Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.63 Кб
Скачать

67.Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.

1921ж наурыз - жаңа эко.қ саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. (партияның X съезі) ЖЭС белгі/і: *азық-түлік салығы*сауда еркіндігі*жерді және ұсақ кәсіпорын/ды жалға беру және алу* ауылшаруашылығы несиесі,тұтыну кооперациясын дамыту*кәсіпорын/ды шаруашылық есепке көшіру*еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану . ЖЭС мәні – салғыртты салқпен алмастыру .1921ж наурыз-сәуір - өлкеде салғырт салықпен алмастырылды.Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 1921ж маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қаз.да ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. 1921ж сәуір – Сібір және Орал казак әскер/іне берілген жер.ді қазақ/ға қайтар тур декрет шықты. Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.*Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақ/ға берілді. 1921ж – Жетісуда жер реформ жүрг.ді. қазақ,қырғыз,ұйғыр еңбекші/іне 460 мын десятина жер кайтарылды.1 млн д.дан астам жер коры курылды.1921ж Қосшы одағы құрылды.1930ж.дан Кедей одағы атанды.Міндет/і:енбек артел/ін құру*кедей.ге жер беру*енбекші/ң саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.1921-22жж жер реф.ң маңызы:отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді*қазақ аулындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруа/ өмірінде оңды жағдай қалыптасты:олар басы артық өнім.н қалаға апарып сатып, тұрмыс жағ.н түзеуге мүмкіндік алды. *ірі карасы 6-га жетпейтін қожалық/ салыктан босатылды.1624ж 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді.Үдемелі салыққ.ң ауыртпалығы кулак/ мен бай.ға түсті. Мем.т шаруа.ға ауылшар.қ машинасы мен жабдық/ сатып алуға несие бөлді. ЖЭСжж Халық шар.ғы.ң Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді.Кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. 1927-1928жж – Респуб.өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды. ЖЭС жж сауда.ң маңызы артты.жеке саудаға рұқсат етілді. Басты жәрмеңке/: Қоянды ,Баянауыл, Атбасар,Ойыл,Темір,Орда .ЖЭС нәтижесі: *куйзелген ауыл шар.н тез арада калпына келтіруге мумкіндік берді.*өнеркәсіп қалпына келтірілді.*шаруа шар.ғын еркін дамытуға еркіндік берді. *өркениетті кооператор/ құрылысы ел шар.ң барлық саласын көтерді. *ЖЭС шар.т өркендетуге мумкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды. 68.1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.

Қазақстанның оңтүстік мемлекеттік шекарасына келетін болсақ еліміз тәуелсіз болып, өз шекарасын көрші елдермен айқындайтын кезде, біраз болса да келеңсіз мәселелер туындаған болатын. Бұл көршілес, тағдырлас, бауырлас түркі тілдес елдердің территориялық мәселелерінің тарихи тереңде жатқаны баршаға мәлім. Мәселен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы территориялар бірнеше ғасырлар бойы сол тұстағы тарихи жағдайға байланысты бір елден екінші елге алма кезек өтіп отырғаны белгілі. Екіншіден, Сыр өзені бойындағы қалалар мен Түркістан қаласының бірнеше ғасырлар бойы қазақ хандығының астанасы болуы екі елдің арасындағы қарым-қатынас мәселесіндегі маңызды істердің бірі болып табылады. Қазан төңкерісіне дейінгі тарихтың қай кезеңін алсақ та, Орталық Азия мен Қазақстан тарихы тұтастай бірігіп жатыр. Бұл ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы ұлттық бірлік, тәуелсіздік үшін болған қозғалыстар мен көтерілістер. XIX ғасырда Қазақстанның оңтүстік территориясын үш өзбек хандықтары – Бұқар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен шектесіп жатты. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қоқан және Хиуа хандықтары көрші қазақ, қырғыз және түрікмен халықтарына қарсы экспансиялық саясат жүргізіп отырды. XIX ғасырдың 20 жылдарына қарай Қоқан хандығы батысында Арал теңізі, шығысында Шу және Іле өзендері бассейндері аралығында орналасқан Ұлы және Кіші жүз иеліктеріндегі ұланғайыр территорияны басып алды. Сол кезде Қоқан хандығының қол астында 150 мың қазақ отбасы өтті деп көрсетеді С.Мадуанов [19. 37-38б.].Ресей патшалығы Орта Азиялық хандықтарды жаулап алғаннан кейін, орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторылығы құрылды. Түркістан генерал-губернаторылығының қарамағына қазақ жерлерінің Жетісу және Сырдария облыстары қарады. 1876 жылы патша өкіметі Ферғана даласындағы халық көтерілісін әскери күшпен басып, Қоқан хандығын толықтай жойды. Қоқан хандығының территориясын тұтастай Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына – Ферғана облысы деген атпен қосты. Патшалық Ресейдің 1867-1868 жылдары Қазақстанда жүргізілген әкімшілік реформаларының нәтежиесінде Сырдария облысы: Қазалы, Перовск, Шымкент және Жизақ уездерінен құралды. 1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже енгізілгеннен кейін, Ходжент уезі жаңа құрылған Самарқанд облысының құрамына кірді. Осы тұста Түркістан уезі қысқартылып, оның территориясы Шымкент және Перовск уездері арасында бөлінді. Ал құрамының өзі Ташкент болып өзгертілді. Жаңа реформа бойынша Жетісу облысына құрамындағы Сергиополь, Капал, Верный, Ыстық көл уездеріне қосымша Алатау округі мен Тоқмақ және Жаркент уездері қосылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығының территориясының көп бөлігі 1918 мамыр айында Түркістан өлкесі Кеңестерінің V-съезінде құрылған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социялистік Республикасының құрамына өтті. Сондай-ақ, оның құрамына Қазақстан жеріндегі Жетісу және Сырдария облыстары да кірді.Бүкіл ресей Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссиялары Кеңесі Совнаркомның 1919 жылғы 10 шілдедегі №354 қаулысына сәйкес Қазақ АКСР-і территориясының шекарасын бекіткен болатын. Бұл құжат бойынша Қазақ АКСР-і құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының Маңғышлақ және Краснавод уездері, Астырахань губерниясының Синемор және Бөкей ордалары, сонымен қатар қосымша біраз жерлер қосылды. Ал қарастырып отырған қазақ жерлерінің оңтүстік шекарасына келгенде, Декретке Түркістан құрамына кіретін қазақ жерлері халықтың қалауы бойынша шешілсін деген бап енгізілген болатын [20].Орталық Азияда ерте заманнан экономикасы, шаруашылығы мен мәдениеті дамыған қалалардың көп болғандығын біз осы аймақта өткізілген архиологиялық зерттеулер мен бізге жеткен жазба деректерінен білеміз, ал табиғатының қолайлығы мен осы аймақтан дүниенің бір басымен екінші басын жалғап жатқан Жібек Жолының өтуі мұнда халықтың көптеп шоғырлануына алып келеді. Аймақта халықтың тығыз және аралас орналасуы XX ғасырдың 20 жылдарының бас кезеңінде ұлттық республикалар арасында әкімшілік шекараларды анықтау барысында көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі.1921 жылы Түркістан Республикасы БОАК-тің 1921 жылғы 11сәуірдегі Декретіне сәйкес РКФСР құрамындағы Түркістан Автономиялы Кеңестік Социялистік Республикасы болып қайта құрылды.Бірақ кеңес үкіметі «Ресейдің ескі әкімшілік бөліністерін», яғни крепостник-помещиктер мен самодержавиелік-крепостниктік мемлекетінің шенеуніктері орнатқан бөліністерді ескі деп тауып, оның орнына жаңа шарушылық өмірдің талаптарына және тұрғындардың ұлттық құрамына сәйкес жасау керек деп айтқан болатын. Түркістанды ұлттық-территориялық межелеу мәселесі БОАК-тің 1921 жылғы 11 сәуіріндегі Декреті қабылданғанға дейін көтерілді.Межелерді жүргізу үлкен дайындық жұмыстарын талап етті, ал осы кезде аймақта жағдай өте ауыр еді. Аймақтағы әлеуметтік-экономиялық ахуал үздіксіз соғыстар мен көтерілістердің нәтежиесінде күрт қиындады. 1920 жылдың басына дейін Закаспийде ағылшындар мен ақ гвардишыларға, біріккен Хиуа және Қоқан хандарына қарсы соғыс жүріп жатты. Ферғанада басмаш құрылымдары белсенділік танытса, 1920 жылдың сәуіріне дейін Жетісу майданы жойылмаған болатын. 1920 маусымда Верныйда кеңеске қарсы бүлік шықты. Тек Хиуа мен Бұқараны алғаннан кейін ғана, Орта Азиядағы жаңа ұлттық-территориялық бөліністері мен қайта құрылған Қазақ АКСР-ның шекарасын анықтау мәселесін шешуге мүмкіндіктер туды.Бұрынғы Хиуа мен Бұқара хандықтарының орнына жаңадан Хиуа мен Бұқара Республикалары құрылды.1920 жылғы қазандағы Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің құрылтай съезінде Түкістанның қазақ облыстарын Қазақ АКСР-нің құрамына қосу мүмкіндіктері талқыланды.Аймақтағы саяси-экономиялық жағдай күрделі болғандықтан Орталық Азияда мемлекеттердің шекараларын ұлттық құрамына қарай бөлу тек 1924 жылы ғана іске асты.1923 жылы Түркістан, Бұқара және Хорезм ұлттық республикаларын біріктіру ісі жүзеге асты. 1920 жылы 25 қыркүйекте Жанкелдин, Әлібеков, Меңдешев және т.б. қатысқан Облбюроның мәжілісінде республиканың шекарасын анықтауға қатысты жасалған баяндаманың тезисі тыңдалды. Мәжілісінің шешімі бойынша Қазақ АКСР-іне қазақтардың Сырдария обылысынан Торғайға көшкенге дейін мекендейтін жерлері қойылсын деген шешім қабылданады. Ал Сырдария облысының бөлігін нақты анықтау әкімшілік бөлу секциясына жүктелді. РКФСР аймақта барлығына ортақ ақша белгілерін енгізді, бүкіл Орталық Азияға ортақ сыртқы сауда мен темір жол басқармасы құрылды, бірыңғай экономикалық жоспарлау орнатылды. Хорезм және Бұқара республикалары халықтың республикадан социалистік республикаға ауыса қайта құрылып, КСРО құрамына кірді. Орталық Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен ірі елді-мекендерді бөлу мәселесі көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен халықтың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағайды одан әрі қиындатты. Осының бәрі көптеген жұмысты талап етті. Осы мақсатта РК(б)П ОК Орталық Азиялық бюросы жанынан және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды. РК (б)П-ның XII съезіндегі кейін Орта Азия республикаларының партия және кеңес органдары РК (б)П ОК-нен Орта Азияны ұлттық территориялық жағынан межелеуді жүргізу мәселесін құрауды сұрап тілек білдірді. Қазақ АКСР-інің үкіметі 1924 жылы қаңтарда кеңестердің IV съезінде берген есебінде Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақ аудандарын қосу туралы мәселені орталық партия комитетінің және мемлекет органдарының алдына қойды. Түркістан кеңестерінің XII съезінде делегаттары сөйлеген сөздерінде межелеу жөніндегі мәселені тез арада шешу қажеттігін ерекше атап көрсетті. 1924 жылы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің хатшысы Я.Э. Рудзутакқа осы мәселе жөнінде Ташкентте кеңес шақыруды тапсырды. Кеңес 1924 жылы наурызда өткізілді. Түркістанның ұлттық-территориялық межеленуі туралы Түркістан коммунистік партиясының орталық коммитетінің хатшысы А. Рахымбаев баяндама жасады [21]. Кеңеске қатысушылар межелеудің жүргізілуін қолдады. Түркістан ОАК төрағасы Айтақов өз сөзінде Орта Азияның ұлттық-территориялық межеленуін және түркімен халқының біртұтас кеңес республикасына бірігуінің қолайлы екенін айтты. 69. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.

1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды. 1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің “Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отрықшы аудандарын белгілеу туралы” арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сәйкес сонымен қатар тәркіленгендерді жер аударуға тиісті аудандар да анықталды. Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тәркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уәкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді. Республика көлемінде барлығы 696 “бай-феодалдар” тәркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы жүргізілген тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі алдын-ала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды. Барлық тәркіленген малдың 10,2% отрықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан және 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%) таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды. Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамынның экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді. Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде коперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылы желтоқсанда өткен партияның ХУ съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту шарасының орнына, керісінше нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Орталық билік колхоз құрлысындағы біртіндеп өз-бетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-әрекетке ұластырды. Үкімет органдарының жоспарлаған межелерін партия ұйымдары да қайта талқылады, соның нәтижесінде жоспардың өзі бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Ал енді бес жылдық жоспарды белгілеу кезінде мемлекеттік жоспарлау комитеті бұл жоспардағы санды тағы ұлғайтты. Жергілікті жерлерде жоғары басшылық белгілеген межеден асып түсу үшін күрес басталды. Оның күшеюіне Қазан революциясының 12 жылдық мерекесіне орай «Правда» газетінде жарияланған Сталиннің “Ұлы бетбұрыс жылы” деген мақаласы түрткі болды. Сталин “шаруалар жаппай мақтау тұтып келген жеке меншік туын лақтырып тастап, ұжымдастыру релсіне көшуде” деген пікір айтты. Ал 1929 жылы 10-17 қарашада өткен Б(б)КП Орталық Комитетінің пленумында Молотов та келесі жылы тек “ұжымдастырылған облыстар ғана емес ұжымдастырылған республикалар туралы да айтуға болады” деген көзқарасты білдірді. 1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға Орта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқа елдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның астықты аудандары жатты. Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды. Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай, ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Голощекин Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жіберген жеделхатында 1929-1930 жылдары республикада ұжымдастыруды күшейту үшін жоспардың қайта қаралғанын, сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтың қамтылатынын көрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды.

70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на жетті. 1925 ж желтоқсан - БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бес-жылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар. Жергілікті мамандардың жетіспеуі. ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: Өлкенің техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің (1925-1933ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет" деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. "Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты: Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту. Өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл қағидасын 1927 ж ұсынып, 1930 ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді. Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуакасов "Кіші Қазан" бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты: Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру. Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: "Түйеден социализмге" өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды. Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді. Қазақтармен енеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес. Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді. С.Сәдуакасов пен Ж.Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары "ұлтшылдық көрініс" деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер "ұлыдержавалық шовинизм көрінісі" деп есептелді. Индустрияландыруды жүзеге асыру. Индустрияландыру – өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Акамедик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлыктарын зерттеп, "ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы" деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезказған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. 1927 жыл - Түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. В.С.Шатов - құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов (1894-1938жж) – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. Т.Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М.Тынышбаев (1879-І937жж) енгізілді. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол теселіп, 7 айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті: 1930 жылғы 28 сәуір - солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. 1931 ж қаңтар - Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы: Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті. Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды: Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 ж деңгейінен 213 есе асып түсті. Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: Шаруаларға үстеме салықтар салу. Республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау). Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. Жазалау саясатын қолдану. Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану. Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: Халық дәстүрі бұзылды. Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді. Индустрияландыру ерекшеліктері: Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан әкелінді. Жергілікті мамандар жетіспеді. Урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді: 1930 ж аяғы - қала халқы- 29,8%; 1939 ж - қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп) 1926 ж – қазақтар 2,1%, соғыс қарсаңында – қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда 16%-ға жетті. Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. 1928 ж 19,8%; 1935 ж - 43,%-га өсті. Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі. Ұлттық жұмысшы табының құрылуы. Инженер-техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.

Ж.э.с.нәт-де кооперативтік қозғалыс дамиды. Өндірістік кооперацияның нег 3 түрі: Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру.ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ-ды қалады. 1927 ж 1 қазанда респ кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% қамтыды: 1074 тұтыну қоғамы (312-сі ауылдарда) 140 факторий (кешпелі халықтың ең қарапайым коорперативтік бірлестігі) 1072 ұжымдық шаруашылық орнап, 101 коммуна, 77 артель, 294 ТОЗ құрылды.Қызыл отаулар сауатсыздықты жою, кедейлерді кооперативтерге тартуды ұйымдастырды. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады.Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 ж көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды. Инду-у бағыты азық-түлік қорлары проб-н күн тәртібіне қойды. 1928 ж қаржы мен жұмыс күшін ауыл шар-нан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалып-у процесі баст. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұж-у бағытына көшіру көзделді.1928 ж қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.сапарында (1928 ж 3 ақпанда) Омбы округтік ком-нің мәжілісінде астық дайындау бар-да төтенше шаралар қолд-ға рұқсат етті. Ф.Голощекин ауыл мен қоныс-ға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жаз-ды. 1928 ж 1 қазан – 1929 ж 1 желтаралығы - 277 шаруа атылды.1928 ж 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феод. кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жария.Бай-феод.р өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шар. бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:Орташалар байлар қатарына жатқызылды.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді.Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шар. ұжымд.бағытын жария. (1927 ж желтоқсан). Негізгі ұстанымдар: Еріктілік. Дербестік. Материалдық мүдделілік. Ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымда. 1932 ж. көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 ж. 2жарт.бастап респ. колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғ. МТС-тер (машина-трактор станциялары) құр.Қаз. астықты ауд-ғы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы а.ш.артелі. Малды ауд-ы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қаз. көшпе. және жарт. көшп.шар-қты отырықшылыққа көшіруді 1933 ж. аяқтау көзделді.Ұжымд. мен отырықш-ды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырдыҰжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.Әкімш.күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.Шар.базасын жасау, тұрғын үйлер, мәде. тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жыл.орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәт-де:Абыралы ауда.-70%;Жымпиты ауд.-60%;Жәнібек ауд.-95% шар.ұжымд.Шар. ұжымд. деңгейі үнемі өсіп отырды: ж.– 2%, 1930 ж. 3 сәуір – 56,4%, 1931 ж.қазан – 65%. Азық-түлікпен қамт.етудің қиындауына байланысты 1929 ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді:Шұбартау ауд. малдың 80% -ы мем. етке өткізілді.Балқаш ауд. 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауд 1млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды:жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды.1931 ж.– 5.500 отбасы жер аударылды.1929-1933 ж. – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды.1933 ж - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды.Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. 1930ж 30 мамыр – респ Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдүшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәт, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бой тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кемідіМал шар күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 ж аштық жайлады. 1932 жақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдақарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалдыЖаппай ұжымд. саясатына қарсылықҰжымд. сталиндік үлгісіне қарсы шар.наразылығы алуан түрлі болды: Қалалар мен құрылыстарға кету. Басқа аймақтарға, шетелге көшу. Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. Қарулы отрядтар кұру. Көтеріліске шығу. 1929-1931 ж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті. Ұжымд. бағытының 2 жағы болды: Шар.бай-феод.кіріптарлық пен күйзелістен құтылды. Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

72.1929-1931 жж. күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.

1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты. Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты. Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.

73. 1931-1933 жж. аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.

.1928 ж 27-тамыз “Аса ірі бай шар-ры мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу ж/н жер аудару” туралы декрет жария. Ұжымдастыру осыдан басталды. Жерді өңдеу мақсатында орыс шаруалары әкеліп қоныстандырылды.Қателіктер: қатал жаппай қуғын мен террорға негізделді; даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілмеді; шаруаш.базасын жасау, тұрғын үйлер, мәд.тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер жалған колхоздар құра бастады. Жыл сайын ұжымдастыру деңгейі өсіп отырды. Колхоз құрамына кіргісі келмегендер қатал жазаланды: 1929ж 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды; 1931ж-5500 отбасы жер аударылды; 1929-33ж-3386адам ату жазасына. 1933ж ОГПУ үштігі 21мың адамды лагерьлерге қамауға алынды. Ұжымдастыру қарсаңында 40.5 млн. мал болса, 1933ж 4.5. млн. мал қалды. Аштықтан: 1930-313мың адам, 1931ж-755мың адам, 1932ж-769 мың адам қайтыс болды. 1932ж аштық апаты мен себептері туралы Голощекинге “Бесеудің хаты” жазылды. 1933ж Т.Рысқұлов Сталинге хат жазды. Жаппай жазалау мен аштық әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті: 1930-31ж – 1млн.70мың адам Қытай, Иран, Ауғанстанға көшіп кетті. Оның 616мыңы қайта оралмады, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-33ж 2,1млн Адам қырылды (барлық халық саны 6,2). Қазақтардың осы саны тек 40ж соң ғана қалпына келді. Бұл аштық «ұлы жұт” деген атпен мәлім. Мал шар күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 ж аштық жайлады. 1932 ж ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8%-ы малдан түгел айрылды. Ұжымд қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды:жылы-313 мың адам; 1931 ж- 755 мың адам; 1932 ж- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 ж барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. 1932 ж. 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО ОртюАтқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары тур.жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 ж шілде – аштық апаты мен себептері тур. Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жаз Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сонд орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде. 1933 ж. наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Бат.Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Бат. Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді. Қазақ зиялыларының өтініштеріне орт. тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді: Актөбе облысында 1930 ж.– 1 млн. 12500 адам болса, 1932 ж.– 725800 адамға кеміген (71%). Балқаш ауд. 1930 ж. – 60 мың адам болса, 1932 ж. – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа айма-ға көшіп, 12 мыңы қалған.Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті.1930 ж.қаңтар – 1931 ж.маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті.Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 ж. 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жыл. кейін, 1969 ж.ғана қалпына келді.1930-1932 ж. аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

74. ХХ ғ. 20-30 жж. мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз. Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті: Ұлт зиялыларының аздығы, Ұлыдержавалық шовинизм, Материалдық-техникалық болмауы. 1924 жылғы сәуір «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. 1921-1927 жж 200 мың адам оқып сауатын ашты. 1928 жылдың аяғында сауатты адамдар - 25%, оның ішінде қазақтар­10% болды. 1926 жылғы мамыр бірыңғай еңбек жарғысы» қабылданды: үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту, Қазақ қыздарына арнап мектеп ашу. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Оралда ашылды. Ағарту ісіне бөлінетін қаржы өсті: 1924-1925 жылдары РКФСР-де – 30 тиын болса, ҚАКСР-де – 68,9 тиын. Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды: А.Байтұрсынов суретті әліппені, мысал-жұмбақтар жинақтарын; Ж.Аймауытов - қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін; Ә.Бөкейханов - география оқулығын; Қ.Сәтпаев (Том университетінің студенті) - алгебра оқулығын құрастырды. 20-жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті жазуға С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жолдыбаев, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров т.б. белсене қатысты. Қазақ тіліндегі оқулықтарды әзірлеу мен баспадан шығаруды құрамына А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытов енген редакциялық алқа ұйымдастырды. Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. 1926 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің ІІІ пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Мендешев, Ж.Аймауытов, С.Қожанов т.б. орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын зиялыларды ашық айыптауға және қудалауға ұласты. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды. Нәтижесінде араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын, рухани байлықты игеруге мүмкіндік болмай қалды. 1920-30 жж араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантюркист", "панисламист" деп жарияланып, қудалауға ұшырады. 1928 жыл - комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1930 жылы 5 мыңға жуық комсомол, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты. 1931 жылғы желтоқсан - «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді. Білім беруге жұмсалатын қаржы өсіп отырды: 1928ж - 12 млн. сом; 1932ж - 60 млн. сом; 1937ж - 447 млн. сом; 1940ж - 682 млн. сом; 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылыдң көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді. 20-жылдардың ортасында - 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. 1930-1932 жж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді: 1932 жылдың күзі - балалар үйлеріне 68 мың жетім бала орналастырылды. 1932 жыл - Шығыс қазақстанда 1687 бала қайтыс болды. 1933 жылдың 1 қаңтары - 1000-нан астам панасыз бала есепке алынды. Республикада сауатсыздықты қарқынының баяу жүру себептері: Ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптары, 1930-1932 жж аштық пен күйзеліс. 1936 ж сауатсыздықты жою бөлімдерінде 500 мыңнан астам адам оқыды. Мекмеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде «Ауыл мұғалімі» журналы, «Төте жол» газеті шығарылды. Соғыс қарсаңында республикада 44 мыңнан астам мұғалім болып, 160 мұғалім орден, медальдармен марапатталды. 1926-1927 жж КСРО Ғылым Академиясының кешенді экспедициясы өлкеде статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1932 жыл –КСРО Ғылым Академиясының базасы құрылды. Оның алғашқыда екі секторы болды: Зоология және ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы. 1935 жылы геология және тарих секторлары қосылды. Кейін қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты қосылды. 1935 жылғы қараша Алтай-Ертіс, Жезқазған-Ұлытау аудандарының табиғи байлығын кешенді зерттеуге арналған және Орал-Ембі ауданын барлау проблемаларына арналған сессиялар өткізілді. Нәтижесінде: Республика одақ бойынша түсті металдар, барит, сурьма қорынан-бірінші; Мұнай қорынан - екінші; Көмір қорынан - үшінші орынға шықты. 1935 жыл - «қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» (1бөлім, авторы С.Асфендияров) жарыққа шықты Ұлы Отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-ден астам ғалым еңбек еткен. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне жұмсалған қаржы көлемі: 1933ж - 1,2 млн. сом, 1939ж- 14,4 млн.сом (12 есе өсті) Бұл жылдардағы мәдени мұра арасында қазак әдебиеті ерекше орын алады. Қазақ кеңестік әдебиетінде елеулі прозалық шығармалар дүниеге келді. "Тар жол, тайғақ кешу", "Азамат Азаматыч", "Қартқожа", "Жұмбақ жалау", "Менің құрдастарым", "Өмір мен өлім". Қазақ кеңестік поэзиясы толыға түсті: "Көкшетау", "Сұлушаш", "Құлагер", "Құралай сұлу". Қазақ драматургиясы жанрына бірегей туындылар қосылды: "Айман-Шолпан", "Түнгі сарын", "Жалбыр", "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Мансапқорлар", "Ел қорғаны". Аударма ісі де дамыды, қазақ зиялыларының ішінен көбінесе М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов айналысты. Жағымды жағы Жағымсыз жағы мауатсыздықты жою жоғары қарқынмен жүргізілді бастауыш білім беру жүзеге асырылды жоғары оқу орындары мен техникумдар ашылды зиялылардың жаңа топтары қалыптасты қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды 2.жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұқсан келтірді 30-жж сталиндік жазалау шаралары қазақ әдебиетінің даму барысын төмендетті. Бірақ социализм идеяларының өрескел бұрмалағанына қарамастан, қазақ кеңестік әдебиеті нығая түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]