Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

40. Австрия империясындағы революция

Революцияның  себептері. Австрия империясы, Габсбургтер монархиясы көп ұлтты мемлекет болып саналды. 1847 жылғы 37 миллион империя халқының 18 миллионы славян халықтары (чех, словак, поляктар және басқалар) еді, 7 миллионы — австриялық немістер, 5 миллионы — венгерлер (мадьярлар), қалғандары — итальяндар мен румындар.

Австрияда капиталистік қатынастардың  дамуына ондағы өте күшті ұлттық езгі мықтап кедергі жасады. Австриялық немістер үстем ұлт болып саналды. Итальяндар мен славяндар қатал  езгіге түсті. Венгерлер де империяның неміс өкімет орындарына тәуелді  болды. Сонымен қатар славян шаруаларын венгер помещиктерінің өздері де езді.

Австрия империясында, әсіресе  Венгрия мен славян облыстарының көпшілігінде, крепостниктік құқық  әлі бар еді.

Крепостниктік құқық Чехия  мен неміс облыстарында онша етек жаймаған болатын. Сонда да тіпті  Чехияның өзінде барщина жылына 104 күнге дейін созылды. Мемлекеттің пайдасы үшін шаруалардан тіпті саңырауқұлақ тергені үшін және өлгендерді жерлейтін жер үшін салық алынды.

Крепостниктік құқық, өнеркәсігітегі цех системасы, помещиктер мен чиновниктердің озбырлығы, ұлттық қатаң езушілік Австрия  монархиясының қол астындағы  халық бұқарасын революция жасауға итермеледі.

Революцияның негізгі  міндеті Габсбургтар монархиясын  құлату, Австрияда демократиялық  республика орнату және ұлттық езгіні жою мақсатын алға қойды.

Австрия империясындағы революция. Парижде республика жарияланғандығы туралы хабар Австрияға бірнеше күннен кейін, 1848 жылғы ақпанның аяқ шенінде, келіп жетті.

Күшті революциялық қозғалыс Австрия монархиясының астанасы Венада кең етек алды. 1848 жылғы 13 наурызда Венаның көшелеріне баррикада толып кетті. Императордың сарайын көтерілген жұмысшылар мен қолөнершілер қоршап алды. Австрияның реакциялық үкіметін 30 жылдан аса басқарып келген, Австрияның сыртқы істер министрі Меттерних халықтың талап етуімен отставкаға босатылған. Өзінің өміріне төнген қауіптен қорқып, ол қашып кетті. Император либерал чиновниктерден министрлік құрды.

Сәуірде үкімет Австрия  империясының конституциясын жариялады. Бұл конституция бойынша екі палата — аристократтық сенат пен депутаттар палатасы — белгіленді. Конституцияда айрықша атап өтіп, жұмысшыларды сайлау құқығынан айырды. Бірақ жұмысшылар бұл құқықтың берілуін талап етті. Мамыр айында Венада халық бұқарасының — жүмысшылардың, қолөнершілердің, және студенттердің — қарулы бас көтерулері болды. Халықтың осы бас көтерулерінің нәтижесінде жұмысшылар (еркектер) сайлау құқығын алды, жоғары палата жойылды, үкімет басқарудың, саяси түрін (яғни монархия немесе республика) рейхстаг (парламент) өзі белгілейді деп жарияланды. Деревняда Австрия шаруалары жер-жерде көтеріліс жасап, феодалдық міндеткерліктерді өтеуді тоқтатты.

Австрия империясындағы славян халықтары да революциялық күреске  көтерілді. Чехия, Австрия империясының ең алдыңғы қатардағы бөлігі еді.

Чехияда бірқатар жерлерде шаруалар көтеріліс жасады. Шаруалар барщинаның жойылуын, ұлттардың тең құқықты болуын талап етті. Қалаларда чех парламентін құруды талап еткен листовкалар таратылды.

1848 жылы Чехияның басты  қаласы Прагада және Австрияның өз ішінде, империя астанасы — Венада ірі революциялық бас көтерулер болды. Император әскерлері бұл көтерілістерді басып тастады.

Венгриядағы революция.

