Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.

Вирджинияда 1602 ж. ағылшындар алғашқы тұрақты сыртқы отардың негізін қалады. 1619 ж. ағылшындар Вирджинияға алғашқы 20 негр-құлдарды әкелді, бұл Солтүстік Америкада ағылшын отарларының құлиеленуіне жол салды. Жаңа аумақтарды игерудегі аса маңызды кезең 1620 жылғы "Мэйфлауэр" кемесімен жүзіп келген 41 отбасыдан тұратын ағылшын қоныс аударушылары Жаңа Англияда - Плимут (Массачусетс) алғашқы ірі және жақсы ұйымдасқан еуропалықтар тұрағының негізін қалады. Кемеде олар заң алдында барлығының теңдігін, әркімнің қауымдастыққа ерікті түрде бағынуына болатын болашақ отардың жарғысын қабылдап қойды. Ағылшындардан голландықтар да қалыспады, олар 1621 ж. Амстердамда Америкамен сауда жасасу үшін Вест- Инд компаниясын қалыптастырды, ол кейіннен Манхеттен аралын сатып алып, 1626 ж. онда Жаңа Амстердам өз отарының н1егізін қалады, бұл тек бәсекелестер арасындағы ширығушылықты күшейте түсті. Вест-Инд компаниясын құрғаннан кейін Голландия португалдықтармен және испандықтармен белсенді түрде бақталасып, оларды бұған дейін басып алған аумақтарынан тықсыра бастады. 1648 ж. Вестфаль келісімі бойынша бұған дейін Испания мен Португалия арасындағы әлемдік үстемдікті бөлісіп тұрған демаркациялық торап, енді Испания мен Голландия арасында жүргізілді. Кейіннен XVII ғ. екінші жартысында үш ағылшын-голландтық теңіз соғыстарында голландтықтар өз үстемдігін ағылшындардың пайдасына жіберіп алды, олар 1651 ж. транзит саудаға голландтықтардың монополиясына қарсы бағытталған Навигациялық акт қабылдады. 1652-1654 жж. сауда және теңіз бәсекелестігінен туындаған Англия мен Біреккен провинциялар арасында алғашқы ағылшын-голландтық соғыс болды. Отарлаушы елдер арасындағы қарсылық үдей түсті, 1654 ж. португалдық отаршылар голландтықтарды Бразилиядан қуып шықты, ал голландтықтар 1658 ж. аралды өзінің экономикалы отарына айналдырып, португалдықтарды Цейлоннан (Шри-Ланка) тықсырды. 1667 ж. олар ағылшындардан Гвиананы да тартып алды, кейіннен 1677 ж. оны Францияға ұтылып, есесін жіберіп алды, оған қосымша олар голландықтардан тағы Горе аралын (Сенегал) тартып алды. Отаршылық соғыстарда француздардың жеңістеріне олардың 1664 ж. Ост-Инд компаниясын құруы септігін тигізді. Жаңа дүниені игеруде жеңіске жетудің қайшыласқан бәсекелестігінде маңызды қадамын ағылшындар 1670 ж. Лондонда Америкамен қарым-қатынасты дамыту мақсатында, компания құрумен жалғастырды. 1690 ж.солтүстік америкалық құрлықта француздар мен ағылшындар арасындағы Акадия мен Жаңа Жерлерді иемдену жолында қақтығыс өршіп кетті, бұл ақыр соңында Солтүстік Америкада, Куба мен Гаитидегі Англия, Франция және Испания арасында аумақ бөлісіне әкеп соқтырды. XVIII ғ. Англия Индостан жарты аралынан француз және голланд бәсекелестерін тықсырып, бүкіл жарты аралдың билеушісіне айналды. Оның Солтүстік Америкадағы, Кариб бассейніндегі және Джеймс Гуктың (1768- 1779) экспедициясынан кейін Австралияны отарлауы Англияны адамзат тарихындағы аса ірі отарлы державаға айналдырды.

13.Отар халқының әлеуметтік құрамы мен саяси құрылысын сипаттаңыз

Феодализм Солт.Америкада терең тамыр жая алмады.Өйткеніжаңа құрлықта феодализм тіршілігінің басты шарты феодалдардың жерге деген монопольды құқығы болмады.Ол жария етілгенімен жеткілікті көлемде сақталынбады,оның үстіне отар иелігіндерге бос жатқан жерлер молшылығына квитрентоны төлету және олардың лорд иелігінен кету мүмкіндігін пайдалануға тыйым салу қажет емес еді.Негізінен 17-18 ғ феодалдық құрылыс өзін-өзі тауысты,ал отарлау шарттарыоны қайта жаңғырта алмады.

