
- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •27. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •56.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •67.Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •75. 1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •97. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
75. 1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі: Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді. Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады. Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде: Жазалау органдарының қызметі күшейтілді; Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау шаралары: Ату жазасы. Жер аудару. Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау. КСРО-дан тыс жерлерге қудалау. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды. 1937-1938 жж террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары "халық жаулары" деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С.Сейфуллин (1894-1938), Б.Майлин (1894-1938), І.Жансүгіров (1894-1938), М.Жұмабаев (1893-1938), М.Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шараларының құрбандары: қазақ тілі ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынов; тілші ғалым, профессор – Қ.Жұбанов; қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – САсфендияров;КСРО Ғылым академиясы қазақ филиалы басшьшарының бірі - М.Төлепов т.б. Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды: Карлаг - ерекше режимді қарағанды еңбекпен түзеу лагері. ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Алжир - Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері. Карлаг азабын көргендер арасында Одақ қөлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері т.б. болды: Ғалым А.Л.Чижевский - салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы. Профессор В.Л.Пржецлавский - жылу техникасы жөніндегі ірі маман. Нәдірбай Айтақов - Түркімен КСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы. А.П.Безруков - спортқа еңбегі сіңген шебер. П.С.Степанов - қарт большевик. 1931 жыл Осакаров ауданында (Қарағанды облысы) 25 қоныс-обсервация пайда болды. Бұл қоныстарда Волга бойынан, Пенза, Тамбов, Курск, Воронеж, Орел облыстарынан, Харьков, Орынбор өңірінен «кулак ретінде қудалғандар» мекендеді. Жаңа Тихоновка мен Пришахтинскіге 70 мың адам әкелінді. 30-40 жж мен 50-ж контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті. Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясының зардаптары: Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды. лттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды. 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазірде сол "халық жауларының" 40 мыңы ақталды. Сталиншілдіктің басты қылмысы: Әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану. Лагерьлер жүйесін құру. Халықтарды күштеп көшіру. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.
76. Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі. 1940ж 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы Барбаросса соғыс жоспарын жасады. Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар Қ-н орт аз, татарстан, башқұртстан, әзірбайжан, солт кавказ, қырым, шыңжан, ауғанстанның солт. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Респу-да екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қаз-ық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқ-див-на жасақталды. Армия қата-на 1.196164 қ-дық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып ҚазКСРне 700мын астам адам шақ-ды. 27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды. 1941-45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қ-дық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. 220 зауыт фабрика қ-нға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құр-ды Қ-н КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гект-н 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1943 желтоқсан Алматы жастары ұшқыш Луганскийге жаңа истребитель табыс етті. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде к- о- бат-ы атағын алған қ-дық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қ-дық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қ-дықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте к.о батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қ-дық. К о орденімен марапатталған 96638 қ-дықтар. 81)Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі. 1939 ж.санақпен салыстырғанда 1942 ж.Қаза. ауыл шар. еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. 1944 ж. қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамт.етті. 1942-1943 ж. арал-да респ.ауыл шар-нан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 ж. салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды.Оңт. Қ.обл., Шымкент ауд.Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауд.“Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 ж. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғ. көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауд.“Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 ж. 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Респ.Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауд. “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылд. әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды1942 ж.450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қаз.6809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. 1942 ж Қаз егін жақсы шығып, респ.бой.84,3 млн. пұт астық жиналды. Бат. Қаз., Оңт Қаз , Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей обл.астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 ж.бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 ж. егістік 6808,6 мың га болса, 1945 ж.6039,9 гектарға кеміді. картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 ж214,2 мың гектар егістікке егілді. Сонд.1944 ж.колхоздар мен совхоздар мемл.1943 ж. салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Қарағанды обл Осакаровка ауд.1943 ж. 1944 ж.салыстырғанда мемл. 2 млн. пұт астық артық тапсырды.1942 бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 ж.соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар обл. алда болды. ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.Қаз-ар соғыс жылд. майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабд. үшін жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 ж қырк. “Қаз. комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қаз.пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемл. унив. студент. ұйымд-мен жоғ.оқу орын-ң студ-рі “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Респ.480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапс.1943 ж. Алматы қал-да С.Луганскиймен кездесу ұйымд-п, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды Сонымен қатар қаз-р қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қаз.жаудан азат етілген Орал обл. 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград об.12 қаласын, Калинин обл. ауд. қалпына келтіруге көмектесті. Москва, Курск обл.Солт. Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. рес.тұрғындарына көмектесті. Қаз.комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 ж. 1439 қаз. комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді. 82) Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.). Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалғына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылды, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды, Ақтөбе қайта балқыту зауытының қуаты арттырылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру жүрді, нәтижесінде 1945 -1952 жылдары колхоздар саны 3 есе қысқарығ, 2047-ге жетті.