Көтеріліс жасаған венгер халқы 1849 жылдың көктемінде Австрия әскерін  Венгриядан қуып шықты. Шаруалар помещиктердің  жерін тартып ала бастады. Венгер парламенті Венгрияны өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Венгрияда  құрылған революцияшыл үкіметтің атақты қайраткері адвокат Лайош Кошут  болды.

Австрияның императоры революцияны  өз күшімен жеңе алмағандықтан, I Николайдан көмек сұрады. Бұл «Европаның жандармы»  сөзге келместен, Венгрияға 100 мың  адамы бар армия аттандырды.

Патша өкіметінің орасан зор  армиясы Австрия императорының  әскерлерімен бірге венгер революциясын тұншықтырды. Венгер армиясының қолға  түскен командирлері дарға асылды. Шаруалар да аса қатал жазаланды. Жазалаушы экспедициялар мен  соғыс соттары венгер деревняларын ойрандады.

Австрия империясындағы революция  монархияны күйретпеді, ұлттық езгіні жоймады. Бұл революция, Германиядағы революция сияқты аяқталмай қалды. Австрия империясындағы 1848 жылғы революция буржуазияның опасыздық істеуінен, пролетариаттың әлсіздігінен және ұлт арасындағы ала ауыздықтың салдарынан жеңіліске ұшырады. Сонда да бұл революция шаруалардың крепостнойлық халден құтылуына себепші болды, өнеркәсіптің, жұмысшы қозғалысының дамуын тездетті және Австрия халықтарының өркендеуін едәуір ілгері бастырды.

41.1848-1849жж.Италиядағы революцияның ерекшелігін айқындаңыз.1846-1847ж Бүкілеуропалық өнеркісіптік дағдарыс кезеңінде Италияда революциялық жағдай белең алды.Буржуазияның және либералды дворяндардың оппозициясы өршіді,бұл өз кезегімен стихиялы түрде халықтың ойымын арттырды. Аштықтан зардап шеккен халық, нан дүкендерін қиратып,байлардың үйлерін тонап, полициямен және оларға қарсы бағытталған күштермен қақтығысады.

Италияндықтар жұмысшыларда басшылары немесе жоспарлары болмады.олар буржуалардың артынан жүрді. Буржуалар өз кезегімен оларға саяси бостандықты талап ететін лозунгтарды,конституцияны, ұлттық тәуелсіздік пен бірігуді, Пия 9-«Либералды папаны» қолдау үшін демонстрацияға шығуға кеңес берген. 1846ж ол буржуазиялық реформ аны жүзеге асырды. Бұл ісі демократтардың либералдардың үмітін арттырды. 1847 ж «либералды папаның» ортағасырлық тәртіпті ауыстырмайтыны, аралда австриялықтардың қоныстауына қарсы шықпауы белгілі болғанда, халықтың наразылығын жандандырды. 1848ж қаңтарында Палермо көшесінде хабарландыруды іліп қойған, ол жақта 12 қаңтарда Бурбондарға қарсы көтерілістің болуы туралы жазылған. Бұны халықпен тығыз байланыспаған қаскүнемдер ілген.

12 қаңтарда Палермоның тұрғындары ұйықтаған жоқ, патриоттар қару жарақтарын дайындап отырған. Бұл жұмысшылар,қолөнершілер,крестьяндардың көтерілісі болды. Бүкіл Сицилияға жайылды.Әскерлер 5 күндік шиеліністен жеңіліп, аралдан қашады. Жеңіске жеткен революция континентте тез арадағы лебіздерді арттырды.Бүкіл Аппеннин аралдарында буржуазиялық топтар ұйымдастырған халық демонстрациялары мен митингтер толқыны артты. Олар саяси бостандық пен конституцияны талап етті және Автрияға қарсы болды. 1848 ж Италияның барлық жерінде Ломбардо-Венециядан басқа ұстамды либералдардан құрылған партиялар құрылды және конституциялар бекітілді. Конституцияда жоғары дәрежелі сайлау цензі және консервативтік екіпалаталы жүйе қарастырылды. Олар халыққа саяси құқықтар берген жоқ, ірі буржуазияға және ірі либералды дворяндарға билікке жол ашты. Бірақ бұл социалдық топтар билікті жартылай феодалды дворяндармен және дін басылармен бөлуге міндетті болды. Итальяндық ұстамды либералдар халық көтерілісінен үрейленіп, революцияны тоқтату үшін,Италияның бірігуінен бас тартуға келіседі.

