- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •27. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •56.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •67.Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •75. 1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •97. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
XVIIғ. Бас кезіндегі қ-қ-жоңғар қарулы қақтығыс/ы көп жағдайда оират/дың үстемдігімен аяқталып, қ-қ қоғамының экон.қ, саяси басқа әлсіз жақ/ын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке Болат хан (1718-1728) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді(1718-1748).Ташкентте ұлы жүздің өкіл/і Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қадған бөлігі Сәмекені хан ретінде моиындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді. ХVIIIғ. Қ-қ-жоңғар қатынасының асқынып кетуіне байланысты да сол жер мәселесі тұрды. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржлата ойрат/ға қалдырып, сонымен бірге Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экон.қ және саяси өрлеу кезінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші ел/мен сауда қатынасы өсті, Қонтайшы Тибетті,Шығ Түркістан мен қырғыз/дың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген оират/ға орыс шебері Зеленовскии мен швед офицері ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ дәрі жасауды жолға қойып берді. 1723 жоңғар қалмақ/ының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі қаратауға жетіп, Түркістанмен ташкенттен бір-ақ шығады. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүзбен орта жүз қ-қ/ының біразы қырғынға ұщырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал мүлкін тастап, Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақ/ы Хика мен Бұхараға жетіп паналайды. Демораф Тәтімовтың болжамы бойынша қасіретті кезеңде қ-қ елі миллионнан астам адамынан айрылған. Осы оқиғаның ізін ала қ-қ жұртына келген орыс елшісі Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп: “қ-қ/ ойрандалды, тоз-тоз болды, жұрдай болып жұтады”,- деп жазды.Оқиға қазақ елінің тарихына “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен енді.1730 ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Бөгенбай, кіші жүз Тайлақ батыр/ бастаған қ-қ қолдары бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқандайды. Кеиін бұл шаиқас өткен жерді Қалмаққырылған деп кетеді. Келесі ірі жеңіске қ-қ қол/ы 1730 Балқаш көлінің батыс жағындағы Аңырақай деген жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді батыр, Тоқсанбай, Мәлік және кеген би/ бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан Қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп,шағын әскерін тұтқындайды. 1730 Цин империясы әскерінің басқыншылығына ұшыраған ойраттар енді қайтып қазақ жеріне басып кіру мүмкіндігінен айрылады. Өз жерінен ауа көшкен қ-қ елі енді ата мекеніне орала бастайды 37. «Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызы. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей. Орбұлақ шайқасының маңызы – қазақтарды жоңғарлардың ғана емес бүкіл әлемнің мойындауын туғызған шайқас болды. Сонымен қатар, қазақ даласындағы шайқастарды ұзақ жылдарға толастатып, жоңғарларды қайта қазақ сахарасына басып кіруіне жүректерін шайлықтырардай әсер де қалдырды. Қазақ даласы сәл де болса жау езгісі мен зәбірінен құтылып, жаймашуақ тіршілігін жасай білді.
38. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері. XVIII ғасырда қазақ даласында болған европа ағартушыларын кең далада еркін жайылып жүрген табын-табын жылқылар, отар-отар қойлар, түйелер және оларды бағып жүрген салт-аттылар таңқалдырған еді. Әсіресе жазғытұрым, малшылар өздерінің малдарын өзен, көлдердің жағалауында орналасқан жайлауларға орналастырып, ақ шаңқан киіз үйлерін тіккен кезде ерекше көрініс көзге түсетін. Аспандағы құстардың үнімен үндесіп ауыл ішінде домбыраның әуені естілетін. Домбыраның үніне қосылып махаббат жәйлі, батырлардың ерлігі жәйлі айтылған әндер жырланды. Осындай керемет көріністерден әсер алған, сезімтал батыл саяхатшылар өз елдеріне келісімен өз отандастарына, Евразияның кіндігінде "шулы қалалардан" алыста табиғатпен гармониялы түрде үндескен көшпелі қоғамның барлық халқы "табиғи теңдікте" өмір сүріп жатқаны жайлы басылымдарда жарыса жазған еді. Көшпелі қоғамда билеуші топқа төре тұқымы - "ақ сүйектер" жатты. Төрелер - Шыңғыс хан ұрпақтарынан тарады және олар қазақ жүздерінің генеологиялық құрылымына кірмеді. Қазақ төрелері (сұлтандар) Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан (Жошы әулеті) тарайды. Олардың атақ-даңқы қазақ жерінен тыс, көрші Еуразияның көшпелі және отырықшы елдерінде танымал болды. Бұл елдердің хандық билігіне Жошы әулеті ұрпақтары шақырылып отырды. Орыс зерттеушілері "қазақ төрелерінің өздерін ұстау мәнерінің және интелектуалдық деңгейінің кеңдігін, қарапайым халықпен салыстырғанда ойлау қабілетінің жоғарылығын" өз еңбектерінде, күнделіктерінде жазып кеткен еді. Төрелердің қоғамдағы жағдайының ерекшелігі қазақтың әдеттік құқықтары нормасында заңдастырылған еді. Қазан төңкерісіне дейінгі жазба деректері мен қазақтың ауыз әдебиеті деректерінде, әрбір сұлтан қандайда болмасын көшпенділердің (ел немесе ұлыс) басқарып, өз иелігінде белгілі бір жайылымдық жерді (жұрт) иемдегені жөніндегі мәліметтерді береді. Сұлтанды сөзбен қорлағаны үшін 26 бас қара мал немесе түйе төлейтін, ал өлтіргені үшін қарапайым адамға төленетін құнның жеті көлемі төленетін. Қазақ қоғамының басқа мүшелерімен салыстырғанда, төрелердің істерін билер соты емес, хан соты қарастырған еді. Төре тұқымынан шыққан әйелдер үшін ерекше тәртіп, яғни әйелдер "қарадан" шыққан ер адамға күйеуге шықса барлық ерекшеліктерінен айрылатын. Ал "қарадан" шыққан әйел сұлтанға тұрмысқа шықса автоматты түрде "төре" тобына кіргізілетін. Төрелердің қоғамдық өмірдегі жағдайының ерекшелігі тек құқықтық дәстүр саласында ғана емес, далалық этикет тұрғысында да ерекшеленетін. Қарапайым қазақтар сұлтандармен сөйлескенде, оларға "тақсыр" сөзін қолданды. Олар сәлемдескенде, қоштасқанда, алғыс айтқанда екі қолын кеудесіне қойып немесе оң қолын оң тізесіне басып, "Алдияр" деп айтуға тиіс болды.
39.XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы және оның түрлері. ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түліктері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын д1а айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын. Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Жетісу жері мен Оңтүстік Қазақстан өте ертеден егіншілік мәдениеті өркендеген жер болды. Қазақ хандығының тұсында егін шаруашылығы үздіксіз дамып отырды. Сырдария, Арыс, Шу, Талас, Іле өзендерінің алқабында- суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Қаратау, Ұлытау етектері, Ертіс өзені, Зайсан көлі аймағында да егін шаруашылығы дамыды. Қазақ егіншілері бидай, арпа, сұлы, тары екті. Оңтүстікте күріш пен жүгері өсірді.
40. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз. Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады. Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған. Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады. Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді. 41. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз. Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайырханнын мақсат/ы:1.Қалмақт мен башқұрт/ң Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2.Петербург билеуші/іне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсылас/н жеңу. 3.Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзен/і бойындағы қазақ/ң мал жайылым/ы үшін бейбіт өмірді сақтау. 4.Қазақ жері арқылы өтетін керуен жол/ң қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның ен басты мақсаты - жонғар/ға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.Әбілхайыр осыған дейін, 1726ж Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елші/н жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын. 1730ж - Кіші жүз би/і Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одаққұруды тапсырды. Алайда, хан 1730ж қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елші/не әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кірутуралы құжат тапсырды. 1731ж 19 ақпан - елші/ С.Құндағұлұлы, Қ.Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады. Кіші жүз ақсүйек/і мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы іс/ коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731ж қазанда орыс елші/і Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйек/і арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топ/ы Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шара/ды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. 1731ж 10 қазан - Кіші жүздің 27старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді.Кіші жүздіңХиуа хандығымен аудан/ы Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшы/ әртүрлі бағалайды: М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың іс - әрекет/н тұтасынан ақтайды. А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді.Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғар/ң басқыншылық әрекет/ітоқтамады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 - 1720ж Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекініс/ тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков, Өскемен.Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекініс/ салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. Патша үкіметі Жайық бойына бекініс/ тұрғызып, егін шару.на қолайлы өңір/ді басып алып, орыс помещик/не, казак - орыс қоныстанушы/на таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады. Жаңадан қосылған қазақ жер/індегі шеп/ін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734ж мамырда Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов баскарған экспедиция жабдықтады:Ор өзені бойында бекініс тұрғызу. •Орта Азия хандық/ымен керуен саудасын кеңейту. •Қазақ өлкесіндегі табиғат байлық/ын игеру. •Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.Саяси жағдайдың шиленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсат/ы түгел іске аспады. 1735ж Ор өзені бойында Ор бекініс/ңнегізі қаланды. Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И.Неплюев Орск қалашығын 1743ж жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс Орынбор д.а.1735-1737ж болған башқұрт/ң көтеріліс/і кезінде Әбілхайырдың башқұрт билеуші/мен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі 2-рет ант алуды кездеді. •1738ж тамыз - Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В.Н.ТатищевОрынборда қазақ сұлтан/ң сьезін өткізді.Кіші жүзден 25, Орта жүзден 27 старшина барлығы Ресейге берілгендігін қуаттап 2-рет ант берді.Әбілмәмбет пен Абылай сүлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды, яғни Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету. •1733 -1734ж - Оңт Қаз.