Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISEA_1-60.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
724.48 Кб
Скачать

23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі

Дени Дидро (фр. Denis Diderot) (1713-1784)- француз философы, ағартушы, жазушы, өнер сыншысы, энциклопедияның редакторы және ұйымдастырушысы.

Дени Дидро XVIII ғасырдағы француз ағартушы-материалисті. ''Ғылымдар, өнер және қолөнер энциклопедиясы'' авторы. Бұл еңбек французбуржуазиялық төңкерісінің идеологиялық дайындығына ықпал еткен. Дидро тәрбиеге көзкарасы «Гельвецияның «Адам» кітабын жүйелі түрде жоққа шығару» атты еңбегінде баяндалған. Дени тұжырымы бойынша адамның өзін сүюі жақсы қасиет. Ол Гельвеций түжырымы бойынша, адамның өзін сүюі эгоизмнің бастауы деген шкфге қарсы тұрады. Дидроның ірі шығармалары: "Философиялық ойлар , Аллея немесе Скептиктің серуені" (1747), "Көзі көретіндерге сабық үшін соқырлар туралы хат" (1749), "Табиғатты тану турал ойлар", "Даламбердің Дидромен әңгімесі", "Даламбердің түсі", "Монахиня", "Рамоның жиені", "Жак-фаталист және оның қожайыны" және т.б. Француз ағартушысы, жазушы, мәдениет қайраткері, энциклопедияшыфилософ. Қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Жергілікті иезуиттер колледжінде білім алған, сосын Париждегі колледжді бітіріп шыққан. 1732 жылы өнер магистрі атағын алған. Оншақты жыл бойы жеке үйлерде сабақ беріп, кеңсе қызметіне көмектесіп, жұпыны ғана өмір сүрген. 1751 жылдан 1780 жылға дейін Францияда «Энциклопедияның немесе ғылымдардың, өнердің және қолөнердің Түсіндірме сөздігінің» 35 томдығы шығып тұрды. Дени Дидро француз Ағартушылығының және бүкіл Еуропа мәдениетінің дамуында орасан зор рөл атқарған «Энциклопедияның» Бас редакторы (1758 жылға дейін Д. Аламбермен бірге) болды. Дидроның қоғамдық саяси және әдеби қызметі 18 ғасырдың аяғындағы Ұлы француз революциясын рухани дайындауға үлкен ықпал етті, бірақ өзі соның аз ақ алдында қайтыс болды. Өзінің саяси көзқарастары жағынан ол феодалдық деспотиялық құрылысқа түбегейлі қарсы болды, амтериалістік және атеистік бағыт ұстады, сол үшін үкімет пен католиктік Шіркеу тарапынан ұдайы қуғынға түсіп отырды. Дидроның ғылыми, әдеби және қоғ саяси қызметі дүние жүзінде кеңінен танымал.

Энциклопедистер – Дени Дидро мен Жан Д'Аламбер ұсынысы бойынша 1751-1780жж Францияда жасалған анықтамалықтың («Энциклопедия, немесе ғылымдар, өнер мен кәсіптердің түсіндірме сөздігі») құрастырушы авторларының тобы. Олардың қатарына Ж.Бюффон, Вольтер, К.Гельвеций, П.Гольбах, Л. Де Жокур, Э. Кондильяк, Г.Рейналь, Ж.Ж.Руссо, Анн Робер Жак Тюрго және тағы басқа инженер, ғалым, жазушылар кірген. Олардың арасында материалистер, атеисттер, деистер, республикандықтар мен ағартушы абсолютизм жақтаушылары да болған. Алайда олардың мақсаттары ортақ болды – консервативтік идеологиядан өту, клерикализм ықпалымен күресу. Энциклопедистер шіркеу мен жоғары билік өкілдері тарапынан көп сыналды.

Бұндай жалпы бағыттағы көзқарастардың баспаға шығуы Ұлы француз революциясының идеялық дайындығына түрткі болды, ғылыми көзқарастардың қайта қалыптасуы себептерінің бірі болды.

24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы

Ағартушылық — қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында Вольтер, Руссо, Монтескье, Гёрдер, Лессинг, Шиллер, Гёте, Десницкий, Козельский т.б. болды. Олар өз уағыздарын қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластик ой ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырда әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.

XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағытгар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін ездерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіші Англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.

Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Дегенмен Францияда да ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен бастап, ашық революциялық қимылдарға дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылардың аға буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия- ландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро, К. Гельвеций, П. Гольбах басқа пікірде болған болатын. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.

Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақталып қалды. Ағартушылық идеялары Батыс Еуропаның университеттерінің өміріндегі белсенділіктің артуына, неміс мәдениетінің жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]