- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •2. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің заңдылықтары мен принциптері.
- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің әдіс-тәсілдері.
- •2. Тыңдалған мәтінді әңгімелеу және оны талдау жолдары.
- •Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- •Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
- •Ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
- •2. Пунктуациялық ережелерді оқыту.
- •Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
- •Сауат ашу сабақтарының түрлері.
- •Грамматикалық жаттығулар, түрлері және оларға қойылатын талаптар.
- •2. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, принциптері.
- •1. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері.
- •2. Сауаттылыққа үйрету сабақтарының түрлері.
- •1. Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.
- •2. Балалардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
- •1. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар.
- •2. Сауат ашу сабақтарының түрлері.
- •Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі.
- •Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары.
- •Баламен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарының түрлері
- •2. Балаларды сауаттылыққа үйретуде қолданылатын ойындар.
- •1. Сауаттылыққа үйрету сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар.
- •Балаларға қазақ тілі грамматикасын оқыту жолдары.
- •1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.
- •2. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
- •1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер
- •2. Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры.
- •2. Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.
- •1. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
- •2. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
- •1. Фонетиканы оқыту әдістемесі.
- •2. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
1. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар.
Көрнекілік баланың зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түсінеді, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді Көрнекілікті пайдалану арқылы балаларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі жеңіл қылып, бала қиялына әсер ете отырып, оның түсінігіне сай әр түрлі заттарды немесе плакаттарды қолданып, сабақты тиімді өткізуге болады. Көрнекілік балаға жан-жақты әсер етеді. Балалар бірінші тәрбиеші-мұғалімнен сабақты тыңдайды, екінші көрнекілік арқылы оны көз алдына елестетіп немесе нақытылы заттар арқылы көреді. Мектепалды даярлық тобындағы балалар, әсіресе көзбен көрген, қолмен ұстаған нәрселерін тез естеріне сақтайды. Сондықтан көрнекілікті пайдалану тәрбиеші-мұғалім үшін де, бала үшін де тиімді. Көрнекілік түрлерін төрт топқа топтастырады. Олар:
Нақты көрнекілік (затты немесе құбылысты тікелей көрсету)
Бейнелеу көрнекілігі (сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма т.б.)
Дыбыстық құралдар (магнитафон, компьютер, диафильмдер т.б.)
Көркем сөз арқылы бейнелеу (тәрбиеші-мұғалімнің балаларға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл түрде бейнелеп баяндауы)
Көрнекі құралдың түрлері әдіскерлік, педагогикалық тұрғыдан дұрыс жасалу үшін оған мынадай талаптар қойылады:
Көрнекі құралда берілген материалдыңмазмұны мектеп бағдарламасына сай негізделіп, сөйлемдері ұзақ, мәтіндері ауыр болмауы керек. Егер оқушылардың түсінуіне ауыр материалдар берілсе, оның көрнекілігі де шамалы болады.
Көрнекі құрал белгілі бір тілдік материалға арналып, соның негіізгі белгілерін дәл көрсететіндей болуы керек.
Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей анық болуы керек (плакат, кесте, фотосуреттер)
Материалдың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер) қызыл сиямен жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады.
Көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп бере беруге болмайды.
Ондағы берілген мәтіндер мен мысалдардың тәрбиелік маңызы күшті, тақырыптық ғылыми өзгешеліктеріне лайық болғаны дұрыс. Қайшы пікір туғызатын мысалдар берілмеуі керек.
Оқушыларға тартымды және көрнекті болуы үшін оны көлемі кішкентай қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1метр, көлденеңі 75 см болғаны дұрыс.
Осыған орай оқыту ісіне қойылатын талап-тілектің өсуі, оқушылардың көп нәрседен хабардар болуы мұғалімнің өзі оқытатын пәнін де, жалпы ғылым негіздерін терең білуін және сол мол білімді оқушыларға шебер жеткізуін талап етеді. Демек, мұндай шеберлік-оқыту тәсілдерін жетілдіру, техникалық құралдарды, программалап оқыту мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақты тиімді, ұдайы ізденуі арқылы ғана болмақ.
2. Сауат ашу сабақтарының түрлері.
Қолды жазуға дайындау.
Заттың сұлбасымен және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыс жолымен танысу. Дәптер парағының бетіне бағдар ұстауға жаттығу. Шағын заттарды шектеулі кеңістікте белгіленген нүктелер бойынша дөңгелеектеп қою. Заттарды сұлбасы бойынша үздіксіз жайымен дөңгелектеу. Затты оның сұлбасының ішінде штрихтеу және т.с.с.
Бастапқы жазуға үйрету.
Мазмұны мен міндеттері. Қазіргі «Жазу үлгілеріне сипаттама» Жазуға дағдыландыру этаптары. Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер. Графикалық жазудағы қателер, оларды жою жолдары. Жұмыстың түрлері: тақтадан, «Жазу үлгісінен», таблицадан, жазба мәтіндерден көшіру. Дыбыстық талдау. Дыбыстық талдау жасалған сөздерді айтқаннан жадына сақтап жазу. Жазатын сөздерді өзі іштен айтып жазу.
