
- •2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
- •3. Испания мен Аншлияның отарлық бақталастығын көрсетіңіз.
- •4.XVII-XVIII ғғ. Еуропаның саяси картасын мемлекеттердің мығымдылығы ретімен бейнелеңіз.
- •6. Пуританизм, оның мәні және бағыттарының талдауын беріңіз.
- •7. Парламенттегі пресветериандардың үстемдігін көрсетіңіз.
- •8. Индепенденттік республиканың ішкі және сыртқы саясатының талдауы.
- •9. Левеллерлер мен диггерлердің бағдарламалық жарғылары және әлеуметтік тірегінің салыстырмалы талдауын беріңіз.
- •10. О.Кромвель протектораты және Реставрацияның себептерін айқындаңыз.
- •11.Бірінші Американ революциясы және оның маңызының талдауы.
- •12.Солтүстік Американы ағылшын отарлауының кезеңдерін айқындаңыз.
- •14.Солтүстік Америка құрылығындағы Франция, Нидерланды және Испанияның отарлық саясаты, оның сәтсіздіктерінің себептерін айқындаңыз.
- •15. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы
- •21. Монтескьенің саяси және құқықтық көзқарастарының талдауын беріңіз.
- •23. Дени Дидро және энциклопедистерлің рөлі
- •24. Революцияны идеялық дайындаудағы француз ағартушылығының маңызы
- •25. Француз буржуазиялық революциясы және оның маңызы
- •26. Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары
- •27. Құрылтай және Заң шығару Жиналыстарының заңдарының талдауы.
- •28. Монархияны құлату. Тау мен Жиронданың күресі.
- •29. Якобиндердің әлеуметтік-экономикалық саясаты.
- •30. Якобиндер арасындағы ағымдардың күресі.
- •31. Еуропада XIX ғ. Ғ. 30-40 жыллдардағы революциялық қозғалыстарды талдау
- •34. 1830Ж. Бельгиядағы революция. 1847 ж. Швейцариядағы азамат соғысы
- •1848-1849 Жж. Еуропадағы революциялардың (басталуы, барысы, нәтижесі, ерекшелігі) талдауын беріңіз
- •38. Франциядағы революцияның ерекшелігі
- •39. 1848-1849 Жылғы Германиядағы революция
- •40. Австрия империясындағы революция
- •49. Хіх ғ. Екінші жартысы – хх ғ. Басындағы батыс қоғамының модернизациясы.
- •50. Модернизация ұғымы және оның тарихи кезеңдері.
- •52. Әлеуметтік модернизация және индустриалдық қоғамның қалыптасуын негіздеңіз.
- •53. Батыстың саяси дамуының үлгісі және демократияның қазіргі типінің қалыптасуын баяндаңыз.
- •54. Қазіргі саяси институттардың – парламентаризм, өкілдік және партиялық жүйелердің қалыптасуын көрсетіңіз.
- •55. Негізгі саяси ағымдар: консерватизм, либерализм және социализм, олардың бағдарламалары және XIX ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы дамуының салыстырмалы талдауы.
- •57. Халықаралық жұмысшы қозғалысы. I Интернационал құрылуын баяндаңыз.
- •58. Индустриалдық қоғамның қалыптасуы. XIX-XX ғғ. Тоғысында жұмысшы табының жағдайы және құрамының өзгеруін көрсетіңіз.
- •59. Батыста жаппай жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және оның түрлері. II Интернационалдың пайда болуы, оның ұйымдастырушылық құрылысы және идеялық-саяси платформасының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •60. II Интернационал және бірінші дүниежүзілік соғыс.
Жаңа заман кезеңіндегі Еуропа және Америка елдерінің тарихы және дипломатиясы (1640-1918) пәнінен емтиханға дайындық
XVI-XVII ғғ. Географилық ашулардың маңызы және оның еуропалық отарлаудың кеңеюіндегі орнын көрсетіңіз.
XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдық құрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды.
Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Еуропа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.
Ұлы географиялық ашулар кезеңіне қарағанда XVII ғасырда жер шарының географиялық зерттелуі мүлде өзгеше еді. Ұлы географиялық ашулар кезінде мұхиттар мен теңіздер , материктер мен көптеген аралдар ашылды. Бірақ олар әлі түбегейлі зерттелмеген еді. Сондықтан , XVII ғасырдың негізгі географиялық зерттеулері бұрынғы ашылған құрлықты , теңіздерді толық білуге бейімделді. Сонымен қатар бұл ғасырдың өзінде де географиялық зерттеулердің ғылыми тәсілдері әлі де анықталмағанеді. Тек қана XVIII ғасырда анықталып іске аса бастады. Саяхатшылар мен ғалымдардың географиялық зерттеулер кезіндегі жазулары , күнделіктері кейінгі ғасырларға едәуір әсер етті.
XVI - ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырда географиялық ашылымдар ашуда ағылшындар мен голландықтар барған сайын үлкен роль атқара бастады. Өте маңызды ашылымдарды орыс теңізшілері мен “құрлықтағы жиханкездері” де жасады. Ең маңызды жаңалық Австралияны ашу болды. XVI ғасырдың географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты “теңестіріп тұру” үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен континент болуға тиіс деп жорамалдады. Бұл континентті тіпті XVI ғасырдың бірінші жартысындағы испан және португал карталарының бетінде таңғажайып сипатта бейнелеп көрсетті.
2. Ерте отарлаудың мақсаттары, түрлері, әдістерін сипаттаңыз және отарлық экспансияның Еуропаның жетекші елдерінің дамуына әсерін негіздіңіз.
