Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724 Кб
Скачать
☆

28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.

1792 жылы 20 тамызда Заң шығару жиналысының отырысынан кейін Ұлттық Конвент жиналады. Конвентке Францияның өзінен 749 депутат, ал отарлардан 34 депутат сайланады.

Жирондистер провинциялардан келген депутаттардан құралған Конвенттегі 165 орынға ие болады. Конвенттегі монтаньярлар корольді сотқа шақыруды және радикалды реформалардың жалғасуын талап ете бастайда. 1792 жылдың 21-тамызында Конвент өзінің тұңғыш актісін король билігін жою туралы декретті қабылдады. Францияда Республика орнағанын жария етті. Тарихқа бұл Бірінші Республика ретінде еніп, 1804 жылдың наурызында өзін император ретінде жариялаған Наполеон Бонапарт таратқанға дейінгі уақытта 12 жыл көлемінде өмір сүрді.

1792 жылдың 30-желтоқсанында Конвентке келген секция мүшелері мен Париж Коммунасы өкілдері сатқын-корольді дарға асуды талап етеді. 1793 жылдың 17-ақпанында Конвенттегі қызу тартыс барысында XVI Людовиктің тағдыры оны 387 дауыстың өлімге, 344 дауыстың тұтқынға алуға берген қорытындысымен, 21-ақпанның сағат 11.00-де халық алдында XVI Людовик дарға асылып өлтіріледі.

Жирондистер мен таулар – Заң шығару жиналысының якобин клубына қатысы бар сол қанаты мүшелері. Жирондистер - сауда, өнеркәсіп және жаңа жер иелерінен тұратын, қоғамның жаңаша құрылымын мақұлдайтындар. Бастапқыда олар 1791 жылғы конституцияны қолдады, бірақ соңында республикалық ұстанымға көшеді.

Таулар немесе монтаньярлар – Заң шығарушы жиналыстың ерекше солшыл тобы, 1792 жылдың 10 тамызындағы жанданған революциялық әрекеттердің негізгі ұйымдастырушылары. Революция шараларының бірқатар қорытындыларына да, корольдің өлтірілуіне де және халықтың күшімен қабылданған декреттердің өмірге енуіне қарамастан, француз парламентіндегі билікке талас тоқтамайды. Монтаньярлар мен жирондистер арасындағы бірін-бірі қудалау әрекеті ушығып тұрады. Жирондалық басымдылықтағы Конвент Коммуна мен секциялар жұмысын тергейтін «12 Комитет» құрады. Жирондистерге қарсы Коммуна жетекшілігімен, бүкіл қала халқын және өзге де клубтағыларды біріктірген, сондай-ақ оларды Ұлттық гвардия жауынгерлері де қолдаған күш, Ереуіл комитетінің шешімімен 1793 жылдың 31 мамырында Конвентті қоршап алады. Халықтық көтеріліс жеңіске жетіп, елде билікке якобиншілер келеді.

29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.

Якобиншілер елдегі саяси тартыс жағдайында, қала мен елді мекен тұрғындарының және жирондистерге қарсылық көрсетушілердің көмегімен билікке келеді. Францияның барлық бөлігінде Париждегідей жағдай күрт ауыр болады. Елдің 83 департаменттік бөлігінің жирондистер билекте болған 60-сын федералистік бөлік аталған оқиғалар шарпиды. Францияның ірі қалалары мен порттары, әсіресе Тулан, Марсель, Лион секілді орталықтары бөлік аумағына айналады. Әсіресе Париждің өте кедей топтары арасында орын алған халықтық толқулар барысында дүкендер ашықтан-ашық тоналып, сатушылар шырқау шегіне жетіп тұрған тауар бағаларын төмендетуге дейін мәжбүрлікке түседі. Қымбатшылық пен азық-түліктің тапшылығына алып-сатарлар мен саудагерлерді кінәләй, олардың бұл әрекетіне қатаң тыйым салуды талап етумен бұл халықтық қозғалысты басқарған бұрынғы священник Жак Ру болды да, оның жақтастары сол кездегі әрекеттердің сипатына сай «құтырғандар» деп аталды. Жирондистердің 1793 жылдың наурызында халықтың Конвентке деген наразылығын, әсіресе Вандейде болған қан төгістікке ұрындырған қарсыластық жағдайларды өзінің саяси билігін нығайтып алуға пайдаланбаққа ұмтылған якобиншілер жер және шаруа мәселелерін қолға алады. Бұрын қабылданған, бірақ жирондистер жүзеге асырмаған аграрлық мәселелер төңірегіндегі декреттердің қабылдануы да жиілейді. 1793 жылдың 3 маусымында эммигранттар жерін ұсақ жер телімдерінде көп ақша берушілерге сату туралы якобиндік Конвент шешімі қабылданады. Жалпы, якобиншілердің жер мәселесіндегі шешімі топ мүддесінен асып кете алмады. Сол жылдың 24 маусымында олар жаңа конституцияның қабылдануына қол жеткізеді.

Жалпы, якобин диктатурасының революциялық мемлекет болмысындағы тұрпаты – азаматтық қоғамға қарсы құрылым сипатымен жағымсыз болды. Жирондистермен арадағы тартыс негізінде билікке қол жеткізген якобиншілердің диктатурасы жылдарында, революция қарсаңындағы қоғамдық жүйе, билік баланстарының құрылымын жасаған ағартушылар көзқарастары ешқандай саяси құрылымдық сілтемеге алынбады. Керісінше, билікке қол жеткізген якобиншілдер өздерінің революциялық ұстанымдарына қарсылардың барлығын репрессиялау шараларымен айналысады. Сондықтан да якобин диктатурасының тағы бір амалы, революцияның бүгінгі және күдіктелген жауларын репрессиялау шараларын жүйелеген террор болды. Осыған қатысты 1793 жылдың 17 қыркүйегінде Конвент «Күдіктілер туралы заң» қабылдайды. Сол жылдың күзінен бастап Революциялық Трибунал якобиншілер өздеріне жау деп санайтындардың барлығының жойылу құралына айналды. 1793-1794 жылдар аралығында якобиндік террор құрбаны 35-40 мың адамға жеткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]