- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы бойынша: Ресей, Швеция, Дания, Австрия, Франция, Испания, Англия, Польша, Пруссия, Осман империясы, Голландия республикасы, Испандық Нидерланды, Ганновер курфюршествосы, Мекленбург герцогствосы, Померания, Бавария курфюршествосы, Швейцарлық кеңес, Савойя герцогствосы.
5. XVII ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы және оның маңызын негіздіңіз. ХVІІ ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне қарағанда əлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық отарлау саясаты, дамыған мануфактуралық жəне жеңіл өнеркəсіп мемлекеттің əлемдік нарықтағы алғашқы орындардың бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны сақталды: капиталистік жəне феодалдық. Капиталистік шаруашылықтың артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық жерлерді жинақтаудың нəтижесінде шаруаларды жаппай жерінен айыру процесі жүргізілді (феодалдардың шаруаларды жерлерінен күштеп қууы). Абсолютизм жерінен айырылған мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмады. Ол əлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет халқының оннан тоғыз бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылған тұлғаларды құрады. Ер адамдардың тек оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын джентельмендер, бюргерлер жəне ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар табы да өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі
дворяндар жəне жаңа дворяндар немес джентри құрады. Жаңа дворяндар өзінің шаруашылық нысанына байланысты буржуазия болып табылды. Халықтың əртүрлі таптары тартылған революцияның болуына жағдай туды.
Халықтың көпшілік бөлігінің жəне қалыптасып келе жатқан буржуазияның көңілі толмауының себептерінің бірі болып І Карл Стюарттың (1600-1644 ж.ж.) католик дініне сенетін француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық Англия патшаның бұл əрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы деп түсінді.
Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, патша, екінші жағынан, патшаға буржуазиялық оппозицияны білдірген парламент табылды. 1628 жылы парламент патшаға Құқық туралы петицияны ұсынды. Құжатта І Эдуард пен ІІІ Эдуард-
тың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға сəйкес парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге болмайтын. Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті патшаның шенеуніктерінің қол сұғуынан қорғалмау фактісі
көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме жасай отырып, петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұсталуына, түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына жəне қудалануына жол берілмейтіндігі аталып өтті. Бесінші бапта, “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссияның” (саяси трибунаның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан, Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді. Сонымен қатар, петицияда солдаттар мен матростардың бейбіт халықтың жа-
нында орналасуына жəне əскери жағдайды енгізуге қарсылық білдірілді. Мемлекеттің əдет-ғұрпына қайшы шығарылған көптеген өлім жазалары жəне жоғарғы шенеуніктердің жазасыздығы да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды. Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата парламенттің келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді жəне
ешкімді сотсыз қамауға алмауды сұрады. Негізгі мазмұны бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды бекіту емес, бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап етілді. І Карл петицияны бекітуге мəжбүр болды — ол заңға
айналды. 1629 жылы патша мен парламенттің арасында жаңа қақтығыс орын алды. Осы кезде І Карл парламентті таратып, мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Патшаның үстемдігінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.
Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы табылды. Пуританизм діни ағым ретінде елдегі революциялық жағдайдан əлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиясына айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп жойылды.
Англия тарихында XVII ғасыр өзгерісті кезең еді. Ағылшын буржуазиялық революциясы кезінде ағылшын-голланд, ағылшын-испан соғыстары арқасында Англия теңіздерде және сауда-саттықта үстемдік етуге қол жеткізді.XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. басында Франция Англияның ең қауіпті бақталасы болып, онымен әскери қақтығыстың нәтижесінде Еуропада және теңіздерде Англия өз үстемдігін орнатты.