Бірақ революция басылған жоқ. Венецияда, Миланда қозғалыс толқулары белең алады. Халық жеңіске жетеді. Көтеріліс кензінде ұстамды либералдардан құрылған миландық муниципалитет Ломбардияның уақытша үкіметі деп хабарлайды.Көтерілісшілер олардың олардың заңды билігін мойындайды. Билік басындағылар халыққа қарсы тұра алмай, Австрияға соғыс жариялауға мәжбүр болады.

Венецияда халық Австриямен достастығын түсініп жаңа көтеріліс басталады.3 қала-Венеция,Флоренция,Рим –көтерілістің орталығына айналады. Бұл этапта ұстамды либералдар феодал дворяндармен бірігеді, ал рев-қ лагерьді буржуазиялық республикандықтар(мадзинистар)басқарады. Республикандықтар халықты Австриямен соғысуды және Италия Республикасының жариялануына шақырды.Олар бостандықты, теңдікті,социалдық әділеттілікпен қамтамасыз етуге уәде береді. Олар жұмыс пен капитал теңдігіне қол жеткізуді ойластырған.1849ж Гарибальди ұсынысымен және мадзинистардың ұйымдастырған Құрылтай жиналысы Рим папасын биліктен кетуіне қол жеткізген және Рим республикасы болып жарияланады деп хабарлаған.Бірақ республика құлайды,Гарибальди отряды қаланың ішіне кіре алмайды, автрия жаулап алған кезде.22 тамызда 1849ж Венеция капитуляцияға ұшырайды.

42.Жаңа заманның экономикалық жәнесаяси доктриналарын сипаттаңыз.

Адамның техникамен және табиғатпен қарыс-қатынасының өзіндік бөлшектілігі қалыптасты.17-18ғ техника саласының өзіндік даму жалғатылығы адам еңбегінің жеңілдетілуі, жұлдыздар кеңестігін игеруді және уақыт үнемділігін, уақыт бірлігінде бірнеше тауар көлемін өндіруді үйретті. Техниканың жетілу процесін еуропалықтар ғасырлар ауқымдарымен сабақтастыра, оның қала қолөнер цехтарында дұрыс қабылданбау жәйттерін де бастан кешірді. Техниканың өнертапқыш үлкен табыс түсімі мен қосымша еңбек жағдайын арттыруына қарамастан, мұндай табысты цехтағылар заңсыз деп қарайды. Жаңа өркениетті қатынастың бастапқы тұсындағы мұндай түсінбеу әрекеттерінің нәтижесі де әртүрлі болды. Сондықтан да техникалық өнертапқыштың алғашқы жетістіктерін цехтық өндіріске негізделмеген, яғни кен көздері, металлургия,металл өндеу секілді орталықтар қолдана бастайды.

17-18ғ техниканың өмірге енуімен, оның терезе әйнектерін,үй құрылыстарына кірпіш,қағаз,мата,тері,сабын даярлаудағы қолданысы жандана бастайды. Механикалық тоқыма станоктары, типографиялық баспалар және ақша басуға арналған тығыздықта жұмыс істейтін машиналар пайда болды. Құрылыстағы көтерме механизмдері , өнеркәсіптер мен кеме жасау ісінде ағаш кесу станоктарын қолдану орман шаруашылығының сұранысын еселетеді. Техниканың игерілуі,өнертапқыштық еңбек өнімділігін арттырып,кәсіп салаларындағы табыстың өсуіне жағдай жасады.

