- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Капиталға қарсы күресте пролетариаттың алдына өзінің барлық күшін топтастыру, ұйымдарын нығайту міндеті қойылған соң жұмысшылардың халықаралық бірлестігін қайта құру қажеттігі айқын болды. Көптеген елдерде жұмысшылардың төңкеріс белсенділігін артуы, олардың таптық санасының оянуы социалист партиялардың құрылып нығаю, пролетариаттың халықаралық ұйымын құруға объективті жағдай жасады. Жаңа Интернационал құру инициативасымен марксизм дұшпандары өз қолына алуға тырысты. Әсіресе француз жұмысшы партиясының оңшыл оппортунистік ағымы – поссибилистер және Англия тред-юниондарының көсемдері халықаралық жұмысшы қозғалысында басшылықты алуға әрекет жасады. 1883 және 1886 жылы олар Парижде екі рет конференция өткізді.
1886 жылғы конференция халықаралық жұмысшы конгресін 1889 ж. Парижде шақыруды белгіледі. Франция поссибилстері мен ағылшын реформистерінің халықаралық жұмысшы қозғалысына келтіретін қауіпін есепке ала отырып, Энгельс Франция және неміс марксистеріне Екінші Интернационалды құру жұмысын өз қолына алуды ұсынды. 1889 жылдың басынан бастап Энгельс Парижде социалист конгресті шақыру жұмыстарымен ғана шұғылданды.
Халықаралық жұмысшы қозғаласында іріткі салушылықты әшкерелеп, Интернационалда марксистердің жеңісін баянды ету керек болды. Энгельстің талап етуімен 1889 жылы 14 шілдеде, Бастилияны алудың 100 жылдығы күні, Парижде марксистер конгресс ашты. Конгреске 22 елдің социалист ұйымдарынан 400 делегат қатысты, оның ішінде Германия, Австрия, Франция, Бельгия, Голландия, АҚШ және т.б. елдердегі ірі партиялардың өкілдері болды.
Марксистер конгресі Екінші Интернационалды құрған Құрылтай конгресі болды. Энгельс конгреске идеялық басшылық жасады. Конгресте бір жағынан марксистер, екінші жағынан поссибилистер мен анархистер арасында күшті шайқас болды. Саяси күресті жоққа шығарғысы келген поссибилистер мен анархистер әшкерленеді. Париж конгресі марксистік рухта шешімдер қабылдады. Бұл шешімдерде жұмысшы табының партиясын құру міндеті көрсетілді. Париж конгресінің жыл сайын халықаралық пролетариат ынтымағын нығайту мақсатында, 1 маусым төңкеріс пен демонстрациясын өткізу және 8 сағаттық жұмыс күні үшін күрес жүргізу жөніндегі қарарының айрықша маңызы болды. Марксистердің жемісті еңбек етуі нәтижесінде поссибилистер қатары ыдырап, олар Интернационалды бөлшектеу идеясынан бас тартуға мәжбүр болды. Жұмысшы қозғалысындағы марксизмнің жеңісін 1891 ж. Брюссельде өткен біріккен халықаралық конгресс баянды етті. Екінші интернационалдың Брюссель конгресіне 380 делегат қатысты. Конгреске 90 жылдардың басында кейбір елдердің жұмысшылары арасында ықпалы тараған, марксизмге қарсы ағым – анархизммен күресуге тура келді.
Конгрестің негізгі мәселесі жұмысшы табының милитаризмге көзқарасы туралы болды. Конгресс жұмысшыларды соғысқа дайындық дегеннің қандайына болса да қарсы күресуге шақырды. Конгресс барлық елдердің жұмысшыларын әлеуметтік заңдылықтарды кеңейтіп, іс жүзіне асыру жолындағы күреске шақыру туралы және кейбір елдердегі жұмысшылар жағдайын тексеру жөнінде шешім қабылдады. Қанша әрекет жасағандарымен анархистер конгресс жұмысына қатыстырылған жоқ. Дегенмен Екінші интернационалдың 1893 ж. Цюрихте өткен конгресі (411 делегат қатысты) анархистерге қарсы күрес жөніндегі мәселені талқылауға мәжбүр болды. Цюрих конгресі анархистер тактикасын батыл әшкерелеп, Екінші Интернационал қатарында тек саяси күресті мойындайтын партиялар ғана болатыны жөнінде қарар қабылдады. Цюрих конгресі қабылдаған қарарда жалпыға бірдей сайлау, жұмысшы құқықтары т.б. мәселелері жөніндегі реформалар үшін күрес пролетариаттың түпкі мақсатын – саяси билікті жеңіп алуы үшін керек деп көрсетілді. Цюрих конгресінде де соғыс туралы мәселе талқыланды. Г.В.Плехановтың баяндамасы бойынша қабылданған қарарда соғысқа дайындалу саясатына барлық әңбекшілердің қарсы күресуі қажет деп көрсетілді. Милитаризмге қарсы күрес жолы барлық елдер пролетариаттың ынтымағын арттыра түседі деп саналды. Социалист партиялар өз парламенттерінде соғыс кредитіне қарсы дауыс беруге міндеттелді. Екінші Интернационал және оның партиялары ол кезде көптеген ұйымдастыру және саяси жұмыстарды іске асырды. 1877 ж. Гота біріккен съезінен кейін Германия социал-демократ партиясы рейхстаг сайлауында, жарты миллионға жуық дауыс алды, 1898 ж. оларға берілген дауыс 2 миллионға жетті. Франция социалистері 1889 жылы парламент сайлауында 100 мыңға жуық ғана дауыс алма, 1893 жылы 600 мыңнан астам дауысқа ие болды. Кәсіподақ, кооперативтер тез өсті, ғылми социализм идеялары еңбекші бұқара арасына кең тарай бастады.