ң ықпалды би/імен сұлтан/ы Ресей кұрамына кіруге тілек білдірді.•1734ж 10 маусым - императрица Анна Иоаннова Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.Бірақ бүл жоспардың кейінге ығыстырылуы себеп/і:- Ұлы жүздің Ресейден алыстығы.- Ресейлік бағыт ұстаған Жолбарыс ханның 1740ж қайтыс болуы. в) XVIII ғасырдын алғашқы жартысындағы саяси жағдай.18ғ 30-40 ж/ы казақ халкының саяси дамуындағы күрделі кезен.•1740ж - Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы казақ/ң жағдайын ауырлата түсті.•1741 - 1742ж - қонтайшы Галдан Цэрен Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "актабан шүбырьшды"жорық/н жасады. 1742ж - Абылай сұлтан жоңғар тұткынына түсіп, 1743ж қиыншылыкпен босады. 42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз. АБЫЛАЙ (Әбілмансұр, Сабалақ)(1711-1781 жж.), ұлы мемл.т қайраткері, дипломат, саясаткер, 3 жүздің басын қосушы ұлы хан. Ханның аты атасының атымен ұқсас. Әкесі Уәли мен атасы Абылай мұсылманның қасиетті орталық/ң бірі Түркістанды билеген. Абылай тарих сахнасына 18ғ.ң 30ж.да көтерілді. Оның жасынан халқының азаттығы үшін ойрат/ға қарсы күреске белсене қатысуы жергілікті тұрғын/ арасында беделін көтерді. Көреген саяси қайраткер ретінде қалмақ/мен қатерлі соғыс/дан шаршаған қазақ/ң шиеленіскен ахуалын біршама бәсендету үшін диплом.қ жол/ды пайдаланып, қазақ-ойрат тартысының қарқынын басуға тырысты. Әбілкайырдың сыртқы саясаттағы, әсіресе Ресей тұрғысындағы шараларын толық құптамаса да, онын басты бағытының саяси астарын түсіне білді. 1740 ж. тамызда Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен, тағы да баска 120 старшынның қатысуымен Орынборға келіп, орыс үкіметінің қамқорына кіруге келісімін білдірді. Қазақ елінің тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым-қат./н суытпады. Қарапайым сұлтан болса да Пекинге елшілік аттандырып, қазақ/.ң, жағдайын Ресейден тәуелсіз жағдайда шешуге ат салысты. Кытай мемл.мен қарым-қат./ды бір жүйеге келтіру арқылы Ресей тарапынан саяси қауіпті бәсеңдетті. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде ерекше күшеюі 1738-1741ж қалмақ/ң жойқын шапқ.на қарсы күресте көзге түсті. Бір қақтығыста жекпе-жекте қалмақ қонтайшысы Қалдан-Сереннің баласы батыр Шарышты өлтірген 19 жасар Абылайдың ерлігі халық арасына тарап кетті. 20 жа¬сын-да хан сай¬ланған Абы¬лай жар¬ты ғ.ға жуық хан¬дықты абы¬рой¬мен басқара¬ды. Ол зер¬делі са¬ясат¬кер, білімдар дип¬ло¬мат, да¬рын¬ды қол-басшы бол¬ды. Оның көзде¬ген мақса¬ты мем¬л.ті нығай¬ту еді. Ол сыртқы жа¬улар¬дан қорғану үшін 3 жүзді біріктіруді жүзе¬ге асы¬ра бас¬тай¬ды. Жоңғария әлсіреген сайын Абылайда Ресейден ығысып, Пекин сарайына жақындады. Көреген мемл.к қайраткер Ресейден төніп келе жатқан кауіпті дер кезінде түсінді. Сұлтанның ендігі саясаты жонғар-қытай тартысынан қазақ елін алыстау ұстап, елдің дербестігін толық қалпына келт.п, Шығ Түркістанмен іргелес өңірдегі ойра/ң уақытша билігінде қалған жер/ді кайтадан қайтару еді. Осы мақсат үшін қытай әскерімен соғыскан Абылай дипл.қ айла-амал/ды ұтымды пайд.п, өз максатына жетті. Әбілмәмбет ханның Түркістан өлк.не көшіп кетуі Абылайдың мемл. қайраткері ретіндегі беделін арттыра түсті. Ақ киізге көтерілмесе де, сұлтан мемл.аралық қарым-кат/да, қазақ жұртының өз ішінде хан ретінде танылды. 18ғ.ң 40ж.да Абылайдың көш-конысы Есіл өз.і бой.да, Көкшетау өң.де, Ертістің жоғ. ағысында орн.ты. Орта жүздің ру/н жақсы білген, шегедей кадағалап билеген Абылай тез арада Ор.қ Азиядағы ең беделді қайраткер ретінде белгілі болды. 1740 ж.тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, т.б. 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қат.н суытпады. Петербург пен Пекинге елшілік/ аттандырды. Ол Ресей мен Қытай имп.ң өзара қайшылық/н қазақ хандығы мүддесіне пайд.п отырды. 