Меркантилизм «италияның мерканте-саудагер сөзі» 16-17ғ Еуропаның экономикалық өмірінде маңызды орын алған құбылыс болды. Әр капитал қорын жинақтаудың алғашқы кезеңінде, Еуропаның буржуазиялық экономикасының қарыштау баспалдағына айналды. Өзге аумақтардағы меркантилисттер Голландияның осы кезеңдегі табыстарына сүйсіне қарай,өз елдерінде үнемі сырт елдердегі сауда ауқымы арқылы байыған голландықтарды мысал ретінде айтып жүретін. Меркантилисттердің экономикалық ұстанымдары 16-17ғ ұлы жарғапиялық ашылулардың нәтижесінде капиталдың қоғамда өзіндік орыны бар күш екендігіне дәлел болды. Жалпы еуропалық ұлттық негіздегі мемлекеттердің пайда болуы, жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуындағы өндіргіш күштердің дамуына түрткі болған еді. Ішкі және сыртқы сауданың дамуы алтын және күміс аұқшаға деген сұранысты өсірді. 16 ғ отарлардан Батыс Еуропаға құнды медалдар молдап әкелінгені белгілі.Осының дәлелі,1500-1650ж аралығында Жаңа әлемнен еуропалық жетекші аймаққа 136мың тонна күміс және 181мың тонна алтын әкелінеді. Оның нәтижесінде ақшаның құнсыздануы пайда болады. Баға 4-7 есеге өсіп,адамдар өмірінің салты бұрын болып көрмеген бағыттарға өзгеріп жатты. Баға революциясы деп аталған бұл құбылыс барысында алғашқы отар империялары Испания мен Португалия қтылған болса, Голланди,Англия,Франция және кейбір неміс княздіктері байып,құдіреттілікке иеленді. 1

16-17ғ Васко да Гамма,Христофор Колумб ашқан жолдармен жүз,мыңдаған кемелер алыс жолдарға сапар шекті. Алғашқы монополиялардың қалыптасуымен алғашқы алыс қашықтықтарға сауда жасау үшін саудагерлерге тиімді банк жүйесі қалыптаса бастайды. Бирдалардың да рөлі артты. Монархияның Экономикаға белсене араласуына да негіз болған осындай жәйттер еуропалық батсы экономикасының келешектегі капитал күшінің қарқынды қоғамдық қатынас құралына айналуын ықпал еткен болатын.

43. Классикалық либерализм, оның сипаты. Экономикалық және саяси либерализмнің мәнін ашыңыз. си бостандықты бекітеді, мемлекеттің билігімен жүзеге асады, заңныКлассикалық либерализм-саяси идеология,либерализмнің тармағы,азаматтық құқық пен саяси бостандықты бекітеді, мемлекеттің билігімен жүзеге асады, заңның шегінен шықпайды. Классикалық либерализм-экономикалық бостандықтың керектігін көрсетеді.

Классикалық либерализм 19ғ Европаы мен АҚШ-та қалыптасты. 18ғ идеялардан құрылған, бірақ жаңа қоғам түріне бағдарланған, билік және қоғам қатынастарда. Олар индустриалды урбанизация мен революция жағдайларында пайда болған. Классикалық либерализм идеясына үлес қосқан адамдар-Джон Локк, Жан-Батист Сэй, Томас Мальтус, Давид Рикардо. Олардың идеясы Адам Смиттің экономика идеясын, табиғи құқықтың сенімділігін, улитаризмді және прогресті өздеріне тартқан.

20ғ классикалық либерализмге қызығушылық жаңарды,оған үлес қосқан Фридрих Хайек пен Милтон Смит экономистері. Оның жаңа дәстүр дамуын «нео-классикалық либерализм» деп атайды. Ол мемелекеттік басқарудың керектілігінің шектеулігін тұжы рымдайды.

Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялық шараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды. Жаһандану жағдайында бәсекелестік және күш қолданбау бірдейлендіру мен дамудың кедейленуіне, алуан түрлілікті басып-жаншуға қарсы тұрады. Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді.

44. Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетге әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады. Оның алғышарты ежелгі дүниеден бастау алады. Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пай¬да болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылы неоконсерватизм ағымы нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Оның жақтастары - АҚШ-та Рональд Рейган және Джорж Буш, Ұлыбританияда Маргарет Тэтчер, Германияда Ф.И.Штраус, Гелмут Коль, JI. Шпет. Жаңа консерваторлар 1980-ші жылдары жетекші Батыс елдерінде елеулі экономикалық дамуға қол жеткізді. Неоконсерваторлар заңның орындалуын және азаматтар құқының қорғалуын қатаң қадағалайтын күшті мем¬лекет үшін, әлеуметтік теңсіздік қағидатынан еркіндік принципінің үстем тұруы үшін, табиғи әлеуметтік иерар¬хия арқылы және әркімнің қоғам алдын- дағы, өзінің алдындағы өз міндетін саналы түрде орындауынан орнығатын қоғамдық тәртіп үшін күреседі. Неоконсерватизмнің қазіргі түрлері жаһанданудың шынайы саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени процестерін ұлттық идеологиялар түрінде көрсетеді. Жаһандану үрдістеріне байланысты өзгерістерге консервативті реакция әртүрлі болуы мүмкін. Ол қазіргі қоғам үлгілерін барлық халықтар мен уақытқа әділетті деп қарайтын көзқарасқа сүйенетін ашық оппозиция. Дәс¬түрлі қоғамдық құрылымды қалпына келтіруге шақыру. Консерваторлардың "европеизация", "атлантизация", "евро-азиатизация" және басқаларды қатаң сынға алуы осыған байланысты. Консерватизм ұлтшылдыққа да қатысты. Неоконсерватизмнің көптеген өкілдерінің пікірінше, өркениетгі елдер идеологиясы неоконсерватизм болатын "постлиберализм дәуіріне" өтті.

45.Жаңа заман кезеңіндегі Еуропа өнерінің дамуын сипаттаңыз.

Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.

XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.

Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дөуірде элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.

46.Живопись:стильдерінің қалыптасу кезеңдері және дамуын көрсетіңіз.

18ғ 2 жартысында Живопись Барокконың пәрменді ықпалында болды. Бірақ өзінің ұлы шеберлерінің даңқын шығарған бұл мектеп, құлдырай бастады. Барокко стилі берік позициясын ұстанған жерлерде өз ықпалын жоғалта бастағанда,өнерің әсемдігі дағдарысқа ұшырайды Италиядағы сияқты. 18ғ Италия өнері үшін салыстырмалы қарапайым жетістіктердің кезеңі болды. Көркемөнерінің орталығы Римге көшеді. Ал Венециандық жипописьта жаңа рококо стилі белең алады.Өте зәулімдік барокко стилімен салыстырғанда шеберлер рококо стиліне,яғни емін-еркіндікке, жеңілдікке, ауаға тартылды.Рококоның таңдамалы жұмыстарындағы бояудың жіңішкелігі ойым реңкін және суретшінің мұңын көрсетеді.

Рококо стилінің ұлы суретшісі Антуан Ватто болды(1684-1721жж).18ғ рококо стилі Францияда кескін бағытындағы жүргізуші орын алды. Никола Пуссен(1594-1665жж) классицизмнің ізбасары, революция жылдарында қалыптасты, батырлық және монументалдықты көрсетеді.Мифологиялық және антикалық сюжетте кеңінен қолданылады. Бұл тенденцияны кеңінен қолданған Жак Луи Давид(1748-1825жж) тарихи тақта төсемдердің және атақты сурет «Смерть М» авторы. Жан-Батист Шарден(1699-1779жж) өмірдің айқын көрінісіне бет бұрған шебер.18ғ Фламандық және Нидерландық өнер Рубенстің және Рембрандтың өнерінен артта қалады. Ұзақ уақыт бойы испан өнерінде дағдарыс болды, бірақ шетелде 18-19ғғ Франсиско Гойо(1746-1828жж) атақты болады. Ол трагик суретшіс і. Оның танымал жұмысы-«Расстрел», «Капричос», «Тавромахия», «Диспаратес», «Безумства».

18ғ Англия үшін живописьтің жемісті ғасыры болды. Уильям Хогард сатирикалық бағытта сурет салған. Реализмге жақын болған. Ағылшындық портрет живописі белсенді дамыды. Ұлы шебері-Джошуа Рейнольдс.18ғ Европадағы ең керемет живописьтің ғасыры деп айту дұрыс емес.