Әдебиеттік оқу әдістемесі
Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бала бақшаға арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Бағдарлама мен оқулықтарды жасау принциптері. Мазмұны мен тақырыптары. Әрбір топта берілетін білім, білік, дағды көлемі. Әдебиеттік оқуға қойылатын талаптар. Әдебиеттік оқу – балаларды адамгершілікке, еңбекке, эстетикаға тәрбиелеу құралы. Мәнерлеп сөйлеу құралдары. Бала бақшаларда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психология-педагогикалық негіздері. Балалардың көркем шығармаларды қабылдау ерекшеліктері. Көркем шығарманы талдау: тілдік талдау, байқау, жинақтауы, оқиғаның, әрекеттің дамуын талдау, көркем кейіпкерлерді талдау. Сөздік жұмысының орны, ерекшеліктері. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқудың әдістемелік ерекшеліктері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең т.б. Оқу сабақтарының типтері, құрылымы. Қорытынды сабақтарының ерекшеліктері. Сабақта кино, музыка, живопистерді пайдалану. Оқу сабақтарын интеграциялау. Тіл дамыту. Сыныптан тыс оқу. Әдебиеттік оқуда қолданылатын жаңа технологияларға сипаттама (дамыта оқыту, проблемалық оқыту және модульдік оқыту т.б.).
Бала бақшада қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ
Жазуға үйрету барысында қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар. Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру. Бақылау жұмыстары, оларды жүргізу әдістемесі. Баланың қазақ тілі бойынша даму деңгейіне қойылатын талаптар.
Тіл дамыту әдістемесі
Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Тіл дамыту – бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу – оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар. Сөйлеу – ойлауды дамыту құралы. Ойлауды дамыту – сөйлеу жағдайларының негізі. Тіл дамыту – тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Лексикология – сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі.
ІІ Тест:
1. Ана тілін оқыту жүйесіндегі Е.И. Тихеева жасаған теориялық негіз келесі жағдайдан тұрады: C) Тілдік даму ақыл-ой дамуымен бірге жүзеге асады
2. Е.И.Тихеева балабақшадағы балалардың тілін дамыту жұмысы бойынша негізгі міндеттерді анықтады: A) Балалардың сөйлеу аппаратын, яғни икемділігін, нақтылығын дамыту
3. Балалар сөйлеуін психологиялық-педагогикалық зерттеу бағыттары (Ф.А. Сохина жіктемесі бойынша): B) Құрылымдық
4. Балаларды ана тіліне үйрету мәселесін зерттеген Қазақстандық ғалым: D) Б. Баймұратова
5. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтары келесі дидактикалық талаптарға сай келуі қажет: D) Сабаққа алдын ала дайындалу
6. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтары келесі дидактикалық талаптарға сай келуі қажет: B) Сабақ нақты құрылымы
7. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі бойынша жіктелген оқыту әдістері: C) Көрнекі
8. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтарында қолданылатын сөздік әдістер: A) Көркем шығармаларды оқу және әңгімелеу
9. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтарында қолданылатын репродуктивті әдістер: B) Көркем әдебиеттерді оқу
10. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы әдістемеслік тәсілдер:
A) Әңгімелеу
ІІІ Талдау: Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес
Ержүрек
е- жіңішке,езулік,ашық
р-- үнді,тіл алды, діріл
ж-ұяң,тіл алды,ызың.
ү-жуан,еріндік,қысаң.
р-- үнді,тіл алды, діріл
е- жіңішке,езулік,ашық
к- қатаң,тіл ортасы,шұғыл
сардардың
с қатаң,тіл алды,ызың.
а- жуан, езулік, ашық
р- үнді,тіл алды, діріл
д- ұяң,тіл алды,шұғыл
а- жуан, езулік, ашық
р- үнді,тіл алды, діріл
д- ұяң,тіл алды,шұғыл.
ы-. жуан,езулік,қысаң
ң-- қатаң,тіл алды,ызың
батырлығын
б-
а- жуан, езулік, ашық
т- қатаң,тіл алды,шұғыл
ы- жуан,езулік,қысаң
р- үнді,тіл алды, діріл
л- үнді,тіл алды,ызың.
ы- жуан,езулік,қысаң
ғ-
ы- жуан,езулік,қысаң
н- үнді,тіл алды,шұғыл
танытқан
т- қатаң,тіл алды,шұғыл
а- жуан, езулік, ашық
н- үнді,тіл алды,шұғыл
ы- жуан,езулік,қысаң
т- қатаң,тіл алды,шұғыл
қ- қатаң, тіл алды,шұғыл.
а- жуан, езулік, ашық
н- үнді,тіл алды,шұғыл
майдандар
м- үнді, еріндік,шұғыл,.
а- жуан, езулік, ашық
й- үнді,тіл ортасы,ызың.
д- ұяң,тіл алды,шұғыл
а- жуан, езулік, ашық
н- үнді,тіл алды,шұғыл
д-- ұяң,тіл алды,шұғыл
а- жуан, езулік, ашық
р-- үнді,тіл алды, діріл
аз
а- жуан, езулік, ашық
з-ұяң,тіл алды,ызың.
емес
е- жіңішке,езулік,ашық
м- үнді, еріндік,шұғыл,.
е- жіңішке,езулік,ашық
с- қатаң,тіл алды,ызың.
№ 13 билет
І Сұрақтар
