
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •27. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •56.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •67.Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •75. 1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •97. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
27. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі. «Қазақ» атауының төркіні, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздугі зерттеушілердің бұл жөніндегі болжал-пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады: 1.«Қазақ» деген атау 15-ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек және Керей бастаған көшпенді тайпалар 15-ғасырдың 60-шы жылдарында Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар «қазақ» деп аталды. Мұның мағынасы: «Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар» деген сөз еді. Бұл кейін келе «қазақтардың атына айналған» деседі. 2. Ежелгі Жұңго жылнамаларындағы «үйсін», «усын» яки «асу» деген ұлыс аттары «қазақ» атауының дыбыстық баламасы дейді. Жаң Шимаң, Хи Шиутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды. 3. «Қазақ» атауы «Таң патшалығы тарихында» (7-8 ғасырларда) «қаса», «хаса» түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы тым ерте деп есептейді. «Қазақ» атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда ханзу, араб, парсы, византия, орыс, маңғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында кездеседі. Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардың этникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, қайта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. 29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды. 30. XV ғ. ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады. Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды. 31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды. Бірақ та осы саяси үрдісте жетекші рөл атқарған тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеулер толық жүргізілмей, олар туралы біліміміз тек дерек мәліметі деңгейінде қала берді. Оған себеп – деректік мәліметтердің мардымсыздығы. Қазіргі күнде заман талабы өзгеріп, өз тарихымызға қайта үңілгенде, алғашқы хандарымыздың тарихын, олардың атқарған рөлін көрсетуге осы себеп қолбайлау болады да тұрады. Мардымсыз деген – тіпті жоқ деген емес, аздау, бірен-саран деген мағынада. Олай болса, қолда бар деректерге сүйеніп, ұлттық мемлекетіміздің іргетасын қалаушылардың ел тарихындағы алатын орнын неге ашып көрсетпейміз?! Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенімен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары – Шыңғыс ханнан Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады. Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойындап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық. Махмуд бен Уәлидің жазуы бойынша, алғашқы қазақ ханы Керей хан болғандықтан, арнайы қарастыруды Керей ханнан басталық. Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі – Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді өз зерттеуімізде қолданамыз. Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В.В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: «Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде «гирей» – моңғол сөзі, моңғолша «гарай» делініп, «еңбегі сіңген», «лайықты», «құқылы» деген мағынада қолданылады». Қазіргі кезде Моңғолиядан тарихи Отанына қоныс аударған және көне моңғол тілін жетік білетін бауырларымыздан бұл сөздің мән-мағынасы жөнінде сұрастырғанымызда, кезінде тарих пәнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан, ардагер-ұстаз Нығмет Мәмбетұлы ақсақал: «гарай» – көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар, біріншісі – «биік», «еңселі», «алып» дегенді білдірсе, екіншісі – «ержүрек», «батыл», «еркін», «берік» деген мағынаны білдіретінін хабардар етті. Араб тілінде бұл мағыналардың «хайдар», «ғайдар» деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі – «керей» сөзі мен араб тіліндегі – «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеміз. 32. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.
Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды. Алғаш Өзбек ұлысында тайпалар өздерінің этникалық тұтастықтарын сақтап, өздерінің руларын шашыратпай көшіп-қонып жүрген болса, жаңа халықтарға жіктелу барысында жоғарыдан билер мен сұлтандар қалыптастырған этносаяси жағдайға байланысты кейбір руларынан ажырап қалды. Мұны нақты мысалдармен түсіндірер болсақ, мысалы, Қыпшақ руларының Айталы-қыпшақ, Аталыұлы-қыпшақ, Борған-қыпшақ, Егілтай-қыпшақ, Қара-қыпшақ, Қарағаш-қыпшақ, Құлыбай-қыпшақ, Құртлу-қыпшақ, Сары-қыпшақ, Туде-қыпшақ деген рулары біртіндеп ноғайларға қосылды. Мұнда Қазақ құрамындағы Мүйізді сарыабыз атадан тарайтын Қытай-қыпшақ, Торы-қыпшақ, Құлан-қыпшақ тәрізді рулардың жоқ екендігін байқау қиын емес. Қазақтың ноғайдан және «Көшпелі өзбектер» этноқауымдастығынан бөлініп шығуында ноғайлардың Едисан (Жетісан) және Алтыұл тайпалық этнобірлестіктеріне қарсы біріккен «Алты сан Алаш» (жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, қыпшақ) этноқауымдастығының маңызы аса зор болғанын ұмытпауымыз керек. «Алты сан Алаштың» қалыптасуы аса күрделі этносаяси ахуалдарды бастан өткізіп барып, үлкен қиыншылықпен қалыптасты. Оны құраған тайпалардың кейбір рулары ноғайлар құрамынан бәрібір қайтпай, соларға сіңісіп кетті. Десек те, алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейді Ноғайларға және өзбектерге қарсы күресте күшейтіп жіберген де осы «Алты сан Алаштың» біртіндеп олардың жағына шығулары еді. Бұл бірлестік ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың соңына қарай қалыптасып, қазақ халқының этникалық ядросын құрады. ХV ғасырдың алғашқы жартысына дейін бұл этноқауымдастыққа кірген тайпалар бұрынғы Ақ Орда ұлысы аймағындағы Өзбек тайпалары ретінде белгілі еді. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы билеушісі Барақтың қайтыс болуына байланысты атақты Едігенің ұлы Мансұр биді Барақтың өлтіруін маңғыттар (ноғайлар) кешіре алмады. Батыстағы Алтын Орданың ханы Кіші Мұхаммедке қашып барған Мансұрдың інілері Ғази мен Наурыз хан әскерінің қолдауымен Барақты жеңіп, шығыс Қыпшақ даласындағы тақ иесіз қалды. Билікке келген ноғай мырзалары өздерінің Жошы әулеті тағына отыруға ешқандай да құқығы жоқ екендігін түсініп, айтқанды тыңдап, айдағанға жүретін «қуыршақ хан» іздестірді. Ол, әрине, маңғыттардың (ноғайлардың) ата жауы Барақтың тұқымынан болмауы тиіс еді. Оның үстіне әлсіреген Ақ Орда және Көк Орда мемлекетіне бағынудан қалып, өзара билікке таласқан және ұсақ ұлыстарға билік жүргізуге дағдыланып алған маңғыт мырзалары таққа отырғызу үшін қалыптасқан кәнігі саясаткерді емес, ел басқарудың айла әрекеттеріне әлі де қаныға қоймаған сарыауыз балаң жасты іздестірді. Мұндай таңдау Шайбан тұқымы, он жеті жастағы Әбілқайырға түсті. Осылайша, енді Дешті Қыпшақтағы таққа Әбілқайыр отырды. Оны хан сайлаған белсенді он сегіз тайпа негізінен татар-өзбек қауымдастығына жататын байырғы шайбандық тайпалар еді. Рас, олардың арасында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейінірек қазақты құраған наймандардың кейбір рулары, өкіреш наймандар, қоңырат тайпасының үлкен бөлігі бар еді. Олар да мұндай әрекетке амалсыздан, өздерінің көшу жолдары Өзбекстан (шығыс деректерінде Қыпшақ даласы осылай аталды) аймағында жатқандықтан барды. Ал арғын, қыпшақ, жалайыр, алшын тәрізді бұл тұста жекелеген рулары жаңа ханды қолдаушы маңғыттар құрамына қосылып кеткен тайпалық бірлестіктер Әбілқайырдың хан болып сайлануына ашық қарсылық білдіре алған жоқ, бірақ бұған іштей наразы болды. Оны Оқас би бастаған маңғыттардың қуатты бірлестігінің және байырғы шайбанилік тайпалардың қолдауы және қоңырат, өкіреш найман руларының солардың ықпалында болулары, сондай-ақ Ежен тұқымынан осы тұста Әбілқайырға қарсы тайпаларды ұйымдастырып, таққа отыра қоятындай тарихи тұлғаның табыла қоймауы «Алты сан Алаш» қауымдастығын құрай бастаған тайпалардың қолын байлады. Ол тұста мүлде жас болған Жәнібек пен Керей арада жиырма жыл өткен соң ғана Еженнен тараған сұлтандардың басын біріктіретін тұлғаларға айнала бастады. Жас Әбілқайыр таққа отырған соң тез есейді және өзін қолдаған маңғыттардың өздеріне де өзінің үстемдігін таңа бастады. 