Отарлау - 1) "ішкі", өз елінің шет және елсіз аймақтарын игеріп, қоныстану; 2) "сыртқы" - өз елінен өзге жерлерде тұрақтар салуы, өзге аумақтарды басып алу. (Джеймстаун) Вирджинияда 1602 ж. ағылшындар алғашқы тұрақты сыртқы отардың негізін қалады. Ал, 1608 ж. француз С.Шамплейн Канаданы (Жаңа Франция) француздық отарлаудың орталығы болған Квебектің негізін қалады. 1619 ж. ағылшындар Вирджинияға алғашқы 20 негр-құлдарды әкелді, бұл Солтүстік Америкада ағылшын отарларының құлиеленуіне жол салды. Жаңа аумақтарды игерудегі аса маңызды кезең 1620 жылғы "Мэйфлауэр" кемесімен жүзіп келген 41 отбасыдан тұратын ағылшын қоныс аударушылары Жаңа Англияда - Плимут (Массачусетс) алғашқы ірі және жақсы ұйымдасқан еуропалықтар тұрағының негізін қалады. Кемеде олар заң алдында барлығының теңдігін, әркімнің қауымдастыққа ерікті түрде бағынуына болатын болашақ отардың жарғысын қабылдап қойды. Ағылшындардан голландықтар да қалыспады, олар1621 ж. Амстердамда Америкамен сауда жасасу үшін Ост- Үнді компаниясын қалыптастырды, ол кейіннен Манхеттен аралын сатып алып, 1626 ж. онда Жаңа Амстердам өз отарының негізін қалады, бұл тек бәсекелестер арасындағы ширығушылықты күшейте түсті. Ост-Үнді компаниясын құрғаннан кейін Голландия португалдықтармен және испандықтармен белсенді түрде бақталасып, оларды бұған дейін басып алған аумақтарынан тықсыра бастады. 1648 ж. Вестфаль келісімі бойынша бүған дейін Испания мен Португалия арасындағы әлемдік үстемдікті бөлісіп тұрған демаркациялық торап, енді Испания мен Голландия арасында жүргізілді. Кейіннен XVII ғ. екінші жартысында үш ағылшын-голландтық теңіз соғыстарында голландтықтар өз үстемдігін ағылшындардың пайдасына жіберіп алды, олар 1651 ж. транзит саудаға голландтықтардың монополиясына қарсы бағытталған Навигациялық акт қабылдады. 1652-1654 жж. сауда және теңіз бәсекелестігінен туындаған Англиямен Біреккен провинциялар арасында алғашқы ағылшын-голландтық соғыс болды. Отарлаушы елдер арасындағы қарсылық үдей түсті, 1654 ж. португалдық отаршылар голландтықтарды Бразилиядан қуып шықты, ал голландтықтар 1658 ж. аралды өзінің экономикалы отарына айналдырып, португалдықтарды Цейлоннан (Шри-Ланка) тықсырды. 1667 ж. олар ағылшындардан Гвиананы да тартып алды, кейіннен 1677 ж. оны Францияға ұтылып, есесін жіберіп алды, оған қосымша олар голландықтардан тағы Горе аралын (Сенегал) тартып алды. Отаршылық соғыстарда француздардың жеңістеріне олардың 1664 ж. Ост-Инд компаниясын құруы септігін тигізді. Жаңа дүниені игеруде жеңіске жетудің қайшыласқан бәсекелестігінде маңызды қадамын ағылшындар 1670 ж. Лондонда Америкамен қарым-қатынасты дамыту мақсатында, компания құрумен жалғастырды. 1690 ж.солтүстік америкалық құрлықта француздар мен ағылшындар арасындағы Акадия мен Жаңа Жерлерді иемдену жолында қақтығыс өршіп кетті, бұл ақыр соңында Солтүстік Америкада, Куба мен Гаитидегі Англия, Франция және Испания арасында аумақ бөлісіне әкеп соқтырды. XVIII ғ. Англия Индостан жарты аралынан француз және голланд бәсекелестерін тықсырып, бүкіл жарты аралдың билеушісіне айналды. Оның Солтүстік Америкадағы, Кариб бассейніндегі және Джеймс Куктың (1768- 1779) экспедициясынан кейін Австралияны отарлауы Англияны адамзат тарихындағы аса ірі отарлы державаға айналдырды.
Отарлау саясаты - [лат. colonia - қоныстану] - жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласы Антверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХӀХ-ХХ ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты. Негізгі отарлаушы елдер Ұлыбритания, Испания, Франция,Ресей, Германия, АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды.
Бұл елдердің жиынтық отарлық иеліктері XX ғ. басында Жердің жартысынан көп бөлігіне (72 млн. ш. шақырым), планета халқының үштен бір бөлігіне (560 млн. адам) жүргізілді. Ұлыбритания әлемнің аса ірі отарлық державасы бола тұра, Үндістанға, Африкаға, Америкаға, Австралияға және Жаңа Зеландияға үстемдік етті. АҚШ - Кариб бассейнінде,Тынық мұхитында, Орталық Америкада және Қиыр Шығыста билік құрды. Француз экспансиясы Африка мен Үндіқытайға жүрді; Германия Африкада отарларға ие болды; Жапония - Маньчжурияны, Кореяны, Қытайды және Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлады. Ресей Қиыр және Таяу Шығыста, Орталық Азияда өз ықпалын жүргізді. II дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдерде ұлт-азаттық қозғалыстардың өршуі нәтижесінде әлемдік отарлық жүйе қирады.