Сонымен бірге Екінші Интернационал ішінде оппортунистік идея да біртіндеп етек ала берді. Энгельс Екінші Интернационал ішіндегі оппортунистік тенденцияға барынша батыл қарсы тұрды. Интернационал басшыларының қарсылығына қарамастан, 1891 ж. К.Маркстің «Гота бағдарламасына сын» деген еңбегін жарыққа шығарды. Энгельс Германия социал-демократ партиясы басшыларынан жұмысшы табын шын мәніндегі революция күреске, пролетариат диктатурасын жеңіп алуға бағытталған күреске дайындауды талап етті. Англия және америка социалисттерін халық бұқарасынан алшақ кеткендері үшін сынады. Германия социал-демократ партиясының Эрфурт бағдарламасын Энгельс қатты сынады. Өйткені бұл бағдарламада марксизмнің пролетариат диктатурасы, буржуазия өкімет машинасын күйрету жөніндегі теориялық қағидалары көрсетілмеген еді. Сөйтіп Энгельстің тірі кезінде Екінші Интернационал ішінде кейбір оппортунистік идеялар болғанымен, оппортунизмге жол берілмеді. 1895 ж. Энгельс қайтыс болғаннан кейін, Екінші Интернационалдың басшылығы оппортунистердің қолына көшті. Оппортунистік ағымның күшейгені Энгельс өлгеннен кейінгі Лондон конгресінде (1896 ж. өтті, 535 делегат қатысты). Лондон конгресі анархистерді Интернационалдан шығарды. Конгресс – жұмысшы табы, оның социалист партиялары саяси өкімет билігін жеңіп алу үшін, саяси күрес жүргізуі тиіс деп есептеді, бірақ пролетариат диктатурасы туралы сөз қозғамады. Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын қуаттап, отаршылдық саясатқа қарсы тұрғанмен, империалистік басқыншылық саясатқа қарсы нақтылы күрес жолдарын белгілемеді. Лондон конгресі аграрлық мәселе жөнінде революция талаптарды қараудан бас тартты. Екінші Интернационал оппортунистері марксизм іліміне ревизия жасау жолына түсті. Оппортунизмнің таптық базасын жұмысшы аристократиясы жасады. Оппорутнистер жұмысшы аристократиясының жоғын доқтап, буржуазиялық идеяларды жұмысшылар арасына таратты, жұмысшылар қозғалысын буржуазияның мақсатына бағындырғысы келді. Дегенмен ол кезде К.Маркс пен Ф. Энгельстің революция ілімін жақтаушы революцияшыл марксистер барлық елдерде болды. Екінші Интернационал ішінде оппортунизмнің күшеюі ұйымдастыру мәселесінен де көрінеді. Париж конгресінде әр партияның өкілдерінен сайланған Екінші интернационалдың атқарушы органы – Халықаралық социалист бюро шын мәнінде басқарушы революция орган бола алмады. Сондықтан да В.И.Ленин оны «почта жәшігі» деп тегін атаған жоқ. ХХ ғасырдың басынан бастап халықаралық революция қозғалыстың орталығы Ресейге ауысты. Ресей ленинизмнің отаны болды. Ленин құрған большевиктер партиясы Екінші Интернационалдағы ең тұрақты марксистік партия болды. Лениннің басшылығымен большевиктер партиясы оппорутинистерге және олармен ымыраға келушілерге қарсы батыл күрес жүргізді, Екінші Интернационалдың сол қанатының бастаушы күші болды, революция марксизм теориясы мен тактикасын қорғай отырып, оны жаңа жағдайға байланысты дамыта түсті. 