19ғ Живописьта классицизм негізінде Романтикалық тенденцияның тақырыбын қоса бастайды.Француз живописінде Теодор Жерико үлкен үлесті романтикалық кезеңде қосты, осы кезеңде Байрон поэзиясынан алынған сюжеттерге тақта төсіміне Эжен Делакруа революциялық реңкті де қоса білді. 1830ж ең танымал суреті-«Свобода, ведущая народ» .

Камиль Коро(1796-1875жж)пейзажда жаңа, реалисттік көрініс белең алады. Француздық және әлемдік өнерде реализмнің кескінделуі, социалды живопистің және графиканың өрлеуіне себепкер болды. Англияда Уйльям Блейктің живописінде және графикасында, Джон Констеблдің пейзажында, Уильям Тернердің картиналарында романтизм шектеулі көрініс берді. Еуропада 19-20ғ жаңа эстетикалық сұраныстар, жаңа ізденістер, жемісті өзгерістер көрініс береді.

47.Жаңа заман кезеңіндегі музыка өнерінің дамуы. Ағартушылық кезеңде музыка өнерінде терең өзгерістер болды. Виола орнын скрипка басады, клавесин-фортепиано. зайырлы және шіркеу өнерін арасындағы антогонизм үлкен өзгеріске ұшырайды.17ғ басында музыка жоғары классицизм ықпалында дамиды.Бұл Иоганн Себастьян Бахтың,Гендельдің, Гайднныңкезеңі (17-18ғғ).Бұл классикалық неміс музыкасының-алтын ғасыры.Ал В.А.Моцарттың өнері предромантикалық кезеңді ашты.

Итальяндық мектеппен байланысқан аспапты музыкадағы жаңа ізденімдер Антонио Вивальдимен байланысты (1678-1741).Ол соло аспаптық концерттің негізін қалаушысы,симфонизмнің жаңа бағдарына жол ашқан. Симфонизм-ң дамуына үлкен үлес қосқан келнсі вена мектебінің өкілдері-Гайдн және Моцарт.

Людвиг Ван Бетховен(1770-1827) классицистік және романтикалық эпохасындағы көрнекті қайраткер. Оның өнері музыканың барлық формасын және жанрын қамтиды. Оның қалдырған ең танымал 9 симфониясының әрқайсысы өзіндік әлемді көзге елестеткізеді.

Романтикалық бағыттың көрнекті өкілдері-Шуберт, Шуман, Берлиоз, Вагнер, Лист,Ф.Шопен.Романтизм музыкаға жоғары эмоционалдық мәнерлілік әкелді.Жаңа тенденциялар симфонизмге әсерін тигізді. Батрлық опера-сага жанры жарыққа шығады. Вагнердің «Кольцо нибелунга» қлттық қозғалыстың сипатын береді. Осындай тип Джузеппе Вердидің «Дон Карлос операсында көрініс» береді.

48.Жаңа заман кезеңіндегі әдебиеттің дамуы.

18ғ Европа әдебиетінің-Ағартушылық ғасыры.Фиолсофиялық,Этикалық, Эстетикалық жақтан ағартушылық мінездемесі жақтан бұл ғасыр ұлы жазушылар:Дефо,Свифт, Дидро,Руссо, Шиллермен және Гетемен тығыз байланысты.Ағартушылық сипат әдебиеттің әртүрлі лебіздерінде орын тапқан. Негізгі бағыт классицизмге берілді. Бірақ Реализм Ағартушылық идеясымен жиі білдірілген болған. 17ғ классицизмм Француз ағартушылығының негізг жанры болды. Оның эстетикалық жоспары Буалло поэмасында «Ақындық өнерде» құрылған. Көркем мүмкіншілігі Ұлы драматургтің өнерлерінде айқын көрініс тапқан-Корнель, Расин, Мольер. Классицизмнің эстетикалық негізінде өнерді жақсы жаққа бағыттау және адамның пейілін дұрыс жолға тәрбиелеу, тұлғаны асылдандыру жатқан. Көркем шығарманың ішінде әлемнің объективті куәгерлілігі болуы тиіс: бос қиял, фантазия, импровизация өнерде қолдану тыйым салды. Өнер қатаң заңға, антикалық тәжірибиеден алынуы тиіс болды.

