü |
|
|
|
i ä е |
Ü ö |
а ï |
u о |
Қарақалпақ тiлi |
А ä е о ö |
|
j(ij) ü ï u |
|
j(ij) ä е |
Ü ö |
|
|
а ï |
u о |
Ноғай тiлi |
а ä е о ö |
|
j(ij) ü ï u |
|
j(ij) ä е |
Ü ö |
|
|
а ï |
u о |
Башқұрт тiлi |
а ä |
О ö |
j(ij) ü
|
е ï |
j(ij) е ä |
Ü ö |
|
|
а ï |
U О |
3) Алтаистика және түркологиядағы «алтайлық атамекен» ұғымы . Алтай дәуірі – мерзімі жағынан анықталмаған, түркі тілдерінің дамуының ең алғашқы кезеңі.Бір топ ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады (Х.Винклер, С.М.Широкогоров, Б.Коллиндер, М.Рясянен т.б.). Бұл ғалымдардың пікірінше өте ерте кездерде , орал және алтай тілдері бір негізден өрбіген. Орал тілдері кейіннен екі тармаққа: угро-фин және самоди тілдеріне бөлініп кеткен. Ал алтай тілдері үш тармаққа: түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон тілдеріне ыдыраған.
ХІХ ғ. соңы - ХХғ. басында алтай тілдерінің генеалогиялық классификациясын жасауда негізге алынған «алтай гипотезасы» бүгінгі таңда «ғылыми болжамдық» деңгейден алтаистика немесе салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі деп аталатын дербес те сүбелі ғылым саласына айналып отыр. Дербес ғылым саласы ретінде ғасырдан астам даму тарихында алтаистика «түркілік мәдениетті әлемдік өркениеттік процестердің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыратын, 2-3 ғасырлық тарихы бар түркологиялық ғылыми білімді және оның озық үлгілерін» өзінің теориялық-методологиялық арқауы етіп келген болса, сол сияқты Г.Рамстедт, Н.Н.Поппе, Ф.Е.Корш, М.Рясянен, В.Л.Котвич, Н.А.Баскаков, А.М.Шербак, Г.Дерфер, И.А.Батманов, т.б. көрнекті алтаистердің тұжырымдары мен жинақталған «алтайлық» тілдік материалдар лингвистикалық түркологияның салыстырмалы-тарихи бағытының, түркі тілдерінің әрқайсысының тіл тарихына арналған зерттеулердің ғылыми дәйектемелік және фактологиялық негізіне алынды.