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы бүкіл дүние жүзінде революция күрсетің күшеюіне әсер етті. Бірақ Екінші Интернационалдың басшылары бұл революцияан сабақ алғысы келмеді. Олар пролетариат диктатурасы туралы маркстік қағиданы, жұмысшы табы мен шаруалар одағы туралы, буржуазиялық демократия революцияны социалист революциямен ұштастыру туралы Ленин идеяларын мойындамады. «Топтық келісім», «капитализмнің социализмге бейбіт өтуі» сияқты жалған пікірлерді дәріптей отырып, оппортунистер жұмысшы табын реформалар үшін, капитализмнің негізін өзгертпейтін ұсақ талаптар үшін ғана күресуге шақырды. Сөйтіп, Екінші Интернационал партиялары революция партия емес, әлеуметтік реформа партиялары ғана болып, өздерінің парламенттік фракцияларының қосымшасына айналды. Капитализмнен империализмге өту дәуірінде Екінші Интернационал ішіндегі үш ағым – оңшыл оппортунистер мен центристер және солшылардың арасы ашық жіктеле түсті. Оңшыл оппортунистер (басшылары Э.Бернштейн, А.Мильеран, Г.Гайндмон, С.Гомперс т.б.) социалист революцияға және пролетариат диктатурасына ашықтан-ашық қарсы шықты. Ал центристер (көсемдері К.Каутский, А.Тома, О.Бауэр т.б.) оппортунизмді марксизммен бүркемелеп, революция ұрандарды дәріптей жүріп, шын мәнінде жұмысшы қозғалысында буржуазияның жоғын жоқтады. Батыстағы социал-демократ солшылдық ағымы (Германия социал-демократиясындағы солшылдар, Болгария «тесняктары», Британия социалист партиясының сол қанаты т.б.) жұмысшы қозғалысындағы революция топ болды. Бірақ олардың да жұмысшы табының революция күресін ұйымдастыру жөнінде бірсыпыра қателері болды.
Ленин Екінші Интернационалдың 1910 ж. Копенгагенде өткен конгресіне қатысты. Оған 880 делегат қатысты. Соғыс мәселесі жөнінен конгресс бұрынғы қарарларды қуаттады. Сонымен бірге Копенгаген конгресі социалист партияларға өз өкіметтерінен қаруды азайтуды, тіптен толық қарусыздануды, мемлекеттер арасындағы шиеленіс мәселелерді третей соттарында шешуді талап етуді, соғыс қауіпіне қарсы барлық елдер жұмысшыларының наразлық талаптарын белгілеуді ұсынды. Конгресс саяси партиялар мен кооперативтердің қарым-қатынасы туралы мәселе қарады. Ленин жұмысшы табы партиялары кооперативтерді тап күресінің мақсатына пайдаланатын қосымша құрал деп қараулары керек деген пікір ұсынды. Конгресс кооперативтердің атқаратын ролін, олардың алдына қойылатын міндеттерді дұрыс анықтады. Штутгарт және Копенгаген конгрестерінде Ленин солшыл социалистердің кеңестерін өткізді. Империалистік соғыс қауіпінің күшеюіне байланысты Халықаралық социалист бюро 1912 ж. Базель қаласында Екінші Интернационалдың төтенше конгресін шақырды. Базель конгресі соғыс жөнінде арнаулы манифест қабылдады. Онда соғыстың империалистік басқыншылық сипаты көрсетіліп, соғысқа дайындық жүргізуші Германия, патшалық Ресей, Англия, Франция және Италия өкіметтері айыпталды. Жұмысшылардың соғысқа қарсы жүргізген қозғалыстары қуатталып, дүние жүзі елдеріндегі жұмысшы табы соғысқа қарсы аяусыз батыл күреске шақырылды.
Оппортунистер күрес үстінде социал-демократ партиялар ішінде біртіндеп сол қанат өсіп нығайды. Оларды біріктіріп топтастыруға Ленин көп күш жұмсады. 1915-16 ж. Циммервальд, Кинталь конференцияларына қатысушылардың солшыл тобын ұйымдастырды. Бұл жаңа Коммунистік Интернационал құру жолындағы алғашқы нақтылы қадам болды. Ұлы Октябрь социалист революциясының әсері арқасында дүние жүзіндегі көптеген елдерде коммунистік партиялардың құрылуына байланысты 1919 ж. Лениннің басшылығымен 3-Коммунистік Интернационал құрылды. Оңшыл социал-демократтар де Екінші интернационалды қайта қалпына келтіруге әрекет жасап бақты. 1919 ж. Бернде социал-демократ партиялардың конференциясы шақырылып, онда Екінші Интернационал қайта құрылды. 1921 ж. центристер 2 ½-Интернационалды ұйымдастырды. 1923 ж. бұл екеуі бірікті.
