- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
Неміс буржуазиясы 1834 жылы Герман одағының (Австрияны қоспағанда) мемлекеттері арасындағы таможня шекараларын жойдыртты, ал бұл бір тұтас ішкі ұлттық рынок құруға жеткізді. Бірақ Германияның бытыраңқылығы, чиновниктердің, полицияның, соттардың қатал зорлық-зомбылығы, реакционерлердің ғылымға қарсы жүргізген күресі елдің дамуына қатты бөгет жасады.
Революция қарсаңында. Революция дауылының төніп келе жатқаны көптеген оқиғалардан айқын байқалғандығына қарамастан, Пруссиядағы король мен помещик-дворяндар өздерінің артықшылықтарынан айрылып қалғысы келмеді және ешқандай жеңілдік жасауды ойламады.
1845—1846 жылдары картоп ауруының салдарынан және егін шықпай қалғандықтан азық-түліктің бағасы көтерілді. Ашаршылықты пайдаланып, картоптың бағасын өте қымбаттатып жіберген саудагерлерді аш адамдар өзі жазалап отырды. Халық нан пісіретін наубайханаларға да басып кіріп, піскен нанды күшпен тартып алып отырды. Берлинде, Хемницада және басқа қалаларда дәл осылай болды.
1847 жылы өнеркәсіптік дағдарыс басталды. Фабрикалар жұмысын тоқтата бастады. Францияда революция басталды деген хабар Герман одағы мемлекеттерінде революция өртін тұтатқан ұшқын болды.
Пруссияда революцияның басталуы. 1848 жылғы наурызда Берлинде айбынды демонстрациялар болды. Тақтың мирасқоры принц Вильгельм жиналған халықты атқылау жөнінде бұйрық берді. Бұған жауап ретінде көшелерде баррикадалар толып кетті. Жауынгерлер баррикадаларда қатарынан он үш-он төрт сағат бас көтермей соғысты. Жұмысшылар алдыңғы сапта болды. Баррикадаларға қарсы 36 зеңбірегі бар 14 мың тұрақты әскердің солдаттары шығарылса да, бүкіл халық қолдаған жұмысшылардың қарсыласуын тойтара алмады.
1848—1849 жж. революцияның негізгі мақсаты: Германияда елді біріктіру, Германияның бытыраңқылығы оның дамуы үшін басты кедергі болды.
Король IV Фридрих Вильгельм «Сүйікті берлиндіктерге» деген үндеу таратты, онда ол күресті тоқтатуын өтінді және қан төгістің бәрі де екі солдаттың мылтығы «өзінен-өзі атылып кетуінен» болып отыр деп сендірмекші болды. Бірақ бұл жалған үндеу жұртқа әсер етпеді, ақырында король астанадан әскерді шығарып әкетуге мәжбүр болды. Баррикададағы ұрыстарда оққа ұшып өлгендерді король сарайының жанынан алып өткенде, бұл өлімнің айыпкері болған король, халықтың талап етуі бойынша, балконға шықты. Король сұры қашып, қорқып, қалшылдап, өзінің әскерлерінің қолынан қаза тапқан жұмысшылардың табыты алдында бас киімін алуға мәжбүр болды.
Берлинде 1848 жылғы наурыздағы ұрыстарда жұмысшылар мен қолөнершілер жеңіп шықты. Бірақ, ақпандағы Париж жұмысшылары сияқты, Берлинде бұлар да ұйымдаспағандықтан, жұмысшылардың жеңісін буржуазия пайдаланып кетті. Король мннистрлікті тағайындады, оны ірі фабриканттар басқарды және Ұлт жиналысының сайлау мерзімі белгіленді. Неміс буржуазиясы революция басталысымен-ақ помещиктер мен корольды қолдай бастады.
Буржуазиялық жаңа министрліктер ескі чиновниктердің бірін де орнынан алмады, ескі пруссиялық полиция мен армияға да тиіспеді, корольды қорғай бастады.
Берлин жұмысшылары жиналыста еңбек министрлігін ұйымдастыруды, оған жұмысшылардың өкілдерін қатыстыруды, сонымен бірге жалпыға бірдей тікелей сайлау негізінде парламент шақыруды талап етті. Буржуазия жұмысшылардың талабына күшпен жауап беруді көздеп, корольден әскерді Берлинге қайта әкелуді өтінді. Әскерлер лезде кейін қайтарылды. Немістің буржуазиялық қайраткерлері корольдық өкіметпен ымыраласып кетті.
Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған революциясы түрткі болды деп алдында айттық. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Король мен князьдар уақытты ұту үшін Майндағы Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай жиналысын шақыруға келісім берді.
1848 жылы мамырдада Берлинде ашылған пруссиялық Ұлттық жиналысқа бір жұмысшы және бір қолөнерші ғана қатысты. Депутаттардың басқасы буржуа мен помещиктер болды.
1848 жылдың көктемінде Пруссияның көп жерлерінде кеңінен етек алған шаруалар қозғалыстары басталды, бірақ пруссиялық жиналыс шаруалардың мойнындағы феодалдық міндеткерліктерді жою туралы жобаны қабылдамады, сөйтіп, олар осы арқылы шаруаларды өздерінен бездіріп алды. 1848 жылғы ноябрьде Пруссия королы Пруссияның Ұлттық жиналысын таратып жіберді. Халықты қарсылық көрсетуге шақыруға батылы жетпеген депутаттар бас иіп, жай-жайына тарап кетті.
Маркс пен Энгельс Германияда. Германияны қайта біріктіру мәселесі және революцияның басқа да мәселелері жөнінде Маркс пен Энгельс үнемі нағыз дәйекті революцияшыл позицияда болды. Олар Германияға 1848 жылғы сәуірде келіп, алдыңғы қатарлы өнеркәсіпті Рейн облысына орналастырған еді. 1848 жылғы маусымдаде Кёльнде «Жаңа Рейн газеті» шыға бастады. Ол Маркстің басшылығымен Германияның нағыз революцияшыл күштерін топтастырған орталық болды.
Маркс және оны жақтаушылар феодалдық неміс үкіметтерін құлатуды, сөйтіп, барлық герман мемлекеттерін бір тұтас демократиялық республика құруды негізгі міндет етіп қойды. Маркс пен Энгельс демократиялық республиканы социализм жолындағы күрестің сатысы ретінде қарады. Жұмысшылар қозғалысының өз ішінде Маркс пен Энгельс революциялық күрестен бас тартушыларға қарсы күрес жүргізді. Маркс пен Энгельс Германияда жұмысшы табының бір өзі, одақтассыз-ақ — шаруаларсыз және буржуазияның революцияшыл бөлігінсіз-ақ өкімет билігі үшін күресе алады деп ойлаушыларды да қатты сынады. Маркс Кёльнде «Жұмысшылар қоғамының» көпшілігін өзінің соңына ерте білді, содан кейін Маркс сол қоғамның председателі болды.
1849 жылы жалпы германиялық конституцияны жүзеге асыру мақсатымен Саксонияда және Рейн облысында халық көтерілісі басталды. Бұл конституция Германияны біріктіруге, республикаға бір қадам жақындай түсуге жағдай туғызатын еді. Бірақ Пруссиядан әскерлер баса-көктеп кіріп, бұл көтерілісті басып тастады. Конституцияны жүзеге асыру үшін шайқасқан революциялық әскердің қатарында Энгельс те болды.
Рейн провинциясындағы көтерілісті басып тастағаннан кейін Пруссия үкіметі 1849 жылғы мамырда «Жаңа Рейн газетінің» бұдан былай шығуына ешқандай мүмкіндік бермеді.
Германия революциясының жеңілу себептері. Германиядағы халық көтерілісі күшпен басылды, революция жеңілді. Германиядағы революцияның жеңілуінің басты себебі неміс буржуазиясының халыққа опасыздық жасағандығы болды. Ірі буржуазия, ұсақ буржуазияның көпшілігі де табансыздық көрсетті, революцияға опасыздық жасады. Немістің помещиктері мен феодалдық династияларына қарсы күрескен халық бұқарасының күресін басқару үшін, пролетариат әлі де болса өте әлсіз екенін көрсетті.
Германиядағы 1848 жылғы аяқталмаған революцияда басты роль атқарған буржуазия емес, халық бұқарасы болды, бірақ олар жеткілікті түрде ұйымдаспаған еді. Германияның пролетариаты мен шаруалары феодалдық үкіметтерді құлатып, демократиялық республика орната алмады. Помещиктер мен феодалдық династиялар буржуазияның опасыздығы мен пролетариаттың өсіп жетілмеуінің салдарынан өкімет басында қалды. Германиядағы 1848 жылғы революцияның тәжірибесі буржуазиялық революцияның басында әрқашан да буржуазия бола бермейтінін, немістің буржуазиялық революциясы егер жұмысшы табы есейіп, революциялық күштерді басқара алатын дәрежеге жеткенде ғана жеңе алатынын көрсетті.
