- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •2. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің заңдылықтары мен принциптері.
- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің әдіс-тәсілдері.
- •2. Тыңдалған мәтінді әңгімелеу және оны талдау жолдары.
- •Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- •Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
- •Ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
- •2. Пунктуациялық ережелерді оқыту.
- •Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
- •Сауат ашу сабақтарының түрлері.
- •Грамматикалық жаттығулар, түрлері және оларға қойылатын талаптар.
- •2. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, принциптері.
- •1. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері.
- •2. Сауаттылыққа үйрету сабақтарының түрлері.
- •1. Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.
- •2. Балалардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
- •1. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар.
- •2. Сауат ашу сабақтарының түрлері.
- •Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі.
- •Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары.
- •Баламен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарының түрлері
- •2. Балаларды сауаттылыққа үйретуде қолданылатын ойындар.
- •1. Сауаттылыққа үйрету сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар.
- •Балаларға қазақ тілі грамматикасын оқыту жолдары.
- •1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.
- •2. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
- •1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер
- •2. Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры.
- •2. Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.
- •1. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
- •2. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
- •1. Фонетиканы оқыту әдістемесі.
- •2. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
1. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
Тәрбиеші тілі — балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, пгрограммада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.
Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру — бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру — болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер, қалай жазылса, солай айтуынан;
сөз ;үйлесімін дұрыс құрмауынан;
сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т. б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу—бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны, қалай қолданатыны не есте сақтау деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-кұлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, адамгершілігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оыың эстетикалық тәрбиесінің негізгі туралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбиелік міндеттерді қамтиды.
Тәрбиеші стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистика саласынан да қажетті білімді меңгеруге тиіс. Бүл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алуына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің сиконимиясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана — үй — пәтер — тұратын жер — тұрақ — бұрыш — ұя — бас сұғатын жер — ұқгірін), грамматикалық (даламен жүру — егістікпен ору — егістік арқылы жүру; келуші — келе жатқан; сүлу — асқан сүлу); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, «Отырыңыз!») болады. (Интонацияның осы қасиетін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы: «Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!»).
Тәрбиеші өзіндік сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері — лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол — тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдөниетін көтеруге талпынған тәрбиеші морфологияныда аффикосинонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синонимфлекстердің, синоним жалғаулардың, синоним союздердін, жай және күрделі сөйлемдер кұрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек.
Ана тілінің синонимдерін білу болашақ педагогтарға өзінің тілін жақсартуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің жеңіл және өте тиімді тәсілін бойына сіңіреді: егер бала әлдебір грамматикалық форманы түсінбесе, онда оған тиісті синонимді айта қойса (әрине, орта және ересек топтарда) бәрі түсінікті болады. Мысалы, А. Прокофьевтің «Көшедегі көлшік» деген өлеңінде: «желкенмен жабдықталған флот суға түсті» деген сөз бар, мұндағы грамматикалық форма баланың түсінуіне өте қиын. Оның орнына тәрбиеші етістіктің септелетін бұрыннан таныс түрін ұсынады: желкенмен, жабдықталған—демек, «балалар желкенмен жабдықтаған (жасаған) флот». Ал «Сырнайшы» деген өледдегі «от шашқан галстукті» деген жолдарды «жалынға ұқсас галстугі бар» деп түсіндіруге болады. Тәрбиеші сөз дыбыстары артикуляциясының және олардың үйлесуінің дұрыстығына жаттыққан болуы керек, сондай-ақ адамға тән түрлі сезімдерді: қуанышты, қайғыны, қорқынышты, салтанатты, ренішті, мақұлдауды, ашу-ызаны, жылылықты және т. .б. білдіру үшін барлық просодемаларды: дауыстың күшін, дауыстың көтеріңкілігін, сөйлеу қарқынын, дауыстың үнділігін модулдеуге жаттығуы керек. Бұл байланыстыра сөйлеу стилін: ол мейлі кітаби стиль болсын, ол мейлі ауызекі сөз стилі болсын жеңіл үйреніп алуға мүмкіндік береді.
Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада: балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстық мәдениетін тура жолмен қабылдайды, өйткені балалар сөзді дұрыс айтуға ересек адамдардың, ең алдымен тәрбиешінің, сөзіне еліктеу арқылы үйренеді.
Тәрбиеші ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы болуы керек.
