Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.

Заманында Испан Америкасының сарқылмас байлығы британ саудагерлеріне маза бермеді.Ағылшын отарларындағылардыфранцуздар игере бастаған және испандықтар мен португалдықтар қоныс тепкен Солт.Американың Атлант жағалаулары да қызықтырады.Ол аумақтағы басты байлық жер астында жатқан асыл металдар емес, әлі рулық құрылым дәрежесінде өмір сүрген аз санды үнді тайаларының құнарлы жерлері болды.Соңғы жәйтжеке меншіктегі акционерлік Лондон және Плимут компаниялары бастаған отарлау әрекеттері мақсатын құйтырқыландыра түседі.Олар король 1 Яков Стюарттан жаңа территорияларды игеруге рұқсат беретін грамота (хартияны) алады.Осы грамотаға сәйкес бұл жеолердің иесі король, ал оның отар иелігіндегілер бодандар еді.

Бастапқыда Нидерланды иелігінде болған, ал кейін 1664ж ағылшындар жаулап алған СОлт. және Оңт Каролина жерлері,Нью-Йорк провинциясы жекеменшік отар иеліктері қатарына жатты.Жаңа Амстердам қаласын Нью-Йорк деп өзгерткеннен кейін бұл атау бүкіл отарға тін болды.1685ж оның иес герцог Йоркский король ІІ яков болып тағайындалады да, отаркорольдік отарға айналады.Оның басқа билеушілерге берілген оңт. Бөлігі Нью- Джерси деп аталды.Бұрынғы Жаңа Швеция аталған кішігірім Делавэр отары,1776ж дейін ресми түрде Пенсильвания құрамына кіргенімен,өз алдына автономия болып 1732ж британ иелігінің қиыр оңт. Жекеменшік сипатта құрылған Джорджия отары, 20 жылдан кейін король қол астына өтеді.

Француз иеліктерімен бітесетін (Канада) солт-шығ жерлерге қоныстандыру-отарлаудың 3-інші бір түрі,корпоративті түрін алып келді.Оның бастауында Америкаға эмиграцияланған діни қауым мүшелері тұрды.Олар жер иеленуші лордтарға берілмеген Жаңа Англияның тұрғылықты мекен аталған жерлерін алды.

15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы

1775 жылы 29 қарашада құпия комитет құрылды. Алғаш ағылшын-француз бәсекелестігін, сондай-ақ жалпыға мәлім Францияның Англияға деген жауластығын пайдаланып, американдықтар француздармен АҚШ-қа қару-жарақ әкеліп түсіру жөнінде құпия келіссөздер жүргізуге кірісті. 1776 жылы 3 наурызда құпия комитет Континентальды конгресс мүшесі Сайлас Динді өзінің құпия өкілі ретінде Францияға жіберді. С. Дин Парижге жергілікті көпес ретінде келді. Оған Франциядан әрі қарай көмек алуға қол жеткізу жүктелді. Ол ресми түрде француз үкіметінен Францияның өзінен не болмаса, басқа да Еуропа державасынан конгреске қару-жарақ мәселесі бойынша көмек көрсетуді сұранды. Өзінің Франциядағы миссиясын орындап болғаннан кейін, ол осыған ұқсас тапсырмамен Голландияға жіберілу керек еді.

Король үкіметінің сыртқы істер министрі граф Верженн Франция атынан жас Американ республикасына әскери көмек көрсетті. Шарль де Верженн ескі мектеп дипломаты болды. Ол атақты Н. Макиавеллинің «мақсатқа жетуде барлық әдіс-амалдар жақсы» ережесін ұстанды. Ол Ұлыбританияның әлсіреуі үшін жас Американ республикасына көмек көрсетуді жөн көрді. Осының арқасында ол Еуропада Франция үстемдігін орнатуға ұмтылды. 1775 жылдан Америкадағы көтерілген ағылшын отарларына құпия көмек көрсетуді бастаған Ш. де Верженн Францияның Англияға қарсы тікелей соғысқа араласуын көздемеді. Ол екі жақтың бір-бірін толығымен әлсіреткенін күтті. Сонда да АҚШ тәуелсіздігін қолдап, жас республикаға түрлі көмек көрсеткендер де болды. Мәселен, маркиз Лафайет және «Севильский цирюльник», «Женитьба Фигаро» еңбектерінің авторы Бомарше. Отарларға көмек көрсету мақсатында Бомарше 1775 жылдың өзінде-ақ «Родриго Горталес және К» деп аталатын сауда үйін құрды. Бомаршенің көмегімен Сайлас Дин Франциядан АҚШ-қа қару-жарақ,офицерлерді өткізді. Жас француз офицері маркиз Лафайет корольдің тыйымына қарамастан, өзінің қаржысына кеме жабдықтап, 1777 жылы Америкаға бет алды. Сондай-ақ Бомарше де американдықтармен қатынастар жүргізу миссиясын атқаратын Францияның ресми емес өкілі болып тағайындалады.1776 жылы 15 желтоқсанда Парижге Франциядағы АҚШ-тың ең алғаш ресми елшісі Бенжамин Франклин келеді. Б.Франклин 1741 жылы жалпы американдық журнал шығарып, 1743 жылы Американдық философиялық қоғам құрды. Ол кеден қолөнершінің баласы, жас кезінде баспаханада жұмыс істеді, кейін ғылыммен айналысты. Діни соқырлыққа қарсы күpесті, пресвитериандық идеяларды қолдады. Экономия және тарихпен айналысты. Ол өзінің көзқарасында буржуазиялық қатынастарды уағыздап, қор жинауды қолдады. Ағарту ілімін жақтады. Отарлардың дербестігін күшейту үшін күpесті, кейін революция барысында Англиядан бөлінуді уағыздады. Франклин — буржуазияның өкілі, бұл оның нақыл сөздерінің мазмұнынан да көрінеді «Ұйқыдағы түлкі тауық алмас», «Бос қап тік тұрмайды», «Уақыт— ақша». Ол сәннің заң шығарушы қаласында тұрып, «а ля Франклин» атты жаңа сән түрінің негізін қалаушы болып танылды.

1776 жылы 23 желтоқсанда Париждегі Б.Франклин басқаруындағы американ миссиясы Ш. де Верженнге АҚШ-тың ең алғаш дипломатиялық нотасы болып табылатын құжатты ұсынды. Бұл нотада американдықтар француздарға одақ және сауда келісіміне келуді сұранды. Граф де Верженн қаржылай көмек көрсетуді жалғастыра отырып, одақ туралы келісімді қараудан бас тартты. Ол Американ республикасына тек өзінің қарсыласы Англияны әлсірету үшін ғана көмек көрсетті.

Американ-француз ресми одағы мәселесінің ұзаққа созылуы отарлардың жағдайын қиындатты. Олар Англиямен бейбітке келуге бет бұра бастады. Бұл 1777 жылы тамызда француз үкіметіне жіберілген Американ республикасының меморандумында айтылды. Англия мен отарлар арасында келіссөздер басталды, ал граф де Верженн американдықтармен одақ құруға асықпады. Алайда ол отарларды қарумен қамтамасыз етті, ақшалай көмек көрсетті.

Дипломатиялық қатынастар орнату үшін Еуропа мемлекеттеріне сәтті сапарлар жасалды. Б. Франклин Францияға барған сапарында қару-жарақ сатып алуға 2 млн. ливр ақша алуға қол жеткізді.

Америкадағы жағдай көтерілгендер үшін қауіпті болды. Ағылшындар Филадельфияны басып алды, конгресс Йорктаунге көшуге мәжбүр болды.

1774-1775 жж. қыста отарларда стихиялы түрде қарулы отрядтар пайда бола бастады. Оған қатысушылар өздерін «бостандық ұлдары» деп атады. Олар өздерінің ортасынан қолбасшыларды сайлады, қару-жарақ алды, сондай-ақ британ әскерлерінің әрекеттеріне қатаң бақылау жүргізді.1775 жылы 19 сәуірдегі Лексингтон және Конкордтағы алғашқы шайқаста ағылшындар әскерінің 1/3 бөлігінен айырылды. Британияға қарсы көтеріліс басталды. 1775 жылы 10 мамырда екінші континентальді конгресс жиналды. Ол үзілістермен 1781 жылдың 2 наурызына дейін созылды. 15 маусымда армияны құру, ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Оны виргиниялық бай плантатор Джордж Вашингтон басқарды. Конгресс тез өтіп жатқан оқиғаларға үлгеріп үйлесе алмады. Бұл кезде «минута адамдары» және өзін «бостандық лагері» деп атаған отарлық милицияның 20-мыңдық армиясы Бостонды қоршауға алды. Бэнкерсхиллді жаулап алып, американдықтар бір күн ішінде 17 маусымда қарсыластардың үш қатыгез шабуылдарына жауап қайтарды. 450 қаза тапқан және жарақатталған жоғалтулармен олар Бэнкерсхиллден кетті.

Британдықтар мыңдаған әскері мен офицерлерінен айырылды. 1775 жылы шілдеде Лексингтон мен Бенкерсхиллден кейін Джон Диккинс басқаруындағы конгресс мүшелері корольға петиция жіберіп, достасудың жаңа жолын іздеді. Георг III үкіметі көтерілісшілерді қарумен басатындығын айтты. Британ флоты Фольмаус (Портленд) қаласын жақты және 1776 жылы қаңтарда Вирджиния жағалаулары тоналды. Отарларда қолданылған репрессиялар мен қатыгездіктер халық арасында тек антибритандық емес, сондай-ақ антимонархиялық наразылықтардың күшеюіне әкеп соқты.

1776 жылы көктемде буржуазияның революционндық қанаты конгресте жеңіске жетті. Көптеген іс-шаралар жүргізілді. Конгресс сыртқы қатынастардың құпия комитетін құрды. Бұл комитет өзінің жұмысын Еуропада Англияның қарсыластары арасында өздеріне одақтастар іздеумен бастады. 1776 жылы 10 мамырда конгресс барлық отарларға корольдік шенеуніктердің орнына жаңа үкіметтер құруды ұсынды. Барлық жерде тәуелсіз республикалар – штаттар жарияланды, конституцияның үлгілері жасалды. Буржуазиялық революцияның маңызды шарасының бірі конгрестің лоялистерді қарусыздандыру және олардың иеліктерін тәркілеу туралы шешімі болды. Мәселен, Пенсильваниядағы Вильям Пенн, Мэрилендтегі лорд Балтимордың иеліктері тәркілеуге ұшырады. Виргинияда 6 млн. акрге жеткен лорд Ферфакс иелігі, Нью-Йоркте 3 млн. доллар көлеміндегі 59 жеке меншік жерлері, Массачусетсте 300 аристократия отбасыларының жеке меншіктері тәркіленді.

Алғашқы үш жыл бойы әскери қимылдардың басты аймағы солтүстік және орталық штаттар болды. Британ стратегиялық жоспары Нью-Йорк пен Гудзон өзенін жаулап алу арқылы Жаңа Англияны қалған ресурстарға бай штаттардан оқшаулауды көздеді. Американ әскері қорғаныс тактикасын ұстануға мәжбүр болды. Ол тек британдық Канада шекарасында бір ғана шабуылдау операциясын қолданды. Қарсыластарының Гудзон өзені жағалауын жаулап алуына қарсы тұру мақсатымен қатар, Канаданы антибритандық көтеріліс жағына қосуға қол жеткізгісі келді. I және II конгрестердің континентальді деп аталуы да жай емес, себебі бұл жерде Англияға қарсы солтүстік американ континентіндегі барлық отарлардың бірігуі көзделді.

1776 ж. тамыз айының соңында Вашингтон басқаруындағы американ армиясы Нью-Йоркті қорғауда жеңіліс тапты. Осындай қиын жағдайда генерал Чарльз Ли өзінің армиясымен ағылшындарға берілді. Кейінірек ол тұтқыннан жіберіліп, Вашингтоннан кейінгі басқарудағы екінші тұлғаға айналады. Оның сатқындығы туралы ешкім білген жоқ, бұл мәлімет 80 жылдан соң белгілі болады. 1776-1777 жж. конгресс армиясы қару - жарақ мәселесінде түрлі қиындықтарды бастан кешірді. Бірінен соң бірі болып жатқан жеңілістердің нәтижесінде армия әскери рухын жоғалтты. Ол 34 мыңнан 4 мың адамға дейін қысқартылды. Осы тұста Томас Пейн өзінің «Американ дағдарысы» деп аталатын журналын шығара бастады. 1776 жылы Вашингтон Трентондағы британ лагеріне басып кіріп, мыңдаған ағылшындарды тұтқынға алды. 1777 жылы қаңтарда ол Принстонда ағылшындарға қарсы жаңа тойтарыс береді.

  1. Континенталдық Конгрестердің қызметінің талдауы және Солтүстік американдық штаттар тәуелсіздігінің жариялануы.

1774ж қыркүйекте Филадельфияда жиналды. Оның мүшелерін ресми палаталар сайлаған немесе жиналыстар әдейі шақыртқан. Конгреске өз атынан барлық дерлік колониялар мүшелер жіберген. Қатыспаған колониялар ішінен Квебекті айтып кетуге болады. Француздар қоныстанған Квебек колониясы 1774ж «Квебек актімен» католикалық дін үстемдігіне ие болды. Сол акт бойынша Квебек шекаралары Миссисипи және Огайо өзендеріне кеңейді. «Квебек акті» көптеген байырғы ағылшын колонияларының наразылығын туғызып, солар мен Квебек арасындағы қарым-қатынасты біршама қиындатты.

Континенталдық Конгреске 56 адам қатысты, негізінен адвокаттар, көпестер, плантаторлар. Қатысушылар лезде екі қанатқа бөлініп кетті. Қалың халық массасына сүйенген және радикал буржуазия басқарған сол қанат конгресте жоғары көтерілді. Корольге табыну туралы петиция жібере отырып, конгресс «Колониялардың құқықтары мен қажеттіліктері декларациясын» қабылдады, мұнда олар «шыдауға келмейтін заңдарды» жоюды талап етті, «өкілдіксіз салық жоқ» принципін қайта жандандырды. Бірақ, конгрестің ең маңызды шешімі Англиямен сауданы тоқтату мақсатындағы ассоциация құру болды. Барлық округтерде бақылау комитеттерін құрып, бойкот ұйымдастыру көзделді. Конгресс байлықтан бас тартып, колониялардағы өнеркәсіпті дамытуды ұсынды.

1775ж мамырда Екінші Континенталдық Конгресс жиналды. Құрамы бойынша ол біріншіден көп айырмашылыққа ие болған жоқ, алайда енді жағдай біраз өзгерді, Конгресс басынан бастап көтерілген колониялардың орталық революциялық билігі рөлін атқарды. Маусымда ол өз армиясын ұйымдастыруға бел буып, оның бас қолбасшысы етіп Дж.Вашингтонды тағайындады. Конгресс американдықтардың қару ұстау құқығын жариялады, бірақ қайтадан корольге бейбітшілік петициясын жіберді.

1776 ж 4 шілде күні конгресс П.Джефферсонмен құрастырылған Декларацияны қабылдады. Бұл тек американдық емес, бүкіл әлемдік тарихтың төрінде алатын маңызы өте зор құжаттың бірі болды. Адам құқығы туралы Декларация ХҮІІІғ француз ағартушыларының, ХҮІІғ ағылшын философтары, соның ішінде Д.Локктың теориясына сүйенді.

Тарихта алғаш рет мемлекеттік құжат мемлекеттік құрлыстыың негізі ретінде халық суверенитетінің принціпін жариялады. Декларация бойынша отарлар «кез келген мемлекет секілді - сауда жүргізуге, соғыс жариялауға, бейбіт келісімге тұруға, одақ жасасуға құқығы бар», «тәуелсіз және еркін штаттар» болып есептеледі.

  • 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.

17. АҚШ-тың құрылуы

Британ басқаруы Гудзонды жаулап алу үшін 1777 жылы күзде үш армия күшімен шабуылдауды ұйымдастырды: Канада шекарасынан жылжитын Бургойн армиясы, Онтарио көлінен шабуылдайтын Сен-Лежер армиясы, оның құрамында көптеген американдық торилер мен индеецтер болды, Гудзон өзені бойындағы ауданда соғыс қимылдарын жүргізетін Клинтон армиясы. Соғыс қимылдары ағылшындар үшін сәтсіз жүргізілді. Жаңа Англия штаттарының барлық тұрғындары оларға қарсы шықты. 1777 жылы 19 қазанда Бургойн армиясы Саратога түбінде қоршауға алынды. Олар Гейтс басқаруындағы американ армиясына берілуге мәжбүр болды. Мұны естіген Сен-Лежер армиясының торилері қашып кетті, ал индеецтер қаруды ағылшындарға қарсы бұрды. Енді американдарға қарсы соғыспау шартымен жеңімпаздар әскери тұтқындарға Англияға қайтуына рұқсат берді.

Саратога түбіндегі жеңіс британ басқаруының стратегиялық жоспарының құлауын білдірді. Ол американ халқының ұлттық тәуелсіздігін алуында айтарлықтай маңызға ие болды. Англияға қарсы отарлардың әскери қимылдарының басында Франция өзінің бейтараптылығын жариялады. Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франклин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген комиссия құрылды.

Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күні қабылданды. Жаңа мемлекет – Америка Құрама Штаттары өзінің дербес өмір сүруін бастады. Бұл күн бүгінге шейін Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер берілді.

Декларацияның мазмұны британ отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантатор одақтастарының мүддесіне сай келді. Оған бұл құжатты қабылдауға қол қойған депутаттардың құрамы куә. Қойылған 56 қол иелерінің 13-і көпес, 8-і плантатор, 28-і адвокаттар, 7-і еркін мамандық иелері. Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазиямен плантаторлар блогының қолына өтті.

Саратога түбіндегі жеңіс француз үкіметін американдықтармен одақ және сауда туралы келісімге келуіне итермеледі. Бұл келісім 1778 жылы 6 ақпанда Парижде бекітілді. Осыдан кейін ағылшын үкіметі көтерілісшілерге бейбіт ұсыныстармен келеді. Олар американдықтардың Франциямен одақтасуынан бас тартуды және өздерімен одақты қайта құруды сұрайды. Бірақ конгресс ГеоргIII-нің ұсыныстарын қараудан бас тартты. Конгресс отарлардың толық тәуелсіздігін мойындауды және британ армиясы мен флотының шығарылуын талап етті.

Ал Франция Англияға қарсы соғысқа шықты. Ол сондай-ақ Испанияны соғысқа кіргізу үшін өзінің дипломатиялық ықпалын қолданды. Испания азаттық соғыстың өзінің Америкадағы отарларына таралуынан қорықты, алайда ол Еуропадағы Гибралтардың қайтарылуы туралы уәдеге қарсы тұра алмайды да, 1779 жылы Англияға қарсы соғысқа енеді.

Англияға тиімсіз қалыптасып жатқан күрделі халықаралық жағдай, ағылшын монархі Георг III-ні орыс императрицасы Екатерина II-ден көмек сұрауға мәжбүр етті. Англия басшысы орыс императрицасынан Еуропада тыныштық пен тұрақтылықты қайта орнату үшін тым болмаса, теңіз күштерінің жартылай демонстрациясын сұрады. Басқаша айтқанда, Георг III Ресейден әскери теңіз көмегін сұрады. Англияға қарсы соғыстағы отарлардың жеңісіне Ресей жанама түрде үлесін қосты. Бейтарап державалар саудасына қарсы ағылшын флотының жауластық әрекеттеріне жауап ретінде орыс үкіметі 1780 жылы бейтарап елдер Лигасын басқарды. Ол қарулы нейтралитет саясатын жариялады, оған көптеген Еуропа мемлекеттері қосылды. Бейтарап державалардың қарулы эскадралары өздерінің сауда жолдарын қорғай бастады. Қарулы нейтралитет келесі негізгі бастамалардың қорғалуын жариялады:

1) Бейтарап державалардың соғысушы мемлекеттер порттарымен еркін саудасы;

2) Қару-жарақтан бөлек, кез келген жүктердің бейтарап кемелерде еркін өткізілуі;

3) Нақты белгілі бір себептерсіз, бейтарап кемелердің британ флоты жағынан теңізде тоқтатылуына және тексерілуіне тыйым салынды.

Осы негізгі қағидаларды Екатерина бейтарап державаларға өздерінің флотының күштерімен қорғауды ұсынды. Қарулы нейтралитеттің жариялануы Англияның толығымен оқшаулануына алып келді. Енді солтүстік елдердің барлығы Англия олардың саудасын бұзатын болса, оған қарсы шығуға дайын еді. Бастапқыда Ресейдің қарулы нейтралитет ұсынысын Швеция, Дания және Голландия қабылдады. 1781 жылы оларға Пруссия және Австрия қосылды. 1782 жылы – Португалия, 1783 жылы екі Сицилия корольдігі де қосылды. Осылайша, Ресей Англияға қарсы күресте АҚШ-қа қолдау көрсетті. Алайда айта кетерлік жайт, Ресей мен жас американ мемлекетінің арасындағы дипломатиялық қатынастар аса қиындықпен қалыптаса бастады. Ресей дипломаттары АҚШ-тың бар екендігін мойындады, бірақ олар бұл мемлекеттің ресми тәуелсіздігін мойындаудан бас тартты Бұдан бөлек Америкада соғыс жалғасып жатты. Ағылшындар жеңіске жетіп отырды. Ағылшындар Оңтүстіктегі бірқатар қалаларды өртегеннен кейін, ағылшын генералы Корнуоллис Оңтүстік Каролинаны басып алады да, Вирджинияға жылжиды. Осы кезде конгресс Лоренсті Парижге қосымша көмек сұрауға жібереді. Лоренс Б. Франклиннің көмегімен Франциядан жаңа төлем-ақы алуға қол жеткізді. Ол Америка үшін үлкен қарыз алды. Франциядан АҚШ-қа көмекке үлкен эскадра және жаңа әскерлер, 20 мың адамға қару жіберілді.

Тәуелсіздік үшін соғыстың аса қиын жағдайларында американдықтар тағы да Франциядан көмек алады. 74 жасар Б. Франклин конгресті қызметтен босату және Отанына оралуын сұрайды. Алайда конгресс одан Англиямен бейбіт келіссөздер жүргізуді сұрайды. Франклин өзінің орнында қалды. Испания Гибралтарды басып алды. Француздар Үндістанда әскери операцияларын жүргізе бастады. Соғыс әрекеттері Вест-Индияда да жүріп жатты. Кейінірек Англияға қарсы коалиция соғысқа Голландияның енуімен кеңейді. Франция, Испания және Голландияның біріккен флоты Англияның теңіздегі үстемдігін жойды. Америкадағы соғысты әрі қарай жүргізу Англия үшін өте қиын болды.

В.И.Ленин: «өзінің азат етілуі мүддесінде американ халқы отарлы державалар арасындағы қайшылықтарды пайдаланып, Англияға қарсы Франциямен және Испаниямен келісімге келеді. Бұл Солтүстік Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстың жеңуіне әкеледі,» - деп көрсетті.

Жақында ғана Саратогада жеңіске жеткен американ армиясы 1777-1778жж. Валлей-Форджтағы қатаң қыстауда ашықты. Тикондерогада 12 мың әскерге 900 етік болды. Вашингтонның айтуынша, оның армиясы жасаған жорықтардың жолдарында жалаң аяқ жүргендердің қанды іздері қалған. Олардың тәуелсіздік үшін күресіп жатқандығы оларға үлкен күш берді, айтарлықтай қуат пен рух берді. Ағылшындар өздерінің әскер санын американдық торилер, индеецтер арқасында ұлғайтты. Олар шпионаж, сатып алу әдісін өте кең қолданды. Кейбір мәліметтерге байланысты, көтерілген отарлардағы ақшаға жұмыс істейтін британ агенттерінің саны 25 мыңды құрады. Бұл агенттер британ басқаруын мәліметтермен қамтамасыз етті, сатып алумен айналысты, қарулы отрядтардың көмегімен жазалау экспидицияларын жүргізді, Вашингтон өміріне қарсы құпия қастандықтар жасады. Ағылшындар сондай-ақ оны сатып алуға дейін барды. Жоғарғы титулдар және өмірлік зейнетақылар сондай-ақ Франклинге, Хэнкокке, Джозеф Ридке және басқа да көптеген патриоттарға ұсынылды. Тек 1780 ж. аяғында генерал Бенедикт Арнольдтің сатқындығы мәлім болды.

Соғыстың созылуында жас республиканың мемлекеттік билігінің әлсіздігі де маңызды рөл ойнады. АҚШ-тың алғаш конституциясын – «Конфедерациялар және мәңгілік одақтың баптары» - конгресс 1777жылы қабылдады. Осыдан кейінгі екі-үш жыл ішінде бұл конституция бүкіл штаттармен бекітілді. Ол ортақ қарсыластан қорғану мақсатында біріккен штаттардың өзіндік мемлекеттік бірлік ретіндегі суверенитетін сақтады. Конгресс бір палатадан тұрды. Ол тұрғындардың санына тәуелсіз, әрбір штаттың тең дәрежедегі мөлшеріне байланысты бір жылға сайланды. Атқарушы биліктің басшысы ретінде президент билігі орнаған жоқ. Конгрестің салық жинау құқығы болмады, штаттар өзінің валютасын және тарифтік заңдарын сақтады.

Саратогада ағылшындардың жеңілуінен кейін және соғыс әректтерінің Оңтүстікке қарай жылжуынан кейін соғыс бес жылға созылды. Бұл жерде ағылшындар құл иелерінен қолдау табатынына сенді. Алайда сол уақытта сондай-ақ өздерінің жағына негрлерді де қосқысы келді. Американ құл иеленушілері негрлерге аса қатаң, өлім жазасына дейінгі шараларды қолданды. Соғыс барысында отарлардағы негритян тұрғындарының бесінші бөлігі, шамамен алғанда 100 мың адам ағылшындарға өтті. Сонымен қатар көптеген негрлер отарлардың тәуелсіздігі үшін күресті. 1775 жылы Оңтүстік Каролина өкілдері конгресте армияға негрлерді алуға тыйым салынатындығы туралы айтты. Алайда Вашингтон құлдардың көптеп ағылшындарға қашуының көбеюінің ықпалымен конгрестің үкімін орындаудан бас тартуға мәжбүр болады.

Ал 1777 жылы қаңтарда конгресс бос негрлерді армияға алуға рұқсат береді. Оңтүстік Каролина мен Джорджияның құл иеленушілері негрлерге қару беруден бас тартады, себебі олар негрлердің өздеріне қарсы шығатынынан қауіптенді. Нәтижесінде бұл екі штатты ағылшындар оккупациялайды. Бұл жерден оларды шығаруға көптеген күш керек болды. Негрлердің көпшілігі американ революциясын қуана қарсы алады, олар бұл революция оларды құлдықтан босатады, азат етеді деп күтті. Негрлер флотта қызмет етті, партизандық отрядтарда күресті, олар баға жетпес күрестер жүргізді.

Американ армиясы полкының құрамында ер адамның киімін киген негр қызы – Дебора Ганнет та күресті. Ағылшындармен күресте француздар құрған Гаити аралынан келген негрлер легионы ерекше көзге түсті. Негритян халқының батырлары Остин Дабни және Джон Иди құл иеленушілік штаттарда да марапатталды. 1778-1779 жж. Батыстағы операциялар аса маңызға ие болды. Бұл жерде ағылшындар индейстік тайпалардың көмегімен үлкен территорияларды басып алды. Бірақ 1779 жылы ақпанда Роджерс Кларк басқаруындағы отрядтар оларды талқандады.

1778 ж. аяғында британ армиясы Саваннаны басып алды және 1780 жылы көктемде Оңтүстік Каролинаның астанасы Чарлстонды алды. 1780 жылы тамызда Кэмденде американдықтар үлкен жеңіліске ұшырады. Оңтүстіктегі операциялардың американ жағына тиімді болуы Оңтүстік армияның басқаруын Тәуелсіздік үшін соғыстың көрнекті қолбасшысы Натаниэль Гринге берумен байланысты болды.

Гриннің келуіне дейін Оңтүстіктегі армия әлсіз болды. Оның басты күші ұсақ фермерлерден құралған партизандық отрядтар болды. Кішігірім отрядтармен партизандар британдарға шабуылдап, ұсталмайтындай болып, өздерінің ормандардағы, таулардағы және батпақтағы базаларына оралып отырды. Қимылсыз қатардағы тактикаға үйренген британ әскерлері партизандармен күресуге жарамсыз болды. Сол себепті көптеген жоғалтуларға ұшырады. Көбінше «батпақ түлкісі» деп аталып кеткен партизан көсемі Френсис Марионның атынан британ әскерлері қорқып, қашқан. Басқарудың демократиялық бөлімінің өкілі генерал Грин партизандық отрядтармен қарым-қатынас орнатқаннан кейін, ол жоспарланған, жүйелі тактикаға көшті. 1781ж. басында Грин британ генералы Корнуоллис армиясын бірқатар жеңілістерге ұшыратты. Кейінірек екі Каролина да және Джорджия жаулардан азат етілді. Шешуші күрестер Вирджинияда болды. Бұл жерде жас француз маркизі Лафайет және генерал Уэйн басқаруындағы екі американ армиясы әрекет етті. 1781 жылы күзде Корнуоллис басқаруындағы ағылшын армиясы Йорктаунде (Виргиния) орналасты. Нақ осы уақытта Нью-Йоркты алуға дайындық жүргізген Вашингтон өзінің күштерінің жартысымен Виргинияға жылжыды. Сондай-ақ Чезапик бухтасына адмирал де Грассенің күшті француз эскадрасы келді. 1 қазанда Корнуоллис әскері Йорктаунде құрлықтан да, теңізден де американ-француз бөлімдерімен қоршауға алынды. Американ-француз әскерлері британ әскерлерінен үш есе көп болды. 19 қазанда Корнуоллис шегінуге мәжбүр болды. Корнуоллистің тізе бүгуі Англиядағы тори үкіметінің ауысуына себеп болды. 1783 жылы билік басына кіші Уильям Питт басқаруымен жаңа тори келді. Британ империясының одан әрі әлсіреуінен қорыққан Питт АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындау негізінде бейбітшілікті ұсынуға мәжбүр болды.

Бейбіт келіссөздер жүргізу барысында антибритандық коалицияға қатысушылардың жаулап алушылық ұмтылыстары айқын көрінді. Испания келіссөздерге бөлек енді. Ол уәде етілген Батыстағы территорияларды талап етті. Алайда ол Флорида және Миноркамен қанағаттануға мәжбүр болды. Канаданың қайтарылуына сенген Франция Вест-Индиядағы Тобаго аралын иемденді. Сондай-ақ Англия Африкадағы Сенегалды да Францияға қайтарды. Аллеган тауларынан батысқа қарай орналасқан жерлердің Англия мен Франция арасында бөлінуінен қорыққан Париждегі американ делегациясы ағылшындарға сепараттық келіссөздер жүргізуді ұсынды. Ағылшындар өз кезегінде бұған келісім берді.

1782 жылы 3 қарашада Парижде келісімнің шарттары жасалды. Англия Америка континентінде Канаданы, Ньюфаундленд және Вест – Индияны өзінде сақтап қалды. Бірақ осы жағалауларда АҚШ – тың балық аулауына рұқсат берді.1783 жылы 4 наурызда Англия соғыс қимылын тоқтатқанын хабарлады. 1783 жылы 3 қыркүйекте Версальда Англия мен АҚШ арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Ол 1784 жылы 4 қаңтарда түпкілікті бекітілді. Сөйтіп сегіз жылға созылған тәуелсіздік жолындағы соғыс Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігін толық мойындаумен аяқталды. Англия келісім бойынша Батыстағы Аллеган таулары мен Миссисипи өзені арасындағы жерлерді берді. Ал конгресс өз жағынан ағылшын көпестеріне соғысқа дейінгі қарыздарды және тәркіленген тори жеке меншігіне өтемақы төлеуге міндеттенді. 1783 жылғы американ-ағылшын келісімі тарихқа Версаль бейбіт келісімі деген атпен енеді. Ол АҚШ-тың Англияны жеңуін бекітті.

Американ буржуазиялық революциясының негізгі мақсаттарына – тәуелсіздікті орнату және жер иеленудегі феодализм элементтерін жою, - қол жеткізгеннен кейін АҚШ-та таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті. Офицерлер мен әскерлерге конгрестің айлық бермеуіне байланысты армияда аса қатты толқулар өршіді. Ақын Френо былай жазған: Республика азаттық соғыс ардагерлеріне тек «атақ пен аштық» әкелді.

1783 жылы маусымда Ланкестерде көтеріліске шыққан әскери бөлімдер конгресті олардың талаптарын орындату үшін Филадельфияға жорыққа шықты. Вашингтон ақшаның төленетіндігін уәде етіп, әскерлерді тоқтата алды. Алайда конгресс бұл қозғалыстың кеңеюінен және оған жағдайлары нашар азаматтық тұрғындардың қосылуынан қауіптеніп, армияны таратуды жөн көрді. Армиядағы толқуларды монархиялық көзқарастағы офицерлер пайдалануға әрекеттер жасады. Олар Пруссия бекзадасы Генрихке американ тәжін ұсынды, алйда ол бұл ұсыныстан бас тартты. Офицерлердің басқа тобы корольдік билікті Вашингтонға ұсынды. Олар Вашингтонға мемлекеттік төңкеріс өткізуде армияның қолдау көрсететіндігін уәде етті. Вашингтон бұл ұсынысты қабылдамады. Ол әлемнің барлық империясынан өзінің «фермасын» қалайтындығын мәлімдеді.

Джордж Уошингтон (ағылш. George Washington; 22 ақпан 1732, Бриджс-Крик, Виргиния — 14 желтоқсан 1799, Маунт-Вернон,Виргиния) - АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789-1797). Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияныжеңуіне жетекшілік еткен. Құрама Штаттардың негізін қалаушы әкелердің бірі. Уошингтон 1788 ж. бірауыздан АҚШ президенті болып сайланды. Президент қызметін екі мерзім атқарды.

 АҚШ-пеп берілген өкілдік халық пен штаттардың қолында қалады.

Сонымен, 1787 жылы 17 қазан күні Конвент Конституция жобасын мақұлдады және осы Конституция 1789 жылдың төртінші айында заңды күшіне ие болды. Конституцияның мазмұнына құл иеленушілердің және ірі буржуазияның келісімге келгені анық көрінеді. Сол кездегі тарихи жағдайларда ол прогрессивтік мағынаға ие болып отырды. Өйткені ол Америка республикасының билік органдарының жүйесін заң жүзінде жазалап отырды. Және бұл буржуазиялық мемлекеттердің ішінде халықтың егемендігі туралы жазылған ең бірінші конституция болды.

Ең жоғарғы жалпы феодалдық заң билігі Конгреске беріледі. Конгресс екі палатадан тұрады. Олар жоғарғы және төменгі. Жоғарғысы сенат деп аталады. Ал төменгісі өкілдер палатасы болып аталады. Екі палаталық құрылыс мемлекеттің федеративтік құрылыс екенін көрсетеді. Өкілдер палатасы екі жыл мерзімге сайланады. Ол сайлауға тек 25 жасқа толған азаматтар ғана қатыса алады. Ал сенат өкілдері штаттардың заң жиылысымен және әр штаттан екі өкілден жіберіледі.

Конституцияға 1913 жылы қабылдаған түзету сенаторларды штаттардың халқымен тікелей сайлануында сайланатындығы туралы айтылады. Сенаторлыққа отыз жастан бастап сайлануға болады. Және сайлану уақыты алты жылга созылады, бірақ екі жылдан соң сенаторлардың бірден үш бөлігі қайта сайлануы керек. Сенаттың төрағасы болып Вице-президент сайланады. Конституция Сенатқа ең жоғарғы федералдық лауазымды адамдарды, сонымен қатар президентті бақылау құқығын береді. Егер сенаторлардың үштен бір бөлігі айыпты деп мақұлданса, онда айыпкер жұмысынан қуылады. Бұл жерде Сенат «импичмент» ретінде жұмыс істейді.

Тек Сенаттың келісімімен Президент халықаралық келісімдерді жасайды, еншілерді, жоғарғы сот өкілдерін тағайындайды. Осыған қарағанда сенаттың құқықтары өкілдер палатасына қарағанда басым болады. Конгресс өкілдері жалақы алады. Конгрестің күші конфедерация баптарымен берілген күшпен салыстырғанда күрделі келеді.

18. Француз Ағартушылығының әлеуметтік және идеялық негіздерінің талдауы

18ғ орт.қалыптасып келе жатқан француз буржуазиясы мен халық бұқарасының феодалдық кедергілерге қарсы наразылықтарын сипаттайтын ауқымды идеялық ағым- француз ағ-ы шарықтай бастады.Ағ-қ ілімді дүниеге әкелушіліер со л заманның ұлы ойшылдары мен жазушыларының, оқымастыларының озық тобын құрушылар еді.

Заман ағымында ағартушылар әртүрлі ғылым салаларына арналған сөздіктер мен көптомды басылымдардың жарыққа шығуына ықпалды болады.Әсіресе,Бюффоның « Табиғи тарихы», Дидро мен Д ` Аламбердің « Ғылым мен қолөнер энциклопедиясы» құнды тұжырымды еңбектер қатарында жарық көрді. 28 томға шақталған энц-ң шығарылуы,шығарылмауы үлкен қоғамдық тартысқа ұласты.Энц-я беттерінде тұңғыш рет « депутат» , « деспотия», « конституция» өзге де мағыналы, саяси сөздердің анықтамалары беріледі.Сонымен қатар, библиографиялық журналдарда шығарылады.Францияда Куктың,Лаперуздың,Рейнальдың саяхаттары туралы кітаптар кеңінен тарады.18 ғ кітапханалар ұстау үрдісі әртүрлі ауқатты топтар арасында қалыптасады.Фр-ның көптеген қалаларында кітап аукциондары өткізілді,әрі Голландия,Швейцарияда басылып шығып жатқан кітаптар Фр-ға легімен әкелініп жатады.

18 ғ 2 жарт. Тыйым салынған кітаптардың құпия баспаханалары мен қоймалары елдің кез-келген бөлігінде кездесетін.Тыйым салынған әдебиеттерді парламент өртеуді талап ететін.Алайда, мұндай әдебиеттер көп жағдайда жасырын амалмен сақталынып қалатын.Олардың саудасы да жасырын түрде және жоғары бағаға жүзеге асады.

Француз ағартушылары-философар,жазушылар,экономистер, тарихшылар- азаматтық теңдік және еркіндік жолындағы ұрандар аясында феодалдық-абсолюттік құрылымға қарсы өткір сындарды ұстанған,өзара сеніділіктегі топ еді.Бұл ағымның рухани көсемдері Вольтер,Монтескье,Руссо,Дидро, Д ` Аламбер және т.б. ағартушылар болды.Олардың идеялары Фр-ның сондай ақ Батыс Еуропаның көптеген елдері мен Солт. және Оңт Американың ,Ресейдің т.б. елдердің 18ғ рухани мәдениетіне үлкен ықпал тигізген жаңа өзгерістердің озық бағыттарына сәйкес келіп жатты.

19. Француз Ағартушылығының идеялық негізі

18ғ орт.қалыптасып келе жатқан француз буржуазиясы мен халық бұқарасының феодалдық кедергілерге қарсы наразылықтарын сипаттайтын ауқымды идеялық ағым- француз ағ-ы шарықтай бастады.Ағ-қ ілімді дүниеге әкелушіліер со л заманның ұлы ойшылдары мен жазушыларының, оқымастыларының озық тобын құрушылар еді.

Заман ағымында ағартушылар әртүрлі ғылым салаларына арналған сөздіктер мен көптомды басылымдардың жарыққа шығуына ықпалды болады.Әсіресе,Бюффоның « Табиғи тарихы», Дидро мен Д ` Аламбердің « Ғылым мен қолөнер энциклопедиясы» құнды тұжырымды еңбектер қатарында жарық көрді. 28 томға шақталған энц-ң шығарылуы,шығарылмауы үлкен қоғамдық тартысқа ұласты.Энц-я беттерінде тұңғыш рет « депутат» , « деспотия», « конституция» өзге де мағыналы, саяси сөздердің анықтамалары беріледі.Сонымен қатар, библиографиялық журналдарда шығарылады.Францияда Куктың,Лаперуздың,Рейнальдың саяхаттары туралы кітаптар кеңінен тарады.18 ғ кітапханалар ұстау үрдісі әртүрлі ауқатты топтар арасында қалыптасады.Фр-ның көптеген қалаларында кітап аукциондары өткізілді,әрі Голландия,Швейцарияда басылып шығып жатқан кітаптар Фр-ға легімен әкелініп жатады.

18 ғ 2 жарт. Тыйым салынған кітаптардың құпия баспаханалары мен қоймалары елдің кез-келген бөлігінде кездесетін.Тыйым салынған әдебиеттерді парламент өртеуді талап ететін.Алайда, мұндай әдебиеттер көп жағдайда жасырын амалмен сақталынып қалатын.Олардың саудасы да жасырын түрде және жоғары бағаға жүзеге асады.

Француз ағартушылары-философар,жазушылар,экономистер, тарихшылар- азаматтық теңдік және еркіндік жолындағы ұрандар аясында феодалдық-абсолюттік құрылымға қарсы өткір сындарды ұстанған,өзара сеніділіктегі топ еді.Бұл ағымның рухани көсемдері Вольтер,Монтескье,Руссо,Дидро, Д ` Аламбер және т.б. ағартушылар болды.Олардың идеялары Фр-ның сондай ақ Батыс Еуропаның көптеген елдері мен Солт. және Оңт Американың ,Ресейдің т.б. елдердің 18ғ рухани мәдениетіне үлкен ықпал тигізген жаңа өзгерістердің озық бағыттарына сәйкес келіп жатты.

20. Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзініңшығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынайды.[1], жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды.Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге В. қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұят еркіндігін ерекше қарсы қойған. В. пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ. В. басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияныбюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Ал реформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.[2]

Өмірбаяны[өңдеу]

Вольтер негізінен француз ағартушыларының бастаушысы болып есептеледі. Себебі оның саяси және әлеуметтік ойлары Дидро, Руссо, Мабли ойларына қарағанда әлдеқайда тұрақты болды. ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Вольтер елуден асып, көптеген көркем, философиялық, ғылыми мазмұндағы шығармалардың авторы ретінде есімі күллі Европаға танымал болған кезінде ағартушылық қозғалыс кең құлаш жайды. Вольтер осы француздың төңкерісшіл ойшылдарының мықты буынына шабыттандырушы әрі тәрбиелеушісі болды. Вольтер Парижде 1694 жылы дүниеге келді. Шын аты Франсуа-Мари Аруэ (Вольтер – оның әдеби бүркеншік есімі). Ол дворяндық тектен шықты. Әкесі дәулетті буржуа, алдымен сот палатасында нотариус болып қызмет істейді, кейіннен қазына шенеунігі болады. Вольтер ақсүйектік училище – Ұлы Людовиктің иезуиттік колледжінде оқып, білім алады. Жазушы орлеандық Филипп пен оның қызына саяси сарында мысқылдап сатира жазғаны үшін астанадан аластатылып, сегіз айын Сюллиде өткізеді. 1717 жылдың көктемінде он бір айға Бастилия түрмесіне қамалады. Тұтқындалуының негізгі себебі, сарайда билік құрған озбырлық пен азғындықты әшкерелейтін «Бала билігі» атты шығармасының жариялануы болатын. [3] Түрмеде ақын «Генрих ҮІ» атты эпикалық поэмасы және «Эдип» трагедиясымен көп жұмыс жасады. 1718 жылдың 18 қарашасында Париж театрында бірінші рет қойылымы көрсетілді. Жас ақынға Корнель мен Расиннің лайықты ізбасары ретінде қарады. Вольтердің «Лига» шығармасы Руанда құпия түрде жарияланады. Жасырын таратылған Вольтер поэмасы оқырмандарға кеңінен танылады. Оны Францияның ең жақсы ақыны деп атап, Гомер мен Вергилийден де жоғары қояды. Ақсүйектер Вольтер алдында құрдай жорғалайды. Алайда атақ-дәрежесі жоқ қарапайым адам қанша жерден дарынды болса да кез-келген дөрекі ақсүйектің алдында қауқарсыз еді. Вольтерде де солай болды. Ол абайсызда бейшара бір дворянсымақтың ашуын туғызып алады. Ол болса қолшоқпарларына тапсырма беріп, халықтың маңдайалды, сыйлы ақынын соққыға жыққызады. Алайда осы ұлт мақтанышын қорлаған сорақының істеген қылығы үкімет тарапынан еш жазасыз қалады. Бұл оқиға ақсүйектер арасында тек күлкі тудырады. [4] Вольтер Англияда үш жыл өмір сүреді. Ол көп жұмыс істеп, ағылшын материалистік философиясымен, әдебиетімен, ғылыми жетістіктерімен танысады. Оған материалист-философ Локктың және ғалым Ньютонның еңбектері қатты әсер етеді. Ол екеуін де дәріптеп, бүкіл Францияға танымал етеді. Кейіннен Ньютонның ашылыстарын танымал еткені үшін Вольтерді орыс Академиясының құрметті мүшесі етеді. 1730 жылы «Брут», «Заира» трагедиясын жазады. 1734 жылы Англиядан Францияға оралғаннан кейін Руанда «Англия жайлы хаттарын» жариялайды. Онда ол Францияның феодалдық жүйесін сынға алып, материалистік философияны уағыздайды. Бұл кітап жұрт көзінше өртеледі. Вольтер бірнеше тілді білетін, нақты ғылымдармен айналысатын Францияның оқыған қыздарының бірі, өзінің құрбысы Эмилия дю Шатленің үйінде тұрақтайды. Осы жерде өткізген он төрт жылында Вольтер көп жұмысты тындырады. Ол тарихтан, математикадан, философиядан еңбектер жазады: «Адасқан ұл» (1736), «Орлеандық қыз», «Мұхаммед» (1742), «Меропа» (1742), «Нанина» (1749) және т.б. шығармаларын жазады. Вольтер Парижде ең бір белсенді жұмыстарды ұйымдастырып, «Агафокл» шығармасын жазады. Ол француз тілінің академиялық сөздігін құрастыруға Француз акдемиясының шешім қабылдауына мәжбүр етеді. Өзіне «А» әріпіне байланысты томын құрастыру міндетін алады. Өз отанының астанасында оған бұрынғы күштері қайта оралғандай болғанымен, жылдар өз берешегін алып, Вольтер 1778 жылдың 30 мамырында дүниеден өтеді. Вольтер 84 жасқа келсе де ұлы жоспарлар ойластырып, жастық жігерге толы еді. Өзінің соңғы трагедиясы «Иринадасын» ол өзі бірге отырып көреді. Қойылым соңында актерлар сахнаға басында лавр жапырағы кигізілген Вольтердің мәрмәр мүсінін алып шығады. Көрермендер ақын құрметіне ұзақ қол соғады. Төңкеріс жылдарында 1791ж. Вольтер сүйегі салтанатты түрде астанаға көшірілді. Көтерілген француз халқы қабір басына ұлы ағартушының бүкі іс-әрекетінің қорытындысын жасаған «Ол бізді бостандыққа дайындады» деген сөз жазды. Бүгінде Францияның ұлы адамдарына арналған Пантеонда философ мәңгілік жайын тапқан. Вольтер достарын, әріптестерін шабыттандырып, рух беріп, оларға цензураның тырнағына ілінбей күрес жүргізудің тәсілдерін, Эзоп тіліне жүгінуді үйретті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]