Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.63 Кб
Скачать

97. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз

98. Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан (орыс. Казахстан немесе Республика Казахстан) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері). Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[6]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[7]. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. 2014 жылдың 1 наурызында елдегі тұрғындар саны - 17 202600 адам бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²). Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі. Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63.1%, орыстар - 23.6%, украиндар - 2.9%, өзбектер - 2.8%,немістер - 1.5% ұйғырлар - 1.4%, татарлар - 1.3%, басқа халықтар - 4.3%.[8] Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[9]

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді. Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бүқаралық халықаралық үйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық үйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық үйымдардың қүрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін элем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық үйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді. Олар:Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945), Халықаралық валюта қоры (1945), Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995), Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949), 'Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) және т.б. Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке түлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламентаралық одақ (1889), Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894),Рим клубы (1968), Гринпис (1971) және т.б.[1]

99. Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз ТМД, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразия одағы сияқты түрлі «ықпалдастық құрылымдар» бұрынғы кеңес тарихының толық ұмытылмағандығын білдіреді. Кеңес үкіметі кезінен сақталған кейбір экономикалық байланыстарды кейінгі жылдары әрі қарай дамыту қазіргі тәуелсіз елдердің арасында қарым-қатынастың қалыптасып қалғандығын білдіреді. Олар Орталық Азия, Закавказье және бұрынғы КСРО-ның шығыс бөлігіндегі елдер. Қазіргі таңда Кедендік одақ «посткеңестік экономикалық бірлестік» іспетті. Тек оның құрамына Ресей, Қазақстан және Беларус Республикасы кіреді. Осындай бірлестіктердің артықшылығы мен кемшіліктерін қанша айтқанмен, тек бір анық нәрсені мойындау керек. Барлық посткеңестік бірлестіктердің (олардың саны жиырмадан асады) ішіндегі Кедендік Одақ ең тиімді әрі ұзақ уақыт бойы жұмыс атқарып келе жатқан ұйым саналады. КО құрылғаннан бастап оның құрамына Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияны қосу мәселесі талқыланып келеді. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты Кедендік Одақ мүше елдердің санын көбейтер емес. Ресей Кедендік Одақ елдерінің қатарына Украинаны енгізуге тырысып жүр. Бұған Қазақстан мен Беларус Республикасының саяси тұрғыдан қызығушылығы жоқ. Ал Мәскеу үшін Украинаның қатысуынсыз ешқандай посткеңестік бірлестіктер маңызды емес. Ресей басшылығы Киевтің қатысуынсыз КО, Еуразия Одағының болашағын қарастырмайды. Сонымен, посткеңестік елдерді біріктіруге тырысудың екі аспектісі бар, олар – саяси және экономикалық. Дегенмен айта кету керек, Кедендік Одақ пен Еуразиялық Одақ тек Ресей, Қазақстан және Беларус елдерінің бірінші басшыларының саяси еріктеріне негізделген. Еске сала кетсек, Кедендік Одақ - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларус Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз-гертіледі» деп атап көрсетті.

Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қа-лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады. 100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы. Қазіргі замандағы Қазақстан тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көпұлтты және көпконфессиялы ел болып табылады. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты конфессияаралық тұрақтылық пен толеранттылықты сақтауға бағытталған. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстанның рухани әлемінде діни жаңару үрдісі қарқынмен жүруде. Қазақстандықтар бірбеткейлік соқыр сенімге ешқашан нанбаған, басқа діни көзқарастарға толеранттылық тұрғысынан қарап келеді. Зайырлы қоғамымыздың басты ерекшеліктерінің бірі — халықтың ұлттық және діни дәстүрлерінің жаңғыруы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуымен тұспа-тұс келгені десек артық емес. Бүгінде атам заманнан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізбен сабақтасқан діни әдет-ғұрыптарымызды бір ғасырлық үзілістен кейін қайта қалпына келтіру кезінде біз көптеген қиыншылықтарға тап болудамыз, ең бастысы, бұл халықтың діни сауаттылығының төмендігі. Жақында өткен Құрбан айт кезінде Астанада биыл бой көтерген «Хазірет Сұлтан» мешітінде Елбасымыз: «Ислам әрдайым ізгілікке, жақсылыққа баулиды. Ол бөлінуге емес, бірігуге шақырады. Құран кәрімде мұсылман баласы сөзімен де, ісімен де ешкімге зиянын тигізбеуі тиіс», — деп жазылғанын атап өткен болатын. Діни сауаттылық деңгейін көтеру үшін алдымен тарихымызды жақсы білу керек, қазақтың салт-дәстүрін ұстайтын, Абайдың қара сөздерін жетік білетін иісі қазақ баласы Құранды да дұрыс оқып түсінеді, әрі Алла тағаланың ақиқат жолынан да таймайды. Қазақ даласына Ислам дінінің ханафи мәзһабы арқылы таралуының сыры неде? Ханафи мәзһабын шариғат тұрғысынан түсіндіруді имамдардың еншісіне қалдырайық. Біз үшін Ханафи мәзһабы Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрлермен ұтымды ұштастыра білгені үшін аса маңызды. Қасиетті Құран кәрімде Алла тағала адамдарды бір-бірін танып білу үшін әртүрлі қылып жаратты деген қасиетті аят бар. Сондықтан қазіргі уақытта біз атадан балаға мирас болып келе жатқан бай рухани мұраларымызды жаңғырта отырып, осы құндылықтарымызды ой елегінен тағы бір өткізуіміз керек. Ол үшін алдымен көне тарихымызға көз жүгіртейік. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай деп жазады: «Қазақтар үшін Исламның рөлі ерекше және мұны түсіну ұлттық санамыздың маңызды мінездемесіне айналғалы тұр. Бұл, әсіресе, осынау ұлы да гуманистік діннің рөлі мен мәні ұзақ жылдар бойы бұрмаланып келгеннен кейінгі жерде өте маңызды. Біздің ата-бабаларымыз және туыстас түркі тілдес халықтар ешқашан діни үстемділік мінезімен ерекшеленбеген және басқа халықтардың рухани бостандығына құрметпен қараған. Бұл — тарих тағылымы», — дейді Елбасымыз. Ежелгі кең байтақ қазақ жеріне ата дініміз имам ағзам Әбу Ханифаның мәзһабы арқылы таралды. Мың жыл бұрын Алла тағаланың асыл діні ата-бабамыздың рухани өміріне нұрын шаша бастады. Алтын орда дәуірінде атақты Берке хан қазақ даласының перзенті, Мысыр елін билеген мамлүктердің ұлы қолбасшысы Сұлтан аз-Захир Бейбарыстың уағыздауымен ислам дінін қабылдады. Керей мен Жәнібек хандар мұсылмандығы мен ұлттық салт-дәстүрін көзінің қарашығындай сақтайтын еркіндікте өскен қазақ руларын бір тудың астына біріктірді. Тәуке хан билік құрып тұрған кезде үш жүздің маңдай алды ойшылдары — Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би қоғамдық пікірлер қалыптастырды. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» сол заманда шариғат қағидаларына негізделген әйгілі «Жеті жарғы» атты заңнамалық жинақ жарыққа шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]