Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gost_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.63 Кб
Скачать

1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері, және оны зерттеудің өзектілігі. Тарих-дег.з халық.ң зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың ж\е оның бір түсін 2сімен ауыстырып жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылық\мен ж\е қайғылы бет\імен қоса ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз. Өткеніміз бен бүгініміздің, тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың тағылымын түйіндеуге елбасымыз Н.Н.ң өзі мән беріп 1999ж «тарих толқынында» деген еңбегін жариялады. Ол: “Қ.ң сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық “МЕН” дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік ғана ол шындыққа тек қазақ\дың ғана емес барлық қаз.қ\дың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет”. Тарих - өткен дәуір/ туралы білім жинағы ғана емес, ол қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыс/ мен оқиға/ға өз көзқарасын білдіруге ж/е олар-ң маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып таб-ды. Тарих ғылым ретінде халық-ң ұлттық санасын қалыптасуы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнығуы ж/е әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс. Қ-н тарихын зерттеудің негізгі міндет/і:1. Қазақ халқы-ң тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу; 2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу ж/е оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету; 3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының тұрмысының, шару.ғы мен әлеу.к-саяси жағдайының қалыптасу процесіне зер салу; 4. Түрлі әлеу.к топ/ң қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау. Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді. Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз. Қ-н тарихы курсының негізгі мақсат/ы:- тарихи дәуір/ге талдау жасау; - этностық тарихқа талдау жасау;- түрлі тарихи кезең/дегі әлеу.к ұйым/ды зерттеу;- түрлі тарихи кезең/дегі мәдениетті зерттеу. Қ-н тарихы келесі кезең/ге бөлінеді: - Қ.ң ежелгі тарихы ж/е ортағасырлық Қаз тарихы 2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары болған жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан б.з.д. 2,5 млн. жыл бұрыннан б.з.д. 5 мың. жылға дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі: Палеолит (ерте тас ғасыры) және Неолит (жаңа тас ғасыры). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта тас ғасыры) деп атады50жж.нан кездеседі. 1862 ж. Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес құралдар табылды. 1883 ж. Абайдың досы Михаэлис Семей қаласында өлкелік мұражай ашып, оның сөрелерінде 8 0-нан астам тас құралдар қойылды. 1895 ж1957ж. Қазақ Ұлттық Академиясы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты тас дәуірінің маманы ғылыми қызметкер Алпысбаев арнайы Қаратау отрядын құрды. Бұл эспедиция Оңтүстік Қазақстан Қа жүргізді. Сонымен қатар ғалым археолог Таймағанбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындығы ҚазҰУ ғалымдары жүргізіп келеді. 2000ж. Таймағанбетовтің жетекшілігімен ҚазҰУ-да ТМД елдерінің ішінде алғаш палеолит мұражайы ашылды. Қазақстанның солтүстік неолит дәуірінің қоныстарын Грязнов пен Комарова деген ғалымдар зерттеді. Шығыс Қазақстанның неолит кезеңдерін археолог Шевников зерттеді. Ол Кіші Красноярск және Усть- Нарым ескерткіштерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауынан Қызылорда облысының жеріндегі неолит кезеңінен Хорезм археологиялық экспедиция жетекшісі Тастов зерттеді. Тас дәуірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Палеолит- ежелгі тас дәуірі(б.з.б 2,5 млн жылдан- 12 мыңжылдыққа дейін). 2. Мезолит- орта тас дәуірі- (б.з.б 12-5 мыңжылдықтар). 3. Неолит- жаңа тас дәуірі(б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар). Соңғы жылдары бұл деректерге өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит дәуірі ерте және кейінгі болып бөлінеді. Палеолиттің өзі үш кезеңге бөлінеді: 1. Ерте палеолит (б.з.б. 2,5млн. - 140 мыңжылдықтар). 2. Орта палеолит(140-40 мыңжылдықтар). 3. Кейінгі палеолит(б.з.б. 40 – 12 мыңжылдықтар). Ерте палеолит 3 ірі дәуірге бөлінеді: олдувэй дәуірі(б.з.д. 2,6млн. – 700 мың жыл), ашель дәуірі(б.з.д. 700- 150-120 мыңжылдықтар), мустьер дәуірі(б.з.д. 150-120- 30- 25 мыңжылдықтар). Кейінгі палеолит б.з.д. 30-25-12-10 мыңжылдықтарды қамтиды. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолитке жатады. Ежелгі адамның каңқалары әлі табылмады, бірақ тұрақтары табылып зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Қаратау жотасы болып табылды. Қаратау жотасынан ең көне тас құралдары табылды. Көне тас дәуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Бөріқазған, Тоқалы және Аққөл деген жерлерінен табылған. Тас дәуірінде негізгі рөлді тас атқарды. Еңбек құралдарының бәрі тастан жасалды. Сондықтан тас ғасыры деп аталды. Ерте тас дәуірінде тасты жару үшін екі тасты бір- біріне соғатын болған. Бұл әдісті жарып түсіру әдісі жарып түсіру техникасы, малтатас мәдениеті деп аталып кетті. Өйткені бұл әдіске өзен малтатастары пайдаланылды. Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай тұрақтардың бірі- Құдайкөл Сарыарқаның теріскей - шығыс шетінде орналасқан. Құралдардан екі жағынан да өңделген бифасты, жануарлардың терілерін илеп, сындырғыштар мен қалақтар жарылып алынып, еңбек құралдары ретінде пайдаланылды. Кейінгі мустье кезеңінде тас өңдеудің басқа түрлері пайда болды, бірақ кейбір жерлерде малтатас мәдениеті де кездесті. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерлерінде мұндай ескерткіштер көптеп кездеседі. Осындай ескерткіштердің бірі Ш. Уалиханов атындағы көп қатпарлы тұрақ. Тұрақта 5 мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орны, ошақтар, әртүрлі жануарлардың сүйектері табылды. Кейінгі палеолитте адамдар жер шарының барлық аймақтарына тарап, нәсілдер пайда бола бастады. Кейінгі палеолитте адамның ой , сана- сезімі жетіліп, рулық қауым пайда болды. Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Аналардың қоғамдағы рөлі күшейіп аналық рулық қауым қалыптасты. Бертін келе адамдар аң аулауды, оларды қолға үйретіп, олардан түрлі тұрмысқа қажетті заттарды жасауды игеруі еркектердің қоғамдағы рөлін күшейтті. Сөйтіп аналық қауымның орнына аталық рулық қауым келді. Үңгір тұрағы- Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы шығанақ мүйісіне орналасқан, ол кіретін жері батысқа қараған, бір- бірімен жаппа жалғасып жатқан екі қуыс. Бұл тұрақтан арыстан, мүйізтұмсық т.б. аңдардың сүйектері табылған.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері. Андрон мәдениеті – қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың алғашқы жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар мәдениеті.Солт. шекарасы Батыс Сібір ормандарымен, ал оңт. Памир, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай тауларымен тұйықталады. Андрондықтар мекен еткен аумақ батыстан шығысқа қарай 3000 км, ал меридианды бағытта 1500 км-ден астам жерді алып жатты. Физ.-геогр. тұрғыдан алғанда, андрондық мәдени-тарихи қауым Еуразия құрлығына дендеп енген. Андрондық мәдени-тарихи қауымдастықтың тұрғындары төрт ландшафтыны, яғни, орманды даланы, даланы, жартылай шөлейтті, шөл даланы қамтиды. Әр алуан ауданы археол. ескерткіштерді саралап қарағанда, андрондар үшін ең қолайлы аймақ орманды дала мен далалық жерлер болып табыладытұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр-қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревняның маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. 17–16 ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. 15–12 ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. 11–9 ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттер Беғазы-Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 — 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, мәдениет атауын ғылыми айналымға енгізген академик Ә. Марғұлан. Беғазы-Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңт-нде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Б.-Д. м-нің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Ақкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 — 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктердің бірі – діни ғұрыптың заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген мехрап орны. Беғазы- Дәндібай мәдениетіне тән бір қасиет, ол бір жағынан, Андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс- аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызы қою да кездеседі. 4. Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз. Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған. Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Көшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді. Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім. Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды. Діни нанымдары мен ғұрыптары. Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді. Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен. Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді. Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек. Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.

5. Ұлы Жібек жолының тарихи- мәдени маңызы. Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен оснау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен «балық сояулары», құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсеп мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты «тері қан болып шығатын» сәйгіліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген. Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған. Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық алюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген. Керуен жолымен тасылатын жіек пен басқада тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар — соның айғағы. Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады екен. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шар-тараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістанндағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан – Қырымның, кішіазиялықтан – Сиваси, Кония, Тебриздің, Қазақстаннан – Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез – ХІІІ ғ. 60-жж. Екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар. Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген тап бола қалса, кеңінен тарп кетеді екен. Орта ғасырдың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдерінің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концециясы етек алып алыпи жайылған еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618 жж.) мен Тан әулеті (618-907 жж.) өкіметтерінің қол астында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары, Тынық мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан төрт монархияның негізі деп саалады: оңтүстікте – пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста адамдар патшасы (Қытай). Осы идея сосын мүсылман авторларына да ауысып келеді. Тауарларды қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілерң мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таралған. Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер құрамына еңгізілген.Мәселен, сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер ұстаған. Түрік қағанының Суяб түбінде ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөнінде сипатта сақталып қалған. «Қаған, — деп жазады сол сияпатты көзімен көрген будда сопысы Сюань Цзянь, — шарап әкеліп, саз ойауға әмір етті… сосын бір үзілмей, металл сыңғырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі тамылжып төгілді де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырып, жаны мен ойын жадыратып отырды». Тан әулеті Қытайдың ең көп жайылған саз Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-күйлері болған. Құш пен Қашқардың, Бұқар мен Самарханд – Үндістанның сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық дәстүрімен ұласып кетті. Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған кездері мәдениеттердің дамуын және өзара бірін-бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы актерлерді, түйе үстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбльдерді бейнелейтін Тан дәуірінің терракот пен лекциясы – осының айғағы. Мұнда көптеген артистердің бет-бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп тұрады.Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған қабырға суреттерде азшылар мен актерлер бейнеленген.Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты. 6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз. Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ – б.з. Ү ғғ.). Б.з.д. 1 мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында «Күнбек» титулы бар билеушісі тұрды. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды. Ү ғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кетуі керек, «Үйсін» этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы «Үйсін» деп аталды. Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сиппатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байкалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік- экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық құрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін қоғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жок, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың колында байлыктың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылна- машылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым кіші күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейінгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруга (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың ұлы бегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.

7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.

Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді: ''Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" — шығыс, "ху" — тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын". ” Оның екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады. Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді. Маодунь уакыттың таянғанын түсінді". Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203—201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары — Қытай ментюэчжилер еді. Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді. Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді. Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді. Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. 8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.

