Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы

Француз революциясы, Ұлы француз революциясы, Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдары Франциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 — 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден — Құрылтай жиналысы деп жариялады. Өкіметтің бұл жиналысты қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегі Бастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған “Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан” көрініс тапты. Онда ұлт жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды.. Сөйтіп, феодалдық артықшылықтар мен үстемдіктерге соққы берілді.

Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. Ол Париж коммунасы деп аталды. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. 1792 ж. 22 қыркүйекте Франция республика (бірінші республика) деп жарияланды. 1793 ж. 31 мамыр — 2 маусым аралығындағы халық көтерілісі нәтижесінде якобиншілер диктатурасы орнады. Бұл Француз революциясының соңғы, үшінші кезеңі (1793 ж. 2 маусым — 1794 ж. 27/28 шілде) болды. Тез әрі оңай жолмен “тартып алып, бөліп беруге” бейімделген диктатура халықты өндірісті ұйымдастыруға, жаңа құндылықтар жасауға жұмылдыра алмай, экон. процестердің дамуына кедергі келтіргендіктен құлады. Дегенмен, Француз революциясы Францияда капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты

Француз революциясы сенньориалды құрылысты, сословиелік және корпоративті артықшылықтарды жойды. Революция халықтың санасына үлкен із қалдырды. Жаңа саяси және азаматтық құндылықтар ескі діні және монархиялық құндылықтарды ығыстырды. Революция Франциядағы «ескі» мен «жаңа тәртіптің» арасын ажыратып қана қоймай, сонымен бірге олардың арасындағы өзара сабақтастықты да реттеп берді. Ол, әсіресе 16-17 ғасырлардағы француз монархтарына арман болған мемлекеттің әкімшілік орталықтауын революциялық үкіметтердің жүзеге асыруы болатын. 1794-1795 жылдардағы республика әскерінің табысының арқасында Франция шығыста Рейн өзені бойынан, өзінің «табиғи шекараларын» қалпына келтірді де, осылайша Еуропадағы билік етудің шешуші қадамына жол бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]