Ағартушылық идеясының әсерінен классицизм өзгеріске ұшырайды.Жаңа көркем көрініс-ағартушылық реализм пайда болады. 18ғ ұлы ағартушы романист жазушылары-Дидро,Лессинг, Гетенің шығармаларында нақты тарихи уақиғаларға талпынысы көрініс тапқан. 18ғ реалистері буржуазиялық құрылымның қарапайым адамға кері әсер,яғни эгоист индивидқа айналуына себепкер болады. Даниэль Дэфоның(1660-1731ж) биографиялық –қызық оқиғалы романы және Джонатан Свифтің(1667-1745)ж роман-саяхаты шығармаларында ағартушылық бағыттың романға тәуелділігі көрініс тапқан.

18ғ 2-ші жартысында жаңа бағыт-сентиментализм құрылады. Бұл жанрда адамның сезімі 1-ші орында тұрады. Ұлы жазушы(1713-1768жж) Лоренс Стерннің Сентименталисттік шығармасында көркем дүние сезімінің көрінісі бейнеленбеген.

Стерн Ағартушылардың әс ерімен ойдың шексіз мүмкіндігін баяндаған. Ол романтиктердің тура ізбасары болып табылады,және философиялық проблематикалыарға көңілін бөлген. Шығармалыры-Тристам Шендидің өмірі мен көзқарасы. 18ғ Франция әдебиетінде классицизмнің орнын ағартушылық реализм басады. Көрнекті өкілі-Ален-Рене Лесаждың –Хромой бес, Сантильянадағы Жиль Блаздың өмірітоған даңқ әкеледі. Классицизмнің нормаларына қарсы болады.басқа өкілдері-Антуан-Франсуа ПРево(1697-1763ж) «Де Грие мен Манон Лесконың өмірі»,Шарль-Луи Монтескьенің «Персид хаттары» шығармалары адамдардың табиғи көңіл толқулары мен құмарлықтың бейнеленуімен ерекшелінді. Вольтер 1789 ж болған революцияның идеясында үлкен рөл алады.Диктатураға және тиранияға қарсы болды.Оған үлкен даңқ әкелген шығармалары-«Заира 1732», «Магомет 1741», «Генриадтар», «Кандид». Классицистік бағытты ұстанған.

Иоган Вольфгагн Гете (1749-1832жж)классицизмі тарихи және жаңа кезеңдегі проблемаларды қарастырған. Оған даңқ әкелген шығармалары-(Гец Фон Берлихинген) (1773) және (Жас Вертердің қинындығы)(1774ж).1808 ж оның ең қиын философиялық тұрғыда жазылған Фауст шығармасы.Онда Гете қайсар гумманизмін көрсетеді. Осы уақытты әдебиет сахнасында Романтизм билейді, тіпті Гетенің соңғы жылдарында.Англияға келетін болсақ романтизм ақың және суретші Уильям Блейдтің шығармаларында және Джеймс Макферсонның шығармасында(Осианның шығармасы)1765ж көрініс табады.

Романтизмнің нағыз туған жері Германия.Ол Француз революциясынан және наполеон соғыстарынан тарихи сабақ ретінде қалыптасты. 18ғ Романтиканың тірегі идеализм қалыптасады.Романтиктердің шығармасында шексіздікке деген ұмтылыс кқөрініс табады.

Критикалық реализмнің көсбасшысы және негізін салушы Чарльз Диккенс болды.Ұлы юморист әрі сатирик ол Қоғамдық критикалық романның шебері болған. «Пиквист клубының жойылу алдындағы хаты деген» шығармасы англия өмірінің күнделікті өмірі,қиындықтары айқын суреттелген,әсірі буржуазия қоғамының өмірін.Критикалық реализмнің дамуына үлкен үлесті Шарлотта мен Эмилия Бронте және Элизабет Гакселл қосқан.

Франциядағы Реализмнің дамуына үлкентүлес қосқан Гюстав Флобер.Оның шығармаларында скептизм және пессимизм «Бовари ханым», «Сезімдердің тәрбиесі», «ақиқаттың лексиконасы» деген шығармаларында көрініс береді.19ғ критикалық реализмнің реалистік бағытқа өтіуіне Флобердің рөлі үлкен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]