1778ж қыста II Екатеринаның талабымен Көкшетаудағы ханның аулына жіберілген капитан Бреховтың миссиясы сәтті аяқталды. Абылай Ресейдің сый-құрметінің астарын түсінді. Капитан Брехов Абылайды 3жүздін ханы, халық басын иген мемл қайраткері болғанын растады. Ырық/на көнбей, өзінің хандық билігін күшейте бастағанынан қауіптенген Ресей мемл.ті оны биліктен тайдырудың жоспарын ойластырды. Сібір шек.қ шебінің командирі ген-майор Огарев күш жұмсап, Көкшетау өңіріне әскер төгіп, хандыкты Абылайдан тартып алудың жоспарын ұсынды. Халықтың кең қолдауынын нәт.де ол залымдық пікір жүзеге аспады. Абылайдың хандық мемл.ті барлық билеудің, басқарудың жүйесі қалыптаскан біріккен феодалдық ел болды. Қырғыз/ды, қоқандық/ды, еділ қалмақ/н, ойрат/ды сан рет талқандауы оның ірі қолбасшылық, саясаткер қасиетін де айқындады. Ол бірнеше тілді білді, кытай тілінде жазды, еркін сөйледі. Абылай 69-дан аса бергенде, сындарлы саясатшы, сарабдал мәмілегер ретінде ол көрші мемл./ң бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы. Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекет/мен дұрыс дипл.қ қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалу қайраткердің арманы еді. 43. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
Көтеріліс.ң алғышарттары:*Кіші жузде хандық биліктің әлсіреуі*ақсуйек.ң бір бөлігінің патша ук.саясатын қолдамауы*Қазақ.ң Жайық.ң сол жағасына өтуді бақылайтын Орал шекаралық басқармасы.ң құрылуы*1744 ж құрылған Орынбор губерниясының таратылуы*Орыс помещик/і мен Жайық казак әскері қазақ/ды мазалауын қоймауы.Қозғ.куш/і:шаруа/,старшын,би,ру басшы/ы.Көтеріліс аумағы:Еділ*-Арал теңізі.К.ң басты мақсаты:ғасыр/ бойы қалыптасқан жерді қалпына келтіру *Орал казак әскер.ң қазақжерін басып алуын тоқтату.*Нұралы хан мен сыбайлас/.ң озбырлығына шек қою.К.с басшысы:Байбақты руының старшыны-Сырым Датулы.1784ж Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен урысы басталды.1784ж Сырым тобы 1000 адамға жетті.1785ж көтерілісті басу ушин генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді(300 казак 2000 башкурт)1785ж наурыз-көтері.ге қарсы 1000-нан астам казак тобымен Колпаков пен Пономарев аттанды.Жем өз бой.да шоғ.әскер саны 7000 ға жетті.1785ж наурыз-майор Назаров басқаруымен 405 Орал казак.ы Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдады.Нұралы хан.ң ашық турде патша ук.н жактауы феод.қ топтар арасында жік туғызды.1785ж жаз-Кіші жуз старшын.ң съезі Нұралыны тақтан тайдыру жөнінде шешім қаб.ды.1785ж куз-старшын/ енді талап етті.Кіші жузң 20жуык руы оны айыптады.Қозғ.ң 1-ші кезеңі аяқталды,1786жУфаға жер ауд.ды,1790ж кайтыс болды.Барон Игельстром хандық билікті жойып,отарлауды тездетуді әкімшілік билеуді іске асыру ушін жоба усынды.Жоба.б.ша Кіші жузде қазақ.ды билеу Шекаралық сотқа тап.ды.1786ж Орынборда Шек. Сот құрылды.К.ң жаңа кезеңі.ң шығуына әсер еткен жағдай:1791ж Орск маңында Ералыны хан етіп сайлау*1792жСырым Ресей имп.на карсы ашық күрес жариялад.1794ж-Ералы хан кайтыс болып,1795ж Есім хан болды.Сырым.ң карсылығын туғызды.1797ж17 наурыз есімнің хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.1797ж күз- полковник Скворкин тобы Сырымды кудалауды бастады.1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феод.қ топ/ Қаратайды хан көтерді.1797ж күз- патша ук.і Айшуақты хан сай.ды.1797ж-Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуаға өтіп кетті.1802ж Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себеп.і:қазақ феод.ы мен старшындық топ.р арасындағы алауыздық.*руаралық қайшылық*көтерілісші.ң нашар ұйымдастырылуы*қару –жарақ.ң аздығы*Сырым.ң көтеріліс.ң әр кезеңінде мақсатын өзг.п отыруы.Тарихи маң.ы:*Еділ.ң шығ.ғы ірі халықтық сипаттағы көтеріліс.*Руаралық қайшы.ң басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлел.ді.патша ук.ң отарлау саясаты.ң тупкі мақсаты Жайық өң.н басып алу екенін д.ді.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 14 ж.ға соз.ды.К.ң нәтижесі: 1801ж 11 наурыз – патша ук.і қазақ ру/ына Жайық.ң оң жағасына өтуге рұқсат берді.
