Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары

XVIII ғасырдың 80-жылдарында феодалдық-абсолюттік құрылымның дағдарысы терең көрініс табады. 1787-1789 жылдардағы орын алған сауда-өнеркәсіп дағдарысы 1786 жылғы француз рыногына ағылшындардың арзан бұйым тауарларын әкелуге жол берген келісімнің жасалуынан туындаған болатын. Өнеркәсіп тоқырауы мен құлдырауы, жаппай жұмыссыздық елде кең етек алды. Сонымен қатар, 1788 жылғы төтенше орын алған қатаң қыс салдарынан туындаған астықтың нашар шығуы, азық-түлік тапшылығын тудырып, аштыққа алып келді.

Елдегі жетекшілік етер топтың дағдарыстан шығар жолы байқалмаған тұста, мемлекеттік қарыз 1789 жылға дейінгі 14 жылдың ішінде 1,5 миллиардқа ұласып, 3 есеге көбейді. Монархия осылайша қаржылық тоқырау жағдайына жетеді. 1787 жылы артықшылықтарға ие дін иелері мен дворяндардан тұратын сословие өкілдерінен қолдау алу мақсатында монархия «нотаблей» деп аталған, осы сословиенің белді адамдарынан шақырылған жиналыс жасайды. Алайда, монархияның барлық сословие өкілдеріне ортақ салық заңдарын мақұлдатуға арналған король әрекеттерімен шақырылғандар келіспей, өздерінің мүдделеріне сай король билігін шектеу мақсатында Бас штаттарды шақыртуды талап ете бастайды. Ұзақ уақыт шақырылмаған Бас штаттарды шақыру ұраны, қаржыгер, саудагер, жер иелері мен зиялылардан тұратын үшінші сословие өкілдерінен кең қолдау тауып, оларға өздерінің бағдарламасын даярлау мүмкіндігін тездетеді. 1789 жылдың көктеміне шақырылуы белгіленген Бас штаттар жиналысы қарсаңында француз қалалары мен елді мекендерінде саяси талаптарға толы қызу тартыстар орын алып жатты. Тіпті «конституция» сөзі де айналысқа ене бастайды. XVI Людовик (1774-1792) елдегі жағдайға сай реформалар мен салықтарға байланысты көптеген жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды. Қаржы, өнеркәсіп және сауда салаларының бас бақылаушысы қызметіне самарқау реформашылдықтың жақтаушысы, белгілі швейцариялық банк иегері Неккер шақырылады.

Үшінші сословие өкілдері сайлаушыларының санымен көп дауысқа ие болып, депутаттарын екі есеге молайтқан еді.

1788 жылдың көктемінен басталған қуатты халық қозғалысы нан бүлігі, сеньорлар жерін басып алу, салықтық бақылауды жою, баспаханаларды цензурадан босату секілді талаптардан туындап жатты. Ең ірі қозғалыс Париждегі бай түсқағаз өндірісінің иесі Ревельеннің жұмысшылардың жалақы мөлшерін төмендетуіне наразылықтан туындайды.

27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.

1789 жылы 17 маусымдағы Бас штаттар отырысында 3-сословие өкілдері өздерін бүкіл ұлттың атынан сөйлейтін «Ұлттық Жиналыс» деп жариялайды. 27 маусымда король өзге де сословиелердің Ұлттық жиналысқа қосылуына рұқсат беруге мәжбүр болады. 9 шілдеде үш сословие өкілдерінен тұратын Ұлттық жиналыс өзін Құрылтайшы деп жариялайды.

Бастилияны алғаннан кейін (14 шілде) саяси билік үшінші сословие өкілдерінің қолына өтіп, елде Құрылтай жиналысының құзырындағы үкімет орнайды. Халықтық қозғалыстан жасқанатын Құрылтай жиналысы 1789 жылдың тамызында маңызды екі заң актісін қабылдайды. 4 және 11 тамызда қабылданған бұл заң актілерінің бірнеше декреттерге арқау болған негізгі мазмұны феодалдық құқықтарды, шіркеу десятинасын, сословиелік артықшылықтарды жою және заң алдында барлығының тең болуына сай жасалған еді.

1789 жылдың 26 тамызында Жиналыс үлкен революциялық мәні бар құжат «Адам және азамат құқығының декларациясын» қабылдайды. Оның мазмұны ағартушылық идеяларға негізделген халықтық егеменділік, барлығының заң алдында тең болуы, адамның мәжбүрлеуге қарсылық және қорғаныс құқығы, ар-ұждан, баспасөз, сөз бостандығы мәселелерін сипаттады. Оның құрылымына 1776 жылы 4 шілдеде қабылданған АҚШ тәуелсіздік декларациясы саяси әсер еткен. «Декларацияның» соңғы 17-бабында жеке меншіктің «қасиетті және ешкімнің қол сұқпайтындық» құқығы жарияланады.

1791 жылы қыркүйек айында Құрылтай жиналысы өз Конституциясын жариялайды. Конституция француз отарларына қатысты болмады және отарлардағы құлдық жойылмады. Конституция негізінде Францияда Конституциялық монархия орнайды. Заң шығаратын билігі бір палаталық Заң шығарушы жиналысының, ал атқарушы билік мұрагер монарх және ол тағайындайтын министрлер құзырында болды. Король өзіне берілген «ұстап тұру вето» құқығына сәйкес, Жиналыс мақұлдаған заңдарды уақытша кері қайыру еркін иеленді. Франция жергілікті жерлердегі билігі сайланбалы кеңес және директория арқылы жүзеге асатын 83 департаментке бөлінді. Құрылтай жиналысы әзірлеген Конституция мүлік иелерінің саяси және әлеуметтік құқықтарын заңды түрде рәсімдеп берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]