Феодалдық және плантациялық шаруашылық сыртқы ұқсастықтарына қарамастан,табиғаттары әр түрлі болатын Лендлордтардың мақсаты-оның жерін пайдаланушы отар иелігіндерден квитрентоны немесе арендалық төлемді алу болды. Мұны ол феодалдық құқық негізінде іске асырды.Шығыс Еуропалық түрдегі барщиналық шаруашылық та осы сипатта құрылды.Ал, плантаторлардың мақсаты- өз жеріне қаржы жұмсау арқылы, өсіріп өндірген өнімді сату арқылы табыс табу.Лендлорд плантатордай капиталист бола алмады, себебі ол жер мен жұмысшыларды корольдің рұқсатымен иеленді.

Егер Солтүстік Америкада феодалдық қатынастарды тұрақтандыру әрекетінің болашағы болмаса, плантациялық шаруашылық өзінің болашағына сеніп, сервенттер мен қара құлдарды шететн әкелуден жалтармады.Құл саудасы өте пайдалы болды.

Ауыл тұрғындарының негізін 80% дейін фермерлер құрады.Кейбір шалғай аумақтағылары өздерінің күндерін күнелту үшін патриархалдық шаруашылық жүргізуге де мәжбүр болады.17ғ Массачусетс жер иеленушілері квитрентаны төлемегендіктен шын мәніндегі жеке меншік иелеріне айналды.Жаңа Англияның оңт. Қарай орналасқан отарлардағы фермерлер жағдайы әлдеқайда ауыр болды, ал ұсақ арендаторлар лендлорд жерінде орналасқандықтан оларға тәуелді болды.Сонымен бірге Америкада скваттерлік немесе отаршылардың игерілмеген жерлерін өз беттерінше иемденуі әрекеттері орын алады.Бұл жер иеленудің монопольды құқығына нұқсан келтіріп,батыс жерлерге стихиялы түрде қоныстануға түрткі болды.

Америкада басқарудың олигархиялық түрі орнады.Билікті хартиялар негізінде ең бай және беделді әулеттер ,ұрпаұтан ұрпаққа қалдыру арқылы жүргізген еді.Алайда, сол дәуірдегі еуропалық мемл-ге қарағанда және әлемнің басқа елдерін атамағанда билік негізіне жұмсақтығымен және өмірдің салыстырмалы түрде қиындығының аздығымен ерекшеленді.

Отар иелігіндегілер губернатор озбырлығына қарсы бірнеше рет бас көтерді.Бұл қозғалыстарға оппозициялық көзқарастағы қоғамның жоғарғы,сонымен қатар төменгі де тобы да қатысты.Олардың ішіндегі іргелісі ВИРГИНИЯДАҒЫ 1676 плантатор Натаниэл Бэкон және НЬЮ-Йорктегі(1689-91) көпес Джейкоб Лейслер бастаған бас көтерулері еді,бірақ олар күшпенбасылып тасталды.Көтерілісшілер демократиялық талаптар қойды,әсіресе сайлау құқығын кеңейтуге ерекше көңіл бөлді.

Жаңа Англияда алғашқы отардағылардың-шіркеу қауымы мүшелерінің жалпы жиналыс өткізу дәстүрін жалғастырған қалалық митингілер де елеулі рөл атқарды.Оларға сайлау құқығына ие жеке меншік иелері және ондай құқығы жоқ еркін отардағылар да қатысты.Бұл митингтер қызметі демократияны «тікелей» жүзеге асырумен шектелмеді,оған қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтар арасындағы саяси ара салмақты теңестіру міндеттелді.

Еркін отардағыларды метрополия билігіне бағындыру қиынға түсті.Бұдан келіп, адам құқығы мен бостандығын кемсітуіне төзуге болмайтын қатынас пайда болды.Еуропалық тұрғындарға қарағанда едәуір экон-қ,саяси,діни бостандықтарға ие американдықтар оларды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға тырысты.Сондықтанда олар король және парламенттің оларды тәуелді қылу әрекетінен қауіптенгендіктен метрополияның қатаң саясатына алаңдаушылықпен қарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]