Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.63 Кб
Скачать

92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 1. Мынадай: 1) білім және ғылым; 2) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт; 3) жастар мен жас отбасылар еңбегі, оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету 4) мәдениет және ақпарат, конфессияаралық келісім және этносаралық тағаттылықты қалыптастыру 5) қазақстандық патриотизм сезімін нығайту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру 6) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті жоғарылату; 7) халықаралық ынтымақтастықты, жастар кәсіпкерлігін, талантты жастарды дамыту салаларындағы мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары болып табылады. 2. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады. 5-бап. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қолдау Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қолдау: 1) жастардың тегін негізгі орта және жалпы орта білім алуын қамтамасыз ету; 2) жастардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орта білімнен кейін, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін білім алуын қамтамасыз ету; 3) жастардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы және шетелде тағылымдамадан өтуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.

93. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат-мақсатын айқындап берді. Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік-экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде-бір өңірін, бірде-бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы ҚазақстанПрезидентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%-дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті. Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.Өңірлерге әрбір жұмыс сапарында Нұрсұлтан Назарбаев өз отандастарымен жүздесуге әрдайым уақыт табады. Әрбір қазақстандық сауалын жолдап, Президенттің өз аузынан жауап ала алатын тікелей эфирлер де жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]