1449 жылы Оқас би қайтыс болған соң, оның ұлдары Әбілқайырға бағынудан бәрібір бас тартты. Дегенмен де Сары Шиман бастаған маңғыттардың біразы Әбілқайырдан бәрібір қол үзе қойған жоқ. Оның үстіне «жығылғанға - жұдырық» демекші, 1457 жылы Әбілқайыр хан Үз-темір бастаған қалмақтардан өзінің астанасы Сығанақтың түбінде оңбай жеңілді. Бұл жеңілістің салдарларын ауырлата түскен тағы бір маңызды нәрсе, жеңген қалмақтардың кепілдікке үш жастағы Әбілқайырдың туған немересін алып кетулері бұрынғы Жошы ұлысы аймағында Әбілқайырдың ықпалын күрт әлсіретті. Мұны оның қарсыластары орда-ежендік сұлтандар пайдаланып, көп кешікпей-ақ Өзбек хандығынан бөлініп, көрші Моғолстанға дүрліге көшті. Айта кетер тағы бір мәселе, бүкіл Дешті Қыпшаққа әйгілі болған Арғындардың басшысы Ақжол биді ноғайларды қолдайтын Қара-қыпшақ тайпасының әйгілі батыры Қобыландының өлтіруі де жанжалды өршітіп, көшті жылдамдатып жіберді. Бұл көшті Жәнібек пен Керей сұлтандар басқарды. Тарихи деректерді талдау Моғолстанға Жәнібек пен Керейге ілесіп, 1459 жылы көшіп келгендер қатарында алғашқы кезде арғындар, жалайырлар, наймандардың бір бөлігі болған деп айтуға жетелейді. Ал 1469 жылы Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Өзбек ұлысында бүліншілік басталып, алғашқы қазақ сұлтандарына қаңлы, қоңырат, найман, қыпшақ, тама, керейт тайпаларының кейбір рулары келіп қосылып, енді өзбек-қазақтар саны екі жүз мың адамға жетті. Осылайша о баста өзбек-қазақ аталған халықтың алғашқы этникалық негіздері қаланды. 33. Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі. Қазақ хандығы ең жоғ. қуаттылығына XVI Ғ.1 ширегінде Қасым хан(1511-1518)тұсында жетті.Қасым Әз Жәнібектің ұлы. Қасым хандығына Ақ Орда иелік/і,көшпелі ноғайлық/,шығыс түрік тайпа/ы,дулат,үйсін,қаңлы ,Моғолстан.ң бат.ғы тайпа/ енді.Қасым хан ел бірлігі мен қазақ хандығы.ң тәуелсіздігі үшін белсене күресті.Аумағы: Жайық өзені,Сырд,Ұлытау,Балқаш көлі,Жетісу.ң бір бөлігі,Шу,Талас,Қаратал,Іле өзен/і.Алғ.сауда-экономикалық орт.ғы-Сығанақ.Кейін астана –Туркістан болды.Өмірі.ң соңғы жыл/1ы Сарайшықта билік жүргізді..Қасым хан.ң басты мақсаты:Сыр бойындағы қала/ды қайтадан өзіне қайтару:Ол бүкіл Дешті Қыпшақ.ң ханына айналды.Қырғыз/ға билігі жүрген жоқСоғыс жорық/ы:.1503,1505,1506,ж.-Шайбани қазақ жеріне тонаушылық жорық/ жасады1509ж –Қараталға,1510ж- Сығанаққа шабуылдады.Сығанақ тубінде жеңіліп Самарқанға қашты.1510ж аяғы – Мұхамед Шайбани Мерв түбіндеі Хорасанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты..Сырд.ға берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімді пайд.ды.1513жСайрамды алды.1514ж – моғолстан ханы –Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханы.ң Жетісудағы билігі нығайды.Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет барлық қазақ ру/ы мен тайпа/ы Қасым ханд.на бірікті.Қазақ халқы.ң саны 1 млн.ға жетті.Алғ. рет орыс мем.мен III Иван тұсында дип,қ қатынас орнады.Қасым хан әдет-ғұрып/ды бір жүйеге келт.п,алғ.заң жинағы – «Қасым ханның қасқа жолын» шығарды:Заң 5 бөлімнен тұрды:1.Мал-мүлік пен жерге байл.ты қатынас/.2. Әскери қызмет пен міндетті атқару ереже/і,әскер тәртібін бұзушы/ға берілетін жаза/.3.Елшілік қат.ды реттеу.4.Кылмыс пен оган қолд.н жаза.р.5.халықтық дәстүр/ді өткізу тәртібі(ас беру,той-думандарды өткізу).Қасым хан заң арқылы бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.Оның билігінің соңғы кезеңі тыныштық заман болды.Ол халыққа хан билігін мойындата отырып,ел бірлігін сақтай білді.Сауран қаласы сауда орт.на айналды.Орта Азиямен,Еділ бой ел.мен,Батыс Сібір хандығымен,Ресеймен сауда ,дип.қ қатынас орнатты.Қасым тұсында қазақ/ Орта Азия мен Шығыс Европаға белгілі болды.1518 ж.- Сарайшықта қайтыс болды.
34. XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз. Моңғoл шaпқыншылығынан кeйін бapлық қазақ рyлаpы мен тaйпалары Жетісудa алғаш рет бір мемлекетке біpіктіpілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шeкарасы едәуір ұлғая түcті. Өз кезінде “Жерді біріктірy” процeсін жедел жүзeге асырып, неғұpлым көзге түскен қазақ xандарының бірі - Жәнібек ханның ұлы Қaсым. Қасым xанның тұсында (1511-1523) феодал aқcүйектeрдің қарсылығы әлсіреп, әскери қуaты аpтты. “Тариxи - Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деpектерге қарағaнда, қазақтардың этникалық тepриторияcының негізгі аудандары қазaқ xандығына Қасым хaн тұсында біріктірілген. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік - бaтыcта Сыpдың оң жағалауына, Аpалдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыp бойындaғы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудaн асты. Оңтүстік - шығыcта оғaн Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қарaтал, Іле өлкелері) қарады.
Бaстaпқы кездердe қазақ хандығының саяcи-әкімшілік және саyдa экономикалық орталығы Сырдаpия бойындағы Сығанaқ қаласы болды. Кейіннен Түркіcтан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазaқ хaндығының aстанаы Түркістан қаласы бoлды. Қазақ хaндығы Түркістандaғы Ақ cаpaйда отырып билік жүpгізген. Қазaқ хaндығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыpтқы cаяcат пен дипломатиялық қарым-қатынаc cаласында белгілі табыcтарға қол жеткізді. Қaзақ xандығы өмір сүрген Орта Азия xандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібeк, Кeрей, Бұрындық хандар - Ақ Орданың атақты ханы Ырыс xанның мұpагерлeрі, Алтын Оpда мен Ақ Ордaның 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-сaяси және диплoматиялық күрес тәжірибесіне бай адамдaр бoлды. Ал Қасым хан өте үздік шыққaн мeмлекет қайраткеpі болды. Қазақ хандығы алғашқыда Моғoлстан мемлекетімен дocтық қapым-қатынаc орнатып, Әбілxaйыр ханның Жeтісуғa төндіpген қаупіне және ойрат- жoңғар тайпаларының Моңғолстанға жаcаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан xандармен одaқтасып Әбілхайыр хaнның мұрагeрі Шаих Хайдaрды жеңді. Қaзақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасaп, батыс Европаға танылды. Ұлы князь Ваcилий III тұсында (1505-1533) Моcквa князьдығымен дипломатиялық байлaныс орнатты. Қaсым хaн алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жoлды» жарыққа шығарды. Бұл зaң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелeрі негізінде жасалды. Бұл заң cол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолдaнылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынaн өзгеше, көшпeлі қaзақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқa жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммeд Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қaзақ хандаpы мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдірeтті ешкім болған емес» дейді. Қасым хaн өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзора бақталаcы, қырқысы күшeйді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрғaн кезде, өзара қырқысуының зиянды зардaптары хaндықты әлсіретуге әкеп соқты. Өзора таpтыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. 35. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат. ХҮШ ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді. Тауекелдің інісі Есім-ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан ары құлдырауына кедергі болады. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім-хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есімханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң дүниеге келді. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі Есім-хан 1628 ж. күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығына басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя», Жоңғар хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жүргізді. 1643 ж. Орбұлақ шайқасы болды. Қол астында бар-жоғы 600 сарбазы бар Жәңгір хан жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке-ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке-ханның тұсында қазақ мемлекеттілігін күшейту бағытында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке-хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды. Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген..