- •7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •27. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •36. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53. «Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •56.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •67.Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері.
- •75. 1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •97. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы (25.03.1866, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-а-27.09.1937, Мәскеу) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметтің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. Ол осы жылы «Халық бостандығы» (коститутциялық – демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 жылы оның округі құрамына енді. Бөкейханов конститутциялық – демократиялық партияның Қазақстанда бөлімшесін ашуға ынта білдірді. 1906 жылы маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов бірінші мемлекеттік думаға Семей облысының қазақтары атынын депутат болып сайланды. Бірақ, ол бірінші мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмаы. Өйткені Бөкейханов думада өз жұмысын бастаған кезде дала генерал – губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып, Санкт – Петербуергке жеткенде дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Бөкейхановта солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт – Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен үш айға Семей түрмесіне жабылды.1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газетінде 1908 жылы Петербургте жарық көрген меншевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттеріде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909-1917 ж Дон егішілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912-1917 ж кадеттер партиясы ОК-нің мүшесі болды. XX-ғ басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірін де «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда мемлекеттік думадағы мұсылман Фракциясының ұйымдастырылуымен шақырылған бүкіл Ресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциысы бюросының тұрақты мүшесі болды.Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынған қазақ, қырғыз, өзбек, т.б ел азаматтарына қажетті түрлі көмек көрсету ісіне башылық жасады. Осы мақсатта 1917 жылы 15 ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан ашылған брантаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917 жылы 20 наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы камиссары және Түркістан к-тінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкеханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ болатын. Ұлттық мемлекет құру Бөкейхановтың түпкі мақсаты болды. Ол Уақытша үкіметке, сондай-ақ кадет партиясына үлкен үмітпен қарады. Бірақ оның бұл үмітінің негізсіз екндігін көп ұзамай уақыттың өзі көрсетіп береді. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді. Оның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде бірінші жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы құрылды. Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. Г.Н.Потанин бастаған Сібір автономияшыларымен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиіленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Міне осындай жағдайда Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен ұйымдастыру бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе- кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ қазақтары мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерінің роталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918-1919 жылдары Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысты, кеңес билігін қолдаған қазақтарды жазалады. Кеңес өкіметі 1919-1920 жылдарындағы Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешіріммен кейігі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 жылы Қазақ АКСР-ы Егіншілік халық комиссиярияты коллегиясының мүшесі, 1922 жылы ұлттар істері жөніндегі халық комиссиярияты(Мәскеу) жанындағы Орт. Баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 жылдары Ресей ҒА –ның ғылыми қызметкері болды. Өкінішке орай Сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ зиалыларына, оның ішінде Бөкейхановқа Сенімсіздік тантты, қоғамдық қызметін теріс бағалап, шектеп отырды. 1925 жылы Қазақстандағы саяси билікке Ф.Галощекин келгеннен кейін жүргізілген оның қоныс аударушыларға кең жол ашу саясатына жол бермеу үшін қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО ҒА жанынан профессор С.П.Швецов бастаған экспедицияны құру ісіне белсене араласып,оның құрамына өзі де енді. Қазақстанда қонысаударушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдарымен ұсыныстары Ф.Галощекинге және орталық мемлекеттерге ұнай қойған жоқ. 1926 жылы Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы орындардың рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алдыда, кейін қайтарып, Бутырка абақтысына жабылды. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болды. Зорлықшыл биліктің бұл қоқан – лоқысы күресте қайраткерлердің жүрегін шайлықтыра алған жоқ еді. Келесі 1927 жылғы одақтың Егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді әшкерелеп сынға алды. Бөкейханов 1927 жылдың 1- ші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс боды. Үкімет орындарының, жеке адамдардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 және 1930 жылдары екі мәрте Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Бөкейхановты бір-ақ рет шақырып түсінік алумен шектелді. ОГПУ орындарының Бөкейхановты да қамап қоймай, сырт қалдырып қойуын шамалылап түсінуге болады. Өйткені Бөкейхановты тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтап алудан қаймықты. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО жоғарғы соты әскери коллегиясының негізгі үкімі бойынша ату жазасына кесілген. Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақты сөзінде « Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді 1989 жылы 14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды. 61.А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араластыБүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. 62.1917 жылғы Қазан төңкерісінің ерекшеліктері және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы. 1917ж 27 акпан-Ресей буржуазиялық-демократиялық төңкерісі,монархия құлатылды.( Николай билігі).Қосөкімет орнады: 1.Уақытша ук.т.2.Жұмысшы,шаруа және солдат депутат/ы Кеңесі. 1917ж.24-25 қазан-Петроградта большевик/ қарулы көтеріліс арқ.билікті жеңіп алып,Қосөкімет жойылды.Буржу.қ Уақытша укі.т орнады.Кеңес ук.і жеңіске жетті.жер мен бітім туралы декрет/ң қабылдануы (1917ж 25-26қазан) ,ұлт саясаты бағдарламасының жариялануы революцияның бүкіл елде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарды.Ташкентте мұсылман жұмысшы/ы депутат/ң Кеңесі пайда болды.1917ж 15-22 қараша – Түркістан өлкесінде «Түркістан Халық Комиссар/ Кеңесі » орнады.1917ж22 қараша – Қоқан қаласында Бкілтүркістандық төтенше IV сьезд ашылды .Ққараған мәселе:Түркістан Автономиясы құрылды,президенті –М.Шоқай.Ислам –мем.к дін деп танылды. 1918ж қаңтар – Ташкент Кеңесі мұсылман ук.н жоймақшы болып ұйғарды.5 ақпан- Қоқан қаласы шабуылмен алынып,өртелді.Бұл әрекет Кеңес ук.ң беделін түсірді.1917ж 5-13 желтоқсан- Орынбордағы жалпы қазақ съезі. Қаралған мәселе/:*территориялық-ұлттық автономия құру.*Қазақ облыс/ң автономиясына Алаш атауын беру.*Автономиялы Алаш обл.ң аумағын Алаш.ң мем.к меншігі деп жариялау.*Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мушеден құрып, оның 10 мүшесін орыс және т.б халық өкіл/н сайлау.Төрағасы - Ә.Бөкейханов.Алашорда.ң уақытша орт.- Семей.1917ж 21 қараша – «Алаш» партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды:*Алаш партиясы әділдікке жақ *дінді мем.тен бөлектеу*сот ісін қазақ тілінде жүргізу*әскери қызметті өз жерінде атқару * жұмысшыларды заңмен қорғау*оқудың жалпыға бірдей ақысыз болуы *сөз бостандығы *жерді алдымен жергілікті халыққа беру .Бағдарлама жобасының маңызы: сол кездің нақты мүмкіндік.н ескере отырып,қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды,*буржуазиялық-демократиялық ұлттық-азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. 1917 қараша -18ж қаңтар сайлауда қазақ еңбекші/ң көбі «Алаш» партиясы.ң бағ.қ талап/н қолдайтынын көрсетті.Кеңес ук.і орнауының 2 жолы болды: 1.өнеркәсіп орталық/ы мен темір жолға жақын,жұмысшы/ басым оңт. және солт. аймақ/да – бейбіт жолмен 2.Сібір,Орал,Жетісу казак/ы мен офицер/ ,кулак/ біріккен контррев.қ күш/ басым ауд.да – қарулы курес жолымен .Қазақ өлкесінде Кеңес билігі алдымен теміржол бойындағы қала/да орнады.1917ж 30 қазан – Перовскіде(Қызылорда) Кеңес ук,і бейбіт орнады. 1917ж 1 қараша – Ташкентте қарулы куреспен,1917ж қараша- Әулиеатада бейбіт жолмен .1917ж қараша –Черняевта (Шымкент) бейбіт жолмен орнады. 1917ж желтоқсан – Бөкей Ордасында ,1917ж 25 желтоксан – Қостанайда карулы куреспен орн.ды. 1917ж желтоқ.ң аяғы – Көкшетауда Кеңес ук.і орн.ды. 1917ж.2 желтоқ.- Бөкей ордасында орн.ды. 1918ж ақпанның 16-нан 17-ге караган туні – Семейде орнады. 1918ж.қаңтар.ң аяғы - Павлодарда орн.ды.1917ж. карашада Орынборда атаман Дутов контр.рев.қ төңкеріс жасап, өкімет билігі казак.ң «Әскери ук.і» қолына көшті. 1917ж Торғай обл.да саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутов.ң казактар тобы, Алашорда ук.і , меньшевик/,эсер/ Кеңес ук.не қарсы бірікті. Дутовшы/ға қарсы курес жург.ді,нәт.де:1918ж18қаңтар – Орынборда қарулы күреспен Кеңес ук. Орнады.1918ж 8 қаңтар – Ақтөбеде орнады. 1918ж басы – Ырғыз,Торғайда орнады. Оралда Кеңес ук.і қиын жағдайда орн.п, 1918ж 15 қаңтарда жеңді. 1918ж наурыз.ң 2-нен 3-не караган тунинде рев.шыл куш/ төңкеріс жасап, Верныйда Кең.ук. жеңіске жетті. 1918ж наурыз- Жетісуда кеңес ук.і орнады. 1917ж қазан – 1918ж наурыз – Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті. 63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы қазақ саяси эмиграциясының тарихын бастаушы болды. Эмиграция сөзінің мағынасы экономикалық, саяси және діни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемлекетке қоныс аударуды көрсетеді. Түркістан саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Қоқан автономиясы қуылған соң М. Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің “Дни”, “Последние новости“ газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929-39 жылдары ол “Яш Туркестан“ журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды. Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеуметтік саладағы социалистік қайта құру саясаты қазақ зиялыларының қарсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта құру саясатын жүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дұрыс-бұрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия және кеңес қайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы большевиктік айыптау және қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов “Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар” туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” деп атауға шешім қабылдады. Т. Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар) “Түркістан автономиялылығы туралы” тезистерін қабылдау болды. Т. Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арманы да осындай конфедерациялық мемлекет құру еді. Алайда, большевиктер Т.Рысқұловтың “Түрік республикасын құру” туралы идеясына қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады. Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен “оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен” күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. 7 партия конференциясында “солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшыл-байшыл ағым делінетінмен” күресуге партия ұйымдарын шақырады. Қазақстанда “оңшыл ағымға” Голощекиннің ауылда ”Кіші Қазан” төңкерісі қажет деген пікіріне қарсы шыққан С. Сәдуақасов және оның пікірлестері жатқызылды. Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С. Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар “троцкистік оппозицияның төңірегіне топтасқан негізгі ядро” ретінде айыпталды. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М. Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф. Голощекин басында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағалады. 64. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
Алашорда үкіметінің құрылуы. 1917ж желтоқсанда Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясы-ң басшысы М.Шоқайдың баяндамасын тыңдап, «Қоқан оқиғасының ұлт – азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды мойындамау, төзімсіздік пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік» деп бағаланады. Осыдай кейін қазақ халқының автономиясы тур мәселе қаралды. Қазақ ав-сы жөн-де съезд былай деп қаулы етті: 1 Тегі бір мәдениеті. Тарихы бір және тілі бір қырғыз (қазақ) халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей ордасы, Орал, Тоғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария обл-ы мен Ферғана, Самарқан қырғыз (қазақ) уезд-ң, Каспий сырты облысы Әмудария бөлімі-ң Алтай губерниясы-ң қазақ аралас тұратын болыстары-ң аумақтық ав-сы құрылсын. 2 Қазақ (қырғыз) обл-ң авт-на Алаш атауы берілсін. 3. Жер бетіндегі барлық табиғи байлық-ымен, суымен, сондай-ақ жер қойнауымен қоса авт-лы Алаш облыс-ң аумағы Алаштың мем-тік меншігі болып табылады. 4. Алаш авт-ң барлық мекеме-де барлық ұлт-дан пропорциялы түрде өкіл-р болуға тиіс. 5. Алаш обл-н жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақ-да 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып, оның 10 орны қазақ-қырғызр ар-да тұратын орыс ж/е басқа халық-ға берілсін. 6. Алашорда-ң уақытша орналасатын қонысы болып Семей қаласы таңдап алынсын. Қазақ (қырғыз) халқында бүкіл атқарушы өкімет билігін Алашорда дереу өз қолына алуға тиіс. Делегеттар-ң көпшілігі жуық арада ав-я жариялауды жақтап дауыс берді. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүше-і арасынан балама негізде Ә. Бөкейханов төраға болып сайланды. «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасы-ң жобасы жарияланды.10 бөлімнен тұратын бұл құжатта партия-ң мем-тік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту саласындағы, аграрлық мәселе ж/е т.б. жөніндегі кең бағдарлама-қ қағида-ы Бүкілқазақ съезінің шешім-інен көрініс тапты. Сөйтіп, тарих-ң бетбұрысты кезеңінде Алаш партиясы сол кездің нақты мүмк-рін ескере отырып, қазақ халқы-ң дамуы-ң балама жолын ұсынды.Төңкеріс-ң осы бір тарихи қиын кезеңінде билеуші партияға айналған большевик-р Алашордамен тіл табысу жол-ын қарастырмады. Әртүрлі саяси күштер-ң билік жолындағы тайталысы басталды. Петроградта болған Қазан төңкерісі Қ-н аумағында бұрын болмаған таптық қақтығыс-ға алып келді. Бұған қар-тан Ресей-ң халық бұқарасы соның ішінде қазақ-р да Бүкілресейлік құрылтай жиналысына үлкен үміт артты. 1917ж-ң қарашасы мен 1918ж-ң қаңтары арал-да өткен сайлау қазақ еңбекшілері-ң басым көпшілігі Алаш партиясы-ң бағдарлама-қ талап-ын қолдайтынын көрсетті.Жетісу губерниясында Алаш партиясы-ң блогы сайлаушы-р дауысы-ң 57,5%-ын алды. Олар Семей уезінде (85,6%), Торғай, Орал губерниялар-да (75%) бұдан да жоғары жеңіске жетті.Сайлау нәт-сі көрсеткендей, Алаш партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевик-ге елеулі оппозиция болды. Большевиктік экстремизм тайталас-ң ең басынан бастап –ақ бұл партия-ң орны баррикаданың басқа жағында болатынын анықтап берді.
65.Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен аз. Соғ. арасында ешбір дәл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қ/да аз. Соғ.ң ошақтары өте тез п.б: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордагы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің "әскери үкіметі" және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратты, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш "әскери үкімет" Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялык офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен "Алаш" партиясының жетекшілерінен қолдау тапты. Аз. сог.ң бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одактасып, қызылдарға карсы соғсты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметгері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді 1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай ең басты пәрмеңді күш - Сібір мен Оралда шоғырланган Чехословакия корпусының офицерлері булік шыгаруына байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл корпус революцияға дейін Австро-венгрияның түтқын соддаттарынан - чехтар мен словактар қатарынан құрылган еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басыл алды.1920 ж. 29 наурызында ең соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі кайтадан қалпына келтірілді.
Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда кызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы кызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаган жерлерде буқара халыққа карсы бағытталган шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардьң өзін-өзі билеу кұқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ кұруы және 1919 жылы шілдеде Казревком кұрылганда қазактардьң жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі койылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат согысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 ж көктемінен бастап, А Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шыкты. 66.Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы. 1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам 2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды 3 - Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың (1 млн 468 мыңға көбейді) Қазақтар - 61,3 пайыз (1926 ж санақ), Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы берілді.