Республикада 4-ші бесжылдықта егіс көлемі бір млн. Га-дан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. 1950 ж. Астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 процент асып түсті. ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді. 1951 ж. Бар болғаны 4,5 млн. ірі қара (1928 ж. 6,5 млн болған), 1,5 млн. Жылқы (3,5млн), 127 мың түйе (1млн) болды. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкі саны 18036 мың басқа жетті.1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті.Алайда бұл жетістіктердің бәрі әміршіл-әкімшіл жүйенің басқаруымен жүзеге асты. Қазақстан бұрынғысынша Одақтың тірек базаларының бірі болып қалды. Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.Осы жылдарда Қарғанды, Семей медицина институттары, Өскемен педагогикалық, Семей мал дәрігерлік-зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты ашылады. Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалімдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылды.Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум, арнаулы оқу орны жұмыс істеді. Онда 1,5 млн. адам оқыды. 83) Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28–30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тың жерлердің игерілуі жүргізілді: Ақмола, Солтүстік Қазақстан; Қостанай, Көкшетау; Торғай; Павлодар облыстарында. Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953–1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150–1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды. 1954–1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды. Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, Мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954–1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды. Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды. 84) 1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті. Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, ерекшелігі ескерілмеді. Кеңес халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді. Біздің тарихымыздың бір бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениеті жауып тасталды. Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Қазақстанда тіл саясатын тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ол ұлт тілі туралы айтылмады. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуге, мемлекеттік дипломатиялық әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95%-і орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70%-і орыс тілінде болды.Осы жылдары басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланады. Әдебиет пен өнер саласындағы бірқатар интеллигенттер қуғынға ұшырады. Ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я» деген кітабы ұлтшылдық, пантюркистік деп қуғынға түсті. Философия институтының коллективі даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.1979 жылы жазда орталық Қазақстан басшыларымен, жергілікті қазақ халқымен сананспай Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандарынан орталығы Ерейментау қаласы етіп, Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялы облыс құру, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Олар Ақмолада,Ерейментауда, Көкшетауда митингілер өткізіп, «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономия болмасын» деген ұрандар көтерді. 85)1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары. Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Тарихи маңызы: Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. 86)ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. 1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жазылған. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды. 1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл бірінші Конституциямыз, елімізде демократияны дамытуда, құқықтық мемлекеттің заңдық базарларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын дамытуда үлкен роль атқарды. Сонымен бірге бұл Конституциядағы көптеген әлеуметтік жеңілдіктер, экономикадағы нарықтың заңдарымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ еліміздегі Президент билігін күшейту және заң шығару саласын жетілдіру қажеттігі де туындады. Соған орай 1995 жылы шілде айының басында бүкіл халықтық талқылауға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум болды. Бүкіл халықтық референдумда дауыс берген халықтың 89% жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. 30 тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституцияның мынадай негізгі баптары бойынша өзгешеліктер бар. Президенттік басқаруға байланысты, заң шығарушы парламентке байланысты, жерге байланысты, халыққа білім беруге байланысты, денсаулық сақтауға байланысты және тілге байланысты.1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум болды. Референдумға қатысқан халықтың 95% Президенттің өкілеттілігін ұзартуға дауыс берді. 87)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран - әрбір тәуелс.мемл.ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым Қаз.тарихында мемл. рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн. ҚР туының авт. – Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қ- халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемл. билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” д. а.қазақы өрнек салынған. Тәуелс. Қ-ың жаңа Елтаңбасының авт.– Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қ-н Әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди болса, мәтінінің авт. – ақындар М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева. Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапқан. Әнұран патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді. 2007 ж. 7 қаңтарда «Қаз.Респуб.мемл. рәміздері туралы» конст-қ заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қаб. Еліміздің жаңа Әнұраны - жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авт. – Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Пр-і Н.Ә.На тарапынан толықтырылды. Ал 2007 ж. Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемл.рәміздер күні болып белг. Бұл – Мемл.рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемл.рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі. 88) Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары. 1993 жылы қаңтардың 28-де тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстары аяқталған болатын. Сол күні Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау жөніндегі ұсынысты қолдап, дауыс берді және ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұңғыш Конституцияның түпнұсқа мәтіні табыс етілді. Бірақ уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. 1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары —Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. 89) Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар: Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту: Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді: Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі: Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді: Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады. Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с. Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с. Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек. Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екенін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек. Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады.Бұл-тоталитарлық саяси режімнен демократиялық өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады. Жеке ұйымдар мен қозғалыстар: «Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. 91) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін – Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді. 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (бүгінде Ресей Федерациясында) болды. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде – 1927 жылғы 3 сәуірде, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды. АСТАНА – Қазақстан Республикасының елордасы Астананың аумағы 710,2 шаршы шақырым, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында 584,8 мың адам болды. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтеруде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимараттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында – кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары бар. Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 2003 жылы әлемдік «Moodys Investors Service» рейтингтік агенттігі қаламыздың кредиттік рейтингісін Ва3 –тен (тұрақты) Ва1 –ге (оң) дейін, бірден екі деңгейге көтерді. Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск (Польша), Ушак (Түркия), Бангкок (Таиланд), Сеул (Корея Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдігі) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыстырады. 2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚтің ірі қалалары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас саласында беделді ұйым болып саналатын Астаналар мен ірі қалалар халықаралық Ассемблеясына (ХҚА) мүше болды. Қала жөнінде жалпы мәліметтер: Құрылған жылы – 1832 ж. Теміржол бекетінің атауы – Астана станциясы. 1961 жылғы дейін – Акмола қаласы. 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы. 1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астананы ауыстырған уақыттан бері өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 11 есе артты. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Астаналық тұрғындардың орташа номинальды айлық жалақысы 140 мың теңге шамасында. Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты. Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды. Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан қала. Кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар мен XXI ғасырдың қала салу өнерінің инновациялық әдістері қолданылуда. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған сәулеткерлік стиль тән. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері мұнда өздерінің үздік жобаларын іске асырды. «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Триумф Астана» және «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешендерін, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының кеңселік ғимараттарын атауға болады. Спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионын, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегін атап өту қажет. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны. Астана бүгінде айрықша сәулетімен ғана ерекшеленіп қоймай, сондай-ақ бау-бақшалы қалаға айналып келеді. Елорданың «жасыл белдеуі» кеңеюде, қала орасан далалық өңір орталығының жасыл алқабына – экологиялық таза мегаполис үлгісіне айналды. Астананың миссиясы – еуразиялық кеңістіктегі мәдени және зияткерлік орталыққа айналу және Қазақстанның орнықты дамуының басты қозғаушы күшінің рөлін атқару. Астана – республиканың ірі саяси-әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы. Елдің барлық орталық билік органдары, дипломатиялық өкілдіктер, отандық және шетел кәсіпорындарының басты кеңселері, жетекші университеттер, ең үлкен заманауи медициналық клиникалар мен маңызды мәдениет мекемелері осында орналасқан. Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. 2010 жылы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Қазіргі уақытта Астана «Expo-2017» халықаралық көрмесін өткізуге арналған конкурсқа қатысуда және оны өткізуге басты үміткерлердің бірі. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді: «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар». 92) Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз. Қаз-ның тәуелсіздік алғаннан кейін өз шекарасының мызғымастығы және қауіпсіздігін бірінші кезекке қойды. Сыртқы саясат саласында жас тәуелсіз мемлекеттің алдында күрделі міндеттер тұрды. Біріншіден, мемлекеттің шын сипатын таныту. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды. Қаз-тан барлық ядролық зымырандарды Ресейге алып кетуге келісім берді. Осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде дүние жүзілік қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі артты. Өз кезегінде Қазақстан да ұлы мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етті. 1994 жылы желтоқсан айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қаз-ның шекарасының мызғымастығы және оған қарсы ядролық қаруды қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды. Қазақстанды сыртқы саясат саласында қуаттап дем берген ең алғашқы мемлекет – Түркия мемлекеті болды. Қазақстан Түркиямен дипломатиялық және экономикалық қатынасты дамытуға маңыз бере отырып, 1991 жылдың қыркүйек айында қазақ-түрік іскерлік кеңесін құрды. Кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк, биржалардың басын біріктірді. Олардың қатарында «Қарағанды көмір», «Екібастұз көмір», «Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестікетері» және тағы басқа ірі өндіріс фондары бар.ҚР өзінің сыртқы саясат үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Сонымен бірге Қазақстанның Қытаймен арадағы шекарасы 1740 км созылып жатыр. 1992 ж тамыз айында Қазақстан мен Қытай арасында, ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі – Республикамыздың сыртқы қатынастарға зор табысы. 1995 ж ақпанда ҚХР-дың Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік бергені екі елдің қарым-қатынасын одан әрі баянды ете түсті.ҚР АҚШ, Канада және Батыс Европадағы дамыған елдермен 1992 ж мамырда Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа барған сапарында Президент Дж.Буш екеуі үш келісімге қол қойды. Бұл келісімдер сауда, экономикалық және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшін құқтық негіз қалады. Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритиш газ», Италияның «Аджип» сияқты компанияларымен мұнай және газ өндіру үшін іскерлік байланыстар жасалуда.Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен Қазақстан арасында шекараның ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы сақталып отыр. 1996 ж желтоқсан айында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары арасында мәңгілік достық қол қойылды.Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 1991-1993 жж аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.2 пайызға дейін өскен Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды: экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;нарықтық қатынастарды құру және дамыту. Елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі 1992-1993 жж. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді. Екінші кезең 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз. Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады, экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам, ванадий, уран және барий қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп отыр. Тәуелсіз ҚР экономикалық дамуда көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы – 56,7% өсті, экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді. 2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды. Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды. 89.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
Мемлекеттік Тіл , мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген. Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы х