Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.

53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.

Қазіргі кезеңдегі саяси партияларға ұқсас біздің уақытымыздағы партиялар Еуропада, Америкада XVIII ғасырда пайда болды.

Не себептен XVIII ғасырда? Не себептен олар XVII, XVI ғасырларда немесе одан бұрын қалыптасқан жоқ?

Оның себебі XVIII ғасырда ғана мемлекеттік билікті сайлауға мүмкіндік туып, кейбір мемлекеттерде шексіз монархия жойылды. Мысалы, Францияда Ұлы француз революциясынан кейін (1789 ж.) республика орнатылды. Дәл осы кезде АҚШ өзінің конституциясын қабылдап, бірінші президент сайлады.

Қоғам мүшелері, әртүрлі әлеуметтік топтар саяси билікке өздерінің уәкілдерін сайлауға мүмкіншілік ала бастады. Мемлекеттік билікке араласушы үміткерлерді бұқараның қолдауы, сүйемелдеуі қажет болды. Осындай азаматтарды дайындау үшін, оларды саяси билікке өткізу үшін саяси партиялар құрыла бастады. Сонымен қатар, сайлау органдары мен сайлау жүйелері қалыптасты.

Яғни, саяси партиялардың пайда болуы — демократияның дамуымен байланысты. XVIII ғасырға дейін билік сайланбайтын патша, король, шах, хандардың қолдарында тұрған кезде саяси партияларды ұйымдастыруға ешбір мүмкіндік болған жоқ, себебі оны құруға билік рұқсат берген жоқ.

Саяси партиялардың ұйымдастырылуы XVIII ғасырдан басталып, XIX ғасырда дүние жүзінде көптеген ірі, беделді партиялар өмір сүре бастады. Мысалы, 1828 жылы АҚШ-та демократиялық партия өмірге келсе, 1867 жылы Англияда Консервативтік партия, ал 1869 жылы Германияда социал-демократиялық жұмысшылар партиясы пайда болды. Сол жылы Францияда Республикалық радикалдар партиясы дүниеге келді.

Саяси партиялардың ортақ белгілері:

1. Әлеуметтік бірлестік. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтарға басшылық жасап, олардың саяси-әлеуметтік мүдделерін шешу үшін бірігіп іс-қимылдар жасауға басшы болу.

2. Азаматтардың саяси санасын жоғарылату.

3. Саяси билікке келу үшін күрес жүргізу.

4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу.

5. Қоғам дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру.

Ресей ғалымы Ю.С.Гамбаров өзінің 1904 жылы жарық көрген “Саяси партиялар бұрынғы және қазіргі кезеңде” деп аталатын еңбегінде былай деп жазады:“Әрбір саяси партия әр уақытта қоғамның бір бөлшегі. Егер қоғамда жалғыз партия болып ол билікке келсе, онда мемлекеттік биліктің көзі барлық халық емес, билік халықтың бір кішкене ғана бөлшегінің қолында болады. Бөлшек бүтінге жету үшін оның басқа бөлшектері де болуы керек. Қоғамдағы саяси өмірдің бүтіндігі – ол көппартиялық жүйе”.

Адамзаттың саяси өмірі қандай құбылмалы, әрдайым өзгерісте болып тұратын құбылыс болса, саяси партиялардың өмірі де дәл сондай. Сондықтан бір жағынан жаңа партиялар қалыптасып жатса, екінші жағынан кейбір партиялар ыдырап, қызметін тоқтатып жатады.

Бірақ тарихи ұзақ уақыт, XIX ғасырда пайда болып, осы күнге дейін өзінің мүдделестеріне адал қызмет жасап, саяси мол тәжірибе жинап, халыққа дәстүрлі партия болып танылғандары да бар. Олар: АҚШ-тың демократиялық партиясы (1828 ж. құрылған), Канаданың прогрессивтік-консервативтік партиясы (1854 ж. құрылған), АҚШ-тың республикалық партиясы (1854 ж. құрылған), Ұлыбританияның консервативтік партиясы (1867 ж. құрылған), Германияның социал-демократиялық партиясы (1869 ж. құрылған) және тағы да басқа партиялар.

Алғашқы кезеңдерде әрбір саяси партия үлкен әлеуметтік топтардың, көбіне таптардың жетекшісі болды. Мысалы, жұмысшылар партиясы, шаруалар партиясы, буржуазия партиясы, христиандар партиясы т.с.с. Ал ХХ ғасырдың ортасынан бастап жағдай басқаша өзгерді. Енді партияның мүшелігіне әртүрлі әлеуметтік топтар мен таптардың өкілдері кіре алады. Бұл саяси құбылыс демократияның дамуымен байланысты шықты. Себебі биліктің сапасын қамтамасыз ету ол тек ғана бір топтың, әлеуметті таптың мүддесі емес, ол бүкіл халықтың мүддесі. Ал қандай да болмасын қоғамдағы әлеуметтік мәселе барлық жағдайда мемлекеттік билік арқылы шешілетіні белгілі.

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1. Мемлекет түрі.

2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.

Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.

Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).

Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.

Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

Демократиялық қоғам белгілері:

Экономика саласында

1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;

2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;

3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;

4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;

5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;

6. Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада

1. Саяси пікірдің әр алуандығы;

2. Көппартиялылықтың болуы;

3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;

4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;

5. Оларды іс жүзінде қолдану;

6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;

7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;

8. Оппозицияның болуы;

Рухани салада

1. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;

2. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;

3. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;

4. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;

5. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;

Әлеуметтік салада

1. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;

2. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;

3. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

4. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

5. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.

Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:

•халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;

•халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;

•саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.

Демократиялық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:

•азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;

•билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;

•жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;

•сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;

•мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;

•өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;

•көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.

Осылайша, демократиялық саяси жүйеге жалпы баға бере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етеді деп сеніммен айтуға болады:

1. басқарушы топтың тұрақты занды мойындалғандығын;

2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;

3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;

4. бүқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]