Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.

АҚШ тың тәуелсіздік үшін соғысы Ұлыбританияның диктатурасына қарсы 1775-1783 аралғында өткен болатын. Қозғаушы күштері фермерлер,буржуаздар,қала тұрғындары,көпестер болды.Революцияның басталуына отаршылық қысым және III Георгтың Америка жеріндегі қандай да қимылдарды аяусыз басып жаншу керек екендігі туралы айткан сөздері түрткі болды.1774 жылы Филадельфия қаласында құрамы 55 делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс өтті. Ол жерде метрополияның кедендік және салықтық саясатына қатысты наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді. Осы Декларациямен қатар, сол кезде корольға петиция жазылды, онда колонистер метрополияның қысым жасауын тоқтатуды сұранды. Ал ағылшын үкіметі оларға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізуді бастады. Сонда, 1775 жылы мамыр айында Екінші континенталдық конгресс жиналды. Ол жерде Англияға қарсы соғыс жағдайына баға беріліп, және американдық әскерді құру туралы шешім қабылданды. Ол әскердің бас қолбасшысы болып Джордж Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Әрбір колония өзін тәуелсіз мемлекет – штат ретінде жариялады.Көп таралыммен шыққан революция демократы Томас Пейннің “Тың ой” деп аталатын памфлетінің әскерді жігерлендірудегі маңызы зор болды. Памфлетте метрополиядан қол үзбей ,бостандық үшін күресу бекер әуре екендігі,тек тәуелсіздік және республикалық басқарі ғана Америкаға ұлы болашақ беретіндігі дәлелденеді.Бұл тәуелсіздік үшін күресушілерге осы сөздердің әсері үлкен болды. 1776 ж. 4 шілдеде Континенталды конгресс тәуелсіздік үшін соғыс барысында 13 Америка Құрама Штаттарының бірыңғай Декаларациясын жария етті, онда 13 отардың Ұлыбританиядан бөлініп тәуелсіз мемлекет құратындығын мәлімдеген.  Бұл құжаттың авторы Томас Джефферсон болған. Мұнда Америка дипломатиясының жаңа принциптері көрсетілген. Жалпыға бірдей теңдік, адам құқықтарды жария ете отырып, оның ішінде өмір сүру, еркіндік, бақытты болуға құқығы, конгрессмендер отарлар мен метрополия арасындағы бөлінудің себептерін айқындап берді. 

Тәуелсіздік туралы идеялар американдықтар арасында бірден кең көсіліп кеткен жоқ.Экономикалық,саяси және өзге де сарындарына қарай, көптеген американдықтар Англиядан бөлінуді қаламады.Бұлардың көпшілігі лендлордтар,король шенеуніктері, саудагерлер еді.Олар Англиямен қатынастың үзіліп қалуынан қорықты. Лоялистер деп аталған олар, король мен парламентке жақын адамдар болатын. 1776 жылы күзде Нью Йоркте болған ауыр қақтығыстан Вашингтон өз әскерін қиыншылықтан таза сәттіліктің арқасында құтқарып қалады.1776/1777 ж. қысында жаңа күш жинақтаған отар әскері,Нью Джерси штатында қарсыластарына күшті соққы береді.1977 жылдың күзіндегі соғыс әрекеттері американдықтарға бір жағынан жеңіліс(ағылшын әскері Филадельфияны жаулап алғанымен),екінші жағынан жеңіс әкелді (солтүстіктегі ағылшындар Саротоги маңында жеті мың корпусымен, еріктілер және милициялар күшінен қоршауға түскен еді).Соғыс барысындағы операциялардың бірінде,американ жағалауларына француз десанттық флотының келуімен,американдықтар мен француздар Виргиния түбіндегі лордтық Корнуоллис корпусын қоршап алады.Корпус 1781ж. 19-қазанында беріледі.Бұл соғыс нәтижесін аяқтаған әрекет болды.1782 жылы Парижде Англиямен АҚШ арасында бейбітшілік келісімге қол қойылады да,оған сәйкес 1783жылы 3-қыркүйекте британ империясы жаңа құрлықтағы тәуелсіз мемлекеттің еріктілігін заңды түрде мойындайды.Маңызы—Англияның Америкалық отарларында болған тәуелсіздік жолындағы соғыс елдің дербес капиталистік жолмен дамуындағы ең басты кедергілер- отарлық езгі мен ағылшындардың жер иеленуші ақсүйектердің билігін жойды.Соғыс нәтижесінде ағылшын отаршыларының феодалдық тәртіптерді енгізу әркеттері тоқтатылды.Дворяндық титулдар мен майораттар таратылды,ірі латифундиялар тәркіленді.Отарлардағы тәуелсіздік соғысының жеңісі нәтижесінде 1887 жылы конституция қабылданып,АҚШ деп аталатын ірі дербес республика дүниеге келді.АҚШ мемлекеті революциялық жолмен құрылған жаңа замандағы тұңғыш демократиялық республика болды.XVII ғ. Ағылшын және ғасырдың соңындағы французғ. Ағылшын және ғасырдың соңындағы француз революциясына қарағанда,XVIII ғ. Америка рев/ң артықшылығы-террордың болмағандығы еді.Отарлардың тәуелсіздік ушін күресі және ремспубликаның жариялануы өркениетті еуропалықтарда қорқыныш сезімін тудырған жоқ.Жаңа тәуелсіз республиканың пайда болуы сол кездегі феодалдық-монархиялық Еуропаға ешкандай революциялық күйзеліс қаупін төндірмеді. Монархияның республикамен алмасуын қуаттай отырып, америкалық мемлекет қайраткерлері өздерінің сыртқы саясатында идеологиялық емес,прагматикалық ұғымды басшылыққа алды.Өзінің мақсаты жағынан америка революциясы XVI ғ. Нидерланды революциясын көбірек еске салады.Америка ұлтының жинақталуымен қатар, бұл соғыс Латын Америка елдеріндегі ұлт тәуелсіздігі үшін болған қозғалыстарға түрткі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]