Қазақстан тарихы б.з. 6-12 ғғ. Аралығындағы түрік дәуірі деген атпен белгілі. Бұл кезеңде қазақ жерлерінде бірнеше түркі тайпаларының мемлекеттері өздерінің саяси- әкімшілік биліктерін жүргізді. Түрік тілдес тайпалар жергілікті тайпалармен араласып кетті. Бұл үдерістің соңында келешектегі қазақ халқының негізі қаланды. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында және мемлекетінің құрылуында көне түрік тайпалары маңызды рөл атқарды. Қазақстан тарихы б.з. 6-12 ғғ. Аралығындағы түрік дәуірі деген атпен белгілі. Бұл кезеңде қазақ жерлерінде бірнеше түркі тайпаларының мемлекеттері өздерінің саяси- әкімшілік биліктерін жүргізді. Көне түркілердің тарихын, мәдениетін, жазба ескерткіштерін, ХVIVғ. бастап Ресейдің Спаский Ядрицов, Радлов, ғалым С. Малов зерттеді. Мелиоранский, Толстов, Л. Гумилев, академик Бартольд және т.б. зерттеді. Мысалы, Л.Гумилев «Древние тюрки». Бартольд «Монғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы», «Жетісу тарихының очерктері» т.б. айтуға болады. Қазақстан жерлері ҮІ ғасырда құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында кездеседі. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық - әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған, оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.) билік құрған уақытта Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды. Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. 9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз. Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Қызыл (Тыва, Ресей) қаласындағы тасжазба Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған. Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді, Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары, Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме, Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде, Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну, Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде, Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады. Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген. Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. 1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты. Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді. Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады. Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. 10. Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз. Батыс түрік қағанаты — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті. (603- 704). Түрік қағанатында саяси-әлеум. қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Б. т. қ-ның негізін Торэмен қаған қалаған деген ғыл. дерек те бар. Аумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төм. ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Б. т. қ-ның негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Б. т. қ-ның халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған.—қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Б.т.қ. Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғ. ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімш.-басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 ж. Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қ. түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 ж. түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қ-н басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 ж. Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 ж. дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630—34 ж. қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өз. арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 ж. Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Б.т.қ. Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Б. т. қ-н Таң империясы әкімш. аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 ж. қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Б. т. қ-ның соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қ-нда түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 ж. Б. т. қ-ның орнына Түргеш қағанаты құрылды. 11. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз. Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды. Ел сауда, қолөнермен де айналысты. Аң аулау да кәсіптің бір түрі еді. Алайда аң аулау бай-шонжарлар үшін көңіл көтеріп, сауық құру болса, ал кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан. Ү Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.

шінші пікірде арабтардың жаулап алуымен байланыстырылады. Тарихи жағынан алып қарағанда бұл үш пікірдің үшеуі де белгілі бір жағдайларда байланысты соғдылардың шығысқа қарай қоныс аудара бастағанын теріске шығармайды. Соғдылардың қоныс аударуыңа осы үш себептің әсер еткендігі - тарихи шындық. Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскері бар еді. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.

12. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі. ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін нығайтуда ұмтылды. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды». Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 13. Қимақ мемлекеті: этно-саяси тарихы және шаруашылығы. Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды. Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. Қимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. 10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Қимақ тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Қимақтардың шаруашылығы. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. 13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Оғыз мемлекеті (9 ғасыр—11 ғасырдың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашқари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады. Оғыздар- жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты. Қысқы жайылымдары- Сырдың орта және төменгі ағысында, Арал теңізі жағалауларында болды. Жазғы жайылымдары- Каспий теңізінің далалы аймағы болды. Әль- Бируни оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасында, ал кейбір бөліктерінің Ұлытау баурайында көшіп жүргенін айтады. Ибн- Хаукәл Түркістан аумағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған. Қала мәдениеті. Сырдарияның төменгі ағысында аты сақталған Жанкент, Жент, Жуара сияқты қалаларының болуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Махмуд Қашғари Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы жазған. 14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (ІХ-ХІ ғғ.).

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.

656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды. Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты. Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:

1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;

2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;

3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар. XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген. Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған. Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртынын құрылып, қалыптасуының аяққы кезенін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.

15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.) Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзгент, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды. 16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (VІ-XII ғғ.). Түрік Тайпаларының Материалдық Мәдениеті– ортағасырлық отырықшы және көшпелі түркі тілдес тайпалар мәдениетінің жиынтық атауы. Орт. Азия аум-нда түрік қағандарының саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелерден жойылып, олардың орнына, әдетте жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экон. және этн.-мәдени жағынан Батыс Түрік қағандығы құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Түркілер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгерді, мысалы, мәйіттің басын батысқа қаратып жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, мәйіт басын солт-ке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жорыққа мінген аттарының сүйектерімен, қару-жарақтарымен бірге қойылды. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштары және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болды. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарады. 6 – 9 ғ-лардағы ескерткіштер қо-рымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Түркі заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісу обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері – тастан немесе топырақтан үйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Мәйіт жерден сопақша қазылған шұңқырға жерленген, мәйітпен бірге киім-кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. 6 – 10 ғ-лардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар – Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровск, Качира және Боброво-1 және 3-қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар. Қабірлерден қару-жарақ, ер-тұрман, тұрмыс заттары, әшекейлер, сондай-ақ жылқы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяқ сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғұрпының болғанын білдіреді. Түркі тілдес тайпалар 6 – 7 ғ-ларда тұрақты мекен-жай салып, отырықшылық өмір сүргенін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарында отырықшылық басым болған. Түріктер жерлеу рәсімімен ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны байқалады. Мәйітті өртеу отқа табынушылықтан туған. Кейінгі жерлеуде адамның тірі кезіндегі қолданған заттарын бірге көмген. Заттарды бірге қою о дүниеде де өмір бар, заттар сонда керек болады деген нанымның нышаны. Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанатына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп отырып кіргізуінен көрінеді. Бұл салт адамды ауру- сырқаудан, бәле- жаладан, жаман пиғылдан арылтады деп есептеген. Келген қонаққа қойдың басы тартылған. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. 17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (ІХ-ХІІ ғғ.). Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. 18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.б.) Жүсіп Баласағұнидің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, Әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағүни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған. Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. ХасХажиб деген үлкен атақ немесе басуәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады. Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. . Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қилмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек. Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі — "Диуани хикмет" — "Даналық кітабы". Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл еңбектің бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері, түпнұсқасы сақталмаған. Бұл көшірмелер Алматыда, Стамбұлда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде сақтаулы. Ахмет Йасауидің бұл шығармасы — діни сопылық еңбек. Исламның ішіндегі сопылық бағыт VIII ғасырда пайда болған. Жалпы, сопылық құран мен шариғатты толық мойындайды. Ахмет Йасауидің өлеңмен жазылған "Даналық кітабындағы" жеңіл және түсінікті тілмен әсерлі жеткізілген осы қағидалар орта ғасырлардағы түркі халықтарының діни дүниетанымының, моралінің қалыптасуына үлкен әсері болды. Йасауиден кейінгі қазақ жырауларының, ақындарының, ойшылдарының еңбектерінен сопылық ықпал, өнеге анық байкалады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің әлемге әйгілі "Тарихи Рашиди" шығармасы парсы тілінде жазылып, дүние жүзіне таралған. "Тарихи Рашидиді" Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Мауереннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекет XIV ғасырдың ортасына таман біржола ыдырап, екіге бөлінеді, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа — дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362 жылдары) хан болады."Тарихи Рашидидің" бірінші дәптерінде сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Абд-ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар өңгімеленеді.

19. Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз. Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қырқысып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды. Сондан қазір Наймандардың бір бөлігі – Солтүстік Наймандар –Алтай, Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс бойында қалып қойды, бұл «Бұйрық ханның Наймандары» деп аталды, екінші бөлігі Оңтүстік Наймандар – Жетісу, Сыр бойына қарай ойысты да оларды «Күшлік ханның Наймандары» деген. Осылайша өзара бөлшектеніп әлсіреген Наймандар елін, соның ішінде 1199 жылы Бұйрық ханның елін және 1204 жылдары Күшлік ханның елін Шыңғысхан мен оның Одақтастары жаулап алды. 1208 ж. Шыңғысханнан қашқан Күшлік бастаған наймандар Қарақытай еліне қашып келеді. 12 ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі әлі белгісіз, жаңа мәліметтер олар түркі тілдес тайпалар дегенді айтады. Ол “сегіз” деген мағына береді дегенді айтады. Көп тарихшылар Наймандардың арғы шығу тегін Қиыр Шығыстан келген Ляо империясымен, яғни Қидан империясының тарихымен байланыстырады. Оған дәлел ретінде жазба деректер бойынша Солтүстік Наймандардың халқын Найман, Арғын, Қаңлы, Қаракерей рулары құрағанын, ал Оңтүстік Наймандар елінің халқын Найман, Албан, Суан, Ысты рулары құрағанын айтады. Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады.Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.

20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз. Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет алды. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді. Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]