Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.63 Кб
Скачать

94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз. Елбасы бұл жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге әруақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар. Елбасы өз жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын қояды. Ол үшін инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігін баса айтады. Елбасының бұл кемеңгер ойын барлық қазақстандықтар түсініп, қолдайды деген ойдамын. Өйткені стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен ықпалдасу біздің еліміздің экономикалық дамуына зор ықпалын тигізеді. Бұл қадам арқылы қазақстандықтар жаңалықты меңгереді, шыңдалады, тәжірибе жинақтайды, бір сөзбен айтқанда, еліміздің басқа шет елдермен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, терезесін теңестіреді. Қазіргі уақытта еліміздің кейбір ғалымдары өз жобаларының аясына бірен-саран шетелдік ғалымдарды тартып, бірлесе жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. Алайда бұндай қадамдар баяу түрде іске асып, саны жағынан да саусақпен санарлықтай ғана. Елбасының келешек ұрпағымыздың өсіп-өнуі үшін жасап жатқан парасатты қадамдары өте мол. Еліміздің балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына арналған стратегиялық білім беру бағдарламалары жастардың білім мен ғылым жолында жан-жақты дамуларына, жаңа өзгерістерге төтеп бере алатын, заманауи техниканы меңгерген, өз ісінің шеберлері ретінде қалыптасуларына мүмкіндіктер беріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығы жайлы саясаты біздің еліміздің болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Елбасы елдегі көп ұлттың қамын ойлай отыра, тіл саясатына аса жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе, қазақ тілін жаңғырту үшін әліпбиімізді латынға көшіру қадамын – зиялы қазақ халқы аса қуанышпен қолдайтынына сенімдімін. Мемлекет тарапынан қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жасалып жатқан ізгі іс-шаралар мемлекеттік тілдің тұғырын нығайта түсіп, қазақ тілінің, шын мәнінде, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуіне жол ашады деген Елбасының болжамы Қазақ Мемлекетінің құрылуына әкеледі. Қазақ мемлекетінде өмір сүру, еңбек ету өз Отанын сүйетін әрбір азаматтың, әсіресе, жаңа буын қазақстандықтардың арманы